- •1) Қазақстан тарихы курсының пәні мақсаты мен міндеттері
- •2)Қазақстан аумағындағы Тас дәуірі - Палеолит, мезолит, неолит дәуірлері.
- •10)Қимақ мемлекеті: этносаяси тарихы және шаруашылығы.
- •11)Оғыз мемлекеті этносаяси тарихы,шаруашылығы,мәдениеті.
- •15)Түркі мемлекеттерінің әлеуметтік-экономикалық дамуы
- •16 Моңғолдар мемлекетінің құрылуы. Шыңғыс-хан шапқыншылығы.
- •17 )Қазақстандағы ислам
- •21) XIII ғасырдың ортасында Моғолстан мен Ақ Орда мемлекеті
- •23 )Әбілхайыр хандығы мен Ноғай ордасы п.Б. Тарихы
- •25 )Қазақ хандығының құрылуы.
- •26)Алғашқы билеушілері Қасым мен Бұрындық
- •27)Қазақ хандығының қалыптасуының аяқталуы.Қазақ этнонимі.
- •28)Хақназар хан мен Тәуекел хан
- •31 )Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық күресі.
- •32)15-18Г феодалдық қатынастар
- •33)XVI-XVII қазақтардың рухани және материалдық мәдениеті
- •35)18 Ғ. 1 жартысы Қазақсытн ішкі саяси және әлеуметтік жағдай
- •36 )Кіші жүз қазақтарының Ресей бодандығын қабылдау.
- •37 ) Әскери линиялар мен екіністердің салынуы – патша үкіметінің қазақстандағы әскери отарлау әрекетінің басталуы
- •38) Абылай және оның билігінің нығаюы.
- •39)Сырым Датұлы бастаған көтеріліс
- •41) Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы (XIX ғ. 2-ші жартысы).
- •42)Отаршылдық сипаты
- •43) Патша өкіметінің аграрлық саясаты. 1867-1868 жж. Реформалар.
- •47 )Орыс зиялылыры қосқан үлес
- •51 )Қоқан мен Хиуа феодалдарына қарсы күрес
- •55)Қазақ ғалымдары мен ағартушылар
- •56) Бірінші дүние жүзілік соғыс және Қазақстан. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс.
- •1916 Жылғы ұлт-азаттық қозғалыс.
- •57)Қазақ зиялыларының қызметі. Қазақ,Айқап журналдары
- •58 Қазақстанда Кеңестер мен Уақытша үкімет органдарының құрылуы.
- •59) Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы.
- •60)Қазақстан саси партиялар ме нқоғамдық қозғалыстар
- •61 )Азамат соғысы.Әскери коммунизм
- •63)Қазақ акср білімінің маңызы
- •66) Жаңа экономикалық саясатқа көшу.
- •67 )Кіші қазан саясаты.Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру .
- •68) Индустрияландыру
- •69) Қазақ акср – інің құрылуы.
- •72 )Майдандағы қазақстандықтар.
- •73)Соғыс кезіндегә еңбек ерліктері
- •75) Ғылым мен мәдениет
- •76 )Соғыстан кейін республика экономикасын қайта құру.
- •77)Тың және тыңайған жерді игеру
- •79)1970-1980Жылдар
- •81)1965-1991 Ғылым мен мәдениет дамуының проблемалары мен жетістіктері.
- •1965-1991Жж.Қазақстандағы ғылым мен мәдениеттің дамуындағы жетістіктер мен проблемалар.
- •83) Қазақстандағы «қайта құру» саясаты (1985-1991 жж.).
- •84) Желтоқсан оқиғасы (1986 ж.)
- •86 )Республиканың мемлекеттік рәміздері
- •87) Ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың.
- •89)Тідер дамуы проблемасы мен болашағы
- •91 )Қазақстандағы экология
- •92) Қазіргі кездегі этникалық және демографиялық жағдай
- •93 )Қызмет жолы
- •95)Білім мен ғылым бағыттары
- •98 )Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы
- •99)2003-2010 Индустриялды-иновациялды бағдарламасы.
- •100Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу.
- •96)Қазақстан Республикасы дамуының 2003-2015 жж.Индустриалды-инновациалық бағдарламасы
- •97. Қр президенті н.Ә.Назарбаевтың қазақстан халқына әлеуметтік экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты жолдауы 2012 ж 27 қаңтар
- •98.Қр президенті н.Ә. Назарбаевтың қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы:жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам атты мақаласы 2012 ж 10 шілде
- •99. Қазақстан білім қоғамы жолында қр президенті н.Назарбаевтың Назарбаев университетінде оқыған лекциясы 2012 ж 6 қыркүйек
- •Қадірлі жастар!
- •Құрметті ұстаздар мен студенттер!
- •20 Жылда біз қол жеткізген табыстар
- •Құрметті студенттер!
- •Қымбатты жастар!
- •100. Елбасы н.Назарбаевтың 2012 ж 16 қарашада өткен Нұр Отан партиясы жас отан жастар қанатының 2 сьезінде сөйлеген сөзі
47 )Орыс зиялылыры қосқан үлес
Қазақстанды игеру барысында үлкен роль атқарған орыс ғалымдары Семен- Тяньшанский Алтай, Жетісу, Орта Азия жерлеріне В.В. Родлов Іле алқабын Жетісу алқабына саяхаттар жасады. Шоқан Уәлихановтың әлемге әйгілі еткен еңбегі «Қашқарияға сапары». Бүкіл қазақ халқының этнографиясын зерттей отырып қазақтарды әлемге әйгілі етті.
Қазақстнадағы халық ағарту ісі өте нашар дамыды. Троицк қаласында, Қазалы форд орыс- қазақ мектептері ашылды. Білім берудің басты аудандары Орал, Семей, Торғай, Ақмола, Сырдария, Жетісу өңірлері болды.
Ыбырай Алтынсаринның қазақ халқына сіңірген еңбегі мектептер ашу. Ең алғаш Ырғызда қыздар мектебі, мұғалімдер даярлау мектебі, орыс қазақ мектептерін ашты.
Ресейдегі азаттық күресінің Қазақстандағы өкілдері Тросс, Мурашкин, Шварц т.б. Қазақстанның этнографиясымен, салт- дәстүрі, әдет ғұрпымен таныса отырып өз еңбектерін жазды.
Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Ш. Уәлиханов, В.В.Родлов, Іле, Жетісуды зерттеушілері М. Красовский «Сібір қырғыздарының облысы». Л. Мейердің «Орынбор ведомствасындағы қырғыз даласы», А. Добрамысловтың «Торғай облысы» тарихи очерк, Ш. Крафт, В.Н.Витевский, Н.А. Макшеев, Л.Ф. Костенко, Украин халқының ақыны Т.Г. Шевченко шығармалары.
ХІХ ғ ІІ жартысы орыс демократиялық мәдениетінің көтерілген кезеңі. Қазақстанды игерудің барысы және орыс-қазақ қатынастарының тереңдеуі өлкені зерттеуді кеңейту қажеттігін туғызды. Өлке тарихын зерттеуді ғылыми жолға қоюда 1845 ж ашылған орыс географиялық қоғамын Орынбор, Омбы, Семей және басқа ірі қоныстардағы бөлімдер мен бөлімшелері рөл атқарды.
Шоқанның жас шағынан ғылымға ден қоюына әкесінің алдыңғы қатарлы орыс зиялылары, өкілдерімен тығыз байлнысты болуы үлкен әсер етті. Академик А.И.Шренк, С.М.Семенов, А.И.Штейнгель, Н.В.Басаргин және Сотников, Н.Ф. Костыленский, Сейфулин сияқты білімді адамдар Шыңғыстың ауылында талай рет болып қайтқан.
Ыбырай жас кезінен білімге құштарлығын байқатты. Мектепте орыс, араб, татар, парсы тілдерінен және басқа да пәндерден үздік нәтиже көрсеткен болашақ ағартушы Орынборда айдауда жүргенде текті зиялы қауым өкілдерімен танысты. Шығыстану ғылымының көрнекті өкілі Б.В. Григорев, орыс демократиялық оқу жүйесінің тәжірибесін белгілі педагог ғалым Ушинскийдің, Психомировтың,Булаковтың, Фармаковскийдің, ұлы жазушы Л.Н.Толстойдың т.б ойшылдардың педагогикалық мұрасын пайдаланды.
Семейде кездескен, кейінгі жылдары байланысы үзілмеген орыс зиялы қауымының өкілдері де Абайға жан- жақты ықпал етті. Ресей азаттық қозғалысының Семейде айдауда болған белгілі өкілдері Михаэлис, Монтьев, Гросс, Долгопосов т.б оның ақындық шығармашылық демократиялық бағытта қалыптасуына себепші болды.
48) Бөкей Ордасының құрылуы Исатай мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс.
Бөкей Ордасының құрылуы (1801 ж.)XVIII ғ. соңы мен XIX ғ. басында Кіші жүз қазақтарының едәуір бөлігі Еділ мен Жайық өзендерінің сағасындағы жерлерге көшіп барды да 1801 жылы Ішкі немесе Бөкей (өздерінің бірінші ханы Бөкейдің есімімен) Ордасының негізін қалады. Ол Еділ мен Жайық өзендерінің аралығындағы әскери бекіністі шептердің іш жағында орналасқандықтан «Ішкі» деп аталды. Ішкі Орда қазақтарының рулық-тайпалық құрамына адай, байбақты, беріш, жаппас, есентемір, ноғай, жетіру, масқар, серкеш, тана қызылқұрт, кете, таз, төлеңгіт, ру – тайпалары енді. Патша үкіметі қазақтардың Жайық сыртына көшуіне рұқсат бере отырып, қайта қоныстандыру мәселесін ұйымдастыруды орыс тағына жан -тәнімен берілген, шекаралық патша шенеуніктерінің нұсқауларын екі етпей орындайтын сенімді адамға тапсыруды мақұл көрді. Таңдау Әбілқайыр ханның немересі, Нұралы ханның баласы Бөкей сұлтанға түсті. Патша шенеуніктерінің сипаттауынша Бөкей «жоғары мәртебелі таққа шын берілген» адам болған. Көші-қон жұмыстарын ұйымдастыру барысында Бөкей өз мүдделерін ұмытқан жоқ. Кіші жүз тағына отыру мүмкіндігі мен беделі жетіспей жүрген ол орыс билеушісінің сенімін пайдаланып, Жайықтың оң жағалауында өз хандығының негізін қалауды ниет етті.1812 жылдың басында патша үкіметі Бөкейді «Ішкі қырғыз-қайсақ ордасының ханы» етіп ресми түрде бекітті.1815 жылғы 12 мамырда орданың негізін қалаушы Бөкей дүниеден өтті. Ол көзі тірісінде-ақ хан атағын мұра ету құқығын өз ұрпақтарына ғана бекітіп берген еді. Өлер алдындағы өсиетінде хандық билігін сол кезде 14 жастағы баласы Жәңгірге қалдыратынын айтқан болатын. Жас Жәңгір кәмелетке толғанша орданы Шығай биледі. Жәңгір хан өкімет билігін қолға алған соң отаршыл әкімшіліктің өзіне жүктеген міндеттеріне сай қазақтардың өмірі мен тұрмысының және дәстүрлі ел басқару жүйесінің кейбір бағыттарына батыл түрде өзгерту енгізе бастады. Жәңгір көшпелі халықты отырықшыландыру мақсатымен олардың егін егуіне жан-жақты қолдау көрсетті. Орыс хуторлары мен деревняларының үлгісі бойынша тұрақты қоныстар салуға көңіл бөлді. Жәңгір хан өз ордасынан бастап ауылдарда мектептер, училищелер мен мешіттер ашты. Ол патша өкіметі мен жергілікті қазақ ақсүйектерінің мүдделерін ұштастыру саясатын жүргізді. 1827 жылы Нарын құмы Жасқұс шатқалындағы қонысты орда орталығы етіп жариялады. Ол әлеуметтік-экономикалық бағытта Ішкі Ордада феодалдық тәртіп орнатты. XIX ғ. 30 ж. ортасында Ішкі Орданың тұрғындары хан мен оның айналасындағылар патша әкімшілігінің аяусыз қанаушылығына ұшырады.
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған шаруалар көтерілісі (1836–1838 жж.)Қазақ халқының азаттық күресінде Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің маңызы зор.Ішкі Ордада көтерілістің алғашқы толқыны 1827–1829 жылдары болып өтті. Қазақ ауылдары Оралдың арғы жағына қайта орала бастады. Өткір жер дауы, салықтық езгі, әлеуметтік қысым, отаршылдық қанау 1836 жылы көтеріліске әкелді. Көтерілісті белгілі батыр Исатай Тайманұлы мен ақын Махамбет Өтемісұлы басқарды.1836 жылдың ақпанында Ішкі Орда қазақтарының Жәңгір ханға қарсы ашық күресі басталды. Оған сылтау болған Исатайдың хан ордасына шақырылуы еді. Ол барудан бас тартты және өзінің ауылдарын қыстаудан көшіріп алып, көтерілісшілердің үлкен лагерін жинады.Хан мен оның айналасындағылар жала жабуға көшті. Барымта кезінде біреулер бақташы шалды өлтірген болатын. Қарауылқожа жүргізген тергеу ісі Исатайдың және оның жақтастарының өлімге қатыстылығын дәлелдеуге тырысады. 1836–1837 жылдары 15 қарашада таң алдында Тастөбе елді мекенінде көтерілісшілер мен жазалаушылардың арасында кескілескен соғыс болды. Шайқаста көтерілісшілер жеңіліп, орасан көп малдары қырылды, ондаған адам қаза тапты. Бірақ аздаған қосынмен Жайықтың сол жағасына өтіп Исатай мен Махамбет құтылып кетеді.Енді көтеріліс Жайықтың сол жағасында жалғасады. 1838 жылғы 12 шілдеде Кіші жүз жеріндегі Қиыл өзенінің бойында көтерілісшілердің жазалаушылармен кезекті шайқасы өтіп, осы ұрыста Исатай мерт болады.Исатай мен Махамбет бастаған көтерілістің негізгі қозғаушы күші көшпелі рулар болды. Қозғалыстың стихиялығы, нақты бағдарламасының болмауы, ұйымшылдықтың жетіспеуі жеңіліске әкелді.Махамбет Өтемісұлы халық көтерілісінде маңызды рөл атқарды. Ол жалынды жырлары арқылы халықты патша үкіметі мен отаршылық билікті жақтаған хандарға қарсы күреске шақырды
49) Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт-азаттық қозғалыс (1837–1847 жж.)
Орта жүз қазақтарының отаршылдыққа қарсы бағытталған бас көтерулері 1822 жылы «Сібір қырғыздары туралы жарғыдан» басталады. Осы күрес 1837 жылы жазда Абылай ханның немересі, Қасымның баласы Кенесары бастаған жаңа, қуатты бас көтеруге ұласты.Кенесары күресті екі майданда – патшалық Ресей мен Ортаазиялық хандықтарға қарсы, әсіресе қазақ халқының бір бөлігін құлдықта ұстап отырған Қоқанға қарсы жүргізуге шешім қабылдайды. Қарулы көтерілістің алдында Қасым мен Кенесары тарапынан Орта жүз жерлеріндегі бекіністер жүйесін алып тастауды талап етіп, Сібір басшыларының атына хаттар жазылған еді, бірақ олар жауапсыз қалды.1837жылдың көктемінде Кенесары азғана жасағымен Ақмола округінің шекарасына келіп жетті. Қазақтар оның туының астына жаппай ағыла бастады. Жекеленген жасақтардың басында Кенесарының жақын туыстары Наурызбай, Әбілғазы, Бопай ханымдармен бірге халық батырлары – Ағыбай, Жанайдар, Иман, Жоламан, Бұқарбай тұрды. Көтерілістің алғашқы сатысында өздерінің мүдделерін көздеген, Кенесарыдан қорыққан орыс қызметіндегі сұлтандар мен билердің бір бөлігі де қосылды.Кенесары 1837 жылы жазда Чириковтың жазалаушы отрядын талқандады, сөйтіп қол астына Ақмола, Көкшетау, Қарқаралы және Баянауыл округтерінің аумақтарын қаратты. 1838 жылдың басында бытыраған қазақ жасақтары Кенесарының қол астына бірігеді. Көктемде ол Батыс Сібірдің губернаторы Горчаковқа Ресей өкіметінің саясатына қарсы арнайы қарсылық хатымен елшілік жібереді, қазақ жеріндегі бекініс пункттерін жоюды, тартып алынған жайылымдарды қайтаруды талап етеді. Сұлтанның жіберген өкілдерін жазалаушылар орта жолда ұстап алады, бұдан кейін Кенесары Ресейге қарсы белсенді қимылдарын қайта жалғастырады.1838 жылдың жазында көтерілісшілер әскер старшинасы Симоновтың отрядын талқандайды. Кенесарының жасағы Ақмола бекінісінің түбінде шоғырланады. 7 тамызда бекініске қиян-кескі тіке шабуыл басталады, барлық құрылыстар өртеліп жіберіледі. Бұдан кейін күз бойы қазақтар партизан күресін жалғастырады, Ресейге жақтас сұлтандардың ауылдарын тонап және байланыс тораптарын үзіп приказдарға, пикеттерге және разъездерге жүйелі шабуыл жасайды. Күзде Кенесарының ауылдары Жоламан батыр бастаған Кіші жүздің жасақтарымен бірігу мақсатында Торғай мен Ырғыз өзендерінің бойына өте бастайды.1841 жылы қазақ мемлекеттігінің қайта жаңғыруына байланысты азаттық күрестің жаңа сатысы басталады. Ұлытаудағы қазақ рулары өкілдерінің кеңесі 1841 жылы жазда Кенесарыны хан етіп сайлады. Кенесары хан орталық үкіметті нығайтуға және күресті жалғастыру үшін мықты тылды құруға бағытталған бірқатар әкімшілік пен сот реформаларын жүргізді. Хан маңында оның жақтастары кірген кеңесші орган – Хан кеңесі құрылады. Салық жинауға, әскери дайындыққа, мәмілегерлік істерге жауап беретін қызметтер ұйымдастырылады. Даладағы әскери қимылдар 1843 жылы қайта жанданды. Полковник Бизановтың басшылығымен 5000 адамнан тұратын отряд Сахарная бекінісінен, басқа отрядтар Омбыдан, Қызылжардан (Петропавловск) және Қарқаралыдан шықты. Тобыл өзені жағынан патша үкіметіне берілген сұлтан Ахмет Жантөриннің қазақ жасағы да шықты. Кенесары шайқастарда Бизановтың отрядын әбден титықтатып барып, 1843 жылдың қыркүйегінде оны Орскіге шегінуге мәжбүр етті. 1847 жылы Кенесары жасақтары қырғыз шекарасына жақындады. Мұнда олар орасан зор қиындықтарға кездесті. Жергілікті жерді білмеу, қырғыздармен арадағы жаугершілік, қырғыз, қоқан және орыс отрядтарының біріккен әрекеттері жеңіліске себеп болды. Кенесарының соңғы шайқасы Пішпекке таяу жердегі Кекілі тауында өтті. Тау ішінде қазақтарды қоқан және қырғыз әскері қоршап алады. Кенесары тұтқынға түседі. Өлім алдында ол тағы бір рет қырғыз манаптарына жаулықты тоқтатып, ортақ жауға қарсы бірігіп күресу үшін күштерді біріктіруді ұсынады, алайда бұл жолы да қырғыз манаптары оның ұсынысын қабылдамайды.
50) Орал, Торғай облыстарындағы көтеріліс (1868–1869 жж.)
«Уақытша ереженің» енгізілуі Орта жүзде қарсылыққа кездеспеді, сөйтіп көтеріліс негізінен Кіші жүзді қамтыды. Зерттеуші Н. А. Середа Орал облысындағы ашу-ызаның себебі «халық пен реформаларда» емес, қазақтарды сұлтандар арқылы басқару әдісінде деп білді. Көшпелі халықтың ашу-ызасын туғызған факторлардың бірі үкіметтің фискалдық саясатының қатайтылуы еді. Оның үстіне қатардағы көшпелілер мен ауқатты отбасылар бірдей міндеткерлік атқарды. Мұның өзі патша өкіметінің қазақ қоғамының артықшылықтары, топтары жөніндегі қамқоршылық саясатының көрінісі болды; салықтар мен басқа да міндеткерліктердің күрт көбейтілуі Орал, Торғай облыстарында халықтық бой көрсетулердің басталуына түрткі болды.Патша «Уақытша ережені» мақұлдағаннан кейін үкіметтің бірден дерлік жүзеге асырыла бастаған салық саясатына қазақтардың наразылығы 1868 жылғы қарашаның аяғына қарай қарулы қарсылыққа ұласты. Нашар қаруланған, бірақ жер жағдайын тамаша білген көтерілісшілерге қарсы қимылдаған шағын казак шолғыншылары олардың тегеурінін әлсірете алмады.Қарулы бой көрсетулер шектес екі облыстың бірқатар аудандарында бір мезгілде дерлік болуы себепті тұрақты бөлімдер аз болған кезде қазақтардың нақты күштерін ұтымды бөлу қиын болды. Оның үстіне көтерілісшілер өздерінің бытыраңқы жасақтарын үкіметтің өзін-өзі қорғайтын күштерімен жеткілікті қамтамасыз етілген ірі әскери-тірек бекеттеріне қарсы емес, қайта қазақ ауылдарына казак отрядтарының қорғауымен жасырынып жүрген жеккөрінішті старшындарға, болыстарға қарсы бағыттады.Көтеріліс Орал облысының солтүстік-батыс аудандарын, атап айтқанда, бұрынғы халық көтерілістері бойынша да отаршылдыққа қарсы қозғалыстарға белсене қатысқаны аңғарылған жауынгер табын, шекті руларының қоныстарын кең қамтыған. Бұл жолы да табындар реформадан кейінгі кезеңдегі отаршылдыққа қарсы күреске елеулі үлес қосты. Отаршылдық өкімет орындары көтерілістің шектес екі далалық облыс аумағына қанат жаюының шын мәніне бойлап жатпай, мұның себебін барлық уақытта хиуалықтардың ықпалы деп білді.
XIX ғасырдың 60-жылдарына дейін Хиуа үкіметі Ресейге барынша адалдық көрсетіп, онымен ең алдымен өзара тиімді сауда қатынастарын жасап отырды.
Маңғыстаудағы көтеріліс (1870 ж.)«Уақытша ереже» Маңғыстауда 1870 жылы енгізілді. Патша әкімшілігі Маңғыстаудың негізгі халқы – адай руы «Уақытша ережені» күрессіз қабылдамайды деп қауіптенді және оны жүзеге асыру үшін неғұрлым қолайлы жағдайларды күтті.Маңғыстау приставы подполковник Рукин дала тұрғындарының қиын жағдайымен санаспай, адайлардан 1869–1870 жылдар үшін шаңырақ алымын жаңа тарифке сәйкес дереу енгізуді талап етті; көптеген жергілікті тұрғындар, соның ішінде Бозашы түбегінің балықшы жатақтары Рукиннің талабын орындаудан бас тартты. Адайлардың жайлауға көшуін күштеп тоқтатуға тырысқан Рукиннің ойланбай жасаған әрекеттері жер-жерде көтерілістің басталуына себеп болды. Көтерілісшілердің жетекшісі Иса Тіленбаев қалың бұқараға басшылық етуде шеберлік және жазалаушылармен келіссөздерде дипломатиялық әдептілік танытты. Көтерілісшілер сәуір айының басында Николаев станицасына, Александровск фортына шабуыл жасады, алайда олар сәтсіздікке ұшырады. Патшалық өкімет орындарын көшпелілердің батылдығы қорқытты, мұның өзі оларды қосымша әскери көмек сұрауға мәжбүр етті; Кавказдан тың күштердің келуі күштердің арақатынасын өзгертті. Қозғалысты басуға басшылық жасау қолына шоғырландырылған граф Кутаисов «ең жабайы, дөрекі және жауынгер қазақтарды» тыныштандырудың өз жоспарын ұсынды. Көтерілістің негізгі қозғаушы күші – қазақ шаруалары өз қатарларын берік біріктіруге қол жеткізе алмады, мұның өзі саны жөнінен болмашы жазалаушы отрядтардың халық қарсылығының негізгі ошақтарын тұншықтыруына мүмкіндік берді; қазақ шаруаларының рулық тар өрістері мүдделері отаршыл империяның әскери құрамаларының өзінің ұйымдасуы жағынан едәуір кем түскен көтерілісшілер жасақтарындағы тұрақтамаушылықты туғызды. Көтеріліс шағын сипатта болғанымен, оның географиялық шеңбері тым ауқымды болды – бүкіл дерлік Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстанның бір бөлігі қазақ шаруаларының бой көрсетулерімен қамтылып, «Уақытша ереженің» жүзеге асырылуын қиындатты
