Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
готовый.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
68.37 Кб
Скачать

17. Нәрестелік кезеңде патронаждық бақылауды ұйымдастыру.Бағытталған қауіпті топты анықтау.

Нәресте перзентханадан шығарылғаннан соң телефон арқылы перзентханадан мәліметтер емханаға беріледі, күнделікті емхананың нәрестелерді тіркеу журналына: Анасының Т.А.Ә, мекен-жайы және баланың туған күні,айы,жылы жазылады. Қалыптасқан ережеге сәйкес, сәби перзентханадан шыққаннан кейін алғашқы 1-3-ші (дұрысы алғашқы 1-2-ші күндері) күндері жаңа туылған нәрестені үйіне қатынап дәрігер-мейірбикелік (1-ші қатынау – патронаж) қарайды,егер нәрестенің қауіп-факторлары, туа біткен қауіп ауытқулары болса, шала туылған немесе мерзімінен аса туылғандар, сонымен қатар тұңғыш бала болса, перзентханадан шыққан күні 1 тәулік ішінде патронаж жүргізген дұрыс.

Балалардың денсаулық деңгейін бағалау, балалардың денсаулық жағдайы мен дамуын кешенді бағалау критерийлері негізінде жүргізіледі:анамнездегі ауытқулардың болуы немесе болмауы(биологиялық ,генеологиялық ,әлеуметтік), физикалық даму деңгейі және оның үйлесімділік дәрежесі,жүйке психикалық дамуы және үйлесімділік дәрежесі, ағзалар мен жүйелердің функциялық жағдайлары,ағзаның реактивтілігі, туа біткен даму ақауларының дамуын анықтау.

ЖТД-ң бірінші патронажда негізгі міндеті жаңа туған нәрестенің денсаулық жағдайын бағалау, ананың лактациялық мүмкіншілігі және нәрестенің тұратын орта жағдайы.

18.Шала туылған балаларды патронаждық бақылаудың ерекшелігі. Қаупі жоғары нәрестелер.

Шала туылған балаларды стационардан шығарғаннан кейін күтім жасау патологияны дамытқан қауіпті анықтағаннан кейін жеке реабилитациялық бағдарламаларға сай жүргізіледі. Шала туылған барлық балалар жоғары қауіп тобына жатады, денсаулықтың ІІ тобында бақыланады. Олар аймақтық дәрігердің ерекше назарын талап етеді: алғашқы патронаж оларға өздерінің күшінің жақсы дамымауына байланысты ерекше күтімге мұқтаж болғандықтан босану үйінен немесе стационардан шыққан күннің ертесіне жүргізіледі.

Реабилитациялық іс-шаралардың көлемін анықтау үшін анамнез жинау барысында мүмкіндігінше баланың шала туылуына алып келген этиологиялық факторларды анықтау керек. Дәрігерлік тағайындауларды қатаң түрде жүзеге асыру және отбасымен тығыз байланыс орнату керек. Әдетте шала туылғандарға ойлау тұрғысынан және тұлғалық деффектімен ерекшеленетін физикалық және жүйке-психикалық дамуынан қалыс қалу , мүгедектікке алып келетін неврологиялық аурулар (гидроцефалия, эпилепсия, саңыраулық, балалар сал ауруы) тән. Отбасының төмен әлуметтік – экономикалық статусында, балаға күтімнің жеткіліксіздігінен және тәрбиенің дұрыс болмауы ақырын жағымсыз етеді(мүгедектік пен өлім).

Объективті тексеру кезінде шала туылғандардың функционалдық ерекшеліктерін есте сақтау керек. Жүйке жүйесі жағынан жабырқаулық синдромы, айқайының әлсіз болуы, бұлшық ет тонусының әлсіз болуы, физиологиялық рефлекстерінің әлсіздігі, терморегуляцияның дұрыс реттелмеуі тән. Тыныс алу жүйесін бағалау кезінде тыныс алу жиілігінің тұрақтылығы(35-80 рет минутына), тыныс тереңдігінің біркелкі еместігі, апноэ ұстамалары, аускультацияды ателектаз аймғында әлсіреген тыныс анықталады. Жүрек соғу жиілігі де ауытқымалы, минутына 140-180 рет аралығында ауытқып отырады. Қан тамырлық дистония анықталады. Тыныс алу мен қан айналым мүшелерінің дамымауы бала организмінің оттегімен қамтамасыз етілуінің жетіспеуіне одан кейін жағдайының одан әрі нашарлауына әкеледі.

ЖТД-ң бірінші патронажда негізгі міндеті жаңа туған нәрестенің денсаулық жағдайын бағалау, ананың лактациялық мүмкіншілігі және нәрестенің тұратын орта жағдайы.

Жаңа туған баланың денсаулық жағдайын толық және дұрыс бағалау үшін учаскелік ЖТД перзентханадан шыққандағы көшірме-парағымен толық танысып сараптайды, анамнез мәліметтері, жүктілік ағымы, босану сипаты, Апгар шкаласымен бағалау, өмірінің алғашқы күндеріндегі баланың жағдайы мен икемі, кіндік жарасының түсу мерзімі;максималды дене салмағын жоғалту, бұл жоғалту қай күннен бастап қалпына келе бастады; қандай шекаралық жағдай көріне бастады: гормональді криз, токсикалық эритема, физиологиялық эритема(дәрежесі, ұзақтығы), іріңді инфекциялық орналасу реті, нәрестені нешінші күннен бестап емізгенін, қалай емгенін; В гепатиті және туберкулез екпелері туралы мәліметтері; диагноз қою, денсаулық тобын және қауіп тобын анықтау, келесі медико- педагогикалық ұсыныстарды тағайындау. Жаңа туған балаларды диспансерлік бақылауға алу және және әрі қарай учаскіде екшеулеу, яғни ең басты қауіп факторларын белгілей отырып (үлкен ұрық..., жүкті әйелдің анемиясы..., анасының экстрагениатльді патологиясы..., анасының созылмалы генитальді аурулары, туысқандарының аллергиялық жағдайлары, отбасының тұрмыстық-үй жағдайының төмен болуы, жаңа туылған баланың ауруының туындауына немесе денсаулық жағдайында ауытқулардың дамуын тудыратын, яғни қауіпке бағыттау:ОЖЖ-ң патологиясы, анемия, дистрофия, жатырішілік инфицирлеу, аллергиялық аурулар, әлеуметтік қауіп топтары.

Негізгі қауіп факторы:

1-топ – ОЖЖ-ң патологиясының даму қаупі бар нәрестелер. Қауіп факторлары: анасының жасы 16-ға толмаған немесе 40-тан асқан, анасының зиянды әдеттері және мамандық зияны; анасының экстрагенитальды патологиясы; жүктілік және босану патологиясы; жүктілік және босану патологиясы( токсикоздар, үзілу қаупі, түсік, көп сулық, анамнезінде көп ұрықтық жүктілік болуы, ұзаққа созылған немесе тез босанулар); токсоплазмоз және басқа да инфекционды аурулар; баланың салмағы 4000 г-нан жоғары; мерзімінен аса босану, асфиксия, дақтар.

2–топ – жатырішілік инфицирлеуге қаупі бар балалар. Қауіп факторлары: анасының экстрагенитальды патологиясы; гинекологиялық қабыну аурулары; босану патологиясы, (су кеткеннен кейін ұзақ аралық плацентаның патологиясы); жүктіліктің ІІІ триместрінде басынан өткен инфекционды (қызылша, токсоплазмоз, цитомегалия, ЖРВИ) және бактериальді аурулары; шала туылу, жатырішілік дамудың тоқтауы.

3–топ – трофикалық бұзылыстардың дамуы және эндокринопатия қаупі бар балалар. Қауіп факторлары: анасының экстрагенитальды патологиясы (қант диабеті, гипотиреоз, семіздік, гипертониялық ауру); аборттық араласудың болуы; жүктілік патологиясы( айтарлықтай токсикоз). 4-ші немесе одан көп жүктіліктен кейін босану; туылғаннан артық салмақ болу, гипотрофия, дамымай қалу, егіздің балалары; анасында гипогалактия болу, ерте қосымша тамақтану,мальабсорбция синдромы; дәреті тұрақсыз балалар, анасының зиянды әрекеттері(темекі шегу).

4–топ – мүшелер мен жүйелердің туа біткен ақауларының даму қаупі бар балалар.

Қауіп факторлары: Ата-анасының немесе туысқандарының туа біткен ақауларының болуы балаларының туа біткен ақауларымен туылуына әкеліп соғады; қан туыстық неке; Анасының 35-ден жоғары; ата-анасының зиянды әдеттері; жүктіліктің 1-жартысында дәрілік препараттарды қабылдау.