Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПНО СИТ ЕСЕП.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
85.92 Кб
Скачать

Есеп № 6

Дәрігерге 18 жасар қыз келіп мынандай шағымдарды айтты: әлсіздік, жүректің тұсының ауруы, жиі соғуы, күш түскенде ентігуі, басының ауырсынуы. Жас кезінде ангинамен көп ауырған, толық емделмеген.

Қарағанда: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, еріндерінің көгеруі байқалады. Өкпеде везикулалық тыныс, тыныс алу жиілігі - 22 рет бір минутта. Жүректің шала тұйық шекарасы: жоғары шегі 2-ші қабырға тұсында, жүрек соғу жиілігі 88 рет бір минутта, жүрек ұшы үстінде І тонның күшеюі мен диастолалық шу, митральды қақпақтың ашылу тоны естіледі. Артериалды қысым 100/60 мм.сын.бағ.

1. Негізгі және қосымша шағымдарды бөліңіз.

2. Синдромдарды атаңыз.

3. Негізгі синдромды дәлелдеу үшін ең негізгі зерттеу әдістерін атаңыз.

1

Негізгі шағым: жүректің тұсының ауруы, жиі соғуы, күш түскенде ентігу.

Қосымша шағым: әлсіздік, басының ауырсынуы.

2

Синдром: жүрек қақпақшаларының жеткіліксіздігі – митральды стеноз, артериялық гипотензия; ауырсыну синдромы.

3

Инструментальды зерттеу әдістері: эхокардиография, фонокардиография, КТ, МРТ.

Есеп № 7

Дәрігерге 38 жасар ер кісі, автобус жүргізушісі, өзінің шағымдарын айтып берді: көп жүргенде, 2 этажға көтерілгенде ентігеді, салқын болғанда буындары қақсап ауырады, жатқанда – жөтеле бастайды, анда-санда аз мөлшерде қан түкіреді, кейде түнде тұншығудан оянады. Бұл жағдай 1,5-2 жыл алдын басталып, біртіндеп күшейіп жатыр, ал ентікпе одан да ертерек сезіле басталды. Жас кезінде жылына – 2-3 рет ангинамен ауырған, жақын туыстары сау. Қарағанда: бет ұштары қызара көгеріп тұр. Өкпені тыңдағанда жауырын астарында әлсіреген везикулалық тыныс және крепитация естіледі, ТАЖ-20 рет бір минутта. Сипап қарағанда – жүрек тұсында диастолалық діріл сезіледі. Сол қолында пульстің толықтығы оң жақпен салыстырғанда төмен. Жүректің шала тұйық шекарасы: жоғары шегі 2-ші қабырға аралықта. Тыңдағанда – жүрек ұшында І тон күшейген, ІІ тон жарықшақтанған, ІІ тоннан кейін үдеп өсетін шу естіледі, ЖСЖ – 90 рет 1 мин. Қол аяқ буындары өзгермеген, іспеген, ауырсынусыз, қимылдары шектелмеген.

1. Негізгі және қосымша шағымдарды бөліңіз.

2. Синдромдарды атаңыз.

3. Негізгі синдромды дәлелдеу үшін ең негізгі зерттеу әдістерін атаңыз.

1

Негізгі синдром: көп жүргенде, 2 этажға көтерілгенде ентігу, жатқанда – жөтелу, анда-санда аз мөлшерде қан түкіру, кейде түнде тұншығу.

Қосымша: салқын болғанда буындары қақсап ауырады.

2

3

Есеп № 8

27 жастағы әйел аймақтық терапевтке тексерілуге келді. Шағымдары: жүргенде пайда болатын ентігу, жүрегінің ретсіз соғуы, құрғақ жөтелге, аяқтарының ісінуі, бастың айналуы, әлсіздік.

Анамнезінен: 15 жастан бері кардиолог есебінде тұрады. Объективті: жалпы жағдайы орта ауырлықта. Тері қабаттары бозғылт, бет ұштары қызарған. Аяқтарында аздап ісінулер анықталады. Жүрек аускультациясында І тонның күшеюі, жүрек ұшында диастолалық шу және «бөдене ырғағы» естіледі.

1. Негізгі және қосымша шағымдарды бөліңіз.

2. Синдромдарды атаңыз.

3. Негізгі синдромды дәлелдеу үшін ең негізгі зерттеу әдістерін атаңыз.

1

Негізгі: жүргенде пайда болатын ентігу, жүрегінің ретсіз соғуы, құрғақ жөтел, аяқтарының ісінуі.

Қосымша: бастың айналуы, әлсіздік.

2

Синдром: жүрек қақпағының зақымдануы – митральды қақпақтың зақымдануы.

3

Инструментальды зерттеу әдістері: эхокардиография, фонокардиография, КТ, МРТ.