- •Халықаралық жария құқық пәнінен дәрістер
- •Дәріс тезистері
- •Халықаралық қатынас және халықаралық құқық.
- •Халықаралық құқық құқықтың ерекше жүйесі ретінде.
- •Халықаралық жария құқығы және халықаралық жеке құқықтың ара қатынасы.
- •2 Халықаралық құқықтың жүйесі.
- •Осы заманғы халықаралық қатыныстардың негізгі белгілері
- •Халықаралық құқық – құқықтың ерекше жүйесі.
- •Қазіргі болмыстағы халықаралық қатынастардың қызмет ету жағдайы.
- •Халықаралық қатынастардың жүйеленуі және үдемелі дамуы.
- •1.5. Халықаралық жария және халықаралық жеке құқық.
- •Халықаралық және ішкі мемлекеттік құқықтырдың арақатынасы.
- •1. Халықаралық құқықтың нормалар ұғымы және оның белгілері.
- •2. Халықаралық құқықтың нормалардың жіктелуі.
- •3. Халықаралық жария құқықтың қайнар көздері ұғымы және түрлері.
- •Халықаралық шарттарды бекітудің негізгі салалары. Халықаралық келісім-шарттардың топтастыруы Халықаралық шарттарды жасау
- •3. Халықаралық шарттардың орындалуы.
- •Тарихи шолу
- •Құрылымы
- •6 Тақырып Халықаралық құқықтағы адам құқықтарын қорғау
- •8 Тақырып Дипломатиялық құқық
- •Дипломатия мен сыртқы саясат ұғымдарының арақатынасы
- •Дипломатиялық құқықтың түсінігі мен қайнар көздері.
- •Дипломатиялық өкілдіктер.
- •9 Тақырып Консулдық құқық
- •Консулдық құқықтың тарихы
- •Консулдық құқықтың түсінігі мен қайнар көзі.
- •Қазақстандағы консулдық қызметтің қағидалары, мақсаттары
- •Ұжымдық қауіпсіздіктің түсінігі мен түрлері.
- •Халықаралық құқықытағы қауіпсіздік, мақсаты және қағидалары.
- •Халықаралық қылмыстық құқықтың түсінігі
- •Халықаралық сипатты құрайтын қылмыстарды жіктеу
- •Мемлекеттердің қылмыспен куресуде ынтымақтастығы.
- •2.Халықаралық сипатты құрайтын қылмыстарды жіктеу.
- •3. Мемлекеттердің қылмыспен куресуде ынтымақтастығы
- •Ұсынылатын әдебиеттер
9 Тақырып Консулдық құқық
Консулдық құқықтың тарихы
Консулдық құқықтың түсінігі мен қайнар көзі.
Қазақстандағы консулдық қызметтің қағидалары, мақсаттары
Бүгінгі таңда, экономикалық байланыстардың дамуына орай, сыртқы саясатты жүргізуде сыртқы қатынастың мемлекеттік органдарына, оның ішінде консулдық қатынастарды және консулдықтың лауазымды адамдарының артылықшылықтары мен имунитеттеріне байланысты қатынастарды реттеу жөнінде көптеген келісімдер жасады.
Консулдық құқық – консулдық мекемелердің және олардың қызметкерінің қызметін реттейтін, олардың мәртебесін, атқарымдарын, құқықтары мен міндеттерін айқындайтын ұлттық және халықарлық құқықтық нормалардың жиынтығы. Ол консулдардың құқықтық жағдайын, олардың құрылу рәсімі мен қызмет ету режимін ретке келтіреді, консулдар мен басқа да лауазымды қызметкерлерді тағайындау ретін тәртіптейді, олардың міндеттерінің тізбесін, оларға берілетін артықшылықтардың, жеңілдіктер мен иммунитеттердің ауқымын айқындайды. Консулдық құқық сонымен қатар консулдық мекемелерін өкіл еткен мемлекеттердің оларды басқару жөніндегі құқықтары мен міндеттерін, тиісті мемлекеттердің азаматтығы бар заңи және жеке тұлғаларының осындай мемлекеттермен өзара қарым-қатынасындағы құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Консулдық құқықтың негізгі бастау көздері – 1911 жылғы Консулдық функциялар туралы Каракас конвенциясы, 1928 жылғы Консулдық шенеуніктер туралы Гаага конвенциясы және 1963 жылғы Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясы. Аталмыш көп жақты халықаралық шарттардың бастапқы ережелері екі жақты келісімдерде (консулдық конференцияларда) және ұлттық нормативтік актілерде пысықталып, нақтыланады.
Консулдық өкілдіктер. Консулдык өкілдіктердің атқаратын қызмет-тері (функциялары). Консулдардын дәрежелері (классы): Бас консул, консул, вице-консул, консулдык агент, Консулдарды тағайындау және кері шақырып алу тәртібі. Консулдық патент, экзекватура. Консулдык округ. Консулдык корпус. Дипломатиялық өкілдіктің консулдык бөлім-дері.
Қазакстанның шетелдермен жасасқан консулдык конвенциялары. Консулдык мәселелері бойынша Қазакстан зандары. 1963 жылғы консулдык катынастар жөніндегі Вена конвенциясы.
Консулдык артықшыльгқтар мен иммуниттер. Консулдык артық-шылықтар мен иммуниттердІң дипломатиялык артыкшылыктар мен иммуниттерден айырмашылығы.
Қазақстандағы консулдык кызметтің кағидалары, максаттары. Қазақ-стан Республикасы Сырткы Істер Министрлігінің Консулдык Баскармасы. Консулдык өкілдіктің қызметі және онъщ ашылуы. Қазакстандағы Консулдык мекеменің қызметтері (функциялары).
Штаттык емес консул институты.
1963 жылғы консулдық катынастар туралы Вена конвенциясына Қазакстанның қосылуы.
Консулдық құқық дегеніміз – мемлекеттер арасындағы, олардың заңды және жеке тұлғалары арасындағы іскерлілік және өзге де қатынастарды қолдау мақсатында халықаралық құқық субъектілерінің жалпы консулдық мәселелер, оның ішінде консулдық өкілдердің құқықтық мәртебесін анықтау, оның қызметін, консулдық артықшылықтар мен имунитеттер мәселесін реттеуге арналған нормалар мен қағидалардың жиынтығы. Консулдық құқықтың қайнар көздері болыпхалықаралық құқықтық әдет-ғұрыптар мен халықаралық шарттар танылады. Халықаралық шарттардың ішінде екі жақты консулдық конвенциялар мен келісімдердің маңызы зор.
Консулдық конвенцияларға мыналар жатады:
1911-ші жылғы Консулдық міндеттер туралы Каракас конвенциясы;
1928-ші жылғы Консулдық шенеуніктер туралы Гаванна конвенциясы;
1963-ші жылғы Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясы.
Алдыңғы екеуі аумақтық сипатты иеленсе, соңғысы әмбебап құқықтық акт болып табылады. Қазақстан өз басы Веа конвенциясына 1993-ші жылдың 31 наурызында қосылды.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде бір тұжырым жасасақ, дипломатиялық және консулдық құқық дегеніміз – мемлекеттер арасындағы дипломатиялық және консулдық өкілдер мен олардың қызметтері мәселелерін қамтыған қатынастарды реттеуге арналған құқықтық нормалардың жиынтығы.
Консулдық құқықтың қайнар көздеріне мемлекеттердің халықаралық шарттары, салт-дәстүрлер мен ұлттық заңдар жатады. Халықаралық құқық іс-тәжірибесінде консулдық мәселелер бойынша көпжақты конвенция жасап шығаруға талпыныс жасалды. Оларға Консудық қызметтер туралы 1911 жылы Каркас конвенциясын, Консулдық шенеуніктер туралы 1928 жылы Гавана конвенциясын жатқызуға болады. Жоғарыда аталған құқықтық актілер әмбебап сипат алған жоқ. Еуропа Экономикалық қайымдастығы елдері арасында жасалған Косулдық қызмет туралы 1967 жылы Еуропа конвенциясы ды аймақтық сипатта болған еді. 1963 жылы халықаралық қауымдастық Венадағы БҰҰ конференциясында консулдық құқықты жүйелеуге тағы бір әрекет жасап көрді, оның нәтижесінде Консулдық қатынас туралы Конвенция қабылданды.
Қонсулдық қатынас туралы 1963 жылы Вена Конвенцияның 5-бабына сәйкес, консулдық өкілдік міндеттеріне мыналдар жатады:
-халықаралық құқық жол беретін шекте консулдық орналасқан мемлекетте өкілдігін жіберген мемлекеттің, оның азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерін қорғау;
- өкілдігін жіберген мемлекет пен консулдық орналасқан мемлекттің арасындағы сауда, экономика, мәдениет және ғылыми байланыстарды дамытуға жәрдемдесу, сондай-ақ осы Конвенцияның ережелеріне сәйкес өзге жолдарымен олардың арасындағы достық қарым-қатынастарды дамытуға жәрдемдесу;
- барлық заңды жолдармен консулдық орналасқан мемлекеттің сауда, экономика, мәдениет және ғылыми тыныс-тіршілігінің шарты мен жағдайын анықтау және бұл туралы өкілдігін жіберген мемлекеттің үкіметіне хабарлау және мүдделі аламдарға мәліметтер беру;
- өкілдігін жіберген мемлекет азаматтарына жіберген төлқұжаттар мен басқа да жолл жүру құжаттарын беру, жою, олардың қолданыс мерзімін ұзарту, сондай-ақ өкілдігін жіберген мемлекетке баруға тілек білдірген адамдарға визалар немесе тиісті құжаттар беру;
- өкілдігін жіберген мемлекттің азаматтары мен заңды тұлғаларына көмек және жәрдем беру;
- нотариус және азаматтық хал актілерін тіркеуші мемлекттерін және басқаларды орындау, сондай-ақ әкімшілік сипаттағы кейбір міндеттерді, егер бұл жағдайда ештеңе консулдық орналасқан мемлекеттің заңдары мен ережелеріне қайшы келмейтін болса, орындау;
- консулдық орналасқан мемлекеттің заңдары мен ережелеріне сәйкес консулдық орналасқан мемлекеттің аумағында «mortis causa» құқық иелену жағдайында өкілдігін жіберген мемлкет азаматтары мен заңды тұлғаларының мүддесін қорғау;
- консулдық орналасқан мемлекеттің заңдары мен ережелері белгіленген шеңберде, өкілдігін жіберген мемлекет азаматтары болып табылатын, толық еңбеккке жарамсыз, кәмелетке толмаған және өзге адамдардың, әсіресе осындай адамдарды қандайда болмасын қамқорлыққа алу немесе қорғаншылықта болу талап етілсе, мүдделерін қорғау;
- өлілдігін жіберген мемлекеттің ұлтын білдіретін кемелерге және осы мемлекетте тіркелген ұшақтарға, сондай-ақ олардың экипажына қатысты консулдық орналасқан мемлекет заңдары мен ережелерде көзделген қадағалау және инспекциялау құқығын жүзеге асыру;
- консулдық орналасқан мемлкеттің заңы мен ережелеріне қайшы келмейтін немесе олардың орындалуына консулдық орналасқан мемлекет қарсы болмаса немесе өкілдігін жіберген мемлекет пен консулдық орналасқан мемлекет арасында қолданылатын халықаралық шарттармен көзделген өкілдігін жіберген мемлекеттің консулдық мекемесіне жүктелген кез келген басқа міндеттерді орындау.
10-такырып. Халықаралық қауіпсіздік құкығы
