- •1) Қазақстан тарихы курсының пәні мақсаты мен міндеттері
- •2)Қазақстан аумағындағы Тас дәуірі - Палеолит, мезолит, неолит дәуірлері.
- •10)Қимақ мемлекеті: этносаяси тарихы және шаруашылығы.
- •11)Оғыз мемлекеті этносаяси тарихы,шаруашылығы,мәдениеті.
- •15)Түркі мемлекеттерінің әлеуметтік-экономикалық дамуы
- •16 Моңғолдар мемлекетінің құрылуы. Шыңғыс-хан шапқыншылығы.
- •17 )Қазақстандағы ислам
- •21) XIII ғасырдың ортасында Моғолстан мен Ақ Орда мемлекеті
- •23 )Әбілхайыр хандығы мен Ноғай ордасы п.Б. Тарихы
- •25 )Қазақ хандығының құрылуы.
- •26)Алғашқы билеушілері Қасым мен Бұрындық
- •27)Қазақ хандығының қалыптасуының аяқталуы.Қазақ этнонимі.
- •28)Хақназар хан мен Тәуекел хан
- •31 )Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық күресі.
- •32)15-18Г феодалдық қатынастар
- •33)XVI-XVII қазақтардың рухани және материалдық мәдениеті
- •35)18 Ғ. 1 жартысы Қазақсытн ішкі саяси және әлеуметтік жағдай
- •36 )Кіші жүз қазақтарының Ресей бодандығын қабылдау.
- •37 ) Әскери линиялар мен екіністердің салынуы – патша үкіметінің қазақстандағы әскери отарлау әрекетінің басталуы
- •38) Абылай және оның билігінің нығаюы.
- •39)Сырым Датұлы бастаған көтеріліс
- •41) Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы (XIX ғ. 2-ші жартысы).
- •42)Отаршылдық сипаты
- •43) Патша өкіметінің аграрлық саясаты. 1867-1868 жж. Реформалар.
- •47 )Орыс зиялылыры қосқан үлес
- •51 )Қоқан мен Хиуа феодалдарына қарсы күрес
- •55)Қазақ ғалымдары мен ағартушылар
- •56) Бірінші дүние жүзілік соғыс және Қазақстан. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс.
- •1916 Жылғы ұлт-азаттық қозғалыс.
- •57)Қазақ зиялыларының қызметі. Қазақ,Айқап журналдары
- •58 Қазақстанда Кеңестер мен Уақытша үкімет органдарының құрылуы.
- •59) Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы.
- •60)Қазақстан саси партиялар ме нқоғамдық қозғалыстар
- •61 )Азамат соғысы.Әскери коммунизм
- •63)Қазақ акср білімінің маңызы
- •66) Жаңа экономикалық саясатқа көшу.
- •67 )Кіші қазан саясаты.Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру .
- •68) Индустрияландыру
- •69) Қазақ акср – інің құрылуы.
- •72 )Майдандағы қазақстандықтар.
- •73)Соғыс кезіндегә еңбек ерліктері
- •75) Ғылым мен мәдениет
- •76 )Соғыстан кейін республика экономикасын қайта құру.
- •77)Тың және тыңайған жерді игеру
- •79)1970-1980Жылдар
- •81)1965-1991 Ғылым мен мәдениет дамуының проблемалары мен жетістіктері.
- •1965-1991Жж.Қазақстандағы ғылым мен мәдениеттің дамуындағы жетістіктер мен проблемалар.
- •83) Қазақстандағы «қайта құру» саясаты (1985-1991 жж.).
- •84) Желтоқсан оқиғасы (1986 ж.)
- •86 )Республиканың мемлекеттік рәміздері
- •87) Ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың.
- •89)Тідер дамуы проблемасы мен болашағы
- •91 )Қазақстандағы экология
- •92) Қазіргі кездегі этникалық және демографиялық жағдай
- •93 )Қызмет жолы
- •95)Білім мен ғылым бағыттары
- •98 )Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы
- •99)2003-2010 Индустриялды-иновациялды бағдарламасы.
- •100Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу.
- •96)Қазақстан Республикасы дамуының 2003-2015 жж.Индустриалды-инновациалық бағдарламасы
- •97. Қр президенті н.Ә.Назарбаевтың қазақстан халқына әлеуметтік экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты жолдауы 2012 ж 27 қаңтар
- •98.Қр президенті н.Ә. Назарбаевтың қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы:жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам атты мақаласы 2012 ж 10 шілде
- •99. Қазақстан білім қоғамы жолында қр президенті н.Назарбаевтың Назарбаев университетінде оқыған лекциясы 2012 ж 6 қыркүйек
- •Қадірлі жастар!
- •Құрметті ұстаздар мен студенттер!
- •20 Жылда біз қол жеткізген табыстар
- •Құрметті студенттер!
- •Қымбатты жастар!
- •100. Елбасы н.Назарбаевтың 2012 ж 16 қарашада өткен Нұр Отан партиясы жас отан жастар қанатының 2 сьезінде сөйлеген сөзі
10)Қимақ мемлекеті: этносаяси тарихы және шаруашылығы.
ІХ-ХІ ғасырларда Қазақстан аумағында өмір сүрген үш мемлекеттің бірі – Қимақ қағанаты. Қимақтар тарихының ерте кезеңі яньмо тайпасымен байланысты, ол Батыс Түріктер арасында VІІ ғасырда болған оқиғаға орай, Қытай деректерінде аталып өтеді. Синологтар яньмо тайпасы мен имек(кимек) тайпасы екеуін бір тайпа деп есептейді. Ал, имек термині шығыстанушы ғалымдардың пікірінше, Кимек (Қимақ) атауының фонетикалық бір түрі болып табылады. Теле тайпаларының бірі болған яньмолар (кимектер) VII ғасырдың бас кезінде Солтүстік Моңғолияны мекендеген, ал VII ғасырдың ортасына таман кимектер Алтай тауларының солтүстігі мен Ертіс өңіріне көшіп барады. Кимек тайпаларының басшысы "шад татұқ” деп аталған. VIII ғасырдың екінші жартысы – IX ғасырдың басында кимек тайпалары үш бағытта: солтүстік-батыста Оңтүстік Оралға, оңтүстік-батыста Сырдария аңғарымен Оңтүстік Қазақстанға, оңтүстікте Солтүстік Шығыс Жетісу аймағына қарай қоныс аударады. Кимектер мен Қыпшақтар бір халық деп осы кезге дейін айтылып келген пікір қате, өйткені тарихи жазба деректер мəліметі оларды тек өз алдына екі бөлек халық, бірақ түрік тілді туыс этнос деп қарауға мүмкіндік береді. Телелер тайпасының бірі болып саналатын яньмо VII ғасырдың бас кезінде Моңғолияның Солтүстік-Батысын мекендеген. Орталығы — Имекия (немесе Кимекия) қаласы болды. Кимектерде мемлекет болғаны туралы алғаш рет ІХ ғасырдың аяғы мен — Х ғасырдың басындағы араб тілді тарихи географиялық шығармаларда айтылады. Мəселен, Əл-Якуби кимектер мен басқа да түркі тілдес халықтардың мемлекеттігі туралы былай дейді: “Түркістан мен түріктер бірнеше халықтар мен мемлекеттерге, соның ішінде: қарлұқтар, тоғыз-оғыздар жəне кимектер, оғыздар болып бөлінеді. Түріктердің əр тайпасы жеке мемлекет, олар бір-бірімен соғысып жатады” деп хабарлайды. Кимек мемлекетінің қалыптасып өсуіне қарай, олардың тайпаларының құрамы да өзгеріп отырған. Тарихи деректердің көрсетуі бойынша, бұл кезде қағанат құрамына кірген тайпалардың саны 12-ге жеткен. Кимектердің 16 қаласы болыпты, бастылары Кимекия, Қарантия, Дамурия, Шнария, Сараус, Дахлан, Банджар, Астур. Қимақтың ақсүйек байлары киімді қызыл және сары жібектен киетін болған, кедейлері жұпыны киінген. Қимақ қоғамында мал-мүліктің теңсіздігінің нәтижесінде көшпелі ақсүйектер пайда болады. Малы аз қимақтар кедейге айналады. Қимақтар қол өнермен, аң аулау, балық аулаумен шұғылданып, қыстауларды қоныс етіп, шағын мекендерде тұрған, бұл мекендер бірте-бірте қалаға айналған. Қимақтар жазуды білген. Олар ежелгі көне түрік жазуын пайдаланып, қамыс қаламмен жазған. Қимақтар табиғаттың әр түрлі күштері мен құбылыстарын пір тұтқан, көк тәңірісі ата-бабаларына сиынған. Олар күнге, жұлдыздарға, аруақтарға да табынған. Ертіс өзенін қасиет тұтып, "өзен – адамның тәңірі” деген. Өлгендерді өртеп жіберген. Оларға тас сымбат (мүсін) қойып, оған табыну салты кеңінен тараған. XI ғасырдың бас кезінде Орталық Азиядан шыққан тайпалардың бірінен соң бірінің шабуыл жасауы Қимақ мемлекетін әлсіретті. Бұдан басқа қағанаттың өз ішінде де билік үшін талас-тартыс күшейді. Сондықтан оның құрамына кірген қыпшақтар өзінің қоныстанған жерлерін тастап, Сырдария бойындағы, Аралдың батысы мен Каспийдің солтүстік өңіріндегі оғыздарды орындарынан қозғап, оларды оңтүстікке және Қара теңіз далаларына көшуге мәжбүр етті. Оғыз жерін басып алғаннан кейін, қыпшақ хандары күшейе түсті. Осы оқиғалардың барысында қимақтар саяси үстемдігінен айырылып қана қойған жоқ, сонымен қатар қыпшақтарға тәуелді болып шықты. Қимақтардың бір бөлігі Ертісте қалып, екінші бөлігі Түркістан және Орта Азия аймағына қоныс аударды, енді біразы қыпшақ тайпаларымен батысқа, оңтүстік орыс далаларына қарай қозғалды. Сөйтіп, қыпшақтар қимақ мемлекетінің орнын басты.
