- •Халықаралық жария құқық пәнінен дәрістер
- •Дәріс тезистері
- •Халықаралық қатынас және халықаралық құқық.
- •Халықаралық құқық құқықтың ерекше жүйесі ретінде.
- •Халықаралық жария құқығы және халықаралық жеке құқықтың ара қатынасы.
- •2 Халықаралық құқықтың жүйесі.
- •Осы заманғы халықаралық қатыныстардың негізгі белгілері
- •Халықаралық құқық – құқықтың ерекше жүйесі.
- •Қазіргі болмыстағы халықаралық қатынастардың қызмет ету жағдайы.
- •Халықаралық қатынастардың жүйеленуі және үдемелі дамуы.
- •1.5. Халықаралық жария және халықаралық жеке құқық.
- •Халықаралық және ішкі мемлекеттік құқықтырдың арақатынасы.
- •1. Халықаралық құқықтың нормалар ұғымы және оның белгілері.
- •2. Халықаралық құқықтың нормалардың жіктелуі.
- •3. Халықаралық жария құқықтың қайнар көздері ұғымы және түрлері.
- •Халықаралық шарттарды бекітудің негізгі салалары. Халықаралық келісім-шарттардың топтастыруы Халықаралық шарттарды жасау
- •3. Халықаралық шарттардың орындалуы.
- •Тарихи шолу
- •Құрылымы
- •6 Тақырып Халықаралық құқықтағы адам құқықтарын қорғау
- •8 Тақырып Дипломатиялық құқық
- •Дипломатия мен сыртқы саясат ұғымдарының арақатынасы
- •Дипломатиялық құқықтың түсінігі мен қайнар көздері.
- •Дипломатиялық өкілдіктер.
- •9 Тақырып Консулдық құқық
- •Консулдық құқықтың тарихы
- •Консулдық құқықтың түсінігі мен қайнар көзі.
- •Қазақстандағы консулдық қызметтің қағидалары, мақсаттары
- •Ұжымдық қауіпсіздіктің түсінігі мен түрлері.
- •Халықаралық құқықытағы қауіпсіздік, мақсаты және қағидалары.
- •Халықаралық қылмыстық құқықтың түсінігі
- •Халықаралық сипатты құрайтын қылмыстарды жіктеу
- •Мемлекеттердің қылмыспен куресуде ынтымақтастығы.
- •2.Халықаралық сипатты құрайтын қылмыстарды жіктеу.
- •3. Мемлекеттердің қылмыспен куресуде ынтымақтастығы
- •Ұсынылатын әдебиеттер
Осы заманғы халықаралық қатыныстардың негізгі белгілері
Халықаралық құқық нормалары мен мемлекеттердің тәуелсіздік құқықтарын құрметтеу мемлекеттер арасындағы сапалы өзара қатынастардың негізгі алғышарты болып табылады. Халықаралық құқық нормалары халықаралық қатынастардың пайда болуынан туындайды. Халықаралық қатынастарды халықаралық құқық реттеп отырады, сонымен бірге оның нормалырына өз әсерін тигізеді.
Халықаралық құқық тар мағынасында алғанда мыналарды:
1-шіден мемлекеттермен мемлекет тәріздес құрылымдарды;
2-шіден өз тәуелсіздіктері үшін күресуші халықтар мен ұлттардың, мемлекеттік құрылымдардың орнығу процесін;
3-шіден халықаралық ұйымдарды;
4-шіден мемлекеттер тобын;
5-шіден осы белгілердің арасындағы байланысты білдіреді.
Халықаралық жүйенің ерекшелігі-оның негізгі белгісі, мемлекеттің біріншіден, халықаралық жүйенің бір бөлігі болып табылатындығы, екіншіден, одан тыс өмір сүре алатындығы.
Халықаралық қатынастар-бұл мемлекеттердің арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту және кеңейту, халықаралық ұйымдар ролінің артуы, бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздіктің жаңа проблемаларының туындауы, ядролық соғыстың алдын алу, халықаралық құқық рөлінің өсуі сияқты сипаттар тән.
Халықаралық құқық – құқықтың ерекше жүйесі.
Халықаралық құқық – мемлекеттер арасындағы әр түрлі саяси, экономикалық және өзге де қатынастарды, сондай-ақ халықаралық қатынастарға қатысушы басқа да құрылымдарды реттейтін құқықтың бір бөлімі. Халықаралық құқық халықаралық қатынастарды реттейтін шарттық және нормалар мен қағидалар жүйесін және мемлекеттің салыстырмалы кесілген еркін көрсетеді.
Халықаралық жария құқық – бұл құқық субъектілерінің еріктерін үйлестіру жолымен жасалатын, әрі заңдық тұрғыдан міндетті деп танылатын және қажетті жағдайларда мәжбүрлеу жолымен қамтамасыз етілетін заң нормаларының жүйесі және мемлекеттер арасындағы әр түрлі саяси, экономикалық және өзге де қатынастарды, сондай-ақ халықаралық қатынастарға қатысушы басқа да құрылымдарды реттейтін құқықтың бір бөлімі. Халықаралық жария құқық негізінен мемлекетаралық қатынастарды реттейді. Осы замаңғы халықаралық құқық халықаралық жария және халықаралық жеке құқық болып екіге бөлінеді.
Реттеу пәні. Ол мемлекеттердің өзара қатынасын бекітуші және қамтамасыз етуші мемлекетаралық құқық болып табылады. Халықаралық құқық ішкі мемлекеттік құқықтан құқықтық нормаларды қамтамасыз ету әдістеріне қарай ерекшеленеді.
Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары халықаралық қатынастардың және халықаралық құқықтың осы заманғы жүйесінің маңызды заңдылықтарын көрсетеді.
Халықаралық құқыққа құқықтың барлық негізгі белгілері тән, олар:
Құқық- бұл мемлекеттің еркіне тән құбылыс
Қоғамдық қатынастарды реттейтін заң нормаларының жүйесі
Тәртіп стандартын ұстану үшін мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдану.
Халықаралық құқықтың өзіндік белгілері де бар, сол арқылы
халықаралық құқықты құқықтың ерекше жүйесіне жатқызуға мүмкіндік туады. Мұндай ерекшеліктерге мыналар жатады:
Реттеу пәні
Ерекше субьективтік құрам, атап айтқанда, тәуелсіз мемлекеттің болуы
Қайнар көздерінің ерекше жүйесі халықаралық құқықтағы норма кіру процесінің нәтижесі болып табылады
Заң шығару, атқарушы және сот органдары жүйесі болмауы
Жауапкершілік институты
