Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
готовый.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
68.37 Кб
Скачать

15 Қауіп топтары, алдын ала егудің жеке күнтізбесі. Вакцинацияның аялауыш әдістері.

Екпеден жоғары дәрежелі иммунды әсер алу үшін екпені ағзаға қалай енгізу керектігі туралы сұрақ ғалымдарды ертеден қызықтырған болатын. Осыдан келе комплексті, біріктірілген екпе пайда болды. АКДС екпесі- бір мезгілде сіреспе және дифтерия, көкжөтелге қарсы иммунды комплекс.

Екпеге индивидуалды назар аудару- бірнеше құрамнан тұратын бір уақытта бірнеше екпені енгізетін жеке екпе кестесі.

 Екпе туралы шешім қабылдау кезінде баланың денсаулық жағдайын клиникалық бағалау, яғни негізгі ауру дәрежесін анықтау, қосымша патологияны анықтау, ремиссияның ұзақтығын және т.б.

 Негізгі созылмалы аурудың ремиссиясын лабараториялық нақтылау (эндокриндік патология, қан аурулары, гепатиттер, гломерулонифриттер т.б.)

 Ауыр анамнезі бар балаға қазіргі кезде қажетті қолдануға мүкін болатын екпелерді (күнтізбелік, күнтізбелік емес) іріктеу.

 Әртүрлі патологиясы бар балалады екпеге дейінгі және екпеден кейінгі кезеңде емдеу әдісін дайындау.

Осылайша жеке (екшеуленген) егу арқылы әрбір егілетін баланың иммунитетін түрлі әдістермен және құралдармен жаксартылады.

16 Нәрестенің денсаулық шектері, қауіп бағытталған топтарды анықтау.

Біріншілік дәрігерлік патронаж бала босану үйінен шыққаннан кейін алғашқы үш күн ішінде жалпы тәжірибелік дәрігермен баланың денсаулық жағдайын амбулаторлы- емханалық кезеңде ережеге сәйкес бағалайды.

Денсаулық- бұл физикалық, рухани, әлеуметтік тұрақтылық, ауыр жеке жарақаттардың болмауы. Қоршаған ортамен байланыста болуымен (бейімделу) сипатталатын табиғи жағдай. Балалардың денсаулық жағдайы мен дамуын кешенді бағалау критерийлері.

 Анмнезінде ауытқулардың болуы (генеологиялық, биологиялық, әлеуметтік).

 Физикалық даму денгейі және оның үйлесімділік дәрежесі.

Жүйке психикалық дамуы және үйлесімділік дәрежесі

Ағзалар мен жүйелердің функциялық жағдайлары

Ағзаның реактивтілігі

Туа біткен даму ақауларының болуы

Балалардың денсаулық жағдайы мен дамуының кешенді бағалау құрылымы:

  • Балалар денсаулық жағдайы мен дамуының негізгі критерийлер бойынша зерттеу.

  • Балалар денсаулық жағдайының деңгейін(тобын) анықтау қорытындысы.

  • Медико-педагогикалық ұсыныстарды тағайындау

  • Есепке алу медициналық құжатнамасын (документациясын) толтыру.(ф №112/y №26/y)

Денсаулық топтары(деңгейлері)

І-топ – абсолютті дені сау балалар (дамуы мен қызмет деңгейі қалыпты, яғни барлық 6 негізгі критерийі бойынша ауытқулардың болмауы).

ІІ-топ – дені сау, бірақ функциональді және кейбір морфологиялық ауытқулары бар, сонымен қатар жедел және созылмалы ауруларға қарсы тұру мүмкіншілігі төмен балалар.

ІІІ- топ – компенсация жағдайындағы созылмалы ауруы бар, ағзаның функциональді мүмкіншілігі сақталған балалар, субкомпенсация жағдайындағы ағзаның функциональді мүмкіншілігі сақталған балалар, декомпенсация жағдайындағы ағзаның функциональді мүмкіншілігі айтарлықтай төмендеген.

Жаңа туған баланың денсаулық жағдайын толық және дұрыс бағалау үшін учаскелік ЖТД перзентханадан шыққандағы көшірме-парағымен толық танысып сараптайды, анамнез мәліметтері, жүктілік ағымы, босану сипаты, Апгар шкаласымен бағалау, өмірінің алғашқы күндеріндегі баланың жағдайы мен икемі, кіндік жарасының түсу мерзімі;максималды дене салмағын жоғалту, бұл жоғалту қай күннен бастап қалпына келе бастады; қандай шекаралық жағдай көріне бастады: гормональді криз, токсикалық эритема, физиологиялық эритема(дәрежесі, ұзақтығы), іріңді инфекциялық орналасу реті, нәрестені нешінші күннен бестап емізгенін, қалай емгенін; В гепатиті және туберкулез екпелері туралы мәліметтері; диагноз қою, денсаулық тобын және қауіп тобын анықтау, келесі медико- педагогикалық ұсыныстарды тағайындау. Жаңа туған балаларды диспансерлік бақылауға алу және және әрі қарай учаскіде екшеулеу, яғни ең басты қауіп факторларын белгілей отырып (үлкен ұрық..., жүкті әйелдің анемиясы..., анасының экстрагениатльді патологиясы..., анасының созылмалы генитальді аурулары, туысқандарының аллергиялық жағдайлары, отбасының тұрмыстық-үй жағдайының төмен болуы, жаңа туылған баланың ауруының туындауына немесе денсаулық жағдайында ауытқулардың дамуын тудыратын, яғни қауіпке бағыттау:ОЖЖ-ң патологиясы, анемия, дистрофия, жатырішілік инфицирлеу, аллергиялық аурулар, әлеуметтік қауіп топтары.