- •1) Қазақстан тарихы курсының пәні мақсаты мен міндеттері
- •2.Тас дәуірі. Палеолит, мезолит, неолит дәуірлері
- •3. Қола дәуіріндегі Қазақстан.
- •5 Үйсіндер мен қаңлылар (б.З.Б.II-б.З.Vғ.Ғ).
- •Ежелгі түріктердің материалдық және рухани мәдениеті.Орта ғасырдағы Қазақстанның рухани мәдениеті .
- •15. Түркі мемлекеттерінің әлеуметтік-экономикалық дамуы
- •18. Ұлы Жібек жолы
- •19. Моңғолдардың Қазақстан территориясын жаулап алуы . Ұлыстардың құрылуы.
- •25 Қазақ хандығының құрылуы және Керей мен Жәнібек cултандар.
- •26.Қасым хан тұсындағы қазақ хандығы. Қасым ханның “Қосқа жолы ” заңдары.
- •27. Қазақ халқының қалытасуының аяқталуы. Жүздер.
- •34. 18 Ғ. 1 жартысы Қазақсытн ішкі саяси және әлеуметтік жағдай
- •35 Кіші жүз қазақтарының Россия бодандығын қабылдау.
- •36. Әскери линиялар мен екіністердің салынуы – патша үкіметінің қазақстандағы әскери отарлау әрекетінің басталуы
- •37 Абылай хан саяси және мемлекет қайраткері
- •41 Патша өкіметінің жер мәселесіндегі отаршылдық сипаты
- •1865 Жылы 5 маусымда II Александр бұйрығымен қазақ жерін зерттеу сұрақтары дайындалды: жерді иелену түрлері, сот ісі, ағарту ісі, салық, діни мәселе т.Б Патша өкіметінің қоныстандыру саясаты.
- •48 Орал, Торғай облыстарындағы көтеріліс. Маңғыстаудағы көтеріліс
- •XIX ғасырдың 60-жылдарына дейін Хиуа үкіметі Ресейге барынша адалдық көрсетіп, онымен ең алдымен өзара тиімді сауда қатынастарын жасап отырды.
Ежелгі түріктердің материалдық және рухани мәдениеті.Орта ғасырдағы Қазақстанның рухани мәдениеті .
Негізгі шаруашылығы көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы. Жайылым ақсүйектер қолында болды. Негізінен жылқы мен қой өсірді. Қыпшақ қоғамында байлық жылқының санымен есептеген.Батыс Түрік қағанатында қарақұйрықтар мен бұғылардың ұрық безінен хош иісті зат мускус алынды. Мускус парфюмерияда, дәрі жасауда пайдаланылды.
Түрік тайпалары егіншілікпен де айналысты. Көшпелілердің отырықшылыққа көшуінің себептері: мал санының азаюы, малдың және жайылымдардың, су көздерінің ақсүйектер қолдарында топтасуы. Егішілік негізінен Сырдария, Шу , Талас, Іле өзендерінің аңғарларыда айналысты. Жетісу өңірінде бидай, тары, жүзім өсірілді. Түрік тайпаларында қолөнер дамыған: қыш өндірісі, ұсталық, зергерлік, тоқымашылық. Шыны жасау, сүйек өңдеу. Металлургияның дамуы түрік қағандарына әскерін қарумен жабдықтауына мүмкіндік берді. Әуелгі ортағасырлық қағанаттар Византия, Иран, Орта Азия, Кавказ, Алтай, Шығыс Түркістан, Сібірмен сауда байланыстарын жасады. Тараз, Отырар, Сығанақ маңызы зор болды. Сауда қала дамуындағы факторлардың бірі.
Сауда түрлері: мемлекетаралық, қала мен оның төңірегі арасындағы, қала мен дала арасындағы сауда. 6-8 ғ. Теңгелерді белді тайпалардың атақты адамдары шығартып, оған өз таңбаларын бастырған. Ағылшын түркологы Клоусонның болжамы бойынша алғашқы түркеш теңгелері Ақбешімде соғылды. Кейін Исфиджаб, Отырар, Будукент, Таразда теңге сарайлары салынған. 9-10 ғ. Қазақстан жерінде Саманилер әулетінің күміс дирхемдерді, алтын динарлары, мыс теңгелері айналымда болды. Алтын динарлар халықаралық валюта ретінде қолданылды. 12-13 ғ. Күміс дағдарысында дирхемдерді мыстан құйып, сыртына күміс жалатты. Тараз қаласы саудагерлер қаласы, Суяб әр елдің саудагерлері кездесетін, ал халқының жартысы саудамен айналысатын қала атанды.
15. Түркі мемлекеттерінің әлеуметтік-экономикалық дамуы
Шежіреде айтылғандай, ертедегі түріктер ағаш тақтайларға «қажетті адамдардың, аттардың, салық пен малдың санын» есептеу мақсатында ойықтар (белгілер) салатын болған. Сонымен қатар түрік елшілері грамотамен жабдықталды. 567 жылы Константинопольге II Юстиниан императоры сарайына келген түрік елшісі соғды Маниах қағаннан «скиф жазуымен» жазылған хатты әкелген. Онда соғды тілінде жазылған жазу бар.Руна әрпі пайда болғанға дейін түріктер соғды әліппесін кеңінен қолданған, ол Түрік қағанатының бірінші ресми жазуы болды. Жаңа жазба – көне түрік әліппесі – түріктердің арасында VII ғ бірніші жартысында пайда болған. Әліппе алғашқыда бір – бірінен бөлек жазылатын геометриялық белгілерден құрылып, 37 немесе 38 әріптен тұрған, оның соғды әліппесінен айырмашылығы ағаш пен тасқа жазуға (жырып не ойып жазуға) қолайлылығымен ерекшеленеді. Көне түркі мәдениетінің ең таңғаларлығы жазудың пайда болуы мен жазба әдебиетінің байлығы дер едік. Білге – қаған мен Күлтегіннің және басқа түрік елінің көрнекті қайраткерлерінің құрметіне арналған руна мәтіндері ең құнды әдеби шығармалар ретінде және сол кезеңнің тарихын баяндайтын дерек ретінде жоғары бағаланады. Б з I мыңжылдығының ортасында Қазақстан тайпалары түркі тілінде сөйледі. Олар үш топқа бөлінді: Бұлғар- хазар. Батыс- түрік (оғыз). Қарлұқ. VIII-X ғ. Батыс- түрік тілдер тармағынан Қимақ-қыпшақ тілдер тобы бөлінді. Оңт. Қазақстан халқы монғол-қидан, соғды, сирия, араб тілдерінде сөйлеген. Түріктердің жазуы туралы алғашқы деректерді Менандр Протектор қалдырды (VI ғ. II жартысы). Ежелгі түрік жазуының ескерткіштері – Солт. Монғолиядан, Орхон, Толы, Селенга өзендерінің бойынын табылған тастағы жазулар. Бұл жазулар Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк құрметіне жазылған. Көне түрік жазуын тұңғыш рет XVIII ғ. 20 –жылдарында Енесей аңғарынан Д.Миссершмидт пен Ф. Страленбрг ашқан. Жазу скандинавиялық руна жазуынп ұқсас болғандықтанируна жазуы деп аталады. 1889 жыл- Н.М. Ядринцев Солт. Монғолияда, рхон өзені аңғарынан руна жазуы бар тас тапты. 1893 жылы 15 желтоқсан – дат ғалымы В. Томсон руна жазуын тұңғыш оқыды. Руналық жазулар сипаты: Маңызды зор тарихи құжаттар.Әдеби көркем шығарма. Шешендік өнердің және батырлық туралы ауызша әңгіме дәстүрлерін сақтаған саяси проза. Қазақстандағы руналық ескерткіштер Талас аңғарынан табылды. VI-VIII ғасырларда түркі тілдес тайпалар арасында ерте дәуірден басталған ауызша шығармашылық дәстүр дамыды.
16.VIII-XII ғасырлардағы ғылым және мәдениет. Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Махмуд Қашғари, Ахмед Яссауи.6-8 ғ. Түркі тілдес тайпалары арасында ерте дәуірден басталған ауысша шығармашылық дәстүрі дамыды. 8-10 ғ Сырдария алқабында қыпшақ оғыз арасында Қорқыт ата эпосы тарады. Қорқыт ата қазіргі Қызылорда Қармақшы ауд. Туған атақты жырау. Қорқыт ата кітабы алғаш зерттеуші неміс Диц Қорқыттың оғыз ұрпағынан шыққан және оның көп халықтардың әулие түтатынын айтады. Оғыз нама эпосы ел арасында кең таралып 13 ғ. Рашид ад дин , 18 ғ. Әбілқазы көшірген. Онда Оғыз өмірі баяндалады. 7 ғ жазба әдебиеті шыққан. 9-12 ғ ислам дінінң таралуына байланысты әдеби және ғылыми шы,армалар араб тілінде жазылды.
Әбунасыр Әл-Фараби Қазақ жерінде түып өскен ұлы ойшыл, әмбебап-ғалым. Мұсылмандық Шығыста «Екінші ұстаз» (Аристотельден кейінгі) ретінде белгілі болған оның қызметі X ғ. Ол 870 жылы түрік отбасында Фараб (Отырар) қаласында туған. Ол өзінің ана тілі-түрік тілінде оқиды, кейін Халифаттың мәдени орталығы болған-Бағдатқа барады. Сонда араб тілін біліп үйреніп, ежелгі грек философиясы мен математиканы, логика мен медицинаны, музыка мен тілдерді оқып үйренеді. Ол грек ойшылы Аристотельдің еңбектерін ынта қойып оқиды, одан кейін әлемдік озық дәстүрлермен жан-дүниесін байытады да орта ғасырдағы араб шығысының негізгі идеялық ғалымдарының біріне айналады.Әл-Фараби өзінің көзқарасымен ибн Синаға, ибн Буттутаға, ибн Туфайльға, ибн Рушдқа, еуропалық философия мен ғылымға айтарлықтай ықпал жасады. Ол түрлі елдерде тұрса да отанын ұмытқан емес, өзінің түріктерге жататынын әрқашан айрықша атап көрсеткен. Әл-Фараби 950 жылы Дамаскіде қайтыс болды.Біздерге жеткен деректерге қарағанда, Әл-Фараби 100-ден астам трактат жазған. Әзірге олардың 32-ғана табылған. Логиканы ол эмпириялық мәліметтер мен оның шындығын дәлелдеуге нағыз әмбебап құрал ретінде барлық ғылымдардың негізі деп білді.Әл-Фарабидің әлеуметтік-этникалық ілімі «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы кітап» утопиялық идеяға негізделген. Рухани және дүниелік билікті қоса алып жүретін зиялы әкім игілік пен әділеттіліктің барша шындығын танып, оған азаматтарын сендіре алса, онда олардың күштерін бірлестіре отырып бақытты өмір құратынына үміт артты.
Махмұд Қашқари ХІ ғасырдағы әйгілі автролардың бірі Махмұд Қашқаридың есіміне байланысты түрік тіліндегі әдебиет тез дамыды М.Қашқари өміріндегі жинақтаған байқауларын өзінің басты еңбегі «Диуани лұғат ат-түрік» («Түрік тілінің сөздігі (1072-1083)») деген кітабында қорытындылады. Оны ежелгі ортағасырдағы түріктердің халақтық өмірінің нағыз энциклопедиясы деп атауға болады.Сөздік қазіргі кезде ХІ ғасырдағы түріктер өмірі, олардың материалдық мәдениетіндегі өзгерістер, нақты тұрмыс-тіршілік салты,фольклоры, этникасы мен топонимикасы, этнографиясы, рулар мен тайпаларға бөлінуі, терминдер мен олардың қасиеттері, титулдар мен лауазым адамдары, тағамдар мен ішімдік аттары, өсімдіктер мен дақылдар, халықтық күнтізбе және т.б. жайында мағлұматтар беретін бірден-бір ақпарат көзі.
Жүсіп Баласағұн. Жүсіп Баласағұн өзі «Құзорда» деп атаған Баласағұн қаласында 1015 немесе 1016 жылы түрік шонжарының отбасында дүниеге келді.Сол замандағы оқыған, ірі ғұламалардың бірі және бірегейі. Ол «Құт негізі – білік» («Құтадғу білік») дастанын жазды, ол 6520 бәйіттен (85 тараудан) тұрады және оның 124 бәйіттен құралған қосымшасы бар. Бұл дастан - жай этикалық-моралдық трактат емес, автордың пікірінше, ол идеалды қоғамның нормаларын, ондағы түрлі сословиелік адамдардың мінез-құлқының ережелерін, билеушілер мен бағыныштылар арасындағы өзара қарым-қатынас ережелерін сипаттайтын терең мағыналы философиялық-дидактикалық шығарма. Дастан кіріспесінде атап көрсетілгендей, ол «түрік сөздерімен бограхандық тілде» жазылған. «Егер осы тілде жазылған (осындай) кітаптар көп болса, бұл біздің тілде даналықтың басын қосқан тұңғыш жинақ», -дейді автор.Аталмыш дастан мазмұнының байлығы, тілінің көркемдігі жағынан дүниежүзілік әдебиеттегі тамаша ескерткіштердің бірі, ол қарахандар заманындағы гүлденген мәдениеттің куәгері.
Қожа Ахмет Яссауи. Қожа Ахмет ибн Ибрагим әл Иассауи (басқа нұсқаларда Қожа Ахмет Иассауи Хазірет Сұлтан, Иассауи, Иассеви) дәуіріш, әулие сопы ілімін насихаттаушы, ақын - мұсылман әлеміне танымал тұлға..Ахмет Иассауи XI ғасырдың аяғында Испиджаб (қазіргі Сайрам) қаласында Ифтихад ұлы Иахмед, Махмедтің ұлы Ибраһим пірдің семьясында туған. Бала өте қабілетті боп өскен, сондықтан ата - анасы оны жергілікті түрік хазіреті сопылардың ұстазы Арыслан - Бабаға шәкірттікке берген (басқа нұсқалар бойынша, Арыслан-Баба, Арыстан-Баба). Арыстан-Бабаның кеңесімен Иассауи Халифаттың діни-рухани Орталығы - Бұхараға барған. Мұнда ол шейх Қожа Жүсіп әл Хамадинидің басшылығымен діни-адамгершіліктің, жетілудің, сопылықтың толық діни ұстазынан ақиқатты танудың сопылық жолы - тариқатты оқыту үшін рұқсат алады. Жүсіп Хамадинамен бірге жас Иассауи Меккеге алғаш рет қажылыққа барады, мұнда өз уақытының танымал сопыларымен кездесіп, өзінің рухани өмірін байытады. Қысқа мерзім ішінде ол сопылық діни ағымның дінбасына айналады. Түріктік тайпалар мәдениетін дамытуда да Ахмет Иассауи ролі айрықша, оның "Диуани Хикмет" өлеңдер кітабы сол кездегі араб және парсы тіліндегі жазу дәстүріне қарамастан түрік тілінде жазылған (оғыз-қыпшақ диалектісі). "Диуани Хикмет" араб тілінен "өсиеттер жинағы" деп аударылады. Бізге XII ғасырдан жеткен ортағасырлық осы әдебиет ескерткіші бүкіл түркітілдес халықтардың ортақ мұрасы болып табылады. Осы кезге дейін иассауи еңбектері өлең түрінде болды, 1990 жылы ҰК қолжазбалар қорынан прозамен жазылған философиялық еңбегі табылды. Бұл – "Рисала" (трактат) "Миратул кулуб". "Ақыл айнасы" – "Диуани Хикмет" – поэтикалық шығарма, ескі түркі тілінде жазылған (оғыз-қыпшақ).
17. Қазақстандағы түрік кезеңіндегі ислам Қақстанның тарихы мен мәдениеті жүздеген жылдар бойы исламмен байланысты. Орталық Азия аймағына мұсылмандық идеяларының келуі VII-VIII ғасырлардан басталады. Бірінші араб миссионерлері сонау VII ғасырдан бастап аймағымызға келе бастаған. Ислам жеңісінің соңы VIII ғасырда болды. 751 жылы Тараздың жанындағы Атлах қаласында араб армиясы қытай әскерлерін жеңіп, қытай әскерлері Жетісуді тастап қашқан. Осы жеңістен кейін бүкіл Орталық Азияда исламның бекуі мен мұсылман мәдениетінің күшеюі басталды.Қазіргі Қазақстан аумағында исламның дамуы бірнеше жүз жылдарға дейін созылды. Жаңа дін бірінші оңтүстік аудандарда дамыды. Х ғасырда ислам Жетісу мен Сырдария өңірлерінде кең тарады. Алдымен Х ғасырда мұсылмандықты қабылдаған Қарахандықтар әулетінен Сатық, ал оның баласы Боғра хан Харун Мұса 960 жылы исламды мемлекеттік дін деп жариялады.Аймақтың исламдануы басқа да діндердің болуына қарамастан бейбіт мақсатта жүрді. Ұлы Жібек жолы көптеген дін үйретушілердің даңқты жолы болды, оларға христиандықты, буддизмді, зороастризмді жатқызуға болады. Алқаптағы түркі жұртшылығына кең тараған теңгірлікті де айтуға болады. Жұртшылық арасында исламның таралуы ешқандай қанаушылықсыз-ақ таратылып жатты. Ислам мәдениеттің дамуына елеулі ықпалын тигізді. Бұл дінге бейімделу Таяу және Орта Шығыс елдерімен рухани, ғылыми, мәдени байланысуға септігін тигізді. Әртүрлі ұлт өкілдерінің қарым-қатынасы білім мен өнер саласының өркендеп, мұсылмандықтың Ренессанс дәуіріне негіз салды. Жалпы, IХ-ХII ғасырлардағы араб-ислам әлеміндегі мәдениеттің дамуын осылай атайды.
