- •1) Қазақстан тарихы курсының пәні мақсаты мен міндеттері
- •2)Қазақстан аумағындағы Тас дәуірі - Палеолит, мезолит, неолит дәуірлері.
- •10)Қимақ мемлекеті: этносаяси тарихы және шаруашылығы.
- •11)Оғыз мемлекеті этносаяси тарихы,шаруашылығы,мәдениеті.
- •15)Түркі мемлекеттерінің әлеуметтік-экономикалық дамуы
- •16 Моңғолдар мемлекетінің құрылуы. Шыңғыс-хан шапқыншылығы.
- •17 )Қазақстандағы ислам
- •21) XIII ғасырдың ортасында Моғолстан мен Ақ Орда мемлекеті
- •23 )Әбілхайыр хандығы мен Ноғай ордасы п.Б. Тарихы
- •25 )Қазақ хандығының құрылуы.
- •26)Алғашқы билеушілері Қасым мен Бұрындық
- •27)Қазақ хандығының қалыптасуының аяқталуы.Қазақ этнонимі.
- •28)Хақназар хан мен Тәуекел хан
- •31 )Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық күресі.
- •32)15-18Г феодалдық қатынастар
- •33)XVI-XVII қазақтардың рухани және материалдық мәдениеті
- •35)18 Ғ. 1 жартысы Қазақсытн ішкі саяси және әлеуметтік жағдай
- •36 )Кіші жүз қазақтарының Ресей бодандығын қабылдау.
- •37 ) Әскери линиялар мен екіністердің салынуы – патша үкіметінің қазақстандағы әскери отарлау әрекетінің басталуы
- •38) Абылай және оның билігінің нығаюы.
- •39)Сырым Датұлы бастаған көтеріліс
- •41) Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы (XIX ғ. 2-ші жартысы).
- •42)Отаршылдық сипаты
- •43) Патша өкіметінің аграрлық саясаты. 1867-1868 жж. Реформалар.
- •47 )Орыс зиялылыры қосқан үлес
- •51 )Қоқан мен Хиуа феодалдарына қарсы күрес
- •55)Қазақ ғалымдары мен ағартушылар
- •56) Бірінші дүние жүзілік соғыс және Қазақстан. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс.
- •1916 Жылғы ұлт-азаттық қозғалыс.
- •57)Қазақ зиялыларының қызметі. Қазақ,Айқап журналдары
- •58 Қазақстанда Кеңестер мен Уақытша үкімет органдарының құрылуы.
- •59) Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы.
- •60)Қазақстан саси партиялар ме нқоғамдық қозғалыстар
- •61 )Азамат соғысы.Әскери коммунизм
- •63)Қазақ акср білімінің маңызы
- •66) Жаңа экономикалық саясатқа көшу.
- •67 )Кіші қазан саясаты.Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру .
- •68) Индустрияландыру
- •69) Қазақ акср – інің құрылуы.
- •72 )Майдандағы қазақстандықтар.
- •73)Соғыс кезіндегә еңбек ерліктері
- •75) Ғылым мен мәдениет
- •76 )Соғыстан кейін республика экономикасын қайта құру.
- •77)Тың және тыңайған жерді игеру
- •79)1970-1980Жылдар
- •81)1965-1991 Ғылым мен мәдениет дамуының проблемалары мен жетістіктері.
- •1965-1991Жж.Қазақстандағы ғылым мен мәдениеттің дамуындағы жетістіктер мен проблемалар.
- •83) Қазақстандағы «қайта құру» саясаты (1985-1991 жж.).
- •84) Желтоқсан оқиғасы (1986 ж.)
- •86 )Республиканың мемлекеттік рәміздері
- •87) Ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың.
- •89)Тідер дамуы проблемасы мен болашағы
- •91 )Қазақстандағы экология
- •92) Қазіргі кездегі этникалық және демографиялық жағдай
- •93 )Қызмет жолы
- •95)Білім мен ғылым бағыттары
- •98 )Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы
- •99)2003-2010 Индустриялды-иновациялды бағдарламасы.
- •100Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу.
- •96)Қазақстан Республикасы дамуының 2003-2015 жж.Индустриалды-инновациалық бағдарламасы
- •97. Қр президенті н.Ә.Назарбаевтың қазақстан халқына әлеуметтік экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты жолдауы 2012 ж 27 қаңтар
- •98.Қр президенті н.Ә. Назарбаевтың қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы:жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам атты мақаласы 2012 ж 10 шілде
- •99. Қазақстан білім қоғамы жолында қр президенті н.Назарбаевтың Назарбаев университетінде оқыған лекциясы 2012 ж 6 қыркүйек
- •Қадірлі жастар!
- •Құрметті ұстаздар мен студенттер!
- •20 Жылда біз қол жеткізген табыстар
- •Құрметті студенттер!
- •Қымбатты жастар!
- •100. Елбасы н.Назарбаевтың 2012 ж 16 қарашада өткен Нұр Отан партиясы жас отан жастар қанатының 2 сьезінде сөйлеген сөзі
96)Қазақстан Республикасы дамуының 2003-2015 жж.Индустриалды-инновациалық бағдарламасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИНДУСТРИАЛДЫ – ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ «Инновациялық даму» дегеніміз жаңа жаңалық пен ғылымды, технологияны өндіріспен тығыз байланыстыру көзделген экономикалық даму бағыты. Республикамыздың 2003-2015жж. Индустриалды-инновациялық дамуы Стратегиясының басты мақсаты да тұрақты өсім траекториясына шикізаттық бағыттан сервистік-технологиялық экономикаға көшу мақсатында өндіріс салаларын диверсификациялау көзделген. Инновациялық даму жолын таңдау себептерінің негізгілері: əлемдегі өнеркəсіптің технологиялық жолмен қарқынды дамуы, əлемде жаһандану процесінің өріс алуы, Қазақстанның БСҰ-на кіру мақсатына байланысты өнеркəсіпті бəсекелестікке дайындау қажеттілігі жəне бəсекеге қабілетті еңселі елу елдің қатарына қосылудағы мақсатқа жету. Қазақстанның қазiргi таңдағы экономикасында мынадай проблемалар орын алуда: экономиканың шикiзат бағыттылығы; әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi; ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы;өңдеушi өнеркәсiп өнiмдiлiгiнiң төмендiгi; iшкi рынокта (шағын экономика) тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы; өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның жеткiлiктi дәрежеде дамымауы; мұнай-газ және кен-металлургиялық кешенге жатпайтын экономика салаларында негiзгi қорлардың тез тозуы; кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалуы; ғылым мен өндiрiс арасында ұтымды байланыстың болмауы; ҒЗТКЖ қаржының аз бөлiнуi; отандық ғылымның нарықтық экономика жағдайларына нашар бейiмделуi, ғылыми-техникалық өнiмдi тауар деңгейiне дейiн жеткiзудiң ықпалды тетiктерiнiң болмауы, соның салдарынан тұтастай алғанда инновациялық ұсыныстар деңгейiнiң төмен болуы; мамандарды және жұмысшы кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың қазiргi заманғы жүйесiнiң болмауы; экономиканың өңдеушi секторларына инвестициялар салуға отандық қаржы институттары үшiн ынталандыру көздерiнiң болмауы; менеджменттiң экономиканы ғаламдану үрдiстерiне және сервистiк-технологиялық экономикаға өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi. Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттiк саясаты 2010 жылға дейiнгi кезеңге арналған стратегиялық жоспарда белгiленген мақсаттарға қол жеткiзудi қамтамасыз етуi, сондай-ақ одан кейiнгi жылдары қазақстандық экономиканың сервистiк-технологиялық бағыттылығын қалыптастыру негiздерiн құруы тиіс. Саясаттың басты мақсаты шикiзаттық бағыттан бас тартуға ықпал ететiн экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзу; ұзақ мерзімді жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өту үшiн жағдай жасау болып табылады. Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабiлеттi және экспортқа негiзделген тауарларды, жұмыстар және қызмет көрсетулер өндiрiсi мемлекеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады. Бәсекеге түсу қабiлетi дегенiмiз қазақстандық кәсiпорындардың экспортқа шығарылатын өнiмдердi өндiру қабiлетiн бiлдiредi. Басқаша айтқанда, өңдеушi өнеркәсiптiң өнiмi осындай әлемдiк стандарттарға сәйкес келуi керек және баға бойынша бәсекелесуге қабiлеттi болуы тиiс. Саясат мынадай қағидаттарға негiзделедi: жеке сектормен серiктестiк; инвестициялық және инновациялық ұсыныстардың өнеркәсiптің шикiзаттық емес салаларында өндiрiлетiн тауарлар мен қызметтердiң бәсекелестiк қабiлетiн арттыруға бағытталуы; өнеркәсiптi жаңғыртуға, оларға қолдау көрсету жөнiндегi рәсiмдердiң жариялылығы мен ашықтығына бағытталған жобаларды iске асыруға мемлекеттiк қаржылық және өзге қолдау көрсету; қосылған құн тiзбегiн дамытуды қамтамасыз ететiн салаларға мемлекеттiк қолдау көрсету шараларының кешендi сипаты; тең бәсекелестiк жағдайларды және салауатты бәсекелестiк ортаны қалыптастыруды қамтамасыз ету; қандай да болсын жеке сипаттағы жеңiлдiктерден және преференциялардан бас тарту; индустриялық саясаттың бәсекелестiк артықшылықтарды қалыптастыруға бағытталуы. Индустриалды-инновациялық саясат индустриядан кейiнгi дамудың перспективалы бағыттарында ғылыми-техникалық, инновациялық және өндiрiстiк әлеуеттi ұлғайтуға бағытталған, ол болашақта қағидатты бәсекелестiк артықшылықтарды алуға жәрдемдесуге тиiс. Негiзгi бағыттар мыналар болуы тиiс: 1. Жоғары технологиялы өндiрiстер қалыптастыруға, оның iшiнде шетелдiк те, салааралық та технологиялар трансфертiнiң тиiмдi жүйесiн жасауға жәрдемдесу. 2. Жоғары ғылыми-технологиялық әлеуетi бар ғылыми-техникалық және өнеркәсiптiк ұйымдар мен кәсiпорындар желiсi бар қалаларда қазiргi заманғы ғылыми және инновациялық инфрақұрылымды жасап, оның қазiргi заманғы элементтерiнiң қызметiн (технопарктер, ұлттық ғылыми орталықтар, ғылыми-технологиялық аймақтар және c.c.) қолдау. 3. Индустриядан кейiнгi экономика тұрғысынан алғанда озық салаларды дамытуда қазiргi ғылыми-техникалық әлеует салаларын пайдалану. Қазақстан қазiрдiң өзiнде мына салалардағы әзiрлемелер негiзiнде ғылымды көп қажет ететiн өндiрiстердi дамыту үшiн белгiлi бiр ғылыми базаға ие, оның iшiнде: биотехнологиялар (ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттары мен жануарлардың генотиптерi, бактериялар штамдары және басқалары); ядролық технологиялар; ғарыштық технологиялар; жаңа материалдар, химиялық өнiмдер және басқаларды жасау. 4. Қазiргi заманғы ғылыми-техникалық бағыттардың жаңа материалдар мен химиялық технологиялар және ақпараттық технологиялар салаларында зерттеулер жүргiзу үшiн қажетті жағдайлар жасау. 5. Ғылыми-техникалық және өндiрiстiк ұйымдар мен кәсiпорындардың инновациялық қызметiн ынталандыруға, ғылым мен инновациялар салаларына инвестициялар тартуға, өнеркәсiп пен қызмет көрсету саласына инновациялардың жылдамырақ енуiне бағытталған заң шығару базасын жетiлдiру. Индустриалдық - инновациялық саясатты iске асыру нәтижесi 2015 жылы мұнай және газ кен орындарын қарқынды игеру кезiнде өнеркәсiп өндiрiсi мен экономика құрылымының түбегейлi өзгеруiне әкелмейдi. Индустриалдық-инновациялық саясатты iске асыру: ЖIӨ құрылымындағы өнiмдердi шығарудың үлес салмағын 2015 жылы 46,5 %-тен 50-52 %-ке дейiн ұлғайту; ЖIӨ құрылымындағы ғылыми және ғылыми-инновациялық қызметтiң үлес салмағының қызметiн 2000 жылы 0,9 %-тен 2015 жылы 1,5-1,7 %-ке дейiн көтеру; ЖIӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсiбiнiң үлесiн 2000 жылы 13,3 %-тен 2015 жылы 12-12,6 %-ке төмендеуiнiң қарқынын баяулату (осы көрсеткiш салыстыру үшiн индустриялық саясатты жүргiзбесе 2015 жылы 10,9 %-тi құрайтын болады); Индустриалдық-инновациялық саясатты iске асырмаса, өнеркәсiп өндiрiсiндегi тау-кен салаларының қосылған құн үлесi 2015 жылы 55-56 %, оның ішiнде 2000 жылы 31,0 % және 25,6 % салыстырғанда мұнай өндiру - 50-51 % жетедi. Стратегияны iске асыруды ескере отырып, тау-кен өндiрiсi 45-47 % ғана құрайды. Бұл ретте ғылымды қажетсiнетiн және жоғары технологиялы өндiрiстiң үлесi 2000 жылы ЖIӨ 0,1 %-тен 2015 жылы 1-1,4 %-кe дейiн өседi. Өңдеу өнеркәсiбiнiң қосылған құн құрылымында сапалы өзгерiстер болады. Металлургия және металдарды өңдеу үлесi өңдеу өнеркәсiбiнiң қосылған құнының жалпы көлемiнен 40,1 %-тен 27-28%-кe дейiн төмендейдi, ал ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң үлесi 38,1 %-тен 45-46 %-ке дейiн өседi. Бұл ретте ғылымды қажетсiнетiн және жоғары технологиялы өнiм 2000 жылғы 0,6 %-ке қарағанда 9-11 %-тi құрайды. Бұл ретте күнкөрiстiң төменгi деңгейi, ең аз жалақы және зейнетақы өседi. Ел тұрғындарының нақты ақшалай табысы 2,1-2,4 есе ұлғаяды. Индустриялық-инновациялық саясат Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын әртараптандыру арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған.
