Дет хир Тесты 1 уровня (76 вопросов)
Туа біткен қотан аяқты емдеудегі бірінші этапты анықтаңыз?//
Микулич операциясы //
Финк бойынша дәкелеу//
+"Етік" тәрізді гипс таңғышын салу, 7-10 күннен соң ауыстыру//
Ортопедиялық аяқ киім//
Виленский бойынша гипс.
*** Нәрестелердегі некрозды флегмонаның клиникалық ауырлығын не анықтайды?//
Қабынудың бел-сегізкөз аймағында орналасуы//
ННФ-ның урахустың толық жыланкөзімен қабаттасуы//
+Тері мен тері асты майлы қабатындағы некрозды процестің таралу алаңы//
Клиниканың туылғаннан кейін 7-10 күннен соң пайда болуы//
Қабыну процесінің алдыңғы құрсақ қабырғасында орналасуы.
*** Ұсынылған әдістердің қайсысы нәрестелердегі некрозды флегмонаның жергілікті емдеуінде қолданылады? //
Ошақты пункциялау, іріңді сорып алу//
УКС сәулелерді ошаққа түсіру//
+ Шахматты түрде теріні тілу//
Флегмонаны тіліп, жараға тампон салу//
Вишневский жақпамайымен компресс жасау.
***
Нәрестелердегі некрозды флегмонаны қандай аурудан ажырата білу керек?//
Квинке ісігі//
Псевдофурункулез//
+Тілме қабынуы//
Босану кезіндегі тері мен тері асты майлы қабатының жарақаты//
Пигментті дақ.
***
Нәрестелер некротикалық флегмонасы көбінесе қай жерде орналасады?//
+ Арқа мен сегізкөз аймағы//
Бастың шашты бөлігі//
Білезіктің алақан бетінде//
Бет//
Кеуденің алдыңғы бетінде.
***
Нәрестелердің флегмонасына тән белгілер://
Қан ағу//
Лимфостаз//
+Терінің қызаруы//
Ошақта ауру сезімінің болмауы//
Терінің сулануы.
***
Нәрестелердің ортан жілік сүйегі сынғанда емдеу әрекеті қандай?//
Спицалық қаңқа тарту//
+Шеде бойынша тарту салу//
Бір кезеңдік репозиция, гипспен иммобилизациялау//
Оперативтік емдеу//
Қаңқалық тарту салу.
***
Аталған зерттеу әдістерінің қайсысы туа пайда болған ішек өтімсіздігін анықтайды?//
Эзофагогастроскопия//
Колоноскопия//
+ Құрсақ қуысының шолу рентгенографиясы//
Ауалы Элефант сынағы//
Қан анализі.
***
Қан айналымы жоқ баланы тірілту үшін берілетін уақыт қоры://
1 - 2 мин//
2 - 3 мин//
3 - 4 мин//
+4 - 5 мин//
5 - 6 мин.
***
Дегидратацияның бірінші дәрежесіндегі дене салмағының дефицитін көрсетіңіз?//
3% //
+5% //
6% //
7% //
9%.
***
Тыныс жетіспеушілігінің бірінші клиникалық белгісін атаңыз?//
Жөтел//
Мұрын-ерін үшбұрышының көгеруі//
Терінің бозаруы//
+Ентігу (демікпе) //
Қозғалыстың қозуы.
***
Аталған туа пайда болған ішек өтімсіздігінің қайсысы ішек айналуының бұзылуынан болады?//
Тоңғақты (меконийлік) өтімсіздік//
+ Ледда синдромы//
Ішек бойындағы көптеген атрезиялар//
Мегадуоденум//
Атрезияның мембраналы түрі.
***
Өңеш атрезиясына тән белгілерді атаңыз?//
+ Ауыз көбікті бөлінулер болады//
Өт аралас құсу//
Іштің ұстамалы ауруы//
Тоңғақтың (меконийдің) болмауы//
Қарамай тәрізді нәжіс.
***
Нәрестелердегі перитониттің өте жиі себебін атаңыз?//
Жедел аппендицит//
Жедел дизентерия. //
+ Некрозды энтероколит//
Панкреонекроз//
Асқазан ойық жарасының перфорациясы.
***
Жұлын-милық жарықтың әдеттегі орналасу жерін көрсетіңіз?//
+ Сегізкөз - құйымшақ аймағындағы ісік тәрізді түзілім//
Қабырға-омыртқа бұрышында ісік тәрізді түзілім//
Омыртқа бүйірлерінде ісіктердің симметриялы орналасуы//
Ісіктердің асимметриялы орналасуы//
Мойынның бүйір беттерінде.
***
Алдыңғы бас-ми жарығының клиникалық белгілерін таңдаңыз?//
+ Мұрын үстінде ісіктің томпаюы//
Ісікте флюктуация жоқ//
Көздердің жақын орналасуы.
Мұнара бас (башенный) //
Ісік терісінің көкшілденіп тұруы.
***
Балалар жасына тән сүйек сынықтарын атаңыз?//
Патологиялық сынық//
+ Эпифизеолиз //
Ашық сынықтар//
Бұранда тәрізді сынықтар//
Сан сүйегінің көлденең сынығы.
***
Жамбас сүйегі сынғанда қандай шаралар қолданылады?//
+ Школьников бойынша жамбас ішілік анестезия, құрбақа жатысы//
Тренделенбург әдісімен ауруды жатқызу//
Сынық жазылғаннан кейінгі емдік дене шынықтыру//
Жамбас-сан гипстік таңғышты салу//
Өкше сүйегі арқылы қаңқалық тарту салу .
***
Қуықтың құрсақ ішілік жыртылуына тән белгіні көрсетіңіз?//
+ Анурия//
Ортнер белгісі//
Құрсақ қуысында бос газдың болуы//
Пиурия//
Қуықтан несепағарға рефлюкс.
***
Қандай сынық кезінде Маркс сызығы бұзылады?//
Иық сүйегінің хирургиялық мойыны маңындағы сыну//
Иық сүйегінің диафизарлық сынығы//
+ Иық сүйегінің айдаршық арқылы сынығы//
Шынтақ сүйегінің сынығы//
Бас тәрізді төмпешіктің сынығы.
***
Жамбас сүйектері сынғанда үрпінің жыртылуына тән басты белгілерді атаңыз?//
Жабысып қалған өкше белгісі//
+ Зәрдің жете тоқтауы, үрпіден қанның ағуы//
ұма түбін қанталау//
Зәрді ұстай алмау, зәрде қанның болуы//
Симфизге басқанда қатты ауыру сезімінің болуы.
***
Субарахноидалды қанталауды анықтайтын тексеру әдісін көрсетіңіз?//
Пневмоэнцефалография//
Ми тамырларының артериографиясы//
Краниография//
+ Жұлынмилік пункция//
Электроэнцефалография.
***
Нәрестелердегі туа біткен ортан жілік басының буыннан шығуын көрсететін 100%-дық белгіні атаңыз//
+Сырғып барып тырс ету белгісі//
Санның сыртқа шектеулі қозғалуы//
Аяқтың ұзаруы//
Аяқтың қысқаруы //
Санның варустық деформациясы.
***
Сколиоз деген термин не білдіреді?//
Омыртқа жотасындағы кеуделік майысудың үдеуі//
Омыртқа жотасының белдегі майысуының үдеуі //
+Омыртқа жотасының бүйірлік майысулары//
Иықтардың асимметриялы орналасуы//
Кеуденің воронка тәрізді деформациясы.
***
Балалардың бүйрек –тін ақаулары қандай әдіспен анықталады?//
Лапароскопия//
Цистография//
Цистоскопия//
+Экскреторлы урография//
Зимницкий қойылымы.
***
Көрсетілген қандай себептер зәрдің жедел тоқтауына алып келеді:?//
Бүйрек тасы//
Гидроуретер//
Парафимоз//
+Уретраның жыртылуы//
Қуықтың дивертикулы.
***
Іш пердесінің қынаптық өсіндісінің бітелуі бұзылған кезде қандай ауру дамиды?//
+ Еннің су шемені //
Парафимоз //
Варикоцеле//
Кіндік бауының жарығы//
Баланопостит.
***
Балалар жасындағы шап жарығының түрін атаңыз?//
Туа біткен тік жарық//
Туа біткен сырғанақты жарық//
+Туа біткен қиғаш жарық//
Орнына түспейтін шап жарығы//
Жүре пайда болған тік және қиғаш жарықтар.
***
Мықын лимфаденитіне тән белгілерді атаңыз?//
Санның ішке тартылған контрактурасы//
Тізе буынындағы ауру сезімі//
Аяқтардың бөрітуі//
+Мықын аймағындағы инфильтрат, санның контрактурасы//
Дене қызуының көтерілуі.
***
Қандай себептер жедел хирургиялық жұқпаның созылмалы түріне ауысуына әсер етеді?//
+Төмен иммунитет, бұзылған тіндерге сенсибилизация//
Стафилококкты жұқтыру//
Аралас флораны жұқтыру//
Баланың жасы 3 жасқа дейін//
Үлкен жастағы балалар.
***
Балалардағы іріңді жұқпаның ерекшеліктерін атаңыз?//
Шектелуге және жазылып кетуге бейім//
+ Жайылуға және уыттанудың дамуына бейім//
Брадикардия//
Септикопиемияның дамуы өте сирек кездеседі//
Процестің созылмалы түрлерініњ үстемділігі.
***
Іріңді омфалитті қандай аурудан ажырата білу керек?//
+ Сары уыз жылғасының бітелмеуі (толық емес жыланкөз) //
Кіндік бауынның жарығы//
Кіндік жарығы//
Қуықтың экстрофиясы//
Терілі кіндік.
***
Омфалиттің қандай түрінде кіндік сақинасы арқылы ішек эвентрациясы болуы мүмкін?//
Жай түрі//
Құрама түрі//
+Некрозды//
Флегманозды//
Суланатын кіндік.
***
Флегманозды омфалиттің белгілерін көрсетіңіз?//
Кіндіктен шырышты бөлінулер болады//
+Кіндік шұңқырының түбінде іріңді-фибринозды қабыршақтар болады//
Іштің төменгі жағында шекарасы анық қызарудың болуы//
Кіндік шұңқырының түбінде грануляция бар, кальцинаттар анықталады//
Кіндік шұңқырының айналысындағы терінің некрозы.
***
Жедел бейспецификалық қолтықтағы лимфаденитте жиі болатын ену есіктерін көрсетіңіз?//
Асқазанның шырышты қабығы//
+Білезіктегі іріңді жара//
Кариесті тістер, жаралы стоматит//
Қолтық аймағындағы гидраденит//
Мастит.
Жедел остеомиелиттің токсикалық түрін сипаттайтын белгіні атаңыз?//
Аяқ-қолда ауыру сезімі, жалпы жағдайы орта дәрежелі//
+Сандырақтау, есінен тану, аяқ-қолдағы ауыру сезімі//
Сүйек үсті қабатының ажырауы және қабаттануы. //
Сүйектің патологиялық сынуының пайда болуы//
Үйрек тәрізді жүріс.
***
Үш жастан асқан балалардағы жедел гематогенді остеомиелитті бастапқы 1 және 2-ші күні анықтауға аталған әдістердің қайсысы көмектеседі?//
Рентгенологиялық әдіс. //
Жұмсақ тіндерінің іздемелі пункциясы. //
Буынның пункциясы. //
+ Сүйек ішілік қысымының өлшенуі. //
Қанның жалпы анализі.
***
Бес айлық балаға турап езілген алма берген соң ішінде ұстамалы ауыру сезімі пайда болған, көп рет құсқан. Оң жақ қабырға астында кішкене ауыратын жылжымалы сопақша түзілім анықталады. Тік ішек арқылы тексергенде - саусақта қан бар. Диагноз қойыңыз://
Жедел аппендицит//
Аппендикулярлы инфильтрат//
Копростаз//
Вильмс ісігі//
+ Ішек инвагинациясы.
***
Ішек инвагинациясының айқын белгісін атаңыз?//
Нәжіс жүруінің нашарлауы//
Кіші дәреттің жиілеуі//
Құсу//
Дене қызуының көтерілуі//
+Инвагинатты пальпациялау.
***
Кеш ішектің жабысу өтімсіздігінде, берілетін консервативті емдеудің уақытын көрсетіңіз?//
+ 1 - 3 сағатқа дейін//
3 - 6 сағатқа дейін//
12 сағатқа дейін//
24 сағатқа дейін//
48 сағатқа дейін
***
Ішек өтімсіздігі кезіндегі консервативті емнің нәтижелерін анықтайтын белгілерін атаңыз?//
+ Газ бен нәжістің шығуы, ауырсыну сезімінің жоқ болуы//
Лейкоцитоздың азаюы//
Дене қызуының төмендеуі//
Артериальді қысымның көтерілуі//
Рентгенограммада Клойбер табақшаларының болмауы.
***
Ішектің бұралып қалуынан болған ішек өтімсіздігінің жіктелудегі түрін атаңыз?//
Обтурациялық//
Спазмды//
Парез//
+ Странгуляциялық//
Тоңғақты (меконийлік).
***
Көрсетілген аурулардың қайсысында оташалау шұғыл түрде жасалады?//
Ахалазия//
Өңештің тыртықты тарылуы//
+Туа біткен ішек өтімсіздігі//
Тік ішек жарасы//
Пилоростеноз.
***
Көрсетілген аурулардың қайсысынан пилоростенозды ажырата білу керек?//
Өңеш ахалазиясы//
Туа біткен ішек өтімсіздігі//
+ Пилороспазм//
Мезаденит//
Ортақ өт жылғасының торсылдағы.
***
Пилоростеноздың айқын рентгенологиялық белгісін атаңыз?//
+ Контрасты заттың асқазаннан эвакуациясының баяулауы, асқазанның пилорикалық бөлімінің тарылуы//
Пилорикалық арнаның ашылып тұруы//
Асқазан шырышты қабатының гипертрофиясы//
Ұлтабар диаметрінің тарылуы//
Асқазанда ауаның болмауы.
***
Пилоростеноздың клиникалық белгілерінің пайда болу уақытын көрсетіңіз?//
Туылғаннан кейін бірінші тәулікте//
Өмірінің екінші аптасында//
+ Өмірінің үшінші аптасында//
Өмірінің оныншы аптасында//
Туылғаннан кейін 1-2 айдан соң.
***
Пилоростенозға тән белгіні көрсетіңіз?//
Қан аралас құсу//
Демікпе және көгеру (цианоз) //
Өт аралас құсу//
+ Құм сағаты белгісі//
Жиі жағымсыз сұйық нәжіс.
***
Ауруханаға өңеш күйігі күдігімен ауру жатқызылған. Күйіктен кейін қай тәулікте диагностикалық эзофагоскопия жасалынады://
1 - 2 тәулікте//
3 - 4 тәулікте//
+ 5 - 6 тәулікте//
10-шы тәуліккте//
12-ші тәулікте.
***
Өңеш сірке қышқылымен жақын арада күйгенде, сүмбілеудің қандай әдісін қолданған дұрыс?//
+ Ауыз арқылы “соқыр сүмбілеу” әдісі/
Эзофагоскоп арқылы//
Жіппен//
Ретроградты//
Сүмбілемейді.
***
Өңештің жоғарғы 1/3 бөлігінде перфорация болған жағдайдағы, негізгі белгіні атаңыз?//
Кеуде артының ауруы//
Жөтел//
Өңеш өтімсіздігі//
Құсу//
+ Мойын аймағындағы тері асты эмфиземасы, дене қызуының көтерілуі.
***
Берілген белгілердің қайсысы гемангиомаға тән?//
+ Теріде ашық қызыл түсті ісіктің болуы//
Теріде көкшіл түсті ісіктің болуы//
Ісік үстіндегі терінің түсі өзгермеген, флюктуация анықталады//
Ісік үстіндегі терінің түсі өзгермеген, ісіктің өзі қатты//
Ісікте флюктуация анықталады, тері оның үстінде көкшіл түсті.
***
Берілген белгілердің қайсысы тек Юинг саркомасына тән?//
+ Сарымсақ тәрізді периостит//
Ине тәрізді периостит//
Секвестрлі қабаттың түзілуі//
Өкпедегі метастаздар//
Сүйектің қалыңдауы, маңдайша белгісі.
***
Сары уыз жылғасының кеселін атаңыз?//
Ішектің қосарлануы//
Омфалит//
+ Меккель дивертикулы//
Холедохтың торсылдағы//
Кіндік жарығы.
***
Зәр жылғасының даму кеселін көрсетіңіз?//
Уретрогидронефроз//
Уретроцеле//
+ Урахус торсылдағы//
Кіндік бауының жарығы//
Қуықтың экстрофиясы.
***
Жедел аппендициті бар баланы, ұйқы кезінде қарағанда, берілген белгілердің қайсысы анықталады?//
Ровзинг белгісі//
Воскресенский белгісі//
+ Қолды итеру және құрсақ қабырғасының бұлшық еттерінің қатаю белгісі//
Кохер белгісі//
Ситковский белгісі.
***
Балалардағы перитониттің себебін көрсетіңіз?//
+ Меккель дивертикулының перфорациясы//
Кіндіктің толық жыланкөзі//
Урахустың бітеленбеуі//
Некрозды флегмона//
Пилороспазм.
***
Некрозды энтероколиттен дамитын перитониттің рентгенологиялық белгілерін атаңыз?//
+ Ішек пневматозы, құрсақ қуысында бос газдың болуы//
Ішек аралық қараюы//
Асқазанда ауалы көпіршіктің болмауы//
Клойбер табақшасы//
Асқазаннан контрасты заттың эвакуациясының тоқталуы.
***
Өңеш атрезиясының жыланкөзсіз түрінде кеуде және құрсақ қуысының шолулық рентгенографиясында не анықталады?//
+ үнсіз (мылқау) қарын//
Өкпедегі гиперпневматизация мен ішекте газдың болуы//
Өкпедегі гиперпневматизация мен үнсіз (мылқау) қарын //
Құрсақ қуысында газдың болуы//
Шолулық рентгенография ақпарат бермейді.
***
Эмбриональды жарықтың операциялық еміне қарсы көрсетім:
+ Жарық қақпасының диаметрі – 15 см//
Жарық қақпасының диаметрі – 4 см//
Жарық қақпасының диаметрі – 8 см//
Жарық пен бірге жүректің туа біткен ақауларының болуы//
Баланың шала туылуы.
***
Қисық мойынды, қандай аурудан ажырату керек емес?//
+ Мойынның ортаңғы жылауықтары//
Мойын қабырғалары//
Сына тәрізді мойын омыртқалары//
Қанат тәрізді мойын//
Гризель ауруы.
***
Қандай туа біткен ауру бас сүйегі тігістерінің ерте бітуімен сипатталады?//
+ Краниостеноз//
Гидроцефалия//
Бас ми жарыѓы//
Кефалогематома//
Макроцефалия.
***
Уоллестің “тоғыздық” әдісімен есептегенде қолдың толық алаңы қанша пайызға тән?//
+9 % //
18 % //
1% //
6 % //
20%.
***
Кіндік жарығының пайда болу себебі?//
+ Кіндік сақинасындағы апоневроздың бітелмеуі//
Қарынның ақ сызығының жетілмеуі//
Іш пердесінің қынапты өсіндісінің бітелмеуі//
Сары уыз өзегінің бітелу процесінің бұзылуы//
Урахустың бітелу процесінің бұзылуы.
***
Ішек инвагинациясына қатысты операция кезінде, құрсақ қуысында геморрагиялық шығынды табылса, ол нені білдіреді?//
+ Инвагинат құрамындағы ішектің қабырғасындағы циркуляторлы өзгерістерді//
Ішек некрозын//
Ішек шажырқайындағы тамырларда қанның тұрып қалуын//
Көрші ағзалардан жауап ретінде сарысудың шығуын//
Құрсақ қуысынағы қалыпты жағдай.
***
Бас – миымен жамбас ағзалары арасындағы қызметтің бұзылуы нені білдіреді?//
+ Жұлын мидың зақымдалғанын//
Бас – ми жарақатының бір түрі//
Жамбас сүйектерінің сынғанын//
Омыртқа жотасындағы сынуларды//
Құрсақ қуысындағы ағзалардың зақымданғанын.
***
Туа біткен еннің бір жағында болмауын қалай атайды?//
+ Монорхизм//
Полиорхизм//
Анорхизм//
Еннің эктопиясы//
Еннің ретракциясы.
***
Еннің көктамырлары қандай ауру кезінде кеңейеді?//
+ Варикоцеле//
Еннің инфаркты//
Екіншілік обструкциялық пиелонефрит//
Крипторхизм//
Еннің су шемені.
***
Қуық- несеп жолдарының алдыңғы қабырғасының жетілмеген ақау түрін қалай атайды?
+ Эписпадия//
Үрпінің клапаны//
Урахустың бітелмеуі//
Үрпінің стриктурасы//
Гипоспадия.
***
Қуықт- несепағар рефлюксі кезінде қандай операциялық ем қолданылады?//
+ Коэн бойынша//
Фолей бойынша//
Хайнс - Андерсен бойынша//
Соколов-Гросс бойынша//
Иванисевич бойынша.
***
Блекмор зонды қандай жерден қан кетуде қолданылады?//
+ Өңештен//
Асқазаннан//
Ауыз қуысынан//
Ащы ішектен//
