- •Нефрология пәні бойынша интерн-дәрігерлерге арналған 120 тесттік тапсырмалар (терапия) ме – соңғы нұсқа
- •Катехоламиндер синтезінің жоғарылауы
- •Нефротикалық синдром
- •2. Гломерулонефриттер
- •Пиелонефрит
- •Пиелонефрит
- •Пиелонефрит
- •Цитостатиктер
- •Нефритикалық синдром
- •Бүйрек трансплантациясы
- •Гемодиализ
- •Бүйрек трансплантациясы
- •Гемодиализ
- •Нефротикалық синдром
- •Ааф ингибиторы
- •Циклоспорин тағайындау
- •4. Бүйректің жедел зақымдалуы
- •Жедел пиелонефрит
- •Нефротикалық синдром
- •Бүйрек трансплантациясы
- •5. Бүйректің созылмалы ауруы
- •Мембранозды нефропатия
- •Ig a нефропатия
Бүйрек трансплантациясы
Гемодиализді жалғастыру
+Жедел босандыру
Плазмаферез қосу
Перитонеалдық диализге ауыстыру
Жүкті әйел 30 жаста, жүктілік 37 апта. Қарау кезінде шамалы ісінулер, АҚ 170/110 мм с.б. Тексеру кезінде: креатинин 450 мкмоль/л, мочевина 25 ммоль/л, К 6,2 ммоль/л, АЛТ 1,25 мкмоль/л, АСТ 0,96 мкмоль/л, ЖЗА-де белок 1,65 г/л, Ле 10 к/а, Эр 1-2 к/а.
Төменде аталған емдеу тактикаларының қайсысы ЕҢ бірінші жасалады?
Гемодиализ
Гемодиафильтрация
Бүйрек трансплантациясы
Перитонеалдық диализ
+Мерзімінде босандыру
Науқас 25 жаста, жүктілік 32 апта. Клиникаға келесі симптомдармен түсті: оң жақ бел аймағында кенеттен ауру сезімі, зәрінде ал қызыл қанмен аралас. Госпитализацияға дейін 3 күн бұрын дене қызуының 37С дейін жоғарылауы, бел аймағында қатты ауру сезімі, зәрінің қан аралас болуымен басталған. Спазмолитик қабылдағаннан жағдайы жақсармаған. Анамнезінен: 20 жасынан несеп тас ауруы. Зерттегенде – АҚҚ-150/100, ЖСЖ-86, оң жақ бел аймағында ауру сезімі. Анализдерінде: креат-620 мкмоль/л, мочев-35ммоль/л, К-6,5ммоль/л, ЖҚА: Нв-136г/л, тромб-225мың, лейк-8мың, СРБ-15 мг/дл. ЖЗА: белок – теріс, Ле –6-8, эритроцит – көп. Бүйрек УДЗ: оң бүйрегінің ұлғаюы, оң жақ астауша 6см дейін ұлғайған. Төменде көрсетілген емдеу тактикаларының ішінде қайсысы ЕҢ БІРІНШІ кезекте тұрады?
Гемодиализ
+Нефростомия
Уретеролитотомия
Перитонеальді диализ
Жедел босандыру
19 жастағы жүкті әйел, жүктілік мерзімі 8-10 апта, созылмалы гломерулонефрит, нефротикалық синдром және артериалды гипертензиямен (АҚҚ 150-170/100-110 мм сбб) ауырады, 2 апта ішінде протеинурия мен креатинин деңгейінің жоғарылауы байқалды.
Әрі қарай жүргізу тактикасының қайсысы ЕҢ мақсаттық болып табылады?
Гемодиализ жүргізу
Лефлунамид тағайындау
Преднизолон тағайындау
+Жүктілікті үзу
Метилпреднизолонмен пульс-терапия жүргізу
30-32 апта мерзімдегі жүкті әйелде сапасыз тағам қабылдағаннан кейін құсу, диарея, әлсіздік пайда болды. Об-ті: Жағдайы ауыр, АҚҚ – 70/50 мм сбб., тәуліктік диурез 100 мл. Креатинин – 315 мкмоль/л. Зәр анализінде – түсі ашық-сары, салыстырмалы тығыздығы - 1018, белок – 0,55 г/л, эритроциттер – 0-2 к/а, лейкоциттер – 8-10 к/а.
Аталғандардан ЕҢ мүмкін болатын диагнозды атаңыз?
Постреналды бүйректің жедел зақымдалуы
+Преренальді бүйректің жедел зақымдалуы
Ренальді бүйректің жедел зақымдалуы
Жедел нефритикалық синдром
Нефротикалық синдром
22 жасар әйелде қылмыстық аборттан кейін әлсіздік, адинамия, жыныс жолдарынан қан кету байқалады. Об-ті: ЖСЖ – 120-130 р/мин, АҚҚ - 80/50 мм сбб., тәуліктік диурез - 50 мл. Зәр анализдерінде: салыстырмалы тығыздығы – 1008, белок – 0,3 г/л, эритроциттер – 1-3 к/а. Қанында – креатинин 278 мкмоль/л.
Аталғандардан ЕҢ мүмкін болатын диагнозды атаңыз?
Постреналды бүйректің жедел зақымдалуы
+Преренальді бүйректің жедел зақымдалуы
Ренальді бүйректің жедел зақымдалуы
Жедел апостематозды нефрит
Жүктілер нефропатиясы
24 жастағы жүкті әйел, симптомсыз протеинуриямен (зәрдегі белок 0,5 г/л), жүретін созылмалы гломерулонефритпен ауырады, 28-30 апта мерзімінде аптасына 1,5 кг салмақ қосуы байқалады, АҚҚ деңгейінің жоғарылауы 150/95 мм сбб дейін. Зәр анализінде: белок – 1,3 г/л.
Осы көріністер қай патологияға ЕҢ сәйкес болуы мүмкін?
Нефротикалық синдромның дамуы
Жедел нефритикалық синдромның дамуы
+Жүктілер нефропатиясының қосылуы
Созылмалы гломерулонефриттің өршуі
Созылмалы гломерулонефриттің үдеуі
26 жастағы әйелде 1-ші жүктілік, 13-апта. Қарағанда: 170/92мм.с.б-на дейін жоғарылаған тұрақты артериялық гипертензия. Бұрынғы уақыттарда АҚҚ қалыпты болғанын айтады. Көз түбін қарағанда өзгеріссіз. Бүйрек УДЗ-де – бүйректер өлщемі біркелкі 9-10 см. несеп талдауында: белок +, эритроциттер+. Ең дұрыс болып табылатын антигипертензивті ем қайсы?
