Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-100ге дейін толық.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.24 Mб
Скачать

43) Патша өкіметінің аграрлық саясаты. 1867-1868 жж. Реформалар.

XIX ғасырдың 60 жылдарының орта шенінде Қазақстанның Россия қол астына қарауы аяқталды. Патша – өкіметі қазақ даласын тупкілікті билеу үшін әуелі әр түрлі реформалар жүргізіп, қазақтың елдік этникалық ұйтқысын ірітіп, ұлыстарды бөлшектеп, оларды губернияларға, округтерге теліп, ұлтанды елді тұтастықтан айырды. Рас, олар мұның бәрінің бірден жүзеге асыра қойған жоқ, патша өкіметі оны кезең – кезеңімен іске асырды. Оның алғашқысы – 1731 жылдан 1822 жылға дейін созылған ел билеу, жүйесіндегі протектораттық дәуір (кезең), яғни күшті мемлекеттің әлсіз мемлекетке формальды түрде болса да қамқорлық жасау саясатын жүргізу болды. Бұл кезде патша өкіметі ел билеудің бұрынғы хандық жуйесін сақтап, оның ішкі тірлігіне араласпай, қазақ елін өзіне жағынып бағынышты болған хандар арқылы басқарды. Патша өкіметінің қазақ елінің басына тәуелділік ноқтасын біржолата кигізуі 1822 жылдан 1867 жылға дейін созылды. Сөйтіп, патша өкіметінің отаршылдық саясатының екінші кезеңі басталды. Бұл кезде ол әскер күші арқылы елдің ішкі тірлігіне араласып, жергілікті шаруаларды қонысынан қуа бастады. Олардың орнына ішкі Россиядан жоқшылыққа ұшыраған орыс босқындарын әкеп орналастырды.

Отарлаудың осы әскери - әкімшілік кезеңінде әскери бекіністердің іргесі қалана бастады. Оларды тұрақтандыру үшін шекаралық белгілермен бөлді. Біртіндеп бекіністер Қазақстанның ішкі аймақтарына тамыр жайды.XIX ғасырдың 60-жылдары қазақтардың басқару жүйесін өзгерту үшін И.И. Бутков басқарған комиссия құрылды. Қазақ даласы екі облысқа бөлу жоспарланды. Бүл усыныс қабылданбады. 1865 жылы Ішкі істер министрлігі кеңесінің мүшесі Гирс басқарған Дала комиссиясы құрылды.

1865 жылы 5 маусымда II Александр бұйрығымен қазақ жерін зерттеу сұрақтары дайындалды: жерді иелену түрлері, сот ісі, ағарту ісі, салық, діни мәселе т.б Патша өкіметінің қоныстандыру саясаты.

Патша өкіметінің аграрлық саясатының ажырамас бөлігі қоныстандыру саясаты болды. Помещиктер мен империалистік буржуазияның мүдделеріне сай келген қоныс аудару мәселесіне патша өкіметі XIX ғ. екінші жартысынан бастап қатты назар аударды. Өйткені, Россияда басыбайлықтың (крепостниктік) жойылуы және әлеуметтік-әкімшілік жөніндегі реформалар аграрлық мәселені толық шешкен жоқ, Россияның орталық аудандарында шаруалардың толқулары тоқмады. Осындай жағдайда патша өкіметі шаруалардың назарын революциялық қозғалыстан аудару үшін бірқатар шаралар қолданды. Қоңыс аудары саясаты сол шаралардың бірі еді. Сібірді, Қазақстанның солтустік, батыс, орталық және оңтустік шығыс аудандарын отарлау арқылы патша өкіметі Орталық Россиядан шаруаларды қоныс аудартып, жаңа жерлерде солар арқылы өзіне әлеуметтік тірек жасамақ болды.

Әскери-әкімшілік отарлау саясаты Россиядан шаруалардың қазақ жеріне ағылып келуіне жол ашты. Қазақ даласын отарлау саясатын іске асыру жолында Жетісудың бірінші әскери-губернаторы Г.А. Колпаковскийдің бастауымен 1868 жылы «Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы уақытша ережелер» бекітілді. Осы ереже бойынша қоныстанушы әр жанға 30 десятина жер беріліді. Қоныс аударушылар 15 жыл мерзімге алым-салықтан, рекруттық (әскери міндет) міндеткерліктен босатылды. Мұқтаж отбасыларына «керек-жарақтар алу үшін» ақшалай (100 сом) көмек берілді.

Сонымен, «Село тұрғандары мен мещандардың өз еркімен қоныс аударуы туралы» 1889 жылғы ереже Россияның орталық губернияларынан Қазақстанға қоныс аудару қозғалысын ішінара ашып берді және самодержавиенің жалпы аграрлық саясатының мәнді жақтарының бірі болды.Аграрлық саясатты жүзеге асырушылардың бірі-Сібір темір жол комитеті болды (1892 ж. құрылды)..Сөйтіп, патша самодержавиесінің Қазақстан территориясын отарлауға бағытталған және дамып келе жатқан Россия капитализмнің мүдделерін бейнелеген аграрлық саясаты XIX ғасырдың екінші жартасында осылайша жүзеге асырылды

44 )XIX ғ. Қазақстан­дағы эко­номи­калық қаты­нас­тар,Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныстануы.

XIX ғ. екінші жар­ты­сын­да Ре­сейдің ка­пита­листік өнеркәсібі мен Қазақстан­дағы ауыл­ша­ру­ашы­лық өндірісі ара­сын­дағы қаты­нас күшейді. Са­уда және өсімқор­лық ка­пита­лы Ре­сейдің ор­та­лық гу­бер­ни­яла­ры мен Қазақстан ара­сын­дағы ғана емес, со­нымен бірге өлкенің өз ішінде де та­уар ай­на­лысы­ның өсуін шап­шаңдат­ты. Қазақ ша­ру­ашы­лығының ры­нок­пен бай­ла­нысы­ның ұлғаюына пат­ша өкіметінің са­лық са­яса­ты үлкен ықпал жа­сады. Қазақтарға ақша­лай көпте­ген са­лықтар­дың са­лынуы, олар­дың өнімдерінің бір бөлігін ры­нок­тар арқылы са­удаға са­луға мәжбүр етті. Мал мен ас­тық барған сайын та­уарға ай­нал­ды.

70–80 жыл­дарда Ре­сей­де фаб­ри­калық тоқыма өндірісінің шап­шаң өсуімен бай­ла­ныс­ты Қазақстан ба­зар­ла­рына Ре­сей­ден ма­та көп ке­летін бол­ды. Со­нымен бірге күнделікті тұрмыс­та қол­да­ныла­тын бұйым­дар (са­ма­уыр, қазан, шалғы, орақ, кет­пен, ошақ, бал­та, пы­шақ, т. б.) көтеріңкі бағамен са­тыл­ды. Қазақстан бұл та­уар­ларға айыр­басқа мал мен мал ша­ру­ашы­лығын­да өндірілетін шикізат берді. Қазақ халқы айыр­бас шар­ты­ның қан­дайына бол­са да келісу­ге мәжбүр бол­ды, өй­ткені ол өзіне қажетті та­уар­ларды еш жер­ден са­тып ала ал­май­тын еді және ша­ру­ашы­лығының ар­тық өнімдерін тиімді өткізе ал­ма­ды.

Ре­сей са­уда­гер­лері Қазақстан­да са­уда­ның жаңа түрін – жәрмеңкелік са­уда­ны енгізді. Қазақстан­дағы тұңғыш жәрмеңке 1832 жы­лы Бөкей ор­да­сын­да Хан ор­да­сы жа­нынан ашыл­ды. Кейіннен Ақмо­ла об­лы­сы Тайын­шакөл, (Пет­ро­павл маңын­да), Конс­тан­ти­новск (Ақмо­ла), Пет­ровск (Ат­ба­сар­да) және 50 ден ас­там ұсақ және ор­та­ша жәрмеңке­лер жұмыс істеді. 1848 жы­лы Қарқара­лы уезіндегі Қоян­ды жәрмеңкесі, ал кейіннен Шар (Се­мей об­лы­сы), Қарқара (Жетісу), Әули­еата (Сыр­да­рия об­лы­сы), Ойыл, Темір (Орал об­лы­сы) жәрмеңке­лері жұмыс істеді.

Қазақстан­да са­уда ка­пита­лының пәрменді түрде енуімен өлке­де са­уда­ның тұрақты фор­ма­лары: дүкен­дер, көтер­ме са­уда қой­ма­лары көбейді.

XIX ғасыр­дың 80–90 жыл­да­рын­да Қазақстан­да өсімқор­лық са­уда жап­пай та­раған кез еді. Өлке­де та­уар ай­на­лымы өскен сайын өсімқор­лықпен қатар, банк­тер мен басқа да кре­дит ме­кеме­лері бе­ретін қарыз­дардың ка­пита­листік фор­ма­лары орын ала бас­та­ды.

Қазақстан­да ка­пита­листік түрдегі са­уда-сат­тықтың күшеюі жергілікті са­уда бур­жу­азиясы­ның қалып­та­су­ына үлкен әсерін тигізді. Осы кез­де, Қазақстан­да 30дан ас­там қала­лар мен 400 ка­зак-орыс по­сел­ка­лары пай­да бол­ды. Қала­лар­да әске­ри адам­дар, құрметті аза­мат­тар мен са­уда­гер­лер, қазақ ұлықта­ры тұрды. Қала халқының көпшілігі ке­дей­лен­ген ша­ру­алар мен май­да кәсіпо­рын­да­рының жұмыс­шы­лары бо­латын.

XIX ғасыр­дың аяғын­да Ре­сей ка­пита­лис­тері Қазақстан­да өнеркәсіп өндірісін ұйым­дасты­рып, мұнда өздерінің қар­жы­ларын әке­ле бас­та­ды. Жер мен шикізат ар­зан еді, жұмыс­шы­лар­дың жа­лақысы төмен бол­ды. Мұның өзі банк ме­кеме­лерінің ашы­лып, олар­дағы ақша ай­на­лым қаты­нас­та­рын күшей­тті. 1871 жы­лы Қазақстан­да алғашқы ашылған банк­тердің бірі – Пет­ро­павл­дағы негізгі ка­пита­лы 40 мың сом бо­латын қала­лық қоғам­дық банк еді. 1875 жы­лы Таш­кент­те Мем­ле­кеттік банк бөлімшесі құрыл­ды.

Та­биғи қаз­ба бай­лықтарға өте бай Қазақстан­да кен өндіру өнеркәсібі өлкенің өнеркәсіп өндірісінің маңыз­ды са­ласы бо­ла бас­та­ды. 1896 жы­лы бір ғана Қарқара­лы уезінде 70-ке жуық шағын мыс, 170 күміс-қорғасын, 3 темір т. б. руд­никтері жұмыс істеді. XIX ғасыр­дың аяғын­да Жайық өзені мен Кас­пий теңізі жағала­уын­да ба­лық аулау кәсіпшіліктері ка­пита­листік кәсіпо­рын­дарға ай­нал­ды. Шым­кент пен Түркістан­да негізінен мақта та­залай­тын бірне­ше за­уыт істеп тұрды. Арал теңізінде, Пав­ло­дар уезіндегі Қара­бас көлінде, Орал об­лы­сы Басқұншақ кәсіпшілігінде тұз кен орын­да­ры ашыл­ды.

XIX ғ. 70-ші жыл­да­ры ішкі Ре­сей­ден Қазақстанға темір жол тар­ты­ла бас­та­ды. 1874–1876 жыл­да­ры Орын­бор темір жо­лы са­лынып, ол Торғай об­лы­сы мен Орын­борды Ор­та­лық Ре­сей­мен жалғас­тырды.

Со­нымен, ка­пита­листік қаты­нас­тардың қазақ да­ласы­на енуі өлке­де негізінен мал ша­ру­ашы­лығымен ай­на­лысқан көшпелі және жар­ты­лай көшпелі ха­лықтың пат­ри­ар­халдық-фе­одал­дық қаты­нас­та­рының ыды­рау про­цесін же­дел­детті. Ел­де өнеркәсіптің жаңа са­лала­рын ту­ын­да­тып, қоғам­дық еңбек бөлінісіне және жұмыс­шы та­бы кадр­ла­рының шығуына се­бебін тигізді.

Ұйғыр­лар мен дүнген­дердің қоныс ауда­руы

Жетісу­да егіншіліктің да­му­ына XIX ғасыр­дың 70–90 жыл­да­рын­да Шығыс Түркістан­нан қоныс аударған ұйғыр­лар мен дүнген­дер ықпал етті. Қоныс­танды­ру екі ке­зеңде бол­ды. Бірінші ке­зеңде 1877 жы­лы Тоқмақ ауда­нына (Солтүстік Қырғызс­тан) шэнь­си дүнген­дерінің бір то­бы келді, 1881–1883 жыл­да­ры, Санкт-Пе­тер­бург шар­ты­на сәй­кес, Іле өлкесінен ұйғыр­лар мен дүнген­дердің негізгі көпшілігі қоныс аудар­ды.

Қоныс­та­нушы­лар­дың жаңадан 5 бо­лыс: Жар­кент және Кет­пен (қазіргі Пан­фи­лов ауда­нының аумағын­да), Ақсу-Ша­рын (Ұйғыр ауда­нын­да), Ма­лыбай (Ше­лек ауда­нын­да), Қара­су (Еңбекшіқазақ ауда­нын­да) бо­лыс­та­ры құрыл­ды.

Жетісу­да ең жақсы жер­лер ка­зак­тардың пай­да­сына тар­тып алы­нып қойған­дықтан, ұйғыр­лар мен дүнген­дер қол­дан су­лан­ды­рыл­майын­ша егіншілікке он­ша жа­рам­ды бол­маған учас­ке­лер ал­ды. Об­лыстың се­ло халқын жер­ге ор­на­лас­ты­ру жөнінде 1882 жы­лы Жетісу об­лыстық басқар­ма­сы белгіле­ген ере­желер негізінде дүнген­дер мен ұйғыр­лар әрбір ер­кек адамға 10 де­сяти­надан жер алуға тиісті еді. Алай­да 1885 жы­лы қоныс­та­нушы­ларға үлесті жер бөліп бе­ру қолға алынған кез­де, әрбір ер­кек адамға 4–5 де­сяти­надан ғана жер бөлініп беріліп, 1892 жыл­дың 1 қаңта­рынан бас­тап об­роктық алым – са­лық са­лына­тын бол­ды.

Се­лодағы және қала­дағы ұйғыр мен дүнген ха­лықта­ры өздерінің әкімшілігі, мешіті және оны басқара­тын дінба­сы бар қауым­дарға бөлінді.

Қоныс­та­нушы­лар­дың ке­дей­лен­ген бөлігі алғашқы кез­дерде өздеріне берілген үлесті жердің шағын учас­ке­лерін ғана иге­ре ал­ды. Со­ның нәти­жесінде қауым­дар ішінде өзінше бір арен­да­лық қаты­нас­тар қалып­та­сып, қауым­ның ке­дей мүше­лері өздерінің үлесті жер­лерін не­месе олар­дың едәуір бөлігін қауым­ның әлді мүше­леріне беріп отыр­ды, ал өздері «арен­да­тор­ларға» күнделікті жұмыс­шы­лар (мердігер­лер) ретінде өнімнің бір бөлігін ала­тын бо­лып жал­данды. Бұл үлесті жер­лер фор­маль­ды жағынан әлі де бұрынғы иелерінің атын­да бо­лып қалғаны­мен, іс жүзінде олар жаңа қожайын­дардың то­лық иелігіне көшетін.

Сөйтіп, қауым­дардың жоғары бай топ­та­ры, дінба­сылар және дүнген, ұйғыр қауым­да­рының се­лолық әкімшілігінің өкілдері қауым­ның көпте­ген мүше­лерінің үлесті жер­лерін өз қол­да­рына шоғыр­ланды­рып, ірі жер иелеріне ай­нал­ды.

Қауым­дық жер­лердің се­ло бай­ла­рының қолы­на шоғыр­ла­ну­ына дүнген­дер мен ұйғыр­лардың шет кәсіпке ке­туі де се­бепші бол­ды. Алған жер­лері құнар­сыз бо­лып, жұмыс көлігі мен ауыл ша­ру­ашы­лық құрал­да­ры бол­маған ке­дей­лер алым-са­лықтар төлеу жөніндегі жеңілдік берілген мерзім біткен­нен кейін мүлдем күй­зелді, өздерінің үлесті жер­лерін жап­пай тас­тап, қала­ларға жал­да­ма жұмыс­шы және ауыл ша­ру­ашы­лық ба­тырақта­ры бо­лып та­быс іздеп кетті.

Дүнген­дер мен ұйғыр­лар өздерімен бірге Жетісуға жа­сан­ды жол­мен су­лан­ды­рыла­тын егіншіліктің қалып­тасқан дәстүрлерін әкелді. Дәнді дақыл­дар ішінде би­дай ба­сым бо­лып, жердің жар­ты­сынан ас­та­мына би­дай егілді.

Ұйғыр­лар сон­дай-ақ мақта өсіру­мен және ішіна­ра жібек құртын өсіру­мен де ай­на­лыс­ты. Дүнген­дер мен ұйғыр­лар май дайын­дау үшін зығыр мен күнжіт, қыша екті. Кейіннен те­мекі өсіріп, оны жергілікті ры­нок­та тиімді етіп өткізе бас­та­ды.

Жетісу­да қоныс ауда­ру қоныс­танды­рушы­ларға да әсер ет­пей қойған жоқ. Егер бұрын ұйғыр­лар мен дүнген­дер ша­ру­ашы­лығын­да ағаш са­бан­дар мен басқа да до­бал құрал-сай­ман­дар қол­да­нылып кел­се, енді олар темір соқалар­ды, тыр­ма­лар­ды, се­ял­ка­лар­ды, т. б. пай­да­лана­тын бол­ды, жаңа ауыл ша­ру­ашы­лық дақыл­да­рын: сұлы, те­мекі, кар­топ, по­мидор және басқала­рын егуді игерді. Байырғы ха­лықтар – қазақтар мен қырғыз­дардың әсерімен дүнген­дер мал ша­ру­ашы­лығымен ай­на­лыса бас­та­ды.

Ұйғыр­лар мен дүнген­дердің та­рихи тағдыр­ла­ры Ре­сейдің бір бөлігі ретіндегі Қазақ өлкесі ха­лықта­рының тағды­рымен тығыз ас­та­сып кетті.

45 )1905–1907 жыл­дардағы орыс ре­волю­ци­ясы­на Қазақстан халқының қаты­суы.Қазақстан еңбекшілерінің 1905–1907 жыл­дардағы ереуілдері орыс халқының ре­волю­ци­ялық күресімен тығыз бай­ла­ныс­ты еді.1905 жы­лы ақпан­да Орал, Пе­ровск, Түркістан, Шалқар теміржол­шы­лары өздерінің эко­номи­калық жағдай­ла­рын жақсар­ту та­лабын қойған ереуіл жа­сады. 1904 жы­лы пай­да болған Сібір со­ци­ал-де­мок­ра­ти­ялық одағы, оның Ом­бы, Орын­бор, Са­ратов ко­митет­тері Қазақстан жерінде ре­волю­ци­ялық жұмыс­ты күшей­те түсті.1905 жыл Қазан айын­дағы Бүкілре­сейлік ереуілдің әсерімен Қазақстан­ның бар­лық қала­ларын­да ше­рулер, ми­тингілер мен жи­налыс­тар бо­лып өтті. Пе­ровскідегі, Орал­дағы, Қарқара­лыдағы, Пав­ло­дар­дағы ма­нифес­та­ци­ялар неғұрлым ірі бол­ды. Олар­ды орыс­тар ара­сынан және қазақтар­дан шыққан жергілікті зи­ялы­лар ұйым­дастыр­ды. Қарқара­лыдағы 1905 жылғы 15 қара­шадағы үлкен са­яси ми­тинг­ке қазақтар­дан, та­тар­лардан, орыс­тардан және басқала­рынан тұра­тын 400-дей адам қатыс­ты. Олар пат­ша өкіметіне қар­сы бірқатар та­лап­тар қой­ды, отар­шы­лық әкімшілікке қар­сы күре­суге шақыр­ды. Кейіннен Қарқара­лы оқиғасы­ның бас­шы­лары қуғынға ұшы­рады. А. Байтұрсы­нов Орын­борға, Ж. Ақба­ев Яку­тияға жер ауда­рыл­ды. Пат­ша өкіметі 1905 жы­лы 17 қазан­да ел­дегі ре­волю­ци­ялық қозғалыс­ты ба­су мақса­тын­да ар­найы ма­нифест қабыл­да­ды. Бірақ бұл жоғары мәрте­белі ма­нифест жұмыс­шы қозғалы­сын бәсеңдет­кен жоқ, қай­та кейбір жер­лерде күшей­те түсті. Қазақ жұмыс­шы­лары мен ша­ру­ала­ры пат­ша өкіметіне орыс жұмыс­шы­лары­мен және қоныс­танған ша­ру­алар­мен қол ұста­са оты­рып қар­сы шықты. Қазақ ша­ру­ала­ры ең ал­ды­мен жер, су үшін, теңдік, бос­тандық пен тәуелсіздік үшін күресті. 1905 жы­лы жаз­да Се­мей, Торғай және Орал об­лыста­рын­да жер үшін толқулар бол­ды. 1906 жы­лы 6 қаңтар­да пат­ша­ның ар­на­улы жар­лығымен Ақмо­ла және Се­мей об­лыста­рының бүкіл аумағына соғыс жағдайы енгізілді. Солтүстік Қазақстанға Мел­лер-За­комель­скийдің жа­залау экс­пе­дици­ясы әкелінді. 1905–1907 жж. болған ре­волю­ци­ялық қозғалыс­тармен бай­ла­ныс­ты Қазақстан жұмыс­шы­лары­ның кәсіпо­дақ ұйым­да­ры бой көтерді. Алғашқылар­дың бірі бо­лып Орал­дағы теміржол­шы­лар­дың кәсіпо­дағы (1905 ж. қара­ша) құрыл­ды, оған Н. Сму­ров, Н. А. По­кати­лов және Н. И. Ульянов бас­шы­лық жа­сады. 1905–1906 жж. Орын­бор-Таш­кент теміржол­шы­лары­ның кәсіпо­дағы ең ірі ұйым бо­лып са­нал­ды. Оның 6 мың мүшесі болған. 1905 жы­лы жел­тоқсан айын­да I Мем­ле­кеттік Ду­маны шақыру ту­ралы пат­ша үкіметінің жар­лығы шығып, оған Қазақстан­нан 9 де­путат, оның ішінде 4 қазақ сай­лан­ды.

46) Қоныс ауда­ру са­яса­ты (XIX ғ. 1870–1880 жж.)

XIX ғасыр­дың 70-жыл­да­ры орыс және ук­ра­ин ша­ру­ала­рын қоныс­танды­ру бас­талса, 80-жыл­да­ры қарқын­ды жалғас­ты. Алғашқы қара­шек­пен қоныс­та­ры 1879 жы­лы Көкше­тау уезінде пай­да бол­ды.

Жетісу об­лы­сының әске­ри гу­бер­на­торы Кол­па­ковс­кийдің ұсы­нысы бойын­ша 1868 жылғы «Ша­ру­алар­дың Жетісуға көшуі ту­ралы Уақыт­ша ере­желер» қабыл­да­нып, ол 1883 жылға дейін қол­да­ныл­ды.

1886 жы­лы Түркістан ге­нерал-гу­бер­на­тор­лығының көші-қон­ды басқару ере­жесі қабыл­данды. Бұл құжат бойын­ша әрбір ер адамға 10 де­сяти­на жер берілді, қоныс­та­нушы­лар 5 жылға дейін са­лықтан бо­сатыл­ды, кейін 5 жыл­да са­лықтың жар­ты­сын ғана төледі.

«Ауыл тұрғын­да­рын өз еріктерімен жаңа жер­ге көшіру және бұрынғы көшірілген топ­тар ту­ралы ар­найы ере­жесі» 1889 жыл­дың 13 шілдесінде қабыл­да­нып, қоныс­танды­ру тек ал­дын ала Ішкі істер ми­нистрлігінің және мем­ле­кеттік жер иеліктері ми­нистрлігінің рұқса­ты арқылы іске асы­рыл­ды. Бірақ пат­ша жап­пай қоныс­танды­ру үрдісін бақылай ал­ма­ды. Ша­ру­алар­дың өздігінен көшуі жалғаса берді. 1891–1892 жыл­да­ры егіннің шықпа­уынан орыс ша­ру­ала­ры еуро­палық Ре­сей­ден шығысқа қашып, қазақ жер­леріне қоныс­та­нып ал­ды.

Ере­жеде қоныс­та­нушы­лар­дың аудан­да­ры нақты Томск және То­был гу­бер­ни­яла­ры, Жетісу, Ақмо­ла және Се­мей об­лыста­ры деп көрсетілді. 1891–1892 жыл­да­ры заң Торғай және Орал об­лыста­рына да та­рады. Ша­ру­алар­дың қоныс ауда­руы қазақ көшпелілерінің жер­лерін тар­тып алу есебінен жүрді. Қоныс ауда­рушы ша­ру­алар арқылы отар­лау Сыр­да­рия об­лы­сына да та­рады.

Қазақ жерінің Сібірмен және При­волжьемен темір жол арқылы жалғас­ты­рылуы, Қазақстанға орыс қоныс ауда­рушы­лары­на қолай­лы жол аш­ты. Нәти­жесінде орыс ша­ру­ала­ры құнар­лы жер­лерге қоныс­танса, қазақтар су­сыз, на­шар жер­лерге көшірілді. Қазақ өлкесінің де­мог­ра­фи­ялық жағдайы да өзгерді. 1897 жылғы жал­пы са­нақ бойын­ша өз жерінде қазақтар­дың жал­пы мөлшері 87,1%-ға кеміді. Қоныс ауда­рушы­лар көбіне­се стра­теги­ялық маңыз­ды аудан­дарға көшіріліп, мыл­тықпен қару­лан­ды­рыл­ды.

Патша үкіметінің ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанда жүзеге асырған əкімшілік реформалары қазақ елінің саяситəуелсіздігін біржола жойғанымен, бұл реформалар көп ұзамай-ақ патшалық əкімшіліктің қазақ қоғамының ішкі өміріне тереңдеп еніп, оны игеріп алып кетуге əлі де болса əлсіз екендігін көрсетіп берді. Мұны жақсы түсінген патшалық əкімшілік ХІХ ғасырдың 60-жылдарының орта тұсынан бастап Қазақстанды отарлаудың «ең сенімді» жолына түсті. Ол Орталық Ресейден орыс шаруаларын қазақ жеріне қоныс аударту еді. Патшалық Ресейдің қоныс аудару саясаты бірнеше кезең арқылы жүзеге асырылды. Қазақстан тарихнамасында бұл қоныс аудару саясаты үш кезең бойынша бөліп қарастырылады. І кезең ХІХ ғасырдың 70—80 жылдар аралығын қамтиды, ол 1889 жылғы 13 шілдедегі жарлық шыққанға дейін созылды. ІІ кезең ХІХ ғасырдың 90-жылдарынан 1905 жылға дейінгі уақыт аралығын қамтиды. ІІІ кезең 1906 жылдан 1916 жылдар аралығын қамтиды. Қазақстанға орыс жəне украин шаруаларын қоныстандыру ХІХ ғасырдың 70-жылдарының соңы 80-жылдардан бастап қарқынды жүргізілді. Қоныс аударудың алғашқы кезеңі өз еркімен қоныс аударған шаруалар қозғалысымен анықталып, патша үкіметі өз еркімен қоныс аударғандар жағдайын реттеу мақсатына бірқатар жеке заң-актілермен, нұсқаулар қабылдады. Онда көзделген мақсат — қоныс аударуды үкімет өз қадағалауына алып, оған көмек көрсету болды. Оған алдын ала дайындық шаралары жасалды. Мəселен, Жетісу облысы əскери губернаторы Колпаковский бастамасы бойынша Жетісуға шаруалардың қоныс аударуы туралы «Уақытша ереже» əзірленді. Бұл құжат 1868 жылдан бастап 1883 жылға дейін күшін сақтады. «Уақытша ереже» бойынша орыс қоныс аударушыларына (ерлерге) 30 десятина жер беру, 15 жылға алым-салық жəне түрлі міндеткерліктерден босату, 100 сом мөлшерінде көмек беру жəне басқа жеңілдіктер анықталып, көрсетілді. Қоныс аударған шаруалар жағдайына қатысты оларға жасалатын жеңілдіктер туралы жаңа ережелер ХІХ ғасырдың 80-жылдарынан дайындалды. Оларда да жаңа келіп қоныс тебушілер үшін берілетін жеңілдіктер сақталды, тек жер мөлшері аздап төмендеді. Айталық, 1886 жылғы дайындалған: «Түркістан генерал-губернаторын басқару туралы Ереже» бойынша 10 десятина (ерлерге) жер беру, қоныс аударушыларды алым-салық жəне міндеткерліктен 5 жылға дейін босату, кейінгі жылдары алымды тек жартылай төлеу жеңілдіктері сақталды. Сонымен, қорыта айтқанда, орыс шаруаларын қазақ өлкесіне қоныстандыра отырып, қазақ халқын шаруашылыққа жарамды жерінен айыру процесімен бір мезгілде отарлаушы əкімшілік жүйесінің жаңа жағдайға байланысты одан əрі жетіліп, нығая түскендігін, сондай-ақ отарлау ісінің құрамды бөлігі қазақтарды орыстандыру, шоқындыру шараларының да жүйелік, мақсаттылық сипат алғандығын байқаймыз.