- •Нефрология пәні бойынша интерн-дәрігерлерге арналған 120 тесттік тапсырмалар (терапия) ме – соңғы нұсқа
- •Катехоламиндер синтезінің жоғарылауы
- •Нефротикалық синдром
- •2. Гломерулонефриттер
- •Пиелонефрит
- •Пиелонефрит
- •Пиелонефрит
- •Цитостатиктер
- •Нефритикалық синдром
- •Бүйрек трансплантациясы
- •Гемодиализ
- •Бүйрек трансплантациясы
- •Гемодиализ
- •Нефротикалық синдром
- •Ааф ингибиторы
- •Циклоспорин тағайындау
- •4. Бүйректің жедел зақымдалуы
- •Жедел пиелонефрит
- •Нефротикалық синдром
- •Бүйрек трансплантациясы
- •5. Бүйректің созылмалы ауруы
- •Мембранозды нефропатия
- •Ig a нефропатия
Пиелонефрит
+Нефритикалық синдром
Нефротикалық синдром
Жекеленген зәр синдром
Тез үдемелі гломерулонефрит
62 жастағы науқас, ревматоидты артритпен 23 жыл бойы ауырады, соған байланысты преднизолон мен ҚҚСЕП қабылдаған, аяқтарында ісінулер пайда болған. Қараған кезде: ЭТЖ – 50 мм/сағ., гипоальбуминемия, протеинурия 6 г/тәул., креатинин – 0,14 ммоль/л. ЕҢ мүмкін болатын диагнозды көрсетіңіз?
ҚҚСЕП салдарынан нефропатия дамыған
Жедел тубулонекроз
Ревматоидты васкулит
Мембранозды нефропатия
+Екіншілік амилоидоз
Науқас 30 жаста. Бетінің, алдыңғы құрсақ қабырғасының, аяқтарындағы ісінулеріне шағымданады. Қараған кезде: ісінулер анасаркаға дейін. АҚҚ 85/40 мм сбб. Қан анализдерінде: жалпы белок 40 г/л, альбумин 16 г/л, холестерин 10,8 ммоль/л, креатинин 60 ммоль/л. ЖЗА белок 6,5 г/л, Лейк. және Эрит. - 0-1 к/а. ЕҢ мүмкін болатын диагнозды атаңыз?
Жедел пиелонефрит
Нефритикалық синдром
Тез үдемелі нефрит
+Нефротикалық синдром
Жекеленген зәр синдромы
49 жастағы ер адам қан аралас қақырықпен жөтелетініне шағымданды. Анамнезінде 3 жылдан бері мұрнының бітелуі және мұрын қуыстарының (синустарының( қабынуы анықталды. Соңғы 3-4 айда тез шаршағыштық, дене қызуының 37,80C-ға дейін жоғарылауы, қана аралас қақырықпен жөтел, ентігу және дене салмағының азаюы байқалды. Қарағанда: ісінулер жоқ, АҚҚ 130/80 мм с.б., аускультативті: өкпеде шашыранды сырылдар естіледі, терісінде бөртпелер жоқ. Зертханалық тексеруде: HCT 33, лейкоциттер 12 мың, креатинин 176 мкмоль/л, мочевина 10,7; ANCA оң. Несеп талдауында: еркін гемоглобин +, белок 2+, эритроциттер анықталмады. Қақырықты бак.себуде ешнәрсе анықталмады. Өкпе биопсиясында некротикалық гранулемалар анықталды. Ең дұрыс деген емдеу тактикасы қандай?
Азатиоприн
Преднизолон
+Циклоспорин + преднизолон
Триметропин-сульфаметоксазол
Туберкулездің 4 компонентті терапиясы
22 жастағы қыз 6 апта бойы Шенлейн-Генох пурпурасына байланысты амбулаторлы жағдайда бақылануда. Қарағанда: жалпы жағдайы айтарлықтай жаман емес, АҚҚ 158/90 мм с.б., арқасында, жамбасында және аяқтарында аздаған макуло-папулезді бөртпелер. Зертханалық тексерулерде: альбумин 35 г/л, мочевина 8,0 ммоль/л, креатинин 118 мкмоль/л. ЖЗА – белок жоқ, эритроциттер+. Қандай емдеу тактикасы дұрыс?
Плазмаферез
Цитостатики
+ААФ ингибиторы
В/і иммуноглобулин
Стероидтардың үлкен дозасы
61 жасар әйел 12 жыл бойы ревматоидты артритпен ауырады. Диспансерлік қарауға келді. Қазіргі кезде тізе және иық, қолдарының ұсақ буындарындағы ауыру сезімі мазалайды, таңертеңгілік құрысу 1,5 сағатқа дейін созылады, аяқтарында ісіну пайда болды. Науқас индометацин 150 мг/тәул., метатрексат 7,5 мг/тәул. алады. Қарағанда: қол басының ульнарлық девиациясы, тізе, шынтақ, иық буындарында қимыл шектелген. Қабақтары, балтырлары ісінген (басқаннан кейін шұңқыр қалады). Өкпесінде тынысы везикулярлы. Жүрек үндері ырғақты, минутына 72 рет, АҚ 130/80 мм с.б. Іші жұмсақ, ауырмайды. Бауыры, көкбауыры ұлғаймаған. ЖҚА: Нв 100 г/л, Л. 7,8х10 9/л, ЭТЖ 42 мм/сағ. ЖЗА: менш.салм. 1010, белок 3,2 г/л, Лейк. – 4-5 к/а, эритр. жоқ. РФ 1:160. Қан сарысуының креатинині - 100 мкмоль/л. Бұл науқасқа қандай емдеу шаралары жүргізіледі?
Плазмаферез, циклофосфан+метилпреднизолон
Циклоспорин А + цитостостатиктер
+ Цитостатиктер, метотрексат + колхицин, симптоматикалық ем
В/і иммуноглобулин
Стероидтардың жоғарғы дозасы
18 жасар науқас П., басының төбе және шүйде аймақтарының ауыруына, денесін бұрғанда пайда болатын бел тұсындағы тұйық ауыру сезіміне шағымданады. Бұдан басқа, ол сирек зәр бөлетіндігін және әрбір зәр бөлген сайын аз көлемді зәр бөлінетіндігін байқаған. Суықтағаннан кейін 3 апта бұрын тамағы ауырған. Дәрігердің кеңесі бойынша сульфадиметоксин қабылдаған, тамағын фурацилин ерітіндісімен шайған. Хал-жағдайы жақсарған, жұмысқа шыққан. Халының нашарлауы кеше күндіз байқалған: қабақтары ісінген, басының төбе және шүйде аймақтары ауыр тартқан, әлсіздік пайда болған. Емханаға келген. Қан және зәр анализдері тапсырылды. Келесі күні жағдайы жақсармағаннан кейін тексеру және емдеу мақсатында ауруханаға жіберілді. Қарағанда: пульсі минутына 70 рет, ырғақты, толуы қанағаттанарлық, кернелген. АҚ 160/105 мм с.б. Жүрек ұшында 1 тон әлсіреген, қолқа үстінде 2 тон күшейген. Ішкі мүшелер жағынан басқа өзгерістер табылған жоқ. ЖҚА: эр. 4,3х1012 /л, Нb 140 г/л, Л 7,9х109 /л, ЭТЖ 22 мм/сағ. ЖЗА: менш.салм. 1028, белок 1,65 г/л, Лейк. – 5-6 к/а, Эр. – 10-15 к/а, цилиндрлер гиалинді және түйіршікті 5-6 к/а. Бұл науқасқа қандай емдеу шаралары жүргізіледі?
+Антибиотиктер + гипотензивті ем, диуретиктер
Преднизолон+курантил
Антикоагулянттар+диуретиктер
Мофетил микофенолаты
Циклоспорин А
31 жасар науқас ауруханаға келесі симптомдармен түсті: анурия, ентігу, қан түкіру. Ауруын суықтанумен байланыстырады, ауруханаға түсерден 5 күн бұрын дене қызуы 39С-ге дейін жоғарылап, қан аралас жөтел пайда болған, кейіннен зәрінде қан пайда болып зәрдің көлемі азайып, ол анурияға дейін жеткен. Өзін дені саумен деп есептейді. Түскенде: АҚ-210/100 мм с.б., ЖЖЖ минутына 102 рет, ТЖ – минутына 28 рет, өкпе аускультациясында – екі жақты сырылдар мен сықырлар. Балтыры іскен, асцит белгілері бар. ЖҚА: Нв-79 г/л, тромб-265 мың, лейк-11,4 мың, СРБ-210 мг/дл. ЖЗА: менш.салм.-1010, белок – 1,3 г/л, эритроциттер – к/а тұтас жауып жатыр. Қанның б/х анализі: креат-1120 мкмоль/л, мочев-40 ммоль/л, К-7,1 ммоль/л. Өкпе рентгенографиясы: өкпе ісінуі; КТ: альвеолярлық қан құйылу. Бүйрек УДЗ: бүйрек өлшемдері ұлғайған, зәр іркілісі жоқ. Бұл науқас үшін қандай емдеу тактикасы дұрыс?
Мофетил микофенолат+ингибитор АПФ
Цитостатики, метотрексат + колхицин, гипотензивно-нефропротективная терапия, диуретики.
+Плазмаферез, гемодиализ, циклофосфан+кортикостероидтармен пульс-терапия .
Преднизолон+ЦиклоспоринА
Преднизолон, нефропротективная терапия (ИАПФ/БРА), диуретики (Фуросемид, Гипотиазид, Верошпирон).
37 жасар әйел адам, салмағы 70 кг, емханаға аяқтарының ісінуіне, шаршағыштыққа шағымданып келді. Анамнезден белгілі болғандай, ісінулер шамамен 3-4 ай бұрын пайда болған, бастапқыда болмашы ғана болған. Содан кейін ісінулердің ұлғаюына байланысты 1-2 таблеткадан фуросемид қабылдай бастаған. Алғашында ісінулер азайған, ал соңғы 2-3 аптада зәр айдағыштар еқандай әсер көрсетпеген. Өмір анамнезінен — бұрын ештеңемен ауырмаған, ешқашан тексерілмеген. Жүкті болмаған. Қарап тексергенде: балтыры мен табаны айқын ісінген. Тері жамылғысы таза, буындары өзгерісссіз. АҚ 155/95 мм с.б. Зәр түсі қалыпты. Зертханалық талдаулар: ЖҚА – гемоглобин 130 г/л, лейкоциттер 6,5х109/л, тромбоциттер 250х109/л, ЭТЖ 40 мм/сағ. ЖЗА: түсі — ақшыл сары, меншікті салмағы 1021, қант – теріс, белок 2,65 г/л, эритроциттер 0-1 к/а, лейкоциттер 4-6 к/а. Тәуліктік протеинурия 6,5 г/тәул. Б/х қан анализі: жалпы белок 42 г/л, альбумин 21 г/л, креатинин 75 мкмоль/л, мочевина 6,2 ммоль/л, қант 4,3 ммоль/л, холестерин 9,6 ммоль/л, калий 3,8 ммоль/л, натрий 140 ммоль/л. Бүйрек УДЗ: оң бүйрек 11,7х4,8 см, сол бүйрек 11,5х4,9 см. Зәр іркілісі жоқ. Бұл науқасқа қандай емдеу шаралары жүргізіледі?
