Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-100ге дейін толық.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.24 Mб
Скачать

98.Қр президенті н.Ә. Назарбаевтың қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы:жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам атты мақаласы 2012 ж 10 шілде

Біз менің «Қазақстанның әлеу­меттік жаңғыртылуы: Жал­пыға Ортақ Еңбек Қоғамына қа­рай 20 қадам» атты мақаламда бер­ген тапсырмаларымды жү­­зе­ге асыру мәселесін тал­қы­­лауы­мыз керек.  Барлық же­тістіктеріміз халықтың, қа­ра­па­йым адамдардың өмір-тұр­­мысын жақсартуға ба­ғыт­та­луы қажет. Біз барлық қажетті бағ­дар­ламаларды әзірледік, оларды іске асыру үшін жеткілікті кө­лемде қаражат бөлінген. Олар жергілікті орындарда нақты орындалуға тиіс. Мұның бәрі біздің қоғамда еңбек қоғамын құруға және қалыптастыруға орайластырылғаны жөн. Кім еңбектенсе, сол табысқа жетіп, өсіп-өркендейді. Мақалада бе­рілген 20 тапсырма біздің елі­міз­дегі  әлеуметтік жаңғырту про­це­сін тереңдете түсуге арналған. Біз бүгін осы тапсырмаларды орын­дау жолдарын айқындау үшін жиналып отырмыз, – деп атап көрсетті Нұрсұлтан На­зар­баев.

Жос­парға сәйкес, тапсырманы орындау негізгі 5 бағыт бойын­ша үйлестірілетін болады.

Біріншісі, әлеуметтік заң шы­ғаруды жаңарту. Екін­шісі, әлеуметтік-еңбек қа­ты­нас­та­­ры­ның тиімді моделін қа­лып­­тастыру. Үшіншісі, қа­зақ­стан­­дықтардың өмір-тұрмысы са­па­сын арттырып, бұған ең­бек­ке қатыстылықты тиянақ ету. Төртіншісі, әлеуметтік жаң­ғыр­тудың ақпараттық-мәдени бө­лігін дамыту. Бесіншісі, әлеу­меттік процестерді мем­ле­кет­тік басқарудың тиімді жү­йе­сін қалыптастыру. Барлық тұ­жы­рым­дар егжей-тегжейлі зерт­те­леді, тиісті шешім қабылданып, Сіздің қарауыңызға ұсынылады. Мақұлдағаннан кейін, біз нақты іске асыру мәселесіне көшеміз.

ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

   Ескертпе: аббревиатуралардың таратылып жазылуы:     БАҚ - Бұқаралық ақпарат құралдары     БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі      БП - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы      ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі       ЕХӘҚМ - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі       ҚМ - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі       Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі       ҚСЗИ - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты       МАМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі       «Нұр Отан» ХДП - «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы       ПӘ - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі       ПМК - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі       РҰ - Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы       СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі       ТЖМ - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі       ҰҚК - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті       ІСБ - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі       ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі       ЭДСМ - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі       ЭСЖКА - Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі (Қаржы полициясы)