- •Халықаралық жария құқық пәнінен дәрістер
- •Дәріс тезистері
- •Халықаралық қатынас және халықаралық құқық.
- •Халықаралық құқық құқықтың ерекше жүйесі ретінде.
- •Халықаралық жария құқығы және халықаралық жеке құқықтың ара қатынасы.
- •2 Халықаралық құқықтың жүйесі.
- •Осы заманғы халықаралық қатыныстардың негізгі белгілері
- •Халықаралық құқық – құқықтың ерекше жүйесі.
- •Қазіргі болмыстағы халықаралық қатынастардың қызмет ету жағдайы.
- •Халықаралық қатынастардың жүйеленуі және үдемелі дамуы.
- •1.5. Халықаралық жария және халықаралық жеке құқық.
- •Халықаралық және ішкі мемлекеттік құқықтырдың арақатынасы.
- •1. Халықаралық құқықтың нормалар ұғымы және оның белгілері.
- •2. Халықаралық құқықтың нормалардың жіктелуі.
- •3. Халықаралық жария құқықтың қайнар көздері ұғымы және түрлері.
- •Халықаралық шарттарды бекітудің негізгі салалары. Халықаралық келісім-шарттардың топтастыруы Халықаралық шарттарды жасау
- •3. Халықаралық шарттардың орындалуы.
- •Тарихи шолу
- •Құрылымы
- •6 Тақырып Халықаралық құқықтағы адам құқықтарын қорғау
- •8 Тақырып Дипломатиялық құқық
- •Дипломатия мен сыртқы саясат ұғымдарының арақатынасы
- •Дипломатиялық құқықтың түсінігі мен қайнар көздері.
- •Дипломатиялық өкілдіктер.
- •9 Тақырып Консулдық құқық
- •Консулдық құқықтың тарихы
- •Консулдық құқықтың түсінігі мен қайнар көзі.
- •Қазақстандағы консулдық қызметтің қағидалары, мақсаттары
- •Ұжымдық қауіпсіздіктің түсінігі мен түрлері.
- •Халықаралық құқықытағы қауіпсіздік, мақсаты және қағидалары.
- •Халықаралық қылмыстық құқықтың түсінігі
- •Халықаралық сипатты құрайтын қылмыстарды жіктеу
- •Мемлекеттердің қылмыспен куресуде ынтымақтастығы.
- •2.Халықаралық сипатты құрайтын қылмыстарды жіктеу.
- •3. Мемлекеттердің қылмыспен куресуде ынтымақтастығы
- •Ұсынылатын әдебиеттер
Ұжымдық қауіпсіздіктің түсінігі мен түрлері.
Халықаралық құқықытағы қауіпсіздік, мақсаты және қағидалары.
Ұжымдық қауіпсіздік-бұл БҰҰ Жарғысында бекілген халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау мақсатында және осы әмбебап ұйым мен басқа аймақтық ұйымдар аясында бейбітшілікке қауіп төндіретін және басқыншылық актілерінің немесе бейбітшілікті бұзатын басқа қауіп-кетерлердің алдын алу жою үшін мемлекеттердің жүзеге асыратын ортақ іс-әрекеттерінің жүйесі.
Ұжымдық қауіпсіздік осы заманғы халықаралық қатынастарда кез келген мемлекеттің қауіпсіздігі басқа мемлекеттердің қауіпсіздігімен тығыз байланысты және кез келген жергіліктк дау-жанжал дүниежүзілік соғысқа айналып кетуі мүмкін деген мағынадағы бейбітшіліктің бөлінбейтіндігі туралы ұғымның бейнелуі болып табылады.
Ұжымдық қауіпсіздік, біріншіден, халықаралық құқықтың көпшілік мойындаған қағидалары мен нормаларының жүйесі. Соның ішінде, ең маңыздылары күш қолдану және күш қолданамын деп қоқан-лоққы жасауға тыйым салу;туындайтын халықаралық дауларды тек бейбіт құралдар арқылы шешу;тәуелсіздіктк құрмеииеу;мемлекеттердің тең құқылығы;ішкі істерге қол сұқпаушылық және басқалары. Екіншіден, ұжымдық қауіпсіздікхалықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу жүйесі ретінде белгіленген. Үшіншіден, мемлекеттер қауіпсіздігі бейбітшілікке қауіп төндіру, бейбітшілікті бұзу және басқыншылық актілерінің алдын алу және жою үшін ұжымдық шаралар жүйесін қолдануды белгілейді. Төртіншіден, ұжымдық қауіпсіздік қарусыздану жөнінде ұжымдық шаралырды қолдануды көздейді.
Ұжымдық қауіпсіздік жүйесіне мыналар тән:
мемлекеттердің мынадай міндеттемелерді қабылдау: мемлекеттер арасындағы өзара қатынастарында күш қолданбау; пайда болған дауларды бейбіт жолдармен шешу, бейбітшілікке төнген кез келген қауіпті жою үшін белсенді ынтымақтасу.
Мемлекеттердің ұйымдық бірлігінің болуы. Бұған ұжымдық қауіпсіздіктің классикалық нысаны арқылы, атап айтқанда, әмбебап және аймақтық халықаралық ұйымдардың қызметі арқылы қол жеткізуге болады. Сонымен бірге, ұйымдық бірлікті консультативтік немесе үлестіруші органлар құру арқылы, халықаралық конференциялар мен жиналыстарды шақыру арқылы қамтамасыз етуге болады.
Ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің екі түрі бар: әмбебап және аймақтық жүйелер.
Мемлекеттер қауіпсіздігі проблемасын халықаралық құқық жүйесі тұрғысынан қарастырғанда, мемлекет оның негізгі құрылымы болғандықтан, қауіпсіздікті қамтамасыз етудің біріңғай тетігі бар деп айтуға болады. Мемлекеттер қауіпсіздігін қамтамассыз ету, халықаралық ыңтымақтастықты дамыту және бейбітшілікті нығайтуға жәрдемдесу сияқты халықаралық қауымдастықтың барлық қатысушыларының негізгі міндеттері ретінде қараластырылады. Мемлекеттердің сыртқы саясаттағы бағыт-бағдарлары халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында әрекет ететін осы замаңғы халықаралық құқық нормаларын пайдалануды көздейді.
Халықаралық қауіпсіздік құқығы- бұл халықаралық құқықтың негізгі қағидалар жүйесіне сәйкес келетін, бейбітшілікті қамтамасыз етуге бағытталған және мемлекеттердің әлемдік қауымдастық бейбітшілігі мен қауіпсіздігіне қауіп төндіретін басқыншылық актілері мен өзге де тәсілдерінің жиынтығы.
Халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі халықаралық құқықтық құралдарына мыналар жатады:
Дауларды бейбіт жолмен шешу кұралдары;
Жалпы және аймақтық (ұжымдық) қауіпсіздік;
Қарусыздану;халықаралық шиеленісті азайту және қару-жарақты жаппай шығаруды тоқтату жөніндегі шаралар;ядролық соғыстың алдын алу жөніндегі шаралар;
Блоктарға қосылмау және бейтараптық саясаты;
Басқыншылық актілерін, өзін-өзі қорғауды бұлтартпау жөніндегі шаралар жүйесі;халықаралық жұргізетін шаралар;
Жеке аумактарды бейтараптандыру және қарусыздандыру, шетелдік әскери базаларды тарату; ядросыз аймақтар құру;
Мемлекеттер арасындағы сенімді нығайту жөніндегі шаралар;
Мұндай шаралар жүйесі үзілді-кесілді емес. Халықаралық қауіпсіздікті камтамасыз ету мәселелрінде әлемдік тәжрибеде жинақталған сайын жаңа құралдар да пайда бола береді. Ал, қауіпсіздікті қамтамасыз етудің қазіргі халықаралық-құқықтық құралдары, олардың тиімділігін арттыру мақсатында жетілдіретін болады.
Халықаралық қауіпсіздік құқығының қағидалары нормативтік сипатта. Оларға тендік қағидасы, бірдей қауіпсіздік қағидасы, басқа мемлекеттің қауіпсіздігіне залал келтірмеу қағидасы жатқызылады.
Мұндай қағидалар әлемдегі әскери-стратегиялық тепе-тендіктің фактілі заңи мазмұнын сипаттайды. Осы қағидаларға сәйкес, мемлекеттер қарулану денгейін қысқартуға ұмтылып, тепе-тендікті бұзбаулары тиіс. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы кез келген шаралар әскери-стратегиялық тепе-тендікті сақтау қажеттігіне байланысты теңгерілген болуы керек. Тендік және біркелкі қауіпсіздік қағидаларының мазмұны қарусыздану саласынна тікелей қатысты емес. Соған орай, әскери-стртегиялық тепе-тендік қарулану және қарулы күштер денгйінің әдеттегі тепе-тендігі болып табылмайды. Стратегиялық тұрақтылық әскери-стратегиялық тепе-тендікке жатады. Ол елдің және оның одақтастарының әскери әлуетін, мемлекеттердің географилық орналасуына, стратегиялық тұжырымдамасына, армиялардың қарулардың жаңа түрлерімен жабдықталғанына, кадрлік әлуетіне байланысты болады.
Халықаралық қауіпсіздік құқығы қағидаларының заңдық мазмұны мынадай құрамдас бөліктермен қамтамасыз етіледі:
- әр бір мемлекеттің ешқандай ерекшеліксіз қауіпсіздікке деген құқығы;
- қауіпсіздікті жалпы және тең қамтамасыз ету;
- халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде кемсітушіліктердің болмауы;
- қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ешкімнің де біржақты артықшылықтар ала алмауы;
- өз мемлекетінің қауіпсіздігін басқа мемлекеттің қауіпсіздігіне зиян келтіре отырып, нығайтуға тыйым салу, мұндай залалдар келтіретін әрекеттерден бас тарту.
Тендей қауіпсіздік қағидасы халықаралық қауіпсіздік мәселелеріне қатысты дербес тендік қағидасының көрініс табуының бір нысены болып табылады.
11-тақырып. Қылмыспен қарсы күрестегі мемлекеттердің ынтымақтастығы
