Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-100ге дейін толық.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.24 Mб
Скачать

99. Қазақстан білім қоғамы жолында қр президенті н.Назарбаевтың Назарбаев университетінде оқыған лекциясы 2012 ж 6 қыркүйек

Біздің қоғамда адал еңбекті терең біліммен ұштастырған ғана

табысқа жете алатынын қаперден шығармаған абзал.

Н.Назарбаев.

Қадірлі жастар!

Білім жолындағы жас қырандар! Оқытушылар мен студенттер!

Сіздермен кездесіп, ой бөлісетін дәстүрлі дәріс мен үшін үлкен әр уақытта қуаныш! Жаңа оқу жылы құтты болсын, берекелі, табысы мен жеңісі мол жыл болсын! Ықылым замандардан қалған «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген сөз бар. Қазақтың бұл мақалының өзектілігі бүгінгі күні айрықша болып отыр. Бұл заман - білекке сенетін емес, білімге сенетін заман. Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен білім мен ғылымда болатын уақытқа келдік. Сол білімді әжетке жаратып, тұрмыс игілігіне жарата білуімен бағаланады. Инемен құдық қазғандай, қиын да күрделі, орасан қажыр-қайрат пен ерік-жігерді талап ететін білімсіз өмір тұл. Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаттығымыздың алдаспаны.

Құрметті ұстаздар мен студенттер!

Назарбаев Университеті интеллектуалдық - инновациялық кластер болуы тиіс. Бұл үшін не істеу керек?

Бірінші. Халықаралық тәжірибеге сүйеніп, бұл жерде арнайы экономикалық аймақ құру мәселесін қарастыру қажет.

Екінші. Индустриалдық жоғары технологиялық алаң құру жұмысын дамыту керек. Ұлттық компаниялар – «Қазатомөнеркәсіп» пен «Қазкосмос» университет жанынан күн энергетикасы мен космостық технологиялар жөніндегі ғылыми-техникалық орталық ашуда.

Үкімет пен «Самрұқ-Қазынаға» университет маңында жоғары технологиялық өндіріс пен Ұлттық компаниялардың салалық ғылыми-зерттеу инстиуттарын орналастыру жөнінде нақты жоспар әзірлеуді тапсырамын.

Қазақстанда жұмыс істейтін, шетелдік компаниялар бұл жобадан тыс қалмауы тиіс.

Үшінші. Кластерді тұрақты дамыту үшін болашақта Университетке қосымша жер телімі берілуі керек.

Төртінші. Бизнес пен ғылымның әріптестігін жандандыру керек. Бұл туралы мен бірнеше жылдан бері айтып келемін.

Әлемде мұндай әріптестікке тамаша мысалдар бар.

Мәселен, АҚШ-та өткен ғасырдың 80-жылдарының басында Ұлттық ғылыми қордың индустрия мен университеттер арасында бірлескен орталық ашу туралы бағдарламасы іске қосылды. Қазіргі кезде 700-ден астам профессор, 800-ге жуық аспирант, 200 студент бар, 50-ге жуық осындай орталық табысты жұмыс істейді.

Орталықтардың жұмысы кезінде 1000 алдыңғы қатарлы технология жасалды.

«Самрұқ-Қазына» қорына Университетпен бірге индустриалдық орталықтармен бірге жұмыс істейтін Инжиниринг орталығын ашу бойынша жұмыс істеуді тапсырамын.

Бесінші. Технопарк, бизнес инкубатор, коммерцияландыру және трансферт орталығы, Инновациялық инфрақұрылым, венчурлық қор сынды элементтерді қалыптастыруға кірісу қажет.Зерттеу университеттерін дамыту бойынша жұмысты жалғастыруымыз керек.

Дамыған әлемде инновациялардың басым бөлігі университеттік ғылым мен университеттер аясындағы кеңселерді коммерцияландыру нәтижесінде пайда болады.

Сонымен қатар, университеттерде жастарды кәсіпкерлік, инновациялық менеджмент курстарына оқытады. Бұл кез-келген ғалымға, өз зерттеу еңбегінен қаржылық табыс тапқысы келген адамға қажетті.

Мысалы, Кембридж университетінде Ғылыми кеңсе, Кембридждің бизнес мектебі, Инновациялық орталық, Ғылыми технопарк, Идеялар инкубаторы, Коммерцияландыру мен технологияларды трансферттеу сынды бүкіл әлемде мойындалған инновациялық экожүйе институттары жұмыс істейді.

Бұл арқылы, ғалымдар кез-келген институтты таңдап, оларды құрал ретінде қолдануына мүмкіндік бар.

Университеттің қамқорлығы – ғылыми нәтижелерді коммерцияландыруға барынша мүмкіндік жасау. Атап өту керек, Кембридж бұған ұзақ жылдар бойы келді.

Қазақстандық жағдайда, алдымен осындай институттар желісін- нақты, болашағы бар жобаларға сүйеніп, инновациялық кластер қалыптастыру қажет. Дәл осындай бағыт сапалы адам капиталы мен қоғамдық білімнің негізін қалыптастыру көзі болады.