Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-50ге дейін толық.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
137.89 Кб
Скачать

48 Орал, Торғай об­лыста­рын­дағы көтеріліс. Маңғыстаудағы көтеріліс

Cа­лықтар мен басқа да міндет­керліктердің күрт көбейтілуі Орал, Торғай об­лыста­рын­да ха­лықтық бой көрсе­тулердің бас­та­лу­ына түрткі бол­ды.Пат­ша «Уақыт­ша ере­жені» мақұлдаған­нан кейін үкіметтің бірден дерлік жүзе­ге асы­рыла бас­таған са­лық са­яса­тына қазақтар­дың на­разы­лығы 1868 жылғы қара­шаның аяғына қарай қару­лы қар­сы­лыққа ұлас­ты. На­шар қару­ланған, бірақ жер жағдайын та­маша білген көтерілісшілер­ге қар­сы қимыл­даған шағын ка­зак шолғын­шы­лары олар­дың те­ге­урінін әлсіре­те ал­ма­ды.Қару­лы бой көрсе­тулер шек­тес екі об­лыстың бірқатар аудан­да­рын­да бір мезгілде дерлік бо­луы се­бепті тұрақты бөлімдер аз болған кез­де қазақтар­дың нақты күштерін ұтым­ды бөлу қиын бол­ды. Оның үстіне көтерілісшілер өздерінің бы­тыраңқы жа­сақта­рын үкіметтің өзін-өзі қорғай­тын күштерімен жеткілікті қам­та­масыз етілген ірі әске­ри-тірек бе­кет­теріне қар­сы емес, қай­та қазақ ауыл­да­рына ка­зак от­рядта­рының қорғауымен жа­сыры­нып жүрген жеккөрінішті стар­шындарға, бо­лыс­тарға қар­сы бағыт­та­ды.Көтеріліс Орал об­лы­сының солтүстік-ба­тыс аудан­да­рын, атап айтқан­да, бұрынғы ха­лық көтерілістері бойын­ша да отар­шылдыққа қар­сы қозғалыс­тарға бел­се­не қатысқаны аңғарылған жа­уын­гер та­бын, шекті ру­лары­ның қоныс­та­рын кең қам­тыған. Бұл жо­лы да та­бын­дар ре­фор­ма­дан кейінгі ке­зеңдегі отар­шылдыққа қар­сы күрес­ке еле­улі үлес қос­ты. Отар­шылдық өкімет орын­да­ры көтерілістің шек­тес екі да­лалық об­лыс аумағына қанат жа­юының шын мәніне бой­лап жат­пай, мұның се­бебін бар­лық уақыт­та хи­уалықтар­дың ықпа­лы деп білді.

XIX ғасыр­дың 60-жыл­да­рына дейін Хи­уа үкіметі Ре­сей­ге ба­рын­ша адал­дық көрсетіп, оны­мен ең ал­ды­мен өза­ра тиімді са­уда қаты­нас­та­рын жа­сап отыр­ды.

Маңғыс­та­удағы көтеріліс (1870 ж.)«Уақыт­ша ере­же» Маңғыс­та­уда 1870 жы­лы енгізілді. Пат­ша әкімшілігі Маңғыс­та­удың негізгі халқы – адай руы «Уақыт­ша ере­жені» күрессіз қабыл­да­май­ды деп қауіптенді және оны жүзе­ге асы­ру үшін неғұрлым қолай­лы жағдай­лар­ды күтті.Маңғыс­тау прис­та­вы под­полков­ник Ру­кин да­ла тұрғын­да­рының қиын жағдайымен са­нас­пай, адай­лар­дан 1869–1870 жыл­дар үшін шаңырақ алы­мын жаңа та­риф­ке сәй­кес де­реу енгізуді та­лап етті; көпте­ген жергілікті тұрғын­дар, со­ның ішінде Бо­зашы түбегінің ба­лықшы жа­тақта­ры Ру­киннің та­лабын орын­да­удан бас тарт­ты. Адай­лар­дың жай­лауға көшуін күштеп тоқта­туға ты­рысқан Ру­киннің ой­лан­бай жа­саған әре­кет­тері жер-жер­де көтерілістің бас­та­лу­ына се­беп бол­ды. Көтерілісшілердің же­текшісі Иса Тілен­ба­ев қалың бұқараға бас­шы­лық ету­де ше­берлік және жа­зала­ушы­лар­мен келіссөздер­де дип­ло­мати­ялық әдептілік та­ныт­ты. Көтерілісшілер сәуір айының ба­сын­да Ни­кола­ев ста­ница­сына, Алек­санд­ровск фор­ты­на ша­бу­ыл жа­сады, алай­да олар сәтсіздікке ұшы­рады. Пат­ша­лық өкімет орын­да­рын көшпелілердің ба­тыл­дығы қорқыт­ты, мұның өзі олар­ды қосым­ша әске­ри көмек сұрауға мәжбүр етті; Кав­каздан тың күштердің ке­луі күштердің арақаты­насын өзгертті. Қозғалыс­ты ба­суға бас­шы­лық жа­сау қолы­на шоғыр­ланды­рылған граф Ку­та­исов «ең жа­байы, дөрекі және жа­уын­гер қазақтар­ды» ты­ныш­танды­рудың өз жос­па­рын ұсын­ды. Көтерілістің негізгі қозғаушы күші – қазақ ша­ру­ала­ры өз қатар­ла­рын берік біріктіру­ге қол жеткізе ал­ма­ды, мұның өзі са­ны жөнінен бол­ма­шы жа­зала­ушы от­рядтар­дың ха­лық қар­сы­лығының негізгі ошақта­рын тұншықты­ру­ына мүмкіндік берді; қазақ ша­ру­ала­рының ру­лық тар өрістері мүдде­лері отар­шыл им­пе­ри­яның әске­ри құра­мала­рының өзінің ұйым­да­суы жағынан едәуір кем түскен көтерілісшілер жа­сақта­рын­дағы тұрақта­ма­ушы­лықты туғыз­ды. Көтеріліс шағын си­пат­та болғаны­мен, оның ге­ог­ра­фи­ялық шеңбері тым ауқым­ды бол­ды – бүкіл дерлік Ба­тыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан­ның бір бөлігі қазақ ша­ру­ала­рының бой көрсе­тулерімен қам­ты­лып, «Уақыт­ша ере­женің» жүзе­ге асы­рылу­ын қиын­датты

-----------------------------------------------49 жоқ------------------------------------

50 Қазақстанның Россияға қосылуының аяқталуы. 1817 жылы сұлтан Сүйік Абылайханұлы басқарған 66 мың адамнан тұратын жалайыр руы Россия империясының құрамына қосылды 1825 жылы Ұлы жүз жерінде Россия империясының Алатау, Қапал, Лепсі сияқты әскери бекіністері салынды. 1825 жылы 50 мың халқы бар үйсін болысы Россия мемлекетінің құрамына қосылды. 1851 жылы 7 шілдеде подполковник Карбышев отряды Қоқан хандығының басты тірегі Таушубек бекінісін қантөгіссіз басып алады.1853 жылы – Ақмешіт қаласының Россияның қоластына қаратылуы орыс әскерлерінің Іле бойымен жылжуына жол ашты. Осы кезден бастан Ақмешіт бекінісі Перовск деп аталды. 1853 жылы 2 сәуірде Батыс Сібір генерал-губернаторы Гасфорттың тапсыруы бойынша Көксу және Іле аралығында Іле бекеті салынды.

1854 жылы көктемде пристав М.Д. Перемышельский отряды Алматы деген жерде Верный бекінісінің негізін қалады. Сол жылы Верный бекінісіне 470 солдат қоныс тепті, ал 1855 осы бекінісіне Сібірден 500-ге жуық отбасы қоныстанды. Верный бекінісің салынуы 1855 жылы қырғыздың Бұғы руының Россия билігін мойындауын тездетті. 1855 жылы Ұлы жүз приставы резиденциясы Қапалдан Верныйға ауыстырылды.

Патша үкіметі Оңтүстіқ Қазақстан өңірінен Қоқан хандығын ығыстырып, өз бақылауына алу үшін әскери қимылдарын көбірек ұйымдастыра бастады.1859 жылы Ұлы жүзде тұрғызылған Қастек бекінісі Россияның тірегі саналып, Қоқан ханының шабуылдарына тосқауыл болды. Шу алқабынан полковник Циммерман тобы шабуылдап, 1860 жылы 26 тамызда Тоқмақты, 4 қырқүйекте Пішпекті алды. 1860 жылы 27 қазанда Ұзынағаш түбінде Алатау округінің билеушісі Г.А.Колпаковский басқарған орыс отряды қоқан әскерін жеңеді. Бұл шайқаста 400-ге жуық Қоқан сарбазы қаза табады, ал орыстар – 2 адамнан айрылды Сөйтіп, XIX ғасырдың 30 жылдарынан басталып, 1,5 ғасырға созылған қазақ елінің Россия құрамына қосылу процесі – Ұлы жүздің Россия империясының құрамына енуімен аяқталды. XIX ғасырдың 60 жылдарында қазақ жері түгелдей Россия отарына айналды.