Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-100ге дейін толық.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.24 Mб
Скачать

58 Қазақстанда Кеңестер мен Уақытша үкімет органдарының құрылуы.

1917 жылдың басында Россияда революциялық жаңа толқын көтерілді. Империалистік соғысты азамат соғысына айналдыру ұраны кеңінен насихатталды. Патша өкіметі бұқараның жаппай қарулануынан қатты сескене бастады. Революциялық дағдарыстң пісіп-жетіліп келе жатқандығы ұлт аймақтарында оның ішінде Қазақстанда да сезіне басталды.

1917 жылы 27 ақпанда Россияда Ақпан буржуазиялық – демократиялық революция жеңіске жетті. Монархия құлатылып, Романовтар әулеті биліктен кетті. Бұл жағдайды Қазақстан халқы қуанышпен қабылдады. «Қанқұйлы Николай тақтан құлатылғанын білгеніміздегі біздің қуанышымызды айтып жеткізу қиын», - деп көрнекті мемлекет қайраткері Б.Алманов өз естелігінде айтты.

Ә. Бөкейханов бастаған ұлттық демократия өкілдері буржуазиялық – демократиялық революцияны ұлттық қазақ автономиясын құратын сәт туды деп қуанышпен қарсы алды.

Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Россиядағы сияқты Қазақстанда да кос (екі) үкімет орнады.Уақытша үкімет (буржуазия үкіметі).Жұмысшы шаруа, солдат депутаттарының Кеңесі (советтер) құрылды.Уақытша үкіметтің ұстаған бағыты-капитализмді дамыту.Жұысшы, шаруа және солдат депутаттары Кеңесі бағыты – социализм құру.

Буржуазиялық – демократиялық Ақпан революциясының жеңіске жетуі өлкендегі еңбекшілердің саяси белсенділігін өсірді.Қазақстанда Кеңестер 1917 жылы наурыз – мамыр айларында Семейде, Әулиеатада, Петропавлда, Көкшетауда, Ақмолада, Павлодарда, Оралда, Өскеменде, Атбасарда, Түркістан өлкесінде және т.б. жерлерде құрыла бастады. Жұмысшы табы мен солдат депутаттарының ізінше сәуір – мамыр айларында шаруа депутаттарының Қеңістері құрылды. Оларда көпшілік орынды меньшевиктер мен эсерлер алды. Уақытша үкіметтің қазақ өлкесіндегі жергілікті органдары 1917 жылы наурыз – сәуірде құрылды. Уақытша үкімет облыстарды басқаруға бұрыңғы патша чиновниктерін және қазақтың ұлттық зиялыларын сайлады. Ә. Бөкейханов Төрғайдағы Уақытша үкімет органдарының комиссары, М.Тынышбаев Жетісудағы Уақытша үкімет органдарының комиссары, М.Шоқай Түркістанның Уақытша үкіметінің комиссары болып қызмет атқарды.

Ақпан революциясынан кейін ұлттық-либералдық қозғалыстың басшылары (Ә. Бөкейханов, М.Тынышбаев, М.Шоқай және т.б.) қоғамдық – саяси дамудың маңызды мәселелері бойынша Уақытша үкімет жағына шықты.

59) Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы.

Петроградтағы Қазан төңкерісі.1917 жылы қазан айында елде жалпы ұлттық дағдарыс қалыптасты. Оның себептері:  1) Монархияның ауыр мұрасы  2) Уақытша үкімет бітім, 8 сағаттық жұмыс күні, ұлттар теңдігі мәселелерін шешпеді.  3) Елде жайлаған ашаршылық пен күйзеліс. Петроградта 1917 жылғы 24-25 қазанда Ленин бастаған революциялық күштердің жеңіске жетіп, Уақытша үкімет құлатылып, мемлекет билігінің Қеңестердің қолына көшкені туралы хабар бүкіл Россияны ғана емес, дүниежүзін, бүкіл әлемді дүр сілкіндірген оқиға болды. 1917 жылы 25 қазанның кешінде Кеңестердің Бүкілроссиялық II съезі ашылды. Онда В.И. Ленин жазған «Жұмысшыларға, солдаттар мен шаруаларға!» деген үндеуі қабылданды, бұл үндеуде бүкіл үкімет билігінің Кеңестердің (Советтердің) қолына көшетіндігін жариялады. Кеңестер съезі өзінің екінші мәжілісінде Бітім туралы және Жер туралы декреттер қабылдады. Бітім туралы декретте барлық соғысушы елдерді соғысты тоқтатып, әділетті бітім жасауға шақырса, Жер туралы декретте помещиктердің барлық жерлері конфискацияланып (тәркіленіп), барлық жер халықтың қолына көшетіндігі жариялады. Жер жалпы мемлекеттік меншікке айналды. Қазан революциясының жеңісімен байланысты ұлттық проблемалар, бірінші кезекте ұлттық – мемлекеттік құрылыс мәселелері өткірірек талқылана бастады. Кеңес үкіметі ұлт саясатының негізгі принциптері Кеңес үкіметінің маңызды екі құжатында – Россия халықтары құқықтары Декларациясы (1917 жылы 2 қараша) мен «Ресей мен Шығыстың барлық мұсылман еңбекшілеріне» үндеуінде (1917 жылы 20 қараша) жариялаған болатыны туралы айтылған.

Ұлт мәселесін шешудің әскери – коммунистік әдістері, большевиктердің унитарлы мемлекет құруға, тек Кеңестер негізінде ғана автономия беруге ұмтылуы россиялық этностардың қайта өрлеуі үшін ұлттық факторды пайдалануға мүмкіндік бермеді Өлкеде Кеңес өкіметінің орнатылуы.Кеңес өкіметі орнауының екі түрлі жолы болды:  1. Өнеркәсіп орталықтары мен темір жолға жақын, жұмысшылар басым оңтүстік және солтүстік аймақтарда - бейбіт жолмен.