Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Педагогика АГУ Абая Узакбаева.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.21 Mб
Скачать

Өзіндік тексеру сұрақтары

1.Оқыту ұстанымы дегеніміз не?

2.Оқыту процесін түсіндір.

3.Дидактика дегеніміз не?

4."3аңдылық" ұғымы нені білдіреді?

5.Оқыту процесіне қандай белгілер тән?

6.Таным мен оқыту процестері өзара қалай байланысады?

7.Оқытудың заңдылықтар мен ұстанымдары қандай қарым-қатынаста болады?

8.Оқыту мен дамудың өзара байланысы қандай?

9.Оқытудың мәні мен ұстанымдарының өзара байланысы қандай?

10.Оқытудың негізгі қызметтерінің мәнін ашыңдар.

Әдебиеттер

1.Даранов С.Г. Сущность процесс обучения. М., 1981

2.Выготский Л.С. Сбор. соч. Т.6. М., 1984.

3.Дидактика. //Российская педагогичсекая энциклопедия. Т.1. М., 1999.

4.Каптерев П.Ф. Избранные педагогические соч. М., 1982.

5.Коменский Я.А. Избранные педагогические соч. В 2-х т. М., 1982.

6.Крысько В.Г. Психология и педагогика в схемах и таблицах. Мн. М., 2000.

7.Оконь В. Введение в общую дидактику. М., 1990.

8.Садыков Т.С., Абылкасымова А.Е. Дидактические основы обучения в высшей школе. А., 2000.

200

9.Теоретические основы содержания общего среднего образования. / Под ред. В.В.Краевского и И.Я.Лернера. М., 1983.

10.Ушинский К.Д. Избранные педагогические соч. В 2-х т. М., 1982.

Өзіндік жұмыстардың тапсырмасы

1.Педагогика ғылымдары аясындағы дидактиканың орны мен қызметін анықтаңдар.

2.Мұғалімге дидактика не үшін қажет? (Оқу материалын өңдеу үшін дидакикалық білім қажет пе?). Өз жауаптарыңды түсіндіріндер.

3.Курстың бір тақырыбы бойынша білім жүйесін құрастырындар.

4.Курстың бір тақырыбы бойынша танымдық проблемалық тапсырма құрастырыңдар.

5.Коменскийдің негізгі еңбегі "Ұлы дидактиканы" оқып шығып, оқытудың саналылық ұстанымын іске асыруға бағыттаушы Я.А.Коменскийдің шартын анықтап, оны түсіндіріңцер.

6.В.В.Давыдовтың негізгі еңбектерінің бірі "Оқытудағы толықтырулардың түрлерін" мазмұндаңдар. Оқыту процесін ұйымдастыруда адамның психологиялық қасиеттерін ескеру керектігін анықтап, оларды сипаттаңдар.

7.Оқыту ұстанымдары мәселесі бойынша библиография құрастырыңдар. Әртүрлі әдебиеттердегі оқыту ұстанымдарының анықтамасын және сипаттамаларын салыстырыңдар. Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтаңдар.

Реферат тақырыптары

1.Ғылымның қазіргі даму деңгейіндегі дидактика пәні және оның мақсаты.

2.Қазіргі тандағы дидактиканың оқыту және дамыту мәселелері.

3.Дидактика, әдістеме және олардың өзара байланысындағы оқыту технологиясы.

4.Л.В.Занков жасаған бастапқы оқытудың тәжірибелік жүйесінің дидактикалық ұстанымдары.

5.Оқытудың ғылыми негізіндегі дидактиканың қызметтері.

201

6.Психологиялық білімдерді дидактикалық зерттеулерде пайдалану тәсілдері.

7.Педагогика тарихындағы дидактикалық ұстанымдар мәселесі (Я.А. Коменский, К.Д. Ушинский, И.Г. Пестолоцци, А. Дистерверг, П.Ф. Каптерев).

8.Оқушылардың ой-өрісін өлшеу әдістемесі.

9.Оқушылардың таным белсенділігінің даму жолдары.

2.10. Қазіргі мектептегі білім берудің мазмұны

Мақсаты: Қазіргі кезде мектептегі білім берудің мазмұны мәселесіне байланысты теориялық білім мен тәжірибесіне сипаттама беру

Міндеттері:

а)білім беру мазмұнына түсінік беру

ә)білім берудің мазмұнын қалыптастырудың негізгі принциптерін ашып көрсету

б)білім беру мазмұнының компоненттерін ашып көрсету

Жоспар

а)білім беру мазмұнына түсінік беру

ә)білім беру мазмұнын қалыптастырудың принциптері

б)білім беру мазмұнының компоненттеріне сипаттама

Негізгі ұғымдар:

Білім, мәдениет, пәнаралық байланыс, мемлекеттік білім стандарты, оқушылардың оқу мүмкіншіліктері

Пәнаралық байланыс:

философия, әлеуметтану, психология, физиология, педагогика тарихы, этнопедагогика.

Білім беру мазмұны туралы түсінік.

Білім беру мазмұнын қалыптастырудың негізі теориялары XVIII ғасырдың аяғы XIX ғасырдың басында қалыптасты. Олар материалдық және формалдық деген атқа ие болды. Біріншісі - дидактикалық материализм немесе энциклопедизм теориясы деп аталған. Ол бағыттағы ұстананымдарда білім берудің негізгі мақсаты, оқушыларды ғылымның әртүрлі саласымен қайткенде де мол үлкен көлемде білім беру. XVII ғасырдың чех педагогі Я.А. Коменский "Дидактика" деген еңбегінде білім мазмұнын қарады.

202

XIX ғасырдың көптеген педагог ғалымдары білім берудің мазмұнын қалыптастыруда материалдық теорияны жақтады. Бұл тұжырымдама бүгінде құнын жоймай кейбір оқу жоспары мен оқулыққа талдау жасауда оқушылардың меңгеруі қиын жағдайда да көп көмегін тигізіп отыр. Дидактикалық формализм немесе білім мазмұнының формальдық теориясын қайта жасау оқушылардың танымдық қызығушылығын және даму қабілеттілігін оқытуды қарастыруы оку пәндерін таңдауда негізгі өлшем ретінде оқу пәнінің дамытушылық қызметі болып табылады, әсіресе классикалық тілдерде, математикада.

Дидактикалық формализмнің теориялық негізі бір іс-әрекет аймағынан келесіне алынған білім мен дағдының ауысуы туралы ережені құрайды. Оны жақтайтындар ерте кезден белгілі, оған Героклит оның айтуынша "Көп білім, ақылды етпейді"- деген. Цицерон да оны жақтаған. Қазіргі кезде дидактикалық немқұрайдылық теориясының қағидалар негізі - И.Кант, Песталоцци философиясы. Оның айтуынша оқтудың негізгі мақсаты оқушылардың дұрыс ойлауын жақсарту осы ойға жақын А.Дистервег өзінің 1850 жылғы "Неміс оқытушыларына басшылық"-деген еңбегінде өз көзқарасын білдіреді. Білім беру мазмұнын қарастырған кезде оқушылардың таным әрекетінің қызығушылығының қабілетіне, көңіл қоюы, есі, ойлау қабілетін ескеру қажет. Бұл теорияның кемшілігі оқу бағдарламасында пәннің тіліне көңіл бөлу.

Пәнді игеруде окушының ойлау қабілетін қалыптастыру. Бұл екі жақты дидактикалық тәуелділікті білім беру мазмұнында энциклопедизм өкілдері жеткілікті түсіндіре алмады. Формализмді оқытуды жақтаушылар да оқытудың субъекгивтік жағының мәнін асыра бағалады. Бұл екі теорияда К.Д. Ушинскийдің сынына ұшырады. "Ойды ат үсті дамыту нағыз тиянақты білім бермейді"-деді. Оның ойынша мектеп адамды білім жағынан сусындататын және де сол терең білімді игеруге үйретуі тиіс дейді. Білім беру мазмұнын таңцағанда материалдық және формальдық әдістердің бірлігін қамтамасыз ету идеясын К.Д. Ушинский ұсынды.

Педагогикада білім беру мазмұны өте күрделі көп қырлы түсінікті білдіреді. Ол жеке тұлғаны қалыптастыру мен дамытудың ғылыми негізі. Жеке тұлға дамуы оқытумен

203

тығыз байланысты болғандықтан, білім беру мазмұнын анықтау қажет.

Білім беру мазмұны дегеніміз-жеке тұлға қалыптастырудағы адам баласының іс-әрекет тәсілдерді меңгеруімен жүйелі білім алуы, іскерлік пен дағды қалыптастыру, ақыл-ойы мен сезімін дамыту, таным арқылы көзқарасын қалыптастастыру. Нағыз білімді адам деп өзінің ақыл-ойы жетілген, әдіс-тәсілдерді меңгерген, қабілетті, өз пікірін дәлелдей алатын, жеке тұлғаны айтамыз.

Жеке тұлғаны әлеуметтендіру және тума қасиеттерге байланысты жеке тұлғаны қалыптастырады. Білімнің мазмұны мектептің негізгі мақсаты. Білім беру мазмұнының мәні әр пәннен ғылыми білімді қамтамасыз ету.

Педагогика тарихында қалыптасқан рухани мұралар білімнің негізгі мазмұны. Ғалымдардьщ пікірі бойынша білімділік сапа білім мазмұнының құндылығы.

Білім берудің мазмұны мен мәнін ашуда соңғы он жылдықта білім беруді ізгілендіру идеясын жүзеге асыру барысында, жеке тұлғаны дамыту бірінші орынға қойылды. Білім мазмұны туралы И.Я. Лернер, М.Н. Скаткин, В.С. Леднев, Б.М. Бим-Бада, А.В. Петровский т.б. еңбектерінде баяндалған.

Жеке тұлғаның жан-жақты дамуын қалыптастыру И.Я.Лернер мен М.Н.Скаткин білім беру мазмұнының теориялық тұрғыда білім іскерлік, дағды жүйесін түсіндіруде, шығармашылық іс-әрекет пен ерікті сезім тәжірибесін меңгеруді ұсынды. Бірқатар елдің педагоггары (АҚШ, Англия, Франция т.б.) жеке тұлғаға жалпы адамзаттық тәрбие беруді негізге ала отырып, оқу мазмұнына табиғи құбылыстардың және қоғамдық өмірдегі өзара байланысты түсіндіруде оқу пәндерін кіріктіруді негізге алып отыр.

Әртүрлі оқу пәндеріндегі материалдарды оқушылардың игеруі үшін оқу бағдарламасының негізі етіп пәнаралық байланысты басшылыққа алуда.

Ғылым мен техниканың, мәдениеттің даму деңгейіне сәйкес білім, мазмұнын анықтауда жастарды жалпыға бірдей біліммен қамтамасыз етуде оқу бағдарламасын және оқулықтарды жетілдіру міндетті.

204

Жаңа талаптарға сай мектептің міндетінің күрделенуіне байланысты білім мазмұныда өзгеруде, бірақ білім мазмұнын өзгертудегі маңызды мәселе теориялық негізі және стандартты басшылыққа алу. Қазіргі жалпыға бірдей білім беруде теориялық тұжырымдамаға сәйкес адамның қоғамдағы әлеуметтік мәні іс-әрекет өмірге бейімделеді. Азаматтың құндылықтары жоғары болуы қазіргі білім мазмұны әлеуметтік сұраныс, нақты тарихи қоғамдық экономикалық жағдайға байланысты анықталады. Қоғамның әлеуметтік тапсырысы білім мазмұнының жеке тұлғаны жан-жақты қалыптастыру барысында терең білімді, қолынан іс келетін саналы, денесі, ақыл-ойы жағынан да жетілген азамат тәрбиелеу.

Білім беру мазмұнын жүзеге асыру үшін аға ұрпақтың мол тәжірибесі кейінгі жастарға меңгерту, әлеуметтік мәдениетінің мазмұнын одан әрі дамыту.

1)ғылым туралы толық мағлұмат беру үшін білім мамұнының негізгі теориялары, зандары, ұғымдары, тұтас түсіндіру;

2)білім мазмұнының ғылыми және практикалық мәнділігінің өлшемін көрсету;

3)оқушылардың жас ерекшелігіне сай оқу мүмкіндігіне сай білім мазмұнының күрделілік қарау;

4)әрбір пәнді оқытуға берілген мерзіміне қарай білім мазмұнының көлеміне қайтадан қарау;

5)орта білім беру мазмұнында дүниежүзілік тәжірибені ескеру;

6)мектептің оқу-әдістемелік жөне материалдық базасына қарай білім мазмұнының сәйкестілік өлшемін ескеру;

Білім беру мазмұны жайында сөз айтсақ оның мақсаты қоғамның қажеттілігімен жеке тұлғаның қызығушылығымен байланысты болуы тиіс. Қазіргі кезде білім мазмұнының мақсаты жеке тұлға қоғамға қажетті әлеуметтік құндылықгы дамуы арқылы меңгеруге тиісті жағдайда қажетті.

Білім берудегі көрсетілген мақсат білімге, дағдыға, іскерлікке деген қатынас жеке тұлғаның физикалық және ерікті-құндылық, ақылдылық жан-жақты жетілген азамат қалыптастыруға негізгі құрал болып табылады. Өмірдегі қажетті мәдениетті, өнерді, ғылымды игеру әркімнің өз мақсаты түрлі әдіс - тәсілдердің көмегімен игерілуі тиіс.

205

Адам жеке тұлға болып қалыптасуда, қоршаған ортамен қарым-қатынас барысында өзіне жақсы өнеге, адамгершіл тағлымға үйренеді.

Сонымен қатар білім беру мазмұнының толық бейнесін мына жағдайда ғана көруге болады, егер жеке тұлға саналы өзгеріс болатын болса. Жеке тұлғаның динамикасы деп – субъектінің санасы қасиетіндегі өзгерісін атайды, ол адамның онтогенетикалық дамуын құрайды. Ол іс-әрекет нәтижесінде іске асады. Басқаша айтсақ субъектінің дамуы оның дамуы іс-әрекетінің жемісі болып табылады. Іс-әрекеттің жетекші идеясы түрінды сөз болып отырған ілім жеке тұлғаның дұрыс дамуын қамтамасыз ететін іс-әрекеттің басқа да (ойын, еңбек, қоғамдық) түрлерімен сабақтас болып келеді. Осыдан жеке тұлғаның іс-әрекеті білім беру мазмұнының детерминанты (негізі) болып шығады. Сондай-ақ оны В.С.Ледневтің теориясы негізге ала отырып, оқушылардың бірлескен іс-әрекетінің мазмұнына көңіл аудару. Педагогика иеорисы жалпы білім беру мазмұнының қалыптастыру ұстанымы ретінде мәдениетті, иньелектуалды, қоғамды дамыту, білім беру мазмұнының ұстанымының барлық элементтеріне барлық деңгейде талапқа сай құрастырылуы тиіс.

Дәстүрлі білім, дағды, іскерлікті қалыптастырумен бірге білім беру мазмұнына жеке тұлғаның өсуі, мәдени өміріне және көңіл аударуды талапе етеді. Жалпы білім беру мазмұнын қарастыруда оқытулың бірдей мазмұндық және процесуалдық бағытын ұстанымы ғылыми-пәндік бағдары біржақты болмауы тиіс. Білім беру мазмұны нақты оқу поцесін игерумен байланысты, онсыз болу мүмкін емес деп топшылайды, щынайы педагогикалық өлшем бойынша. Жалпы білім беру мазмұнының жобасын жасағанда ұстанымдарын және технологиясын меңгерудің соңғы деңгейі әсер етуін ескеру қажеттігін көрсетеді. Білім беру мазмұнының негізгі құрылымдық ұстанымын әртүрлі деңгейде қалыптастыру барысында теориялық мазмұнының негізін құраушы пән, оқу материалдары педагогикалық іс-әрекет оқушының тұлға болуымен сәйкестенуін қалайды. Жалпы білім беру мазмұнының құрылымдық ұстанымдарын таңдағанда соңғы жылдары

206

білімдік бағдардан жеке тұлғаның бағдарлы біліиге өтуге байланысты берік гуманитарлық тенденция қалыптасты. Жалпы білім беру мазмұнының гуманитарландыру ұстанымын ең алдымен оқушыларға жалпы адамзаттық мәдениеті белсенді шығармашылық және практикалық жағынан игеруге жағдай жасауға тікелей байланысты. Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруға және қазіргі қоғамдағы жағдайды ескере отырып, жеке тұлғаның гумандық мәдениетінің негізгі компоненті: өзін-өзі анықтау мәдениеті; саяси және құқықтық мәдениеті; интелектуалдық адамгершілік, экологиялық, көркемдік және дене мәдениеті, отбасы және қарым-қатынас мәдениеті сияқты қалыптастыруға байланысты. Бұл ұстаным өте көп қырлы. Жалпы білім беруде гумандыққа қарсы үрдісті жеңуге оның мазмұнын фундаментализациялау. Ол гумандық және жаратылыстану білімдерін кіріктіруді ғылымаралық байланысты және сабақтастықты орнықтыруды талап етеді. Осылай оқыту, білім алу дағдысымен іскерлікті қалыптастыру ғана емес, сонымен бірге оқушылардың өздігінен іскерлік дағдыны меңгеруі жаңа білімді игеру әдісі болып табылады.

Білім берудің мазмұнын орнықтыру оқыту процесін жаңартуды және сонымен бірге гманитарландыруға негіз болады, яғни оқущылар артық білімді ақпараттардан босатылып, жеке өзінің шығармашылығының дамуына мүмуіндік алады. Жалпы білім беру мазмұнының барлық компоненттері және жеке тұлғаның (базалық) негізгі мәдениеті бір-бірімен тығыз байланысты. Білімсіз дағды мүмкін емес, шығармашылық іс-әрекет белгісі бір біліммен дағдының негізінде қалыптасады, тәрбиелік осы іс-әрекеттегі білімге байланысты, яғни біреумен қарым-қатынас жасағанда өзінің немесе басқаның білдіретін эмоциясына тәртіптілік дағдысын қалыптастьырады.

Білім мазмұнының компоненттеріне сипаттама

Қазігі демократиялық қоғамда еркін, шығармашылықпен ойлай білетін адамды қалыптастыру міндетіне сәйкес қазігі білім берудің мазмұнында тұжырымдаманың кеңінен танымал үш түрі бар. Сол білім

207

мазмұнының тұжырымдамасының бірінде ғылымдардың негізіне педагогикалық бейімделуіне мектепте оқыта отырып жеке тұлғаның шығармашылыққа деген қабілеттілігі еркін таңдауды іске асыра білуге, адамдарға деген әділ қарым-қатынас сияқты жеке тұлғаның қасиеттері. Қазіргі демократиялық қоғамда адамның өз еркімен толық өмір сүруіне емес бұл әдіс оқушыларды ғылыммен және өндіріспен араластыруға бағытталған. Бұл жерде адамға әсер ететін өндірістік фактор ретінде қарастырылады.

Білім беру мазмұнының келесі тұжырымдамасында оқушылар меңгеретін білім, дағды, іскерлік бірлікте қарастырылады.

Оқыту барысында оқушылар міндетті түрде білім мазмұнының астары ретінде ғылыми білімдер жүйесін тәжірибелік іс-әрекет дағдыны, сонымен бірге дүниетанымдық және адамгершілік, эстетикалық идеяларды түсінуі қажет (И.Ф. Харламов). Бұл анықгама адамзаттық мәдениеттің барлық құрамын талдауға негізделмеген және білім мен дағдының негізі сипатын аша алмайды. Негізгі біліммен ғылымды меңгеру адамға қалыптасқан қоғам құрылысының ішкі жағдайына сәйкес, қызмет жасауға мүмкіндік береді. Адамнан білуді және не істеу керек екенін талап ету жеткілікті. Бұл жағдайда білім беру мазмұнының талаптарына сөйкес; жеткіншек ұрпақққа ана тілінде (математика, физика т.б.) оқу пөңдеріндегі білімді және дағдыны жеткілікті жеткізілуі қажет. Қазіргі даму жағдайында Қазақстандағы жалпы білім беру мектептеріңдегі жағдай айтарлықгай емес.

Қоғам өмірінің кейбір салаларына байланысты мәселелерін шешу, оқушылардан білім мазмұнын меңгеру, ерік-жігері қаншалықты дамығандығын өз ісіне жауапкершілігін, Отанға, қоғамға өзінің тағдырына көзқарасы, қоршаған ортаны қорғау, қатыгездікке, өтірікке төзбеу, техникалық жөне қоғамдық прогрестің дамуына дұрыс көзқарасты талап етеді. Тәрбиеленушілердің осы қасиеттерін дамыту, құндылық мәні бар сұраныстарды қалыптастыру қоғамдық өмірдегі маңызды фактордың бірі өздігінен білімін көтеруді қажет етеді.

Білім беру мазмұнының тұжырыдамасындағы мақсат-гумандық ойлауға, әлеуметтік тәжірибенің барлық

208

құрылымдық бөліктерінде педагогикалық бейімделуіне сәйкес келеді. Одан басқа білім мен тәжірибені іске асыру барысында бұл тұжырымдама шығармашылық іс-әрекеттік және құндылық эмоционалдық қатынас тәжірибесін енгізеді. Әрбір осы аталған тәжірибелер білім беру мазмұнының өзіндік түрі.

-табиғат, қоғам, техника туралы білім, ойлау және оны іске асыру қабілеті. Осы білімдерді меңгере отырып оқушы дүниенің шынайы бейнесін қалыптастыру, танымдық және іс-әрекетінде дұрыс әдіспен қамтамасыз етеді.

-белгілі іс-әрекет тәсілдерінің ішінде тұлғаның дағды, іскерлік білімді игеруі бұл тәжірибені кеңейте түсері анық. Жалпы практикалық-интеллектуальдық дағды іскерлік жүйесі осы тәжірибенің мазмұнын құрады. Өсіп келе жатқан жастар істерді меңгеру нәтижесінде әлеуметтік мәдениетін сақтауға қол жеткізуде.

-шығармашылық ізденушілік әрекет қоғамда пайда болған жаңа проблемаларды шешуде іске асады. Бұрыннан белгілі іс-әрекеттерді қалыптастырудың жаңа әдістері алған білімін-іскерлігін қазіргі жағдайда іс-әрекеттің жаңа тәсілдерін өздігінен іске асыруды талап етеді. Бұл тәжірибе жас ұрпақтың қабілетінің дамуын және ары қарай мәдениетінің дамуына да өз әсерін тигізеді. Әрбір адамның қалыптасуының көрсеткіші ретінде белсенділігі және өзіндік дамуы кішкентай бала кезінен шығармашылықпен жұмыс істеу барысында қалыптасады, бірақ білім беру мазмұнында оны бағдарламаға енгізу қажет. Объектіге адамның іс-әрекетіне оның айналадағы қоршаған дүниеге деген басқа адамдардың талаптарына, тұлғаның белгілі бір объектіге байланысты сезімдік қабылдауына сәйкес құндылық қатынас тәжірибесі.

Қоршаған дүниеге қатынас нормасы өзі-өзіне көзқарасы, сенімі оған жағымды көзқарасты білдіреді. Бұл адам мінезіндегі қатынас жеке іс-әрекетте көрінеді. Оқушыға бұл тәжірибелерді игеру әлеуметтік тәжірибеде оның жеке басының тәжірибесінен жеке оқушылардың бірлескен іс-әрекетінен көрінеді. Барлық білім мазмұнының аталған компоненттері бірімен-бірі тығыз шартты байланысты. Білімсіз іскерлік мүмкін емес. Шығармашылық іс-әрекет білім мен іскерлікті тәжірибесінен көрінеді. Қарым-қатынас білімділік іс-

209

әрекет тәжірибесінен көрінеді. Әлеуметтік тәжірибеде оқу мазмұнын игеруде адам қоғамда өздігімен істей білетін және оны өзгерте де алатын дәрежеде болу. Сондықтан да мектептегі алған білімін өмірде қолдануы. Жалпы білім мазмұны бір жағынан оқу-танымдық іс-әрекет жағдайында, екінші жағынан іс-әрекетті игерудің құралы болып табылады. Адамды оқытуда тұлғаның қажеттіліктерін өтеу оқу мазмұны больіп табылады. Мектептегі білім беру мазмұнын қалыптастырудың негізгі көзі мәдениет пен әлеуметтік тәжірибе болып табылады. Мектепте білім беру мазмұнын қалыптастырудың жолы әлеуметтік тәжірибені ұйымдастыру, өнер-мәдениетпен таныстыру.

Адам іс-әрекетінің түрлері қоғамдық сана формалары, қоғамдық қатынас тәжірибелері, рухани құндылығы, материалдық жағдайы оқу барысында танымдық, коммунитивтік, бағдарлы-құндылық, көркемдік іс-әрекет. Білім мазмұны оқу материалдарын жинақтау, нақты тарихи, психологиялық-педагогикалық өңдеуден өтеді. Білім ол мектеп бітірушінің өмірге белсенді араласуын, құндылықтар мен қажеттіліктер тұрғысынан және тұлғаның санасымен жөне психологиялық қасиеттерінің даму міндетін шешуге сүйенеді. Білім беру мазмұнын қалыстастыру барысында баланың жеке басының дамуы, қызығушылығы, дарыны , ескеріледі. Оқушылардың қызығушылығын арттыратын (міндетті пәндерден басқа) өз қалауы бойынша оқу пәндерінің жалпы білім беру мазмұнының мақсатын белгілеу. Мектептегі білім беру мазмұнына әсер ететін фактор ретінде қоғамдағы жалпы білім беретін мектептің алдындағы мақсаты, өзінің тарихи даму жолындағы оқу процесінің, оқушылардың орта және барынша мүмкіндіктері және жеке түлғаның білім алудағы талап тілегі. Оқу процесінің өзінде қоғамның жеке бастың талап тілегі мен қызығушылығына сәйкес өндірістің, ғылым мен техниканың дамуы уақыт өзгеруіне байланысты білімнің мазмұныда өзгереді..

Халықтың білім алуға кұштарлығы білім беру қызметі, қосымша білім беру, дифференсацияланған оқыту. Біліммен қамтамасыз ету, мемлекеттік стандартқа сай міндетті түрде бағдарламаға сәйкес деңгейде білім беру мемлекеттің құзырына кіреді. Мектептегі білім

210

мазмұнының принципі мен өлшемі оқу материалының мазмұны пәнге байланысты.