- •Жтд жұмысындағы диспансерлік бақылау жүйесі және емдеу-сауықтыру шаралары
- •Диспансеризацияның міндеттері:
- •Диспансеризация түрлері:
- •6. Гипогалактия: алдын алу, әдістері, емдеу. Емізуді бақылау.
- •7. Қосымша (аралас) тамақтандыруға көрсеткіш. Бейімделген арнайы сүтті қоспа. Тиімділігін бақылау. Жасанды тамақтандыру техникасы.
- •9. Активті иммунизация. Егу бөлмесі:жұмыстың ұйымдастырылуы, екпе жоспары, вакцинаның сақталуы.
- •15 Қауіп топтары, алдын ала егудің жеке күнтізбесі. Вакцинацияның аялауыш әдістері.
- •16 Нәрестенің денсаулық шектері, қауіп бағытталған топтарды анықтау.
- •17. Нәрестелік кезеңде патронаждық бақылауды ұйымдастыру.Бағытталған қауіпті топты анықтау.
- •18.Шала туылған балаларды патронаждық бақылаудың ерекшелігі. Қаупі жоғары нәрестелер.
- •Шала туылған балаларды патронаждық бақылаудың ерекшелігі. Қаупі жоғары нәрестелер.
- •19 Сұрақ Орталық нерв жүйесінің зақымдану қаупі бар балаларды диспансеризациялау.
- •20 Сұрақ Перинатальдық патологиясы бар баларға диспансерлік бақылаудың дифференциялық тәсілі
9. Активті иммунизация. Егу бөлмесі:жұмыстың ұйымдастырылуы, екпе жоспары, вакцинаның сақталуы.
Имммунопрофилактика – жасанды иммунитетті жоғарылату және жақсарту жолы арқылы жұқпалы аурулардың таралу және оларды жою жөніндегі шектеулерді ескерту мақсатында орындалуы жүйелі шара болып табылады.
Иммунопрофилактика түрлері:
Бейспецификалық – ағзаның өз иммундық жүйесін нығайту арқылы жүзеге асырылады.
Спецификалық – нақты жұқпалы агентіне қарсы жүргізіледі.
Активті иммунизация – иммундық жауаптың және иммунитеттің дамуын стимулизациялау үшін антигенді (вакцин) енгізеді. Екпе жұқпалы қоздырғыштардың антигені болып табылады. Ағзаға емізу кезінде иммундық жауап түзіледі, соның арқасында адам осы инфекцияға қарсы тұра алады. Қоздырғыштың жоғары тұрақтылығы және көрсетілген иммундық жауаптың қайталамалы иммунизациясы болып табылады. Инфекцияның ұзақ инкубациясы кезінде, мысалы, құтыру кезінде, жұқтырудан кейін де активті иммунизация ауруды ескертеді. Антигеннің түріне байланысты активті иммунизация иммунитеттің уақытша және тұрақты қалыптасуына алып келеді.
Пассивті иммунизация – антидененің басқа антигенмен енуі. Пассивті иммунизация көмегімен уақытша иммунитеттің жалғасуы 1-6 аптаны құрайды. Пассивті иммунизация қоздырғыштары жоғары тұрақталып қысқа уақытқа шақырылады, оның әсері тез пайда болады. Қайталамалы пассивті иммунизация иммунитетті арттырмайды және асқынуымен өтеді.
Оны жиі қоздырушымен байланысқаннан кейін және белсенді иммунизация мүмкін емес жағдайда алып келеді.
Алдын алу екпесін арнайы дайындалған, екпе салу техникасын үйренген, орта медициналық қызметкер жүргізеді, екпеден кейінгі асқыну болған жағдайда көмек мақсатында, жедел жәрдем қызметі болады, сонымен қатар «салқын байлам» әдісі де қолданылады. Екпені үйден алуға толыққанды болмайды. Иммунопрофилактикалық бөлменің(ИПБ) мақсаты емдеу-профилактикалық мекемелерде екпе профилактика шараларын ұйымдастыру және орындау.
ИПБ емдеу-профилактикалық мекемелердің мамандарымен, денсаулық сақтау басқару ұйымдарымен, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды жүргізетін ұйымдармен және мекемелермен жұмыс жасайды. Егу бөлмесінің және ИПБ-нің медициналық құжаттары: қарауға тіркелу және екпе жасау журналы (064/ у ф), баланың даму тарихы (112/у ф) екпенің зиянды әсері туралы шұғыл ескерту(058 ф), барлық қолданылған медициналық иммуно-биологиялық препараттардың тізімі, екпелерді және шығындалған медициналық иммуно-биологиялық препарраттарды енгізуге арналған тіркеу журналы, тоңазытқыштың температура тәртібіне арналған тіркеу журналы, бактерицидтік шам жұмысының тіркеу журналы, толық тазалау тіркеу журналы, төтенше жағдайларда қалыптасқан байланыс қамтамасыз етуге арналған шұғыл жоспар.
Егу бөлмесінің қамдау: 2 термометр, маркерленген таяқтар бар екпе сақтауға арналған тоңазытқыш, хладоэлементтер, термоконтейнер немесе хладоэлементтері бар тоңазытқыш-сөмке, дәрілер мен инструменттерге арналған медициналық шкаф, медициналық зеңбіл, жайма үстелі, екпе түріне байланысты маркерлері бар медициналық үстел, медбикемен құжат сақтауға арналған жұмыс үстелі, барлық медициналық иммуно-биологиялық препарраттарды қолдану ережелері, қол жууға арналған раковина, бактерицидтік шам, тазалауға арналған құралдар. Екпе жүргізер алдында медбике жүргізу керек:
Дәрігердің екпеге рұқсатын тексеру;
Дәрігер нұсқауы мен ампула сыртындағы дәрі атауын салыстыру, маркерлерін салыстыру, ампуланың тұтастығын және мерзімін қарау.
Медбике иммунизацияны асептика және антисептика ережелерін сақтай отыра, бір реттік инемен, қажетті мөлшерде, екпеге сәйкес ұсынылған тәсіл мен орынға байланысты жүргізеді. Екпе жасап болған соң:
Егер ампула немесе флакон көп қолдануға арналған болса, қалғаны тоңазытқышқа алынып қояды;
Қолданылған ине, мақта, ампула немесе флаконды залалсыздандырылады;
Қажетті ақпараттарды ала отыра, өткізілген екпе туралы жазба түсіріледі (иммунизация уақыты, өткізілген орны, препарат орны, дозасы, сериясы, бақылау номері, мерзімі).
Локальді компьютерлік байланыс болған жағдайда, күніне өткізілген екпелер тізімін енгізу;
Пациентті немесе ата-анасын(қамқоршы) жасалған екпе жайында, дамуы мүмкін әсерлері, ерекше әсерлері дамыған жағдайда, медициналық көмекке жүгіну туралы, 30 минут аралығында екпе бөлмесінде отыру керектігін ақпараттандыру және осы уақыт аралығында бақылау керек.
Ерекше әсері пайда болған жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсету және дәрігерді шақыру.
Вакцинаның сақтау тәртібін бақылау, екпе бөлмесіндегі қолданылған препараттардың қозғалысын бақылау (түсуі, шығыны, қалғаны, тізімі), және онымен дасалған екпе тізімі (күнделікті, ай сайнғы, жылдық есеп).
ммунологиялық зерттеулерге қойылатын ең алғашқы талаптар келесілерге қосылады:азғантай уақыт ішіндегі барлық құрғақ сарысулар зерттеледі.Диагностикалық препараттардың стандарттылығы.
Антидене титрінің анықтауға жоғары иммунологиялық сезімталдық тесті белгілі бір инфекциядағы иммунитетке әсер етуіне байланысты вакцинациялау.Мысалы столбняк,дифтерия,кок паротит вакцинаның нәтижелік деңгейінің белгісін анықтау циркуляциялық антидене,ал туберкулез үшін дақ өлшемі.Вакцинаның маңызды нәтижелің белгісі болып аурушаңдық деңгейі болып табылды.
Иммунопрофилактикалық бұйрықтары:
Жұқпалы аурулардың имммунопрофилактикасы егу арқылы өткізіледі.Қазақстан Республикасы басшылығы бұйрығымен Қазақстан Республикасында №119
12.02.2013 қаулысына өзгерістер енгізілді. Аурудың тізімін нақтылау соларға қарсы профилактикалық егілулер ,халық топтарына жоспарлы егілудің өткізілу ережелері.№2295ден 30.12.2009ж.Егілу күнтізбесі-тұрғындарға профилактикалық егілулерді белгіленген уақытта және тәртіппен өткізу.ҚР заңнамасымен реттелетін нормативтік құқықтық акт:
ҚР ұлттық экономикалық бұйрығымен 06.03.15 №190 Санитарлық ережелер «Халыққа профилактикалық егілулерді санитарлық эпидемиологиялық талапқа сай өткізу.»
ҚР әлеуеттік дамуындағы ДҰ бұйрығы 01.04.2015 № 194 Қоршаған ортаға қатер туғызатын аурулар. ҚР аймағындағы шет ел және азаматтығы жоқ адамдар қоршаған ортаға қауіпті ауру болған жағдайда ,кепілді медициналық көмек алуға құқылы.
НК келісімі бойынша 11инфекцияға қарсы егілулер міндетті түрде алуы қарастырылған:Вирусты гепатит В,туберкуле,дифтерия,тырыспа,көкжөтел,гемофилиялық инфекциялар,пневмкокты инфекциялар,кор,қызылша,паротит.Профилактикалық екпелерге балалардың жергілікті және жалпы әсерін әдеттегідей бағалау әдістері.Профилактикалық екпелерді жүргізу, яғни активті иммундау-ол иммунитеттің дамуы және иммундық жауаптың стимуляциясына вакцина енгізу.Вакцианция организмде белгілі бір өзгерістер шақыратын құрамында инфекциялық қоздырғыштың антигені бар иммунобиологиялық активті препарат болып табылады.Әрбір вакцина кері жауап беруі мүмкін ,бірақ олар өмірге ешқандай аса қауіп төндірмейді.Әдетте инактивацияланған вакцинаға реакция биртипті ал тірі вакцинаға арнайы типті.Вакцинациялық реакциялар жергіілкті жалпы болып бөлінеді.Жергілікті реакцияға еккен жерде пайда болған барлық көріністер жатады. Аранйы емес жергілікті реакциялар еккеннен кейін бір тәуліктің ішінде гиперемия диаметрі 8 см аспайтын ісік кейде инъекция орнынан ауырсынулар көрінеді. Адсорбцияланған препараттары егу кезінде әсіресе тері астына жергілікті инфильтрат .Жергілікті реакциялар еккен кезде дамиды.Тірі вакцианада да инфекцияланған вакцинада да2-3 тәуліктен артық болмайды және арнайы ем тағайындау қажет етпейді.
Осы препараттың алда қолдауына қарсы көрсеткіш болып табылатын мықты жергілікті реакция (гиперемия 8 см астам,5см астам ісік).
Анотоксиндерді қайта салған кезде барлық құйрыққа ,кей кездері белмен санға жайылып кететін аса мықты жергілікті реакциялар пайда болцы мүмкін.Ойлана келе бұл реакциялар аллергиялық табиғаты болуы мүмкін.Дегендей баланың жалпы жағдайы бұзылмайды.Тірі бактериялық вакциналарды енгізген кезде спецификалық жергілікті реакциялар пайда болады.,ол препараттың енгізген жерінде инфекциялық вакцинациялық процесінің жүргізуіне байланысты.
Олар екпеден кейін белгілі мерзімнен кейін пайда болады,сонымен қатаролардың пайда болуы иммунитеттің дамуының міндетті шарты.Себебі баланы БЦЖ вакцинасымен теріні иммунизация жасағанда 6-8 аптадан кейін сол жерде беті қабыршақ ортасында түйіні бар 5-10 мм көлемінде инфильтрат түрінде спецификалық реакция павйда болады.Қалдық әлсіреген тірі микобактериялар вируленттілігінің клеткаішілік көбейуіне байланысты бұл реакция.
Өзгерістердің кері дамуы 2-4 ай мерзімінде кей кездері одан да көп мерзімде 1жасқа дейін уақытта өтеді.Реакция орнында 3-10 мм көлемінде тыртық қалады.Егерде жергілікті реакция өзгеше өтсе өзгеше өтсе онда баланы фтизитрға көрсетип алу керек.Жалпы реакцияға баланың жағдайының өзгеруі және тәртібінің бұзылуы мен қатар жүретін дене қызуының көтерілуі жатады. Инактивтенген вакциналарды енгізілу ұзақтығы 48 сағаттан аспайды.Сонымен қатар ол дене қызуы 38 С және одан жоғары болғанда мазасыздық ,ұйқының бұзылуы анорексияя миалгиямен қатар жүруі мүмкін.Жалпы вакциналық репакция бөлінеді:әлсіз субфебрильдік қызба 37,6 с дейін.орташа қызу 37,6 с тан 38,5 дейін орташа интоксикация белгілері мықты-386 с тан жоғары,интоксикация айқын.Тірі вакциналармен иммунизацияланғаннан кейін жалпы реакциялар вакциналдық инфекциялық процесс бірлігінде биіктігінде дамиды,егілімнен кейін 8-10 күні.Жоғары айтылып кетілген симптомдармен қатар катаральдық (корь паротит)Симптомдар қызылша болуы мүмкін.
Немесе тірі вакцина енгізгенде натуральды инфекцияның жай түрінде толық өткенге сәйкес.
Корьға қарсы егілгенде айқын мысал вакцинадан кейін 5-10 тәулікте спецификалық вакцинадан кейінгі реакция болуы мүмкін,дене қызуы көтерілуімен,ОРЗ симптомдарымен,өзгеше бөртуі – осының барлығы қызылшаны енгізуге тән.
Гипертермальдық реакция кезінде кейбір балаларда фебралдық судорога болуы мүмкін,олар қысқа мерзімді болады әдетте.Көп жылғы зерттеулер бойынша энцефалиттік реакция болып кету жиілігі АКДС вакцинасы 4/100000, бірақ қазіргі вакциналар тазартылған.Ал АКДС вакцинасы АБКДС вакцинасына ауыстырылған. Жалпы вакциналдық кейінгі реакциялар –ол ағзаның сыртына антиген енгізгенде дұрыс рекция.Көбінесе иммунитет қалыптасу процесін жүріп жатқандығының көрсеткіші
..... инфекционды қоздырғыштар антигенін көрсетеді – организмде белгілі өзгерістер шақыратын, иммунобиологиялық активті препарат, мақсаты егілушінің берілген инфекцияға қабылдамаушылықты құру болып табылатын қажетті және вакцинацияның асқынуы болып табылатын қажетті емес өзгерістер. Вакцинациядан кейінгі реакцияларға және асқынуларға егуден кейін белгілі бір уақытта дамитын , вакцинациямен этиологиялық және патогенетикалық байланысты және вакцинациялық процестің қалыпты ағымына сәйкес емес барлық патологиялық процестер жатады.
Екпеге патологиялық реакция- бұл вакцинальды препараттың токсикалық әсері нәтижесінде жүйелер мен мүшелердің функциональды қызметінің бұзылысы немесе организмнің өзгерген реактивтілігінің адекватты емес реакциясы. Патологиялық реакцияның көрінісінің сипатына қарай токсикалық, аллергиялық және жүйке жүйесінің зақымдалуы болып бөлінеді.
Екпенің асқынуы деп вакцинациядан кейінгі кезеңде пайда болған мүшелер мен жүйелердің айқын функциональдық бұзылыстарын және патоморфологиялық өзгерістерін сипаттайтын патологиялық процесс есептеледі.
Вакцинациядан кейінгі асқынуларға келетін болсақ, бұндай патологиялық процестер, соның ішінде вакциноассоцирленген полиомиелит (ВАП), генерализацияланған БЦЖ-инфекциясы, қызылша екпесінен кейінгі энцефалит, тірі паротитті вакцинадан кейінгі менингит миллион вакцинацияланғандарға келгенде бір немесе одан да төмен жағдайда кездеседі.
Вакцинадан кейінгі асқынуларының өте сирек жағдайда даму фактысы егілушінің сол немесе басқа вакцинаға жағымсыз әсерінің реализациясының организмдегі жеке реактивтілігінің мағынасы дәлелдейді. Әсіресе бұл тірі вакциналарды қолданғаннан кейінгі асқынулар анализінде ерекше көрінеді.
Вакциноассоцирленген полиомиелит (ВАП) жиілігі 1 жасқа дейінгі біріншілік иммунодефициті бар балаларда солжақтағы иммунокомпонентті бар балаларға қарағанда 2000 есе жоғары(10 млн егілушіге 16,216 және 7,6 жағдай сәйкесінше). Полиомиелитке қарсы инактивтелген вакцинаны жүргізу ВАП-тың мәселесін шешті.
Генерализацияланған БЦЖ-инфекциясы сияқты ауыр асқыну 1 млн біріншілік егілушілерге кем дегенде 1 жағдай жиілігінде кездеседі, әдетте жасушалық иммунитеттің ауыр бұзылыстары бар балаларда дамиды(комбирленген иммунодефициттер,жасушалық иммунитет жетіспеушілік синдромы, созылмалы грануломатозды ауру). Сондықтан барлық біріншілік иммунодефициттер тірі вакцинаны егуге қарсы көрсеткіш болып табылады.
Паротитті вакцина егуінен кейін вакциноассоцирленген менингит әдетте вакцинадан кейінгі 10-шы куннен 40-шы кунде дамиды және эпидемиялық паротит вирусымен шақырылған серозды менингит ауруынан айырмашылығы аз. Сонымен қатар церебральды синдромнан(бас ауруы,құсу)басқа әлсіз көрінетін менингеальды симптомдар(шүйде бұлшық етінің ригидтілігі, Кернинг,Брудзинский симптомдары) анықталуы мүмкін. Жұлын сұйықтығы анализінде қалыпты немесе аздап жоғарылаған белок саны , лимфоцитарлы плеоцитоз болады. Өзге этиологиялы менингиттермен дифференциальды диагноз жүргізу үшін вирусологиялық және серологиялық зерттеулер жүргізіледі. Еміне вирусқа қарсы, дезинтоксикациялық және дегидратациялық заттарды тағайындау жатады.
Тромбоцитопения қызамық вакцинасын егуден болатын мүмкін асқынулар қатарына жатады.
Тромбоцитопенияның құрамында қызылша вирусы бар вакцина препараттарын енгізумен себеп-салдарлық байланыс дәлелденген.
АҚҚ тез тусуі (анафилактикалық шок) вакцинаның белгілі бір компонентіне дереу аллергиялық реакция көрінісі, құрысулар, неврологиялық бұзылыстар, әр түрлі ауырлық дәрежесіндегі аллергиялық реакциялар және пр.
Екпеден киінгі асқыну аз мөлшерде кездеседі: қызылшада дамитын энцэфалит 5-10млн. екпенің 1-нде БЦЖ екпесін дұрыс енгізбеген кезде 1-млн. 1-нде, екпе сүйемелдеуші поллиамилит-1-1,5 млн. екпенің кездесу жиелігі 1-нде,яғни қоздырғыштар шақыратын аурулар эпидемиологиясымен салыстыруға келмейді.
Сонымен қатар екпеден кейінгі кезеңде болатын қатарласқан инфекция әсерінен латентті және созылмалы инфекция ошағының өршуінен пайда болатын екпелік процестің ауыр ағымды патологиялық жағдайын айта кету керек.
