- •Фазалар ережесі
- •І типті күй диаграммасы
- •II типті күй диаграммасы
- •Ііі типті күй диаграммасы
- •IV типті күй диаграммасы
- •Алғашқы кристалдағы өзгерістер
- •4.1. Болаттардың жіктелуі.
- •4.2. Болаттар қорытпасы, көміртекті болаттар.
- •1. Сапасы қарапайым көміртекті болаттар
- •Сапалы құрылымдық көміртекті болаттар
- •Аспапты көміртекті болаттар
- •Жылуға төзімді болаттар
- •Рессорлық - серіппелі болаттар
- •Жылдам кескіш болаттар
- •Шойын құймасын алу
- •М е т а л д ы т е р м и я л ы қ ө ң д е у әдістері
- •Мыстың құрылымы мен қасиеттері
- •1.2. Гост бойынша мыс қорытпалрын белгілеу.
- •1.3. Мысмырышты қорытпалар (латуньдер)
- •Көп компонентті жездер (латунь).
- •7 Кесте (жалғасы)
- •Прокаттау.
- •Құйманың кемшіліктері және оларды жою жолдары.
Рессорлық - серіппелі болаттар
Рессорлық - серіппелі болаттардың қасиеттері рессор мен серіппелер (циллиндрлік, жалпақ) жұмыстарының жағдайларын байланысты ерекше болуы тиіс. рессорлар мен серіппелер жұмыс барысында құрылымға әсер ететін соққылар мен ұруларды білдірмеуге арналған, сондықтан да ресорлық - серіппе болаттарына қойылатын негізгі талап серпімділік пен шыдамдылықтың жоғарғы шегі. Мұндай талаптарға көміртекті болаттар 60,70,75,80,85 және осы элементтермен легірленген, серпімділік шегін арттыратын болаттар сай келеді. Ол элементтер төмендегілер: кремний, марганец, хром, ванадий, вольфрам (болаттар 55С2, 60С2, 55ГС, 60С2Г, 50ХГ,50ХФА, 50ХГФА және т.б.)
Рессорлық табақтар мен серіппелердің термиялық өңдеуінің ерекшелігі шынықтырудан кейін 400-500 ° С температурада (болатқа байланысты) жасыту болып табылады. Бұл серпімділіктің жоғары шегін алу үшін қажет., оның шамсы жасытудың төмен немесе жоғары тепературасында жеткіліксіз болады. 400-500 ° С температурада жасыту шамамен 0,8 - ге тең σ упр /σ в қатынасын береді.50С2 және 55ГС маркалы рессорлық - серіппелі болаттың химиялық құрамы 2.7 кестесінде келтірілген. майда шынықтыру және 400-500 ° С температурада жасытқаннан кейін бұл болаттардың механикалық құрамдары төмендегідей болады:
55ГС маркалы болат:σ в = 1000 МПа, σ 0,2 =800 МПа, δ ≥ 8,0 %, ψ ≥ 30%;
50С2 маркалы болат:σ в = 1200 МПа, σ 0,2 =1100 МПа, δ ≥ 6,0 %, ψ ≥ 30%.
55ГС және 50С2 маркалы болаттардың микроқұрылымы 2.48-2.49 суреттерінде (2 қосымша) берілген.
Шарикподшипникті болаттар
Шарикподшипникті болаттардың мықтылығы, тозуға төзімділігі жоғары, өйткені подшипник бөлшектері (шариктер, роликтер және сақиналар) жұмыс процесінде көп белгі ауысымдық жұмыстарды орындайды.
Болат сапасы мен подшипниктің қызмет ету мерзіміне карбид ликвациясы, жолақтығы және торы мен металдың метал емес қоспаларымен ластануы, сондай - ақ кеуектер мен басқа да металлургиялық ақаулар әсер етеді.
Шарикті - және роликті подшипниктер үшін қолданылатын болаттар - күкірт (≤ 0,02%) пен фосфордың (≤ 0,025%) минималды мөлшері бар жоғары көміртекті хромды болаттар.ШХ15 маркалы болатты жиі қолданады. Подшипниктердің ірі сақиналарын дайындау үшін қосымша марганец пен кремниймен легірленген ШХ15СГ маркалы болатты қолданады. Шарикті подшипникті болаттардың химиялық құрамы 2.8 кестесінде (2 қосымша) келтірілген.
Шарикті подшипникті болаттардың термиялық өңдеуі жұмсарту, шынықтыру және жасыту опреацияларын қамтиды. Жұмсарту мақсаты - құрылымды келесі шынықтыруға дайындау және қаттылығын төмендету (ұсақ түйіршікті перлит құрылымын алу). Шарик подшипникті болаттардың шынықтыру темературасы 830-860 ° С, майда салқындату. Жасыту 150-180 ° С температурада, 1-2 сағат көлемінде орындалады, НВ 627 - ден төмен қаттылықты алуды қамтамасыз етеді. Подшипниктердің бөлшектерінен басқа ШХ 15, ШХ15СГ маркалы болаттардан тозуға дейін жұмыс істейтін басқа да бөлшектер дайындалады.
. Легірленген аспапты болаттар
Кейбір легірленген аспапты болаттардың химиялық құрамы 2.10 кестесінде (2 қосымша) көрсетілген.
Көміртекті болаттармен салыстырғанда 9ХФ, 11ХФ, 13х маркалы төмен легірленген аспапты болаттардың төмендегі артықшылықтары бар: карбидтердің біркелкі үйлестірілуі, түйіршіктердің аз өсімі, күйдірілген күйде жоғары созылымдылығы.
9ХФ маркалы болат қаттылыққа шынықтырылғаннан кейін НВ 601-640 домалақ және таспалы аралар дайындау, металды және басқа құралды суықтай кесетін пышақтар үшін қолданылады.
9ХФ маркалы болат 830-870 ° С температурада майда шынықтырылады, 150-250 ° С температурада жасытады.
9ХФ маркалы болаттан табақты стандар үшін тірек валкалары дайындалады. 2.55 (2 қосымша) 9ХФ маркалы болаттан жасалған төмен жасытудан кейінгі тірек валканың микроқұрылымы берілген.
Х9ВМФ, Х12М, Х12Ф1, Х12ВМ маркалы легірленген аспапты болаттардың микроқұрылымы 2.56- 2.62 суретінде көрсетілген, суық күйінде металды деформациялауға арналған штамптау легірленген аспапты болаттарға жатады. Бұл болаттардан штамптар, пуансоналар, роликтер жасалады.
Суық күйінде металды штамптау және деформациялаудың басқа түрлерін жасау үшін осы аспап жасалатын болат үйкеліске қарсы тұрақтылықты қамтамасыз ететін жоғары қаттылыққа ие болуы тиіс.
Өте ірі штамптар үшін Х12М, Х12ВМ, Х12Ф1 маркалы жоғары хромды болаттар қолданылады. 12 % хромы бар болаттардың ерекшеліктері - олардың жоғары қыздырылуы және шынығу кезінде көлемді өзгерістері шамалы. 12 % хромы бар құйылған болаттың микроқұрылымында түйіршіктер шетінде орналасқан ледебуритті эвтектика бар. Қысыммен өңдеу процесінде эвтектика торы бұзылады, карбидтер ұсақталады. Күйдірілген болатта карбидтер мөлшері 13-16 % - ға жетеді.
Бұл болаттар қалдық аустенит мөлшерін сақтайды және ауада, майда неесе суда шынығады. 12 % хромы бар болат карбидті класты болаттарға жатады.
Мартенситпен салыстырғанда аустениттің қаттылығы төмен және көлемі шағын. Қаттылығын арттыру және көлемін келтіру үшін 12 % хромы бар болаттан жасалған аспаптарды шынықтырғаннан кейін 400-520° С температурадаболат маркасына байланысты жасытады және -70 ° С суықпен өңдейді.
