Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРИЯ ҚҰҚЫҚ ПӘНІНЕН.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
106.61 Кб
Скачать

3. Халықаралық шарттардың орындалуы.

Күшіне енген шарт қана заңды салдар тудырады. Вена конвенцияларына сәйкес, шарттың күшіне ену тәртібі және күні шартта белгіленеді немесе қатысушылармен келісіледі. Мысалы, шарттар ратификацияланған, қол қойылған немесе ратификациялық грамотоларының белгілі саны өткізілген күнен бастап күшіне енуі мүмкін. Жекелеген жағдайларда шарттың күшіне ену уақытты мен соған байланысты туындайтын құқықтар мен міндеттердің әрекет ету мерзімі әр түрлі болуы мүмкін . Мысалы, әскери кқмекті көздейтін өзара көмек туралы шарттар топтардың біреуіне шабуыл жасаған кезде ғана әрекет етуі немесе шабуыл болмаса мүлден орындалмауы мүмкін. Сонымен қатар,шарттың күшіне ену үшін мерзім берілетін кездер де болады. Кейде шарттардың күшіне ену күні белгіленбейді-көбінесе екіжақты шарттарда, өйткені олар қол қойылған сәттен бастап күшіне енген болып саналады. Шарттың күшіне ену оның мерзіміне байланысты болады әрі мерзімі шавртта көрсетіледі. Шарттар мерзімді,мерзімсіз болуы мүмкін. Шарттың мерзімсіздігі оның әрекет ету мерзімі көрсетілмеуі немесе мерзімсіздігі тікелей шартта көрсетілуі арқылы белгіленеді. әдетте бейбітшілік туралы, дипломатиялық қатнвас орнату туралы, шекара жөнінде, аумақ жөніндегі шарттардың мерзімін көрсетілмейді. Шарттың әрекет етуі мен одан туындайтын міндеттемелердің әрекет етуін ажырата білуі қажет. Себебі ол мерзімдер әр түрлі болуы мүмкін. Әдетте мұндай жағдай сауда шарттарында болады және ол шарттың өзінде тікелей көрсетіледі. Мысалы, халықаралық шарттың негізінде жасалған шарттар халықаралық шарттар мерзімі біткеннен кейін де соған байланысты туындаған міндеттемелер орындалғанша әрекет етуі мүмкін.

Екіжақты шарттарда, көпэжақты шарттар белгілі бір мерзім аралығына жасалу мүмкін. Кейбір екіжақты шарттар мерзімі бітседе тарптардың бірі бас тартпайынша, күшінде бола беруі мүмкін.

Шарттың әрекет ету мерзімін сол мерзім аяқталмай тұрып ұзарту пролонгация деп аталады. Ол көзіндегі бірден жүзеге асырылатын және тараптар келісімінің негізінде жүзеге асырылатын болып бөлінеді. Алғашқысы – шартта алдын ала көрсетіледі. Екіншісі әр түрлі жолдармен жүргізіледі. Көпшілік жағдайда пролонгация туралы хаттама жасалады, ол хаттама күшіне ену үшін мерзімі ұзартылып отырған шартқа қандай жағдай қажет етілсе сондай қолданылады. Мысалы, шарт ратификациялануға жататын болса, онда хаттамада ратификациялану қажет. Пролонгация туралы шарттама иерзімін ұзарту мәселесенің басқа, шарттың мәтінін жанарту мәселесін де жазуға болады. Шарттың мерзімін, егер тараптар өзара келіссе, ресми құжат қабылдамай-ақ ауызша негізінде де ұзартуға болады .

Шарттардың әрекет етуі үшінші мемлекеттер және үшінші халықаралық ұйымдар мәселесімен тығыз байланысты. Үшінші мемлекеттермен ұйымдардың келісімі болмаса шарттың оларға күші жүрмейді. Халықаралық щарттар құқығының субъектілері шарт жасаса отырып, үшінші тарап құқықтарымен міндеттерін ескереді. Егер шарттар үшінші тұлғаға қатысты міндеттеме болса, ол міндеттеменің заңды күші үшінші тұлға жазбаша келісім ғана болады.

Халықаралық шарттарды талқылау. Талқылау дегеніміз шарттардың шынайы мағанасы мен мазмұнын анықтау. Халықаралық шарттарды талқылау қағидаларына адалдық, шартта қолданылатын терміндер әдеттегі ұғым бойынша және шарттың объектісі мен мақсаттарына сай талқылануы тиістілігі жатады. Талқылау кіріспемен шартқа жасалған қосымша құжаттардың көмегі арқылы жүзеге асырылады. Бұл кезде қатысушылардың кейіннен қабылдаған келісімдері,шарт қолдану тәжіребесі,және қолданылатын халықаралық құқықтың нормалары ескертіледі. Егер тараптар алдын ала көздеген болса, белгілі терминдерге арнайы түсінік берілуі мүмкін. Егер шартты оған қатысушылар талқыласа ол түпнұсқасын талқылау деп аталады. Бұндай талқылауды қатысущылар келісе отып жүргізеді және оның жоғары заңды күші болады. Аутентикалық талқылау нота алмасу, хаттама нысантарында жүзеге асырылады. Халықаралық ұйымдар жүргізетін талқылау халықаралық талқылау деп аталады. Бұл нысан шартта тікелей көрсетіледі немесе тараптардың келісуімен жүргізіледі. Талқылауды БҰҰ-ның Халықаралық Соты немесе әр түрлі комиссиялар жасайды.

Талқылау әр түрлі әдістері қолдану арқылы жасалады. Оларға граматикалық, логикалық , тарихи және жүйелік талқылау жатады.

Граматикалық талқылау-граматикалық және басқа да ережелер – негізінде бөлек сөздермен шарт мазмұнының мағанасын анықтау.

Логикалық талқылауда бір баптар негізінде және оларды бір-бірімен салыстыру арқылы талқылау. Бұл әдісті қолданғанда шарт мәтінінің біртұтастығы тиіс.

Жүйелік талқылау- шарт ережелерін басқа шарт ережелерімен салыстыра отырып талқылау.

Кейде шарт жасаудан кейін көп уақыт өтуіне байланысты шарттың мақсаты, мазмұны, бөлек терминдер мағанасын ашу қиын болуы мүмкін. Осы кездерде талқылау үшін шарт жасасудың тарихи мән-жайларын әзірлеу матириялдарын,дипломатиялық хат алмасуды зерттеу қажет болады. Бұл талқылауды тарихи талқылау деп атайды.

Қазақстанда халықаралық шарттарды талқылау республиканың конституциясына және халықаралық шарттардың нормаларына сай жүзеге асырылады.

Халықаралық шарттың күшін тоқтата тұру және жою. Шарттың күшін жоюы оны орындаудың, уақытының өтуі, жаңа jus cogens нормасының шығуы,шартта көзделген негізде денонсациялау негізінде болуы мүмкін. Кейінгі жасалған шарт осыған дейінгі жасалған шарттың күшін мына жағдайларда жояды:1) егер екуі де бір мәселені реттесе,2)егер бір-бірімен сыйласатын болса,3)егер тараптар соңғысын қолдануға келіссе. Мемлккеттің өзі жасасқан халықаралық шарттар ресми түрде бас тартуы денонсация деп аталады . Егер шартта көрсетілмесе және қатысушылардың оған ниеттері болса шартты денонсациялауға болмайды.

Халықаралық кепілдік – жасалған шарт тараптарын қажетті әрекеттерді жасауға ынталандыру шараларын қолданатындығын туралы мемлекеттің немесе бірнеше мемлекеттердің кепілдемесі .

Шарттарды орындауды қамтамасыз етуде халықаралық ұйымдар үлкен рөл атқарады, өйткені оның органдары қатысушы мемленкеттердің өз міндеттерін орындауды бақылау құзіретіне ие. Одан бөлек талаптарын орындауды қамтамасыз етуге халықаралық жауапкершілік институты өз үлесін қосады.

Қазақстанда жасалған халықарлық шарттың, соған байланысты міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету Республиканың Президентіне, Үкіметіне жүктелген. Халықаралық шарттардың орындалуын жалпы қадағалауды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жүргізеді

5-тақырып. Бірікке Ұлттар Ұйымы әмбеп халықралық ұйым ретінде

  1. БҰҰ құрылу тарихы.

  2. Қазіргі әлемдегі алатын орны мен маңызы.

  3. БҰҰ мақсаты мен қағидалары.

  4. БҰҰ үкіметтік емес ұйымдары жөніндегі комитеттері

Біріккен Ұлттар Ұйымыекінші дү­ниежүзілік соғыстан кейін КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекет­тері­нің белсенділік таны­туымен құрылған халықаралық ұйым. 1945 жылы Сан-Францискодағы конференцияда антигитлерлік коалицияға мүше мемлекеттердің ұсынысымен күштерін біріктіру мақсатында кұрылған егеменді мемлекеттердің халықаралық ұйымы.[1] Бас кеңсесі орналасуы — Нью-Йорк, АҚШ. Ағымда БҰҰ құрамына 192 мемлекет кіреді. «Біріккен Ұлттар» атауын АҚШ президенті Ф.Д.Рузвельт ұсынды. Декларациясы Сан-Францискода 1945ж. 24 қазанда қабылданды. Бұл БҰҰ-ң күні деп жарияланды.