- •1) Қазақстан тарихы курсының пәні мақсаты мен міндеттері
- •2)Қазақстан аумағындағы Тас дәуірі - Палеолит, мезолит, неолит дәуірлері.
- •10)Қимақ мемлекеті: этносаяси тарихы және шаруашылығы.
- •11)Оғыз мемлекеті этносаяси тарихы,шаруашылығы,мәдениеті.
- •15)Түркі мемлекеттерінің әлеуметтік-экономикалық дамуы
- •16 Моңғолдар мемлекетінің құрылуы. Шыңғыс-хан шапқыншылығы.
- •17 )Қазақстандағы ислам
- •21) XIII ғасырдың ортасында Моғолстан мен Ақ Орда мемлекеті
- •23 )Әбілхайыр хандығы мен Ноғай ордасы п.Б. Тарихы
- •25 )Қазақ хандығының құрылуы.
- •26)Алғашқы билеушілері Қасым мен Бұрындық
- •27)Қазақ хандығының қалыптасуының аяқталуы.Қазақ этнонимі.
- •28)Хақназар хан мен Тәуекел хан
- •31 )Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық күресі.
- •32)15-18Г феодалдық қатынастар
- •33)XVI-XVII қазақтардың рухани және материалдық мәдениеті
- •35)18 Ғ. 1 жартысы Қазақсытн ішкі саяси және әлеуметтік жағдай
- •36 )Кіші жүз қазақтарының Ресей бодандығын қабылдау.
- •37 ) Әскери линиялар мен екіністердің салынуы – патша үкіметінің қазақстандағы әскери отарлау әрекетінің басталуы
- •38) Абылай және оның билігінің нығаюы.
- •39)Сырым Датұлы бастаған көтеріліс
- •41) Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы (XIX ғ. 2-ші жартысы).
- •42)Отаршылдық сипаты
- •43) Патша өкіметінің аграрлық саясаты. 1867-1868 жж. Реформалар.
- •47 )Орыс зиялылыры қосқан үлес
- •51 )Қоқан мен Хиуа феодалдарына қарсы күрес
- •55)Қазақ ғалымдары мен ағартушылар
- •56) Бірінші дүние жүзілік соғыс және Қазақстан. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс.
- •1916 Жылғы ұлт-азаттық қозғалыс.
- •57)Қазақ зиялыларының қызметі. Қазақ,Айқап журналдары
- •58 Қазақстанда Кеңестер мен Уақытша үкімет органдарының құрылуы.
- •59) Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы.
- •60)Қазақстан саси партиялар ме нқоғамдық қозғалыстар
- •61 )Азамат соғысы.Әскери коммунизм
- •63)Қазақ акср білімінің маңызы
- •66) Жаңа экономикалық саясатқа көшу.
- •67 )Кіші қазан саясаты.Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру .
- •68) Индустрияландыру
- •69) Қазақ акср – інің құрылуы.
- •72 )Майдандағы қазақстандықтар.
- •73)Соғыс кезіндегә еңбек ерліктері
- •75) Ғылым мен мәдениет
- •76 )Соғыстан кейін республика экономикасын қайта құру.
- •77)Тың және тыңайған жерді игеру
- •79)1970-1980Жылдар
- •81)1965-1991 Ғылым мен мәдениет дамуының проблемалары мен жетістіктері.
- •1965-1991Жж.Қазақстандағы ғылым мен мәдениеттің дамуындағы жетістіктер мен проблемалар.
- •83) Қазақстандағы «қайта құру» саясаты (1985-1991 жж.).
- •84) Желтоқсан оқиғасы (1986 ж.)
- •86 )Республиканың мемлекеттік рәміздері
- •87) Ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың.
- •89)Тідер дамуы проблемасы мен болашағы
- •91 )Қазақстандағы экология
- •92) Қазіргі кездегі этникалық және демографиялық жағдай
- •93 )Қызмет жолы
- •95)Білім мен ғылым бағыттары
- •98 )Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы
- •99)2003-2010 Индустриялды-иновациялды бағдарламасы.
- •100Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу.
- •96)Қазақстан Республикасы дамуының 2003-2015 жж.Индустриалды-инновациалық бағдарламасы
- •97. Қр президенті н.Ә.Назарбаевтың қазақстан халқына әлеуметтік экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты жолдауы 2012 ж 27 қаңтар
- •98.Қр президенті н.Ә. Назарбаевтың қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы:жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам атты мақаласы 2012 ж 10 шілде
- •99. Қазақстан білім қоғамы жолында қр президенті н.Назарбаевтың Назарбаев университетінде оқыған лекциясы 2012 ж 6 қыркүйек
- •Қадірлі жастар!
- •Құрметті ұстаздар мен студенттер!
- •20 Жылда біз қол жеткізген табыстар
- •Құрметті студенттер!
- •Қымбатты жастар!
- •100. Елбасы н.Назарбаевтың 2012 ж 16 қарашада өткен Нұр Отан партиясы жас отан жастар қанатының 2 сьезінде сөйлеген сөзі
11)Оғыз мемлекеті этносаяси тарихы,шаруашылығы,мәдениеті.
Оғыз мемлекеті (Х-ХІ ғғ.). Қарлұқ қағанатының солтүстік-батыс жағында, Сырдарияның орта және төменгі бойында, оған жалғасып жатқан Батыс Қазақстан далаларында ІХ-Х ғасырларда Оғыз тайпаларының ежелгі феодалдық мемлекеті қалыптасты. Әйгілі М.Қашқаридің сөздігі “Диуани-лұғат-ат-түрік” бойынша Оңтүстік Қазақстанның жерінде, әсіресе Ыстықкөл мен Шудың орта бойында қырғыз, қыпшақ, оғыз, иағма, чігіл, имек сияқты түрік тілдес тайпалардың қатар өмір сүргендігі белгілі. Осыған қарағанда оғыздардың алғашқы отаны Жетісу болғандығына күмән жоқ. Алайда ҮІІІ ғ. екінші жартысынан бастап қарлұқ тайпаларының күшеюіне байланысты оғыздар Сырдарияның орта және төменгі бойына ауа бастаған. Сөйтіп ІХ ғ. аяғында осы аймақта оғыз тайпаларының бірлескен одағының нәтижесінде партиархалды-феодалдық мемлекет құрылады. М. Қашқари оғыз елінің 22, кейбір деректерде 24 тайпаға бөлінгенін жазады.
Х ғасырда Оғыз мемлекетінің астанасы – Янгикент немесе «Жаңа гузия» деп аталатын қаласы болған.Оғыз мемлекеті өзінің саяси және әлеуметтік құрылысы жағынан көне феодалдық мемлекет болды. “Жабғу” атағы бар жоғарғы билеуші Оғыз мемлекетінің басшысы болып саналды. Оғыз жабғыларының орынбасарларын күл-еркін деп атаған. Жабғы мемлекетінде оғыз әскерлерінің бас қолбасшысы “сюбашы” деп аталды. Х ғ. аяғы мен ХІ ғ. бас кезінде Оғыз жабғысының мемлекетінде алым-салықты тиянақты түрде жинап отыру жүйесі қалыптасқан, бұл жағдай мемлекетте тұрақты басқару аппаратының құрылғандығын көрсетеді.
Х ғ. аяғында орыс деректерінде оғыздардың 965 ж. Киев князі Святославпен одақтасып хазарларды және князь Владимир 985 ж. оғыздарымен келісе отырып, Еділ, Кама бойындағы бұлғарларды талқандағаны туралы айтылады. Оғыздардың жер үшін жүргізген ұрыстарының көп жағдайда сәтті болуы, олардың саяси беделін де көтере түскен. Алайда, ұзақ жылдарға созылған соғыс, халықтан көп мөлшерде алынған алым-салық оғыз тайпаларының әр жерде бас көтерген наразылықтарын туғызады. Осы кезде Жент қаласының маңына келіп қоныстанған селжұқтар көсемі Жент қаласындағы оғыз билеушілеріне қарсы көтерілісті бастап, қаланы басып алады. Деректерге қарағанда селжүқтар көп ұзамай қаланы тастап шыққан. Осы кезде ел басына Әлиханның мұрагері Шахмәлік келіп, мемлекет едәуір күшейіп, 1041 жылы Хорезмді жаулап алады. Бірақ Шахмәлік көп ұзамай оғыздарға қарсы қайта көтерілген селжұқтардың қолынан Хорезм түбінде қаза болады. Селжұқтармен жүргізілген көп жылғы соғыстар оғыз мемлекетін қатты әлсіретті. Сөйтіп, ХІ ғ. екінші жартысында күшейе бастаған қыпшақтар оғыздарды Сырдария, Арал бойынан біржола ығыстырады. Оғыздардың бір бөлігі Европаның Шығысына, Кіші Азияға қарай жылжыса, кейбір бөліктері Қарахан әулетінің қарамағында қалды, біраз бөлігі Хорасан селжұқтарының қол астына кірсе, қалғандары қыпшақтардың құрамында қалып, олармен сіңісіп кетті. Оғыз тайпалары қазақ, қырғыз, татар, башқұрт, түрікмен, өзбек, қарақалпақ халықтарын қалыптастырушы түріктердің бірі болды.
12) Қарахан мемлекеті (942-1210 жж.). Қарахан мемлекетінің құрылуы. X ғасырдың орта кезінде Жетісу аумағында және Шығыс Түркістанның (Қашғардың) бір бөлігінде әлеуметтік құрылымы біршама дамыған Қарахан мемлекеті пайда болды. Орталыға – Баласағұн қаласы. Қарахан мемлекеті тарихының бастапқы кезеңі жөнінде сенімді мағлұматтар деректемелерде сақталмаған, ал алғашқы Қарахандар туралы әңгімелер жартылай аңыз сипатында болып келеді.Жазба деректерге қарағанда, Қарахан мемлекетінің құрылып, оның дамуының алғашқы кезенің саяси тарихында, қарлұқ тайпалар бірлестігінің орны ерекше болған. Мәселен: Қараханид мемлекетінің негізін қалаушы Сатұқ Бограхан (915-955 жж.), Қарлұқ қағаны Білге Қыдырханның немересі. Сатұқ Бограхан Таразды билеуші Оғұлшаққа қарсы шығып, оны талқандайды, сөйтіп Тараз бен Қашқарды бағындырады; 942 жылы ол Баласағұнда билеушісін құлатып, өзін жоғарғы қаған деп жариялайды. Жаңа билік иелерінің басшысы өзін «қара қаған » немесе «қара хан» деп атады. Осыдан келіп тарихта бұл әулет қарахандықтар әулеті деп аталды. Шынына келгенде, Қарахан мемлекетінің тарихы осы уақыттан басталды.Сатұқ өлгеннен соң билік оның баласы Мұсаға көшті, ол 960 жылы қағанаттың мемлекеттік діні ислам деп жариялады. Оның астана қаласы-Қашқар болды. Сатұқтың екінші баласы Сүлеймен–ілек Баласағұнды иеленді. Мұса өлген соң жоғарғы қаған атағы оның баласы Әли Арслан-ханға көшті. Оның екінші жерінің орталығы Қашқар болды, сонымен қатар ол Тараз бен Баласағұнның да билеушісі болып есептелді.Қарахан мемлекетінің саяси тарихы ол өмір сүрген алғашқы ондаған жылдың өзінде-ақ негізінен екі әулеттің Әли Арслан-хан мен Хасан Боғра-ханның ұрпақтары арасындағы өзара қырқысқан күреске толы болды. Мемлекеттің этникалық құрамы: шігіл, яғма, қарлұқ, оғыз, қаңлы сияқты т.б түрік тілдес тайпалардан тұрған. Шігіл және Яғма тайпалары негізгі роль атқарған. Өкімет басындағы билеушілер алма-кезек осылардан тұрған.
Өкімет ұймы-мемлекеттік қурылым.Жоғарғы өкімет билігі хақанның (ханның) қолында болды. Ол мұрагерлікке қалып отырған. Үстем тап өкілдеріне ханның ұрпақтары тегіндер, ілек (ел) хандар, бектер, нөкерлер жатқан. Билік үлестік жерлер арқылы жүргізілген. Ұлестік жерлер ірі жене кіші болып бөлінген. Хақанның сарай маңындағы қызметкерлерінен құралған тұрақты ұйымы болды. Ханға ең жақын адамдардың бірі уәзір болды, ол әрі көмекші , әрі кеңесші болып саналады. Қараханидтер кезіндегі уәзірлер, қарлұқ қағанының «көл-еркіндеріне» ұқсас . Махмұд Қашқаридің жазуына қарағанда, «көл-еркіннің» мәні көл-кесір, ұшаң-теңіз, ақыл-ой деген мағынаны білдірген. Шындығында, қазақша уәзір сөзі ақыл-ойдың кені..Хақанның мемлекеттік саяси-әкімшілік іс жүргізетін жері-орда деп аталған. Онда сарай қызметкерлері тұрған. Олар: хақанның уәзірлері, нөкерлері, орынбасарлары, қазынашылары, елшілері, хат жүргізушілері, аспапшылары және т.б жеңіл-желпі жұмыс істейтіндер.
Қараған мемлекетіндегі қоғамдық құрылыс басқару тәртібі, жер иеленудің түрлері, алым-салық алудың жүйесі, әлеуметтік теңсіздік, қанаудың түрлері туралы сөз еткенде, орта Азиядағы мемлекеттердегі қоғамдық құрылыстың әсері болғандығын ескерген жөн. Мәселен, отырықшы-егіншілік округтерде негізінен саманилер тұсында қолданылған құрылымда сақталды. Мұнда бұрынғысынша қоныс және қала басшылары (мехталар, әкімдер, раистер) болды. Сонымен бірге ілік-хандар тұсында, сахиб-барида (мәліметшілік қызметтерде қоса атқаратын почта бастықтары), мұстауфалар (финанс –салық ведомствосының чиновнигі мен бастығы) және т.б да лауазымдар сақталды.
Тұтас алғанда Қарахан мемлекетінің мемлекеттік-әкімшілік жүйесі феодалдық негізде орнықты. Ол отырықшы және көшпелі халық бұқарасын қанап, бағынышта ұстау мақсаттарына қызмет етті.
13) Қыпшақ хандығы (XI ғ басы-1219 ж.). Қыпшақ және олардың қоныстануы.«Қыпшақ» атауы ең бірінші рет 760 жылы ежелгі түріктің руникалық ескерткіштерінде аталады. Мұсылман деректерінде қыпшақтар тұңғыш рет араб географы Ибн Хордабектің (IX ғ.) жылнамалық жинағында ұшырасады.656 жылы Батыс түрік қағанаты құлағаннан кейін Алтай тауының Солтүстік жағы мен Ертіс өңірін жайлаған қыпшақтардың едәуір мол топтары кимектердің басшылығы мен тайпалар одағының өзегін құрайды. Алайда негізгі қыпшақ тайпаларының өзін-өзі билеуге ұмтылған талабы VIII ғасырдың соңында оларды кимек мемлекетінің құрамынан бөлініп, батысқа қарай көшуіне апарып соғады. Бірақ қыпшақтар түбірлі тәуелсіздікке жете алмайды, олар VIII-X ғғ. кимек мемлекетінің құрамында болып, қыпшақтар тарихы кимектер тарихымен қоса өрледі.XI ғасырдың басында Кимек қағанаты тарханнан кейін, кимек, қыпшақ және қуман тайпаларының бұрын жайлаған жерлерінде әскери саяси жетекшілік қыпшақ хандарының қолына көшеді. Қыпшақтың өкімет басына келген ақсүйектер әулеті оңтүстік және батыс бағыттарында белсенді қимыл-әрекеттерге кірісіп, Орта Азия және Оңтүстік Шығыс Европа мемлекеттерімен тікелей байланыс жасауға кіріседі.Қыпшақ этникасының қазақ территориясында құрылуы аса ұзақ процесс болған, ол үш кезеңге бөлінді: 1.VII-VIII ғғ. Kимек қағанатының құрамындағы қыпшақтар; 2.VIII-IX ғғ. Алтай тауларынан батыстағы Еділ өзеніне дейінгі террторияға қоныстанып, саяси үстемдік алған қыпшақтар; 3.XI-XIII ғғ. Шығыс ұлыстағы айбынды қыпшақтар.XI ғ. екінші жартысынан бастап қыпшақтардың этникалық құрамына енген негізгі тайпалар: қимақтар, баяндурлар, баяуттар, қаңлылар, ұран тайпалары. Әбу-л-Ғазиздің хабары бойынша Ыстық көл мен Талас жағалауына қоныстанған қаңлылар да кірген.
Рашид-ад-Диннің жазуына қарағанда, қыпшақ қоғамында ұран тайпасының беделі ерекше болған. Оған себеп Хорезм шахы Мұхаммед II шешесі Туркан-Хатун осы ұран тайпасынан болған. Моңғол шапқыншылығының қарсаңында қыпшақтармен Хорезм шахының арасындағы жақсы қатынас болған тәрізді. Қоныстануы.
XI ғ. орта кезінде қыпшақтар қазіргі Қазақстанның шығысындағы Алтай мен Ертістен бастап, Оңтүстігіндегі Балқаш көлінен теріскейдегі Оңтүстік Батыс Сібірдің орманды дала аймағына дейінгі кең территориясына тарап, емін-еркін қоныстанды.Қыпшақ хандары өз мемлекетінің шекарасын кеңейте отырып, Оңтүстікте Тараз қаласының маңына дейін жетеді, сөйтіп Қарахандармен шектесіп жатқан жерден Қанжек Сеңгір бекінісін салады.Қыпшақ тайпаларының этникалық территориясы өздерінің этникалық-саяси бірлестігі шебінің тұрғысынан қарағанда, негізгінен тұрақты болған, тек Оңтүстік-батыс шекарада XII ғ. 30-жылдарынан бастап Хорезм шахтар мемлекеті тым белсенді саясатты жүргізуге көшеді.
Қыпшактардың қогамдық қурылымы.Қыпшақ қоғамы әлеуметтік және жіктік жағынан тең болмаған. Мүліктік теңсіздіктің негізі- малға жеке меншік болып табылады. Негізгі байлық жылқының саны болған. Жазба деректер хабарына сүйенсек, қыпшақтар еліндегі көптеген кісілердің бірнеше мыңнан жылқысы болған, ал кейбіреулерінің жылқысының саны 10 мыңға жеткен және одан да көп болған. Ибн Батутаның (араб тарихишсы) хабарына қарағанда, жеке меншікті бұзған адам қатал жазаланған, кәдуілгі хұқтың (төрелік айту) нормасы олар айыпталуға тиіс деп есептелген. Мәселен: егер біреудің атын ұрласа, атты қайтарумен бірге 9 ат айып беруге тиісті болған.Төменгі топқа малы аз шаруалар жатса, ал қолға түскен тұтқындар құл ретіңде пайдаланылды, ешқандай құқы болмаған. Ондайлар Орта Азия, Шығыс елдеріне құлдыққа сатылып отырған. Шежіреде қыпшақ мемлекетінде қарапайым адамдарды «ерлер» деп атаған. Олар заң жүзінде ерікті болғанымен іс жүзінде үстем тап өкілдеріне тәуелді болған. «Ерлерден» хан есебінде жасақтар құрылды. Махмұд Қашғаридің жазуы бойынша малы жоқ кедейлер жатақтар деп аталып, көп жағдайда олар ханның немесе үстем тап өкілдерінің тәуелдігіне түскен.
Сөйтіп, қыпшақ хандығы қалыптасқан ерте феодалдық мемлекет болды, ол көнетүрік мемелекетінің дәстүрін дамытып, жалғастырды.
14) VI- XII ғасыр Көне түркі жазба ескерткіштері
Көне түркі жазба ескерткіштері, түркі руникалық жазба ескерткіштері – 7–9 ғ-лардағы көне түркі ойма жазулары мен қолжазбалары, көне түркі әліпбиіндегі әр алуан мәтіндер. Көне түркі жазба ескерткіштері арқылы қазіргі түрік халықтарының көне тілін, тарихын, этногенезін, географиясын, рухани мәдениетін, жазба дәстүрін, әдет-ғұрыптары мен дүниетанымын білуге болады.
Иссык жазба ескерткіш— сак дэуірінен калган жазба ескерткіш (б. з. д. 5—4 г.). 1970 ж. Ӏле екірінін тау бектеріндегі Есік қаласы іргесіндегі Сак заманынан каіған үлкен корымнан алтынға бөленген жауынгер мәйіті және онын түрлі заттары, сонын ішінде жүмбак жазуы бар куміс тостағанша табылған. Онын сырт жағына руна тәріздес 26 танба ойылып жазылған. Ескерткіштін күндылығы — біріншіден, ертедегі Қазақстан жерін мекендеген сак тайпаларынын тілі коне түркі тілі екендігін, екіншіден, будан 2500 жыл бүрын түркі тектес тайпалардын әліпбилік жазуы болғанын дәлелдейді:
Могoилян жазба ескерткіш — Орхон езені бойынан табылған көне түркі ескерткіші (7 ғ.соны). Ескерткіш Күтлүғ(Кдпаған) кағаннын баласы Могилян- ғаарналған, мәтінін жазған Иоллығ Тегін, оны тапкан Н. М. Ядринцев, алғаш рет окыған В. В. Радлов. Жазуда Могиляннын, Күлтегіннін, Тонукүктын жорыктары баяндалған.
Мойунчур ескерткіші — Орхон-Енесей көне түркі жазуымен 759 ж. жазылған ескерткіш. Оны Солтүстік Монголияда 1909 ж. тапкан Г. И. Рамстедт. Ол — ескерткіш мәтінін немісше аударыгі, 1913 ж. жариялаған. Бұл енбекті Н. Оркун түрік тіліне, С. Е. Малов 1959 ж. орыс тіліне аударып жариялаған. Ескерткіш "Селенге тасы" деп те аталады. Мойун-чур сол кездегі үйғыр мемлекетінін ханы болған. Ескерткіш мәтінінде жер-су, адам, тайпа, халык (үйғыр, оғыз, тоғыз, татар, кырғыз, түркеш, түрік, соғды, кыпшақ т.б.) атаулары кездеседі. Ескерткіште әнгіме оғыз тайпасынын өкілі атынан баяндалады.[1]
Орхон ойма жазулары — Монголиянын Орхон, Селенге өзендері бойынан табылған көлемді әдеби мұралар, хан әулетінін кұлпытастары, 7—8 ғғ. жазылған көне түркі руникалык ескерткіштері болып табылады. иран Білге каган, Күлтегін, Тонукүк, Күлі-чур, Мойун-чур т.б. ескерткіштер жатады Ескерткіштер мен ондағы жазбаша деректерлі ашып жариялаған — Н. М. Ядринцев, В. Томсен, В. В. Радлов.
Қазақстан жерінде
Соңғы отыз жыл ішінде Қазақстан жерінде де көне түркі жазба ескерткіштерінің бар екендігі анықталды. Талас бойынан (Жамбыл облысы) төртбұрышты тас мөр мен дөңгелек тастың жарты сынығына бедерленген руникалық ойма жазулар, Іле бойынан (Алматы облысы) жартастарға қашалған руникалық жазу үш жерден табылды. Осы өңірден жүзіктегі руникалық жазу да анықталды. Сыр бойында (Оңтүстік Қазақстан облысы) ескі кенттердің орнынан табылған саз балшықтан күйдірілген дөңгелек алқа, құмыра сияқты ойылған руникалық жазулар белгілі болды. Ертіс өңірінен екі қола айнадағы руникалық ойма жазудың (Шығыс Қазақстан облысы) бірін А.Н.Бернштам 1948 жылы жариялады. Сондай-ақ 1985 жылы Шығыс Қазақстаннан жартасқа қашалған руникалық жазу, ал 1987 жылы бауға тағылған мөрдің табанына ойылған руникалық жазу табылды Жайық өңірінен (Ақтөбе облысы) анықталған қола айнадағы руникалық жазу 1986 жылы жарияланды. К. т. ж. е-нің тілін зерттеп, зор үлес қосқан ғалымдар – Томсен, Радлов, П.М.Мелиоранский, В.Банг, Г.И.Рамстед, А.Габэн, С.Е.Малов, В.М.Насилов, И.А.Батманов, А.Н.Кононов, Дж.Клоусон, Т.Текин, т.б
