Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПНО СИТ ЕСЕП.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
85.92 Кб
Скачать

Есеп № 34

Науқас С., 36 жаста, ер кісі, гастроэнтерология бөлімшесіне келесі шағымдарымен түскен: эпигастрий аймағының кешкі уақытта күшейетін керіп ауыруы, көп мөлшерде жағымсыз иісті ауамен кекіру, ашқарынға және 1-2 күн бұрын желінген тағаммен құсу, дене салмағын жоғалту, жалпы әлсіздік.

Анамнезінен: Науқас 10 жыл бойы он екі елі ішектің жара ауруымен ауырады, бір рет стационарда жатып емделген. Күз, көктем маусымдарында аурудың өршулері болған, бірақ дәрігерге емделмеген.

Объективті қарағанда: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тері жамылғысы бозғылт, ылғалды. Өкпесінде везикулалық тыныс, ТАЖ минутына 20 рет. Жүрек тондары анық, ырғақты. Пульс минутына 68 рет. АҚҚ 120/70 мм.сын.бағ. Тілінде ақ сарғыш жамылғымен жамылған. Ішінің эпигастрий аймағында күшейген перистальтика көзге көрінеді, аускультациялық-перкуссиялық тәсілмен асқазанның төменгі шегі кіндік деңгейінде анықталады.

1. Негізгі және қосымша шағымдарды бөліңіз.

2. Синдромдарды анықтаңыз.

3. Негізгі синдромды дәлелдейтін ең қажетті зерттеу әдістерін атаңыз.

1

Негізгі шағымы: жағымсыз иісті аурумен кекіру, құсу ,

Қосымша шағымдары: дене салмағынын жоғалтуы , жалпы әлсіздік

2

Асқазан диспепсиясы

Мальабсорбция синдромы

Бауыр клеткаларының жетіспеушілік синдромы (БКЖС)

3

Лабораториялық зерттеу, Асқазан сөлін зерттеу,Уропепсинді анықтау,Нәжісті құрт жұмыртқаларына тексеру, Нәжісті капрологиялық зерттеу, Қанды биохимиялық зерттеу, Дуоденальды зерттеу. ЭФГДС

Есеп № 35

Науқас М., 19 жаста, дәрігерге мынадай шағымдармен келді: іштің төменгі бөлігіндегі ауырлық сезімі, ірің және қан араласқан сұйық нәжістің тәулігіне он екі рет болуы, дене қызуының жоғарылауы, тәбетінің төмендеуі, жүдеу, әлсіздік.

Науқаста екі күн бұрын себепсіз нәжісіне қан араласып, қоймалжың немесе сұйық болып тәулігіне 3-6 рет өткен. Үйінде ем қабылдамаған.

Жалпы қарауда: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тері жамылғысы қуқылданған, кілегей қабаттары бозғылт, лимфа түйіндері ұлғаймаған. Өкпесінде везикулалық тыныс, ТАЖ минутына 18 рет. Жүрек тондары анық, ырғақты. Пульс минутына 84 рет. АҚҚ 100/70 мм.сын.бағ. Тілі құрғақ, ақ жамылғымен жабылған. Іші кепкен, тыныс алуға қатысады, пальпациялағанда іштің сол бөлігінде төмендегіш және сигма тәрізді ішек проекциясында ауырсынады.

1. Негізгі және қосымша шағымдарды бөліңіз.

2. Синдромдарды анықтаңыз.

3. Негізгі синдромды дәлелдейтін ең қажетті зерттеу әдістерін атаңыз.

__________________________________________________________________

1

2

3

Есеп № 36

Науқас С., 65 жаста, әйел, төс артында күйдіріп, жауырын аралығына тарайтын ауырсынуға, сілекей бөлінуінің көбеюіне, жұтынудың және құрғақ немесе қою тағамның өтуінің қиындауына, көп мөлшерде қорытылмаған аспен кұсуға шағымданады. 5 жыл бойы ауырады, 2 апта бұрын жағдайы нашарлады, ащы тағам қабылдаумен байланыстырады. Терісі бозарған, пульс 68 рет минутына, ырғақты. Іші сопақша пішінді, жұмсақ, эпигастрий аймағында ауырсыну бар.