- •1) Қазақстан тарихы курсының пәні мақсаты мен міндеттері
- •2)Қазақстан аумағындағы Тас дәуірі - Палеолит, мезолит, неолит дәуірлері.
- •10)Қимақ мемлекеті: этносаяси тарихы және шаруашылығы.
- •11)Оғыз мемлекеті этносаяси тарихы,шаруашылығы,мәдениеті.
- •15)Түркі мемлекеттерінің әлеуметтік-экономикалық дамуы
- •16 Моңғолдар мемлекетінің құрылуы. Шыңғыс-хан шапқыншылығы.
- •17 )Қазақстандағы ислам
- •21) XIII ғасырдың ортасында Моғолстан мен Ақ Орда мемлекеті
- •23 )Әбілхайыр хандығы мен Ноғай ордасы п.Б. Тарихы
- •25 )Қазақ хандығының құрылуы.
- •26)Алғашқы билеушілері Қасым мен Бұрындық
- •27)Қазақ хандығының қалыптасуының аяқталуы.Қазақ этнонимі.
- •28)Хақназар хан мен Тәуекел хан
- •31 )Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық күресі.
- •32)15-18Г феодалдық қатынастар
- •33)XVI-XVII қазақтардың рухани және материалдық мәдениеті
- •35)18 Ғ. 1 жартысы Қазақсытн ішкі саяси және әлеуметтік жағдай
- •36 )Кіші жүз қазақтарының Ресей бодандығын қабылдау.
- •37 ) Әскери линиялар мен екіністердің салынуы – патша үкіметінің қазақстандағы әскери отарлау әрекетінің басталуы
- •38) Абылай және оның билігінің нығаюы.
- •39)Сырым Датұлы бастаған көтеріліс
- •41) Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы (XIX ғ. 2-ші жартысы).
- •42)Отаршылдық сипаты
- •43) Патша өкіметінің аграрлық саясаты. 1867-1868 жж. Реформалар.
- •47 )Орыс зиялылыры қосқан үлес
- •51 )Қоқан мен Хиуа феодалдарына қарсы күрес
- •55)Қазақ ғалымдары мен ағартушылар
- •56) Бірінші дүние жүзілік соғыс және Қазақстан. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс.
- •1916 Жылғы ұлт-азаттық қозғалыс.
- •57)Қазақ зиялыларының қызметі. Қазақ,Айқап журналдары
- •58 Қазақстанда Кеңестер мен Уақытша үкімет органдарының құрылуы.
- •59) Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы.
- •60)Қазақстан саси партиялар ме нқоғамдық қозғалыстар
- •61 )Азамат соғысы.Әскери коммунизм
- •63)Қазақ акср білімінің маңызы
- •66) Жаңа экономикалық саясатқа көшу.
- •67 )Кіші қазан саясаты.Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру .
- •68) Индустрияландыру
- •69) Қазақ акср – інің құрылуы.
- •72 )Майдандағы қазақстандықтар.
- •73)Соғыс кезіндегә еңбек ерліктері
- •75) Ғылым мен мәдениет
- •76 )Соғыстан кейін республика экономикасын қайта құру.
- •77)Тың және тыңайған жерді игеру
- •79)1970-1980Жылдар
- •81)1965-1991 Ғылым мен мәдениет дамуының проблемалары мен жетістіктері.
- •1965-1991Жж.Қазақстандағы ғылым мен мәдениеттің дамуындағы жетістіктер мен проблемалар.
- •83) Қазақстандағы «қайта құру» саясаты (1985-1991 жж.).
- •84) Желтоқсан оқиғасы (1986 ж.)
- •86 )Республиканың мемлекеттік рәміздері
- •87) Ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың.
- •89)Тідер дамуы проблемасы мен болашағы
- •91 )Қазақстандағы экология
- •92) Қазіргі кездегі этникалық және демографиялық жағдай
- •93 )Қызмет жолы
- •95)Білім мен ғылым бағыттары
- •98 )Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы
- •99)2003-2010 Индустриялды-иновациялды бағдарламасы.
- •100Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу.
- •96)Қазақстан Республикасы дамуының 2003-2015 жж.Индустриалды-инновациалық бағдарламасы
- •97. Қр президенті н.Ә.Назарбаевтың қазақстан халқына әлеуметтік экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты жолдауы 2012 ж 27 қаңтар
- •98.Қр президенті н.Ә. Назарбаевтың қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы:жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам атты мақаласы 2012 ж 10 шілде
- •99. Қазақстан білім қоғамы жолында қр президенті н.Назарбаевтың Назарбаев университетінде оқыған лекциясы 2012 ж 6 қыркүйек
- •Қадірлі жастар!
- •Құрметті ұстаздар мен студенттер!
- •20 Жылда біз қол жеткізген табыстар
- •Құрметті студенттер!
- •Қымбатты жастар!
- •100. Елбасы н.Назарбаевтың 2012 ж 16 қарашада өткен Нұр Отан партиясы жас отан жастар қанатының 2 сьезінде сөйлеген сөзі
98 )Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы
Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр. Мен өзіміздің әлемдік рейтинг кестесінің жоғары бөлігіне іліккен елдер тобының ішінен орын алуымызға мүмкіндік беретін басты негіздер мыналар деп білемін. Біріншіден, өркенді де өршіл дамып келе жатқан қоғамның іргетасы тек қана осы заманғы, бәсекеге қабілетті және бір ғана шикізат секторының шеңберімен шектеліп қалмайтын ашық нарық экономикасы бола алады. Бұл — жеке меншік институты мен келісім-шарттық қатынастарды құрметтеу мен қорғауға, қоғамның барлық мүшелерінің бастамашылығы мен іскерлігіне негізделген экономика. Екіншіден, біз аға ұрпақты, ана мен баланы, жастарды қамқорлық пен ілтипатқа бөлейтін әлеуметтік бағдарланған қоғам, ел халқының барлық топтары тұрмысының жоғары сапасы мен алдыңғы қатарлы әлеуметтік стандарттарын қамтамасыз ететін қоғам құрудамыз. Үшіншіден, біз еркін, ашық әрі демократиялық қоғам орнатудамыз. Төртіншіден, біз дәйекті түрде саяситежемелік пен тепе-теңдіктің үйлестірілген жүйесіне негізделген құқықтық мемлекет құрып, оны нығайта береміз. Бесіншіден, біз барлық діндердің тең құқылығына кепілдік береміз және Қазақстанда конфессияаралық келісімді қамтамасыз етеміз. Біз Исламның, басқа да әлемдік және дәстүрлі діндердің озық үрдістерін құрметтеп әрі дамыта отырып, осы заманғы зайырлы мемлекет орнатамыз. Алтыншыдан, біз қазақ халқының санғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз. Сонымен қатар ұлтаралық және мәдениетаралық келісімді, біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз етеміз. Жетіншіден, біз өз елімізді халықаралық қоғамдастықтың толық құқылы және жауапты мүшесі ретінде қарастырамыз, ал мұның өзі біздің аса маңызды басымдықтарымыздың бірі. Қазақстан мұнда геосаяси тұрақтылықты және өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде маңызды міндеттер атқарып отыр. Бүгін, cіздерге, құрметті қазақстандықтар, өзімнің жыл сайынғы Жолдауымды арнай отырып, мен Қазақстанның әлемнің бәсекеге барынша қабілетті әрі серпінді дамып келе жатқан мемлекеттерінің қатарына қарай қадам басуы жолындағы негізгі
басымдықтарды ұсынғым келеді.
99)2003-2010 Индустриялды-иновациялды бағдарламасы.
Инновация – бұл қашанда сезгілікті тауар өндірісі өсіміне әкелетін, пайда мен бәсекеге қабілеттілікті күрт ұлғайтатын идеялар тоғысы мен бизнес. Бүгінде Қазақстанға инновациялық қызметтің «жарылысы» қажет. Бизнес перспективалы жобаларды іздеп, оларды жүзеге асыру үшін бейімделуі және жұмыс істеуі тиіс. [1] Инновациялар ұлттық экономиканың бәсекегеқабілеттілігін анықтайтын негізгі фактор ретінде айқындалады.
Қазақстанның алдында экономиканы жеделдете модернизациялау, индустриалды-инновациялық бағытта дамыған экономикаға жету міндеті тұр. Қазіргі Қазақстанның инновациялық дамуы шикiзат бағытынан қол үзуге ықпал ететiн экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған.
2003-2015 жылдарға арналған ҚР индустриалды-инновациялық дамуының стратегиясын (ары қарай – Стратегия) іске асырудың бірінші дайындық кезеңін бағалай келе (2003-2005 жж.) оның сәтті өткенін айтуға болады: заңнамаға қажет өзгерістер енгізілді, дамудың салалық бағдарламалары әзірленді, ғылым, білімді, сәйкес мамандарды дайындауды қаржыландыру көлемдері анықталды. Сонымен бірге даму институттары құрылды, олар арқылы мемлекет бағдарламаға өз қатысуын жүзеге асырады.
Жалпы даму институттарының қызметі оң нәтиже берді. Даму институттарының инвестициялық жобаларды іске асыруға салатын әр долларына басқа қаржыландыру көздерінен екі доллардай инвестиция келеді, бұл Стратегияны жүзеге асырудағы даму институттарының нақты қосқан үлесі болып табылады.
Стратегияның бірінші кезеңін орындау нәтижесінде елде индустриалды-инновациялық инфрақұрылымның маманданған объектілері құрылды, олардың жұмысы ең алдымен кәсіпкерлік қызметті ынталандыру мен жаңа өндірістерді құруға бағытталған болатын.
“Ақтау теңіз порты”, “Астана – жаңа қала”, “Ақпараттық технологиялар паркі” арнайы экономикалық аймақтары (ары қарай – АЭА) қызмет жасайды. “Оңтүстік” АЭА құрылысы іске асуда. Қарағанды облысында және Астана қаласында индустриалды аймақтар құрылды, олардың аумақтарында жоғары-технологиялы өндірістердің құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осылайша, “Ақпараттық технологиялар паркі” АЭА аумағында 21 компания жұмыс жасайды, парктегі өндірілетін өнімнің жалпы көлемі 928 млн. теңгеге жуық.
“Ақтау теңіз порты” АЭА белсенді дамып келе жатыр. Оның аумағында өнеркәсіптің өңдеуші секторында 348,3 млн. АҚШ доллар сомасына жобалар іске асырылды, 1584 жұмыс орындары құрылды. Стратегия аясында жүзеге асқан қызықты жобалардың ішінен 2007 жылғы желтоқсанда берілген Павлодар қаласындағы Қазақстандық электролиздік зауытын атап өтуге болады.
Автомобиль өнеркәсібінің кәсіпорындары пайда болды, осылайша Өскеменде «Шкода» жеңіл автомобиль шығару бойынша автоқұраушы зауыт ашылды, Көкшетау қаласында «Камаз» жүк көліктерінің өндірісі ұйымдастырылды, Семейде автобустар жинау бойынша жоба жүзеге асырылуда. Тоқыма кластерін құру бойынша жұмыстар аясында әлемдік стандарттарға жауап беретін озық технологияларды қолданатын бірқатар тоқыма кәсіпорындары құрылды.
Шикізаттық емес секторды дамыту мақсатында жалпы салықтық жүктемені азайтуға бағыттталған салықтық заңнамаға өзгерістер енгізілді, инвестициялау шарттарын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Жалпы Стратегияны іске асыру жылдарында өңдеуші өнеркәсіптегі өндіріс көлемі нақты шамада 38,4%-ға, ал абсолютті шамада 1 189,38 млрд. теңгеге өсті. [2]
Қазіргі таңда еліміз экономиканы диверсификациялау және өнеркәсіпті модернизациялау бойынша жобаларды жүзеге асырудың нақты міндеттерін қойған осы Стратегияның екінші кезеңінің аяқталуы қарсаңында тұр (2006-2010 жылдар). Бұл кезеңде ЖҰӨ құрылымы, негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар, экспорт құрылымы өзгерісі қарастырылған және жеке сектордың мүдделерін зерттеуді, іріктелген индустриалды-иннвовациялық жобаларды жүзеге асыруда қатысушы-инвестиция салымшыларын табуды, сәйкес мамандарды дайындау көзделген. Қазіргі уақытта экономиканы жетілдіру бойынша мемлекеттік комиссия құрылған, инвестициялық жобаларды іріктеу және ілгерілету бойынша мемлекеттік органдар, холдингтер және бизнестің өзараәрекеттесу жүйесі қалыптасқан. [3]
