- •Жтд жұмысындағы диспансерлік бақылау жүйесі және емдеу-сауықтыру шаралары
- •Диспансеризацияның міндеттері:
- •Диспансеризация түрлері:
- •6. Гипогалактия: алдын алу, әдістері, емдеу. Емізуді бақылау.
- •7. Қосымша (аралас) тамақтандыруға көрсеткіш. Бейімделген арнайы сүтті қоспа. Тиімділігін бақылау. Жасанды тамақтандыру техникасы.
- •9. Активті иммунизация. Егу бөлмесі:жұмыстың ұйымдастырылуы, екпе жоспары, вакцинаның сақталуы.
- •15 Қауіп топтары, алдын ала егудің жеке күнтізбесі. Вакцинацияның аялауыш әдістері.
- •16 Нәрестенің денсаулық шектері, қауіп бағытталған топтарды анықтау.
- •17. Нәрестелік кезеңде патронаждық бақылауды ұйымдастыру.Бағытталған қауіпті топты анықтау.
- •18.Шала туылған балаларды патронаждық бақылаудың ерекшелігі. Қаупі жоғары нәрестелер.
- •Шала туылған балаларды патронаждық бақылаудың ерекшелігі. Қаупі жоғары нәрестелер.
- •19 Сұрақ Орталық нерв жүйесінің зақымдану қаупі бар балаларды диспансеризациялау.
- •20 Сұрақ Перинатальдық патологиясы бар баларға диспансерлік бақылаудың дифференциялық тәсілі
Жтд жұмысындағы диспансерлік бақылау жүйесі және емдеу-сауықтыру шаралары
Педиатрияда диспанзеризация деп балаларда анықталған ауытқуларды уақытында түзету және әртүрлі ауруларды ерте анықтау, алдын алуға арналған емдік ұйымдастыру шараларын айтады.
Диспанзеризацияның негізгі мақсаты - балалардың ден саулығын сақтау және нығайту, олардың физикалық және жүйке-психикалық дамуын қадағалау, ауру әсерінен болған дисбалансты қалпына келтіру, туа пайда болған және жүре пайда болған ақауларды барынша жою, қалпына келтіру жәнеде баланыөз жасына сай өмір салтына қайтару. Емханада диспансерлік қызметінің басты жауаптысы аймақтық ЖДТ. Сол секілді, басқа да дәрігерлер диспансерлік бақылауды жүргізеді.
Диспансеризацияның міндеттері:
Денсаулықты жоғары дәрежеде сақтау мақсатымен динамикалық бақылау. Аурудың туындау және таралу сеебептерін оқу жою.
Балалармен олардың ата-анасын салауатты өмір салтына үгіттеу.
Аурудың алғашқы, көмескі сатыларын белсенді түрде анықтау, емдеу.
Аурудың өршуін, асқынуын, қайталануын алдын алу ( екіншілік алдын алу)
Диспансеризация алгоритмі бойынша 5кезең белгілі:
Бірінші кезең – қызмет көрсетілетін аймақтың тұрғындарын әлеуметтік демографиялық құрамын жылына 2 рет (қыркүйек-қазан, наурыз-сәуір) тексеріп санағын жүргізу.
Екінші кезең – алдын алу тексерістерін жүргізіп, ауруларды анықтау, оларды диспансерлік топтарға бөлу.
Үшінші кезең – ауруды диспансерлік есепке алу, құжаттарын толтыру (112/у – баланың даму тарихы, 030/у – диспансерлік бақылау картасы, аурулар тізімі)
Төртінші кезеңде – науқастардың дәрігерге уақытымен динамикалық бақылауын қадағалайды. Алдын алуға көп көңіл бөлінеді. Біріншілік алдын алу – жаңа ауруларды табу болса, екіншілі алдын алу – аурудың асқынуымен қайталануын болдырмау мақсатымен жасалады.
Бесінші кезең – арнайы көрсеткіштер арқылы диспансерлік бақылаудың тиімділігін анықтау.
Диспансеризация түрлері:
Сау балалар диспансеризациясы эпикриз кезеңдерінде жүргізіледі
Жедел сырқаттармен ауырған балаларда диспансеризациялау
Созылмалы сырқаттармен ауыратын балаларда диспансеризациялау
Диспансерлік кезеңде жедел сырқаттар анықталған жағдайда науқастың толық сауыққанға дейін жеткізу керек. Созылмалы формасында Ф 030/у (диспансерлік қарау картасы) бойынша, белсеңді динамикалық қарау жүргізіледі
Диспансеризацияның негізгі құжаты:
Диспансерлік тізімде тұрған науқастарда болу керек құжат тізімі мынандай
Баланың даму тарихы
Диспансерлік (Ф112/у қараудың бақылау картасы 030/у формасы ұзақ ағымды және созалмалы сырқаты бар балаларға жүргізіледі)
Денсаулығы бойынша екінші топқа жататын балалар тізім бойынша қаралады, тек ЖАБ- тобына жататын балалардан басқа, оларға 030/у формасы жүргізіледі.
Балаларды амбулаторлы – емханалық деңгейде диспансеризациялау принциптері.
Дспансерлік бақылаудың өтімділігі мен уақытын анықтау
Лабораторлық – инструментальдық тексерулердің көмегін анықтау
Рецидивке қарсы ем курстарын жүргізу
Созылмалы инфекция ошақтарына санация жүргізу
Диспансеризация эффектілігін анықтау
Сонымен қатар:
Кезеңдік қарау – жоспар бойынша жүргізу (мысалы арналған балаларда ұйымдастыру орталықтарына баратын балалар) және баланың қазіргі амбулаторлық көмекке жүгінуіне байланысты.
Мектеп және мектепке дейінгі мекемелерге, орта және жоғары оқұ орындарына түсетін балаларды алдын алу қарау
Мақсаттық қарау – белгілі бір сырқаттарды анықтау мақсатында (туберкулез, гипотериоз және т.б.)
Профилактикалық қарау нәтіжесіне байланысты балаларды 3 топқа бөледі:
Толық сау балалар
Салыстырмалы сау, яғни туыстарының анамнезінде созылмалы сырқаттары бар, жүктілік анемиясы, фондық аурулар, ЖРИ – мен ауыратындар секілді қауіп факторы бар.
Созылмалы сырқаттары бар науқастар (компенсация сатысы, субкомпенсация сатысы, декомпенсация сатысы)
Диспансеризация эффективтілігінің көрсеткіштері (ем нәтіжесі және науқас сауығуы) % түрінде:
Сауығу
Жақсару
Ремиссия
Мүгедектікке ауыстыру
Өлім
Сонымен, балалардағы диспансеризациялауды жүзеге асыруда басты рөлді учаскелік дәрігер педиатр
2) Денсаулық критерийлері. Балалардың ден саулық деңгейін кешенді бағалау, балаларды денсаулық топтарына бөлу.
Денсаулық – бүл физикалық, рухани, әлеуметтік тұрақтылық, ауру және жарақаттардың болмауы қоршаған ортамен бацланыста болумен (бейімделу) сипатталатын табиғи жағдай.
Балалардың денсаулық жағдайымен даумуын кешенді бағалау критерийлері:
Анамнезінде ауытқулардың болуы немесе болмауы (генеологиялық, биологиялық, әлеуметтік)
Физикалық даму деңгейі және оның үйлесімділік дәрежесі
Жүйкелік-психикалық дамуы және оның үйлесімділік дәрежесі
Ағзалар мен жүйелердің функциялық жағдайлары
Резистенттілік және реактивтілік
Созылмалы аурулар немесе туа біткен даму ақауларының бар немесе жоқтығы
Балалардың денсаулық жағдайымен дамуының кешенді бағалау құрылымы:
Балалар денсаулық жағдайымен дамуын негізгі критерийлер бойынша зерттеу
Балалар денсаулық жағдайының деңгейін (тобын) анықтау тұралы қорытынды
Медико – педагогикалық ұсыныстарды тағайындау
Есепке алу медициналық документациясын толтыру (Ф 112/у және 26/у)
Денсаулық топтары (деңгейлері)
Топ - абсолютті дені сау балалар (дамуымен қызмет деңгейі қалыпты, яғні барлық 6 негізгі критерий бойынша ауытқулардың болмауы)
Топ – дені сау, бірақ функционалді және кейбір морфологиялық ауытқулары бар, сонымен қатар жедел және созылмалы ауруларға қарсы тұру мүмкіндігі төмен балалар
Топ – компенсация сатысындағы созылмалы ауруы бар, ағзаның функциональді мүмкіншілігі сақталған балалар, субкомпенсация жағдайындағы, ағзаның функциональді мүмкіншілігі төмендеген; декомпенсация жағдайы, ағзаның функциональді жағдайы айтарлықтай төмендеген
3) скрининг – жалпы қарау тесттері. Кейбір функциональді жүйелердің физиологиялық жас константасы
4) Ана сүтімен емізу бойынша ДСҰ бағдарламасы
Босанған әйелдерде және ана сүтімен емізуге көмектесу және қолдау бағдарламасы ұсынуды кең тәжрібеге енгізу мақсатында ДСҰ және халықаралық балалар ұйымы БҰҰ ЮНИСЕФ (1989, Женева) «Ана сүтімен емізудің тиімді 10 тәсілін» жасақтады және «балаға қамқор аурухана» атты жобасын жүзеге асыра бастады. Босанған әйелдерде көмектесу қызметін көрсететін және жаңа тұған балаларға күтім көрсететін әрбір мекемеде болу кажет:
Ана сүтімен емізу тәжрибесі тұралы жазбаша түрде бекітілген саясаты болу және барлық медико-санитарлық қызметтерге жеткізу
Саясатты жүзеге асыруға қажетті барлық дағдыларды медико-санитарлық қызметкерлерді үйрету
3. Жүкті әйелдердің барынша ана сүтімен тамақтандырудың жақсы жақтары мен әдістері тұралы ақпараттандыру
4. Босаңғаннан кейін алғашқы жарты сағатта анаға ана сүтімен тамақтандыруды бастауға көмектесу
5. Аналарға ана сүтімен тамақтандыру тәсілдерін және баласынан алшақ болған жағдайда да лактацияны сақтап қалу тәсілдерін көрсету
6. Медициналық көрсеткіштерден басқа уақытта, жаңа тұған нәрестелерге ана сүтінен басқа тағамдар бермеу
7. Ана мен баланы тәуліктік бірге болуын бақылау – бір палатаға тулігіне 24 сағат бірге болуды қамтамасыз ету
8. Ереже бойынша ана сүтімен тамақтандыруды қолдау
9. Емшектегі балаға емшек тәрізді немесе тыныштандыратын (емізік немесе ойыншықтар) заттар бермеу
10. Ана сүтімен тамақтандыруды қолдау мақсатында құрылған топтарды қолдау және шыққан соң сау аналарды сол топқа жіберу
Алғашқы 6 айда тек ана сүтімен қоректендіру ұсынылады, кейін ана сүтімен қатар қосымша тамақтандыруды екі немесе оданда жоғары жасқа дейін жалғастыру
5. Ана сүтімен тамақтандырудың тәртібі, бақылауы және техникасы
Ана сүтімен (табиғи) тамақтандыру бұл бала өмірінің алғашқы жолында тек ана сүті алуы. Егер қосымша тамақтандыруды енгізгенде, сүт жалпы тағамның 4/5 құраса немесе донорлық сүт болса, тамақтану табиғи деп аталады. Ана сүтімен тамақтандырудың артықшылығы:
Ана сүтінінң сиыр сүтінен айырмашылығы, құрамында ұсақ дисперстік төмен молекулярлы ақуыздар – альбумин және глобулиндердің болуы. Олардың қатынасы 4/1. Сиыр сүтінде жоғары молекулярлы ақуыздар – казеиногендер бар. олардың қатынасы 1/4. Ана сүтінде көп мөлшерде тауриндер-аминоқышқылдар бар, олар өт тұздарын біріктіруге (май сіңірілуіне көмектеседі), тіндердің қалыптасуына (көз тор қабаты, бас миы) қажет
Майлардан ана сүтінде липаза ферменті бар, ол ана сүтіндегі 90-95% майды сіңіреді. Дисперстіліктің жоғары дәрежесі, қаныққан май қышқылдарының төмен болуы, қанықпаған (эссенциальды) май қышқылдар көп болуы
Ана сүтінде көмірсулар бета-лактаза (90%) түрінде болады, ал сиыр сүтінде альфа-лактаза болады. Бета – лактазаның функциональді ерекшелігі: аш ішек әлсіз сіңетін болғандықтан, әлсіз ортасы (pH 5-5,5) қалыптастыра отыра, тоқ ішекке дейін барады, ол бактерияларды өлтіре алады. Бета лактазаның бір бөлігі «бифидус фактор» деген ат алған. Ол В тобындағы витаминдердің синтезін белсендіреді.
Ана сүтінің осмостығы жоғары (260-270) болуы, тағамның жақсы қорытылуына және гомеостаздың физиологиялық жағдайына әсер етеді, себебі емшек жасында бауырлық механизммен оның регуляциясы толық қалыптаспаған.
Витаминдер және микроэлементтер. Ана сүтіндегі витаминдермен микроэлементтерің көлемі ананың тамақтануына байланысты. Ұрық ағзасында майда еритін витаминдердің жинақталуы жүктіліктің соңғы айында болады. Ананың дұрыс емес тамақтанбауында және күні жетпей туылған балаларда көбінесе гиповитаминоз дамиды. АНа сүтінде кальций мен фосфордың идеальды қатынасы сақталады, 2/1, ол баланың өсуіне жне сүйек тінінің дамуын қамтамасыз етеді. Сиыр сүтінде кальций аз, ал фосфор көп. Соңғысы жақсы сіңеді және бұл қосымша тамақтануда жүрген балада гипогликемияның дамуына алып келеді. Темір ана сүтінде сиыр сүтіне қарағанда аз бірақ оның резорбциясы 50-70%, ал сиыр сүтінде 30%. Ана сүтінде айтарлықтай цинк және мыс бар.
Құамында активті ферменттер (протеаза, трипсин, амилаза, липаза), қалқанша безі, бүйрек үсті, гипофиз және ішек жолдарының гормондары, арнайы (спецификалық) қорғаныс факторлары (лизоцим, макрофагтар), антиденелер (эшерихия, шигелла, кок және басқа флоралары) бар
антигендік қасиеттің толығымен болмауы, ал сиыр сүтіндегі нәруыздар антигендері жоғары
Ана сүті әрдайым жылы, стерильді, бала қабылдауына ыңғайлы
Ана сүтінің психо-әлеуметтік әсері
Тамақтандыру тәртібі: Еркін тамақтандыру немесе «қажеттілік бойынша» - бұл баланың алғашқы кезеңіндегі тамақтандыру тәртібі, ол кезде баланың қалауы бойынша, тірегі сағаттарды қосқанда анасы емізеді. Ему уақытында болса таңдауы бойынша.
Дұрыс емізу белгілері:
Анасының емізу кезінде дем алуға ыңғайлы жағдайды таңдауы
бала барлық денесімен анасына бұрылған және тығыз жатуы, беті емшекке жақын, мұрыны үрпіге қараған болуы керек.
баланың басымен денесі бір сызықта жатыу, анасы бір қолымен басы және иығын, ал екіншісімен жамбасын ұстау керек
баланың иегі ана кеудесіне тығыз жақындаған
баланың аузы кең ашылған
төменгі ерні сыртқа ашылған
баяу, тереңінен сору паузамен, баланың сүтті жұту дауысынң естілуі
