Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-100ге дейін толық.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.24 Mб
Скачать

63)Қазақ акср білімінің маңызы

Қазақ жерлерінің Қазақ АКСР құрамына біріктірілуі.

Заман талабы қазақ халқының Ұлттық Кеңес Мемлекеттігін құруын қажет етті.

Жүзеге асыруға тиісті шаралар : 1. Халықтың бұрынғы территориялық тұтастығын қалпына келтіру. 2. Қазақ жерлерін бір республика құрамына біріктіру.

Қырғыз әскери – революциялық комитеті жанынан арнаулы комиссия құрылып, болашақ республиканың шекарасын белгілеумен айналысты. Бұл өзгерістер кезінде әр түрлі көзқарастар туындады. Кейбіреулер Қазақстанға Ақмола, Семей, Орал облыстарының қосылуына қарсы шықты, басқалары, керісінше, қазақ жерлерін ғана емес, сонымен қатар республика құрамына Омбы облысын, Орта Азияның көп бөлігін, Барнаул уезін, Алтай өлкесін және т. б. қосуды да талап етті.

Орынборды Қазақстан құрамына енгізу маңызды мәселе болды. 1919 жылғы қыркүйектің 19–ында губерниялық комитет Орынбордың Қазақстанға қосылуы туралы шешім қабылдады, ал 1920 жылғы шілденің 7 – ісінде Орынбор қаласы Республика құрамына енгізіліп, тұңғыш астанасы (1920 1924 жж.) болды. 1924 – 1929 жж. астана – Ақмешіт (Қызылорда). 1929 жылдан астана – Алматы.

Батыс Сібірге еніп келген Ақмола және Семей облыстарын Қазақстан құрамына енгізу оңай болған жоқ, оған Сібір ревкомның кейбір мүшелері қарсы шықты. 1920 жылдың екінші жартысында олар Қазақстанмен шекараны белгілеу мәселелерін бес рет қарады. Ақыры 1921 жылы Ақмола және Семей облыстары Сібір ревкомы қарамағынан КАКСР – не берілді. 1921 жылы Жайық, Ертіс өзендері бойындағы бұрын казактар иеленіп келген 10 шақырымдық өңір халқына қайтарылды.

КАКСР құрамына енгізілген аймақтар:

Семей облысы – Павлодар, Семей, Өскемен, Зайсан, Қарқаралы уездері.

Ақмола облысы – Атбасар, Ақмола, Көкшетау, Петропавл, уездері және Омбы уезінің бір бөлігі.

Торғай облысы – Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз, Торғай уездері.

Орал облысы – Орал, Ілбішін, Темір, Атырау уездері, Маңғыстау уезі.

Закаспий облысы – Красноводск уезінен 4,5 Адай облыстары. Астрахань облысының бір бөлігі.

Бөкей ордасы және Каспий теңізі жағасындағы болыстар.

Орта Азияны ұлттық – мемлекеттік жағынан межелеуді және Оңтүстік аймақты республика құрамына қосуды әзірлеу жөнінде қазақ зиялылары ұйымдастыру шараларын жүргізді (1924 ж.).

Нәтижесінде; 1) Кеңестік Шығыста ұлт республикалары құрылды. 2) Қазақ жерінің біртұтас Қазақ республикасы болып қалыптасуы аяқталды.

Соның нәтижесінде Сырдария облысының Қазалы, Ақмешіт (Қызылорда), Түркістан, Шымкент уездері, Әулиеата уезінің көп бөлігі, Ташкент, Мырзашол уезіндерінің бір бөлігі, Самарқанд облысы, Жизақ уезінің бірнеше болысы, Жетісу облысының Алматы, Жаркент, Лепсі, Қапал (Талдықорған) уездері, Пішпек уезінің бір бөлігі Қазақстанға қарады. Республика аумағы үштен біріндей кеңейіп, 2,7 млн. шаршы шақырымға жетті, ал халқы 1 млн. 468 мың адамға көбейіп, 5 млн. 230 мың адам болды. Қазақтар – 61,3 % - ін құрады (1926 жылғы санақ деректері бойынша).

1925 жылы 15–19 сәуірде Ақмешітте өткен Кеңестердің бүкіл Қазақстандық V съезінде «қырғыз – қазақ» атауы берілді, ал 1936 жылғы 9 ақпанда КАКСР Орталық Атқару Комитеті қаулысымен «қазақтар» атауы берілді.

Сөйтіп, қажырлы күреспен келген өзін - өзі билеу құқығы қазақ халқы үшін нақты шындыққа айналды.

64 )1917-1940 жж мәдениеттің дамуы,Кеңес зиялыларының қалыптасуы.. Қазақстан көлемінде жарыққа шыққан кітаптар және 1930 жылға дейінгі Қазақ республикасы үшін Орынборда, Ташкентте, Москвада, Қазанда басылған кітаптар зерттеу аясына енгізілді. Бұл қалаларда басылған кітаптарды қарастырудың негізгі себебі 1925 жылға дейін Орынбор қазақ республикасының әкімшілік орталығы болғандықтан Қазақстанның полиграфиялық базасы сонда болды. Ташкентте, Москвада, Қазанда Қазақ КСР өкіметінің тапсырысымен қазақ тіліндегі кітаптар басылды.ХХ ғ. 20-40 жж. Қазақстандағы ғылыми кітаптардың тарихы кеңестік жүйеде мәдени революция шеңберінде сипатталды. Шын мәнісіне келгенде қазақ қолжазбалары мен баспалар туралы 50-жж. дейін арнайы зерттеу еңбектер болған жоқ. Тек қазақ кітаптарының жиынтық каталогтарында, библиографиялық көрсеткіштер, тізімдерде, кейбір мақалаларда олардың аттары көрсетіліп жүрді.

Қазанда шығыс халықтарының көптеген кітаптары шыққаны белгілі. Осы мәселеге алғаш қалам тербеген ресейлік ғалымдар болды. Н.П. Лихачев еңбегінде Қазандағы кітап баспа ісінің тарихына тоқталса [2], Н.Ф. Катанов Шығыс библиографиясын жүйелеуге тырысқан [3].ХХ ғ. 20-жж. М.Е. Салтыков-Щедрин атындағы Мемлекеттік көпшілік кітапханасы жанындағы ғылыми-зерттеу институты 1927, 1929, 1932 жж. үш жинақ шығарады. Жинақта кітап тарихы, кітап ісі теориясы, полиграфия, кітапты безендіру, библиографияның теориясы мен практикасын дамытудағы институттың сіңірген еңбегі көрсетілген.Ресейде кітап туралы журналдар тұрақты шығып тұрды. Мысалы, Москвада А.С. Бубнов, Ф.В. Константинов редакторлығымен «Правда» баспасынан 1932-1940 жж. ай сайын сын-библиографиялық «Книга и пролетарская революция» деген журнал шығарылып, онда жаңадан шыққан көркем әдебиет шығармалары, философия тарихы, марксизм-ленинзм, саяси экономия туралы кітаптарға библиографиялық сипаттамалар жарияланып тұрды. Ал П.М. Керженцев жауапты редакторлығымен «Кітап және революция» деген журнал 1920-1923 жж. Петроградта, кейіннен Москвада шықты, мұнда әдеби, білім-ғылымның барлық саласы бойынша мақалалар басылды.20-30 жж. мәдени  революция нәтижесінде кеңестік қоғамда баспаның ролінің өсуіне байланысты ғылымның жетістігі кітаптың әлеуметтік ролін, оның идеологиялық қызметін көрсетті. Кітапқа деген бұл тәсілді академик А.С. Орлов, П.Н. Берков, И.В. Новосадский қолданды, алайда олар сол кезде етек алған тұрпайы әлеуметтанымдық рухында жазды.

Қазақстан шығыстану ғылымында Н. Сәбитов қазақ тілінің тарихи лексикасын, деректеме мен библиография саласында айтарлықтай еңбек сіңірді. 1940 ж. Шығыс кітаптары туралы мақаласы «Казахстанская правда» газетінде жарияланады. 1941 жылы 1917-1939 жж. шыққан кітаптардың библиографиялық көрсеткіштерін жасауға қатысады және А.С. Пушкин атындағы Мемлекеттік көпшілік кітапханасындағы сирек кітаптардың қорлары туралы мақала жазады. Нығмет Сәбитов бірінші абайтанушы-библиографтар қатарына кіреді. Ол алғаш рет 1889-1945 жж. Абайдың 100 жылдық мерейтойына арналған Абай шығармаларының библиографиялық көрсеткішін жасады. 1917 жылға дейінгі Қазақстан тарихы бойынша материалдар мен шығыс деректері бойынша көрсеткен еңбегі әлі күнге дейін өзекті деп есептейміз [4]. Н. Сәбитовтың «Қазақ әдебиеті (1862-1917)» библиографиялық көрсеткішінің бірінші басылымында кітап аттары орыс графикасына негізделген қазақ әрпімен қатар сол кездегі араб әрпімен қоса берілген. Сонымен бірге Н. Сәбитов қазақ ағартушылары Ш. Уәлиханов және Ы. Алтынсариннің өмірі мен қызметі, еңбектері бойынша библиографиялық көрсеткіш құрастырған.Қазақстан КП «Орталық Комитеттің партиялық баспасы» туралы библиографиялық көрсеткіштер 30-шы жж. шығады. Кеңес үкіметі тұсында мәдениет жөніндегі әдебиеттердің бәрі коммунистік идеологияны, Ленин, Сталин идеяларын дәріптегені белгілі. Ол еңбектерді біз тарихнамадан алып тастай алмаймыз, сондықтан біз қазақ баспа ісінің дамуына қатысты тұстарын сұрыптап, оларға шолу жасағанды жөн көрдік

65 )ХХ 20-30 ғасырдағы Қазақстан мәдениеті

20-30-шы жылдардағы оқу-ағарту ісімен мәдениет мәселесі тарихымызда әлі толық анықтала қоймаған күрделі мәселе. Мұның басты себебі, осыған байланысты ресми мәліметтердің өзара кайшылықта болуы дер едік. 20-30-шы жылдардғы ұлт зиялылардың ағартушылық қызметі арқылы тоталитарлық жүйесі қарсылығының ерекше түрі болғандығын көрсетуі біздіңше құптарлық пікір деуге болады. Кеңес заманында қазақтарда қазан революциясына дейін оқығандар болған жоқ деген тезис белең алып келгені баршаға мәлім. Ал шын мәнінде тарихи шындық басқаша болған. Профессор Х.Әбіжановтың статистикалық мәлім еттеріне сүйеніп жасаған мына мәліметгеріне сүйенсек, XX ғасырдың басында қазақ өлкесінде қазақтардан 3000-дай мұғалімдер, 600-ге жуық ауыл шаруашылық мамандары, ал 30-ға жуық қазақ азаматы жоғарғы медицина мамандық алған. Қазақтың ұлттық интелегенциясынын өсіп-өркендеуі қиын тарихи жағдайда жүрді. Бір жағынан уақыты өткен ескі қоғамдық қатынастар аяқтан тартып, мешеуліктен шығуға кедергі жасаса, екінші жағынан отарлық езгі, патшалықтың «әскери-полицейлік» тәртібінің күшейуі қазақ елінің алдағы болашағын күмәнді етті. Ақыры 1917 жылы Ақпан төңкерісі женіп, патша тақтан түсті. Қазақ демократиялық зиялылары бұл хабарды қуанышпен қарсы алып, ендігі жерде қазақ халкының бостандығын қамтамасыз ететін сәт жақындады деп сенді. Осыған байланысты, сол кездегі халықтың көңіл күйін А.Байтұрсынов былайша сипаттайды; «Қазақтарға Ақпан Төңкерісі қаншалықты түсінікті болса, Қазан (әлеуметтік) Төңкерісі оларға соншалықты түсініксіз көрінді». Олар алғашқы революцияны қандай қуанышпен қабыл алса, тура сондай үреймен екіншісін қарсы алуға мәжбур болды. Қазақ халқымен таныс адамдар үшін қазақтардың бұл төңкеріске деген мұндай қатынасы әбден табиғи және түсінікті болатын. Алғашқы төңкерісті қазақтар тура түсініп, қуанышпен қарсы алса, ал бірініден бұл төңкерістің оларды патша үкіметінің қанауы мен зорлығынан құтқаруына және екіншіден, олардың өзімізді өзіміз басқарсақ деген ескі үмітін нығайта түсуінде еді. Міне осылайша қазақ зиялылары Ақпан төңкерісінің нәтижесінде ұлттық-азаттық қозғалыстың негізі мәселелері - ұлттық мемлекеттік дербестік алуға, мәдениетті өркендетуге және басқа мәселелерді шешуге мүмкіндік туадыдегенсенімдеболды.Осы орайда оқу-ағарту саласына ерекше көңіл бөлген ең алдымен Түркістан Республикасы Халық комиссарлар Кеңесінің төрағасы Тұрар Рысқұловтың, сонымен бірге Сұлтанбек Қожанов, Нәзір Төреқұлов, Санжар Асфандияровтардың атқарған қызметтерін атап өткен орынды. Уақыт талаптарына сай Түркістанның саяси басшылары 20 жылдардың басыңда ірі станционарлы педагогика оқу мекемелерін ұйымдастыру арқылы республиканың ұлттық-кеңестік мектептеріне білікті мұғалім кадрларын дайындай бастады. Осы бағыттағы жұмыстың нәтижелігін өсіру мақсатымен ...

Ере­сек­тер ара­сын­да са­уат­сыздықты жою

Ша­ру­ашы­лықты да­мытып, жақсы өмір сүру үшін ең ал­ды­мен ха­лықтар ара­сын­да са­уат­сыздықты жою және ағар­ту ісін да­мыту міндеті тұрды.

1924 жы­лы Қазақстан­да «Са­уат­сыздық жойыл­сын» қоғамы ұйым­дасты­рыл­ды. 1921–1927 жыл­дар ара­лығын­да Қазақстан­да 200 мыңға жуық адам әр түрлі жер­де оқыды. 1928 жы­лы Қазақстан­да бар­лық ха­лықтың 28%-ы са­уат­ты бол­ды. Ал қазақтар ара­сын­дағы бұл көрсеткіш 10% бол­ды. 1931 жы­лы Қазақстан­да 15–20 жас ара­лығын­дағы бар­лық адам­дардың са­уатын ашу, яғни оларға міндетті білім бе­ру жүйесі енгізілді. Са­уат­сыздықты жою мақса­тын­да рес­публи­када ағар­ту ісіне жұмса­латын қар­жы­ның мөлшері көбейді.

Са­уат­сыздық жою ісі жөнінде Қазақстан одақ құра­мын­дағы басқа мем­ле­кет­терден арт­та қал­ды. Мұның се­бебі – әміршіл-әкімшіл жүйенің бю­рок­раттық са­яса­ты. Са­уат­сыздықты жою ісінде ең ал­ды­мен ком­со­мол ұйымы бел­сенділік та­ныт­ты. Тек қана 1930 жы­лы бұл іске ком­со­мол құра­мын­дағы 5000-ға жуық жас­тар қатыс­ты.

1936 жы­лы жер-жер­ден ашылған са­уат­сыздықты жою ме­кеме­лерінде 500000-нан ас­там адам оқыды.

Рес­публи­када ере­сек­тер ара­сын­да са­уат­сыздықты жою ісіне сол кез­дегі «Ауыл мұғалімі» жур­на­лы мен «Төте жол» га­зеті әдісте­мелік құрал ретіндегі көмегін тигізді.

1939 жы­лы Қазақстан­дағы са­уат­ты адам­дардың үлесі 65% бол­ды, қазақ халқының ара­сын­да бұл көрсеткіш 40%-ға жетті. Рес­публи­кадағы ірі қала­лар, негізінен, са­уат­ты қала­ларға ай­нал­ды (Ал­ма­ты, Шым­кент, Қараған­ды, Ле­нино­горск, Та­раз, Орал т. б.)

Ха­лыққа білім бе­ру ісі

1926 жы­лы Қазақ АКСР Ха­лық Ко­мис­сарлар Кеңесі «Қазақ АКСР біртұтас еңбек мек­тептерінің жарғысын» қабыл­да­ды. Көпте­ген қала­лар­да ар­на­улы білім бе­ретін және со­ның ішінде қазақ қыз­да­рын оқыта­тын мек­тептер ашыл­ды.

1930–1931 жыл­да­ры Қазақстан ха­лықта­рының ара­сын­да жал­пыға бірдей оқу міндеті енгізілді. Жал­пыға бірдей білім бе­ру ісіне үкімет қол­дау көрсе­те бас­та­ды. Со­нымен қатар Қазақстан ком­со­молы бұл істің жүзе­ге асы­рылу­ын және білім бе­ру ісінің да­мыту­ын өз мойын­да­рына ал­ды. Білім бе­ру ісін да­мыту бағытын­да ана тіліндегі оқулықтар­ды жа­саған қазақтың ұлттық зи­ялы­лары үлкен үлес қос­ты. Мы­салы, А. Байтұрсы­нов су­ретті әліппе, Ж. Ай­ма­уытов ана тілі оқулықта­рын жаз­ды.

20–30 жыл­да­ры қазақ мек­тептеріне ар­налған оқулықтар­ды жа­сау бағытын­да Ғ. Мүсіре­пов, С. Сей­фул­лин, М. Жұма­ба­ев, М. Ду­латов, Қ. Ке­меңге­ров, Ә. Бөкей­ха­нов, С. Сәдуақасов, А. Байтұрсы­нов, Ж. Ай­ма­уытов көп еңбек сіңірді. Рес­публи­ка жерінде орыс, қазақ, өзбек, та­тар тілдерінде оқыта­тын мек­тептер жұмыс істей бас­та­ды. 1934–1935 жыл­да­ры Қазақстан­да 221 ин­тернат жұмыс істеді.

Соғыс­тың ал­дында рес­публи­ка мек­тептерінде 44000 мұғалім жұмыс істеді. С. Ақышев, С. Көбе­ев, А. Ақатов, Ш. Са­рыба­ев, Л. И. Дов­ранс­кая, Н. В. Вол­ков т. б. білім бе­ру ісінің үздіктері «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі» де­ген атаққа ие бол­ды.

Кәсіптік білім бе­ру ісінің да­муы

1928 жы­лы Қазақстан­да тұңғыш жоғары оқу ор­ны Ал­ма­ты пе­даго­гика инс­ти­туты ашыл­ды. Бұл инс­ти­тут Абай­дың есімімен атал­ды.

1929 жы­лы Ал­ма­ты зо­отех­ни­калық мал дәрігерлік инс­ти­туты ашыл­ды.

1930 жы­лы Ал­ма­тыда Қазақ ауыл ша­ру­ашы­лық инс­ти­туты ашыл­ды.

1931 жы­лы Ле­нинг­рад әске­ри ме­дици­на ака­деми­ясы­ның қамқор­лығымен Ал­ма­ты ме­дици­на инс­ти­туты ашыл­ды.

1934 жы­лы Ал­ма­тыда Қазақ кен ме­тал­лургия инс­ти­туты ашыл­ды. Кейін по­литех­ни­калық инс­ти­тут аталған бұл оқу ор­ны ин­же­нер-тех­но­лог кадр­ла­рын да­яр­лай­тын іргелі оқу ор­ны бол­ды.

1931–1932 жыл­да­ры Қызы­лор­да, Орал қала­ларын­да пе­даго­гика инс­ти­туты ашыл­ды. Се­мей, Пет­ро­павл, Ақтөбе, Қараған­ды, Қос­та­най, Шым­кент қала­ларын­да мұғалімдер инс­ти­тут­та­ры ашыл­ды. Соғыс­тың ал­дындағы жыл­дарда Қазақ КСР-де жоғары оқу орын­да­рының са­ны 20-ға, ар­на­улы оқу орын­да­рының са­ны 118-ге жетті. Кәсіптік білім бе­ретін бұл оқу орын­да­рын­да 40000-ға жуық жас­тар білім ал­ды.

Ғылым­ның да­муы

XX ғасыр­дың 30 жыл­да­рын­да Қазақстан ғылы­мы қалып­та­сып, да­ми бас­та­ды. Қазақстан­ды ғылы­ми тұрғыдан зерт­теу ісіне 1920 жы­лы құрылған «Қазақстан­ды зерт­теу» қоғамы көп үлес қос­ты. Бұл қоғам­да Қ. Жұба­нов, С. Ас­панди­яров, Ж. Ай­ма­уытов, А. В. За­та­евич, А. Байтұрсы­нов, Ә. Ди­ва­ев, А. П. Чу­лош­ни­ков сияқты ғалым­дар еңбек етті. 1926 жы­лы М. Е. Мас­сон Та­раз қала­сының ор­нында ар­хе­оло­ги­ялық қаз­ба жұмыс­та­рын жүргізді.

Н. Г. Кас­син, С. С. Не­уст­ро­ев, М. П. Ру­саков, А. Е. Ферс­ман, Р. А. Ба­рунайов сияқты ге­олог ғалым­дар қазақ жерінің та­биғи ре­сурс­та­рын зерт­те­уде ірі та­быс­тарға жетті. Қараған­ды, Екібастұз көмір қор­ла­ры, Ембі мұнай қоры анықтал­ды.

1932 жы­лы КСРО Ғылым ака­деми­ясы­ның қазақстан­дық ба­засы құрыл­ды. Бұл ба­заның құра­мын­да 1935 жы­лы та­рих және ге­оло­гия сек­то­ры, Қазақ ұлттық өнер ғылы­ми-зерт­теу инс­ти­туты құрыл­ды.

1935 жы­лы КСРО Ғылым ака­деми­ясы Кенді Ал­тай түсті ме­талын, Жезқазған мы­сын, Орал-Ембі мұнайын зерт­те­уге ар­налған сес­сия өткізді. Зерт­теу нәти­жесінде Қазақстан­ның одақ көлемінде көмір қоры жөнінен бірінші орын ала­тыны анықтал­ды.

1935 жы­лы про­фес­сор С. Ас­панди­яров­тың еліміздің та­рихы жөнінде «Қазақстан­ның көне за­ман­нан бергі та­рихы» ат­ты ғылы­ми еңбегі жа­рық көрді.

А. Байтұрсы­нов, Қ. Жұба­нов, С. Сей­фу­лин, С. Мұқанов бас­таған әде­би­ет­та­нушы­лар линг­вис­ти­ка, тіл білімі және әде­би зерт­те­улер бойын­ша ғылы­ми еңбек­тер жаз­ды.

Қазақ КСР-де ғылым­ды да­мыту жо­лын­да С. М. Ва­вилов, В. Л. Ка­маров, А. Н. Сма­ило­вич (түрко­лог), А. Д. Ар­хангель­ский (ге­олог) есімді ака­демик­тер мол үлес қос­ты.

1940 жы­лы Қазақстан­да 57 ғылы­ми-зерт­теу инс­ти­туты жұмыс істеді. Бұлар­да 1700-ге жуық қыз­меткер еңбек етті. 1939 жы­лы елімізде ғылы­ми істер­ге жұмса­латын күрделі қар­жы 14,4 мил­ли­он сомға жуық бол­ды.

Соғыс қар­саңын­да КСРО Ғылым ака­деми­ясы­ның қазақ фи­ли­алы құрыл­ды.