Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-50ге дейін толық.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
137.89 Кб
Скачать

36. Әскери линиялар мен екіністердің салынуы – патша үкіметінің қазақстандағы әскери отарлау әрекетінің басталуы

қазақ-жоңғар соғысы қызу жүріп жатқан кезде, патша үкіметі Ертіс өзенінің бойындағы аймақта әскери бекіністер шебін салуды одан әрі жалғастыру ісін қолға алды. Бұл міндетті орындау үшін И.Д. Бухгольцтің экспедициясынан басқа бірқатар ғылыми- барлау және әскери экспедициялар жіберілді. Оларды А.Д. Бекович-Черкасский 1715—1716 жылдары Хиуа хандығына, И.М. Лихарев 1719—1720 жылдары Ертіс өзенінің жоғары ағысына карай бастап барды. 1716 жылы Ертістің оң жағалауында Жәмішев және Омбы, 1717 жылы Железинка, Колбасинская, 1718 жылы —Семей, 1720 жылы — Өскемен, Черноярская және Коряковская бекіністері салынды. Ке- йінірек олардың ара-арасында шағын бекініс-қамалдар мен редуттар (ұсақ-түйек далалық бекіністері) пайда болды. Мұндай бекіністердің салыну себебін Сібірдегі орыс өкімет орындары Жоңғар қалмақтарына қазақтардың шапқыншылығынан қорғану үшін, ал қазақтарға жауынгер жоңғарлардың шапқыншылығынан қорғану үшін салынып жатыр деп түсіндірумен болды. Ал істің шын мәніне келгенде ол бекіністер патша үкіметінің Ертіс өзені бойындағы жағдайын күшейту үшін өте қолайлы плацдарм еді. Ондағы негізгі мақсат алдағы кезде қазақ хандығының аумағын да, жоңгар қонтайшыларының қол астындағы жерлерді де басып алып, өзіне карату болатын. Бұл жөнінде белгілі орыс ғалымы Н. Коншин былай деп жазды: «Ертіс бойындагы бекіністер шебі осылай құрылды. Оның міндеті оң жагалаудагы жерлерді жоңғарлардан, ал одан соң көп ұзамай-ақ қыргыздардан (қазақтардан) қорғау еді».

37 Абылай хан саяси және мемлекет қайраткері

Орта жүз бен Ұлы жүздегі жағдай аз уақыт турақталғаннан кейін XVIII ғасырдың 40-жылдарының аяғына қарай тағыда шиелініске бастады. Қойтайшы Калдан –Церен қайтыс болған соң Жоңғарғарияда орын алған өзара қырқыс осы құдіретті державаның әлсіресеуіне және бүкіл аумақтағы саяси жағдайдың шиеленісуіне әкеп соқты. Қалыптасқан жағдайды пайдаланған қазақ даласының билеушіері де Жоңғария мен көрші мемлекеттердің істеріні белсене араласа бастады. Орта жүз бен Ұлы жүздің ресми ханы Әбілмәмбет болып қалғанына қарамастан, нақты билік бірте-бірте ықпалды султан Абылайдың қолына жинақтала берді, ол қазақ – жоңғар соғыстарының барысында қалыптасқан батырлар мен билердің үлкен қолдауын сүйенетін.

Абылай хан 1711 жылы қанішер Абылай ханның баласы Уәли султанның шаңырағында дүниеге келген. Оның азан шақырып қойған аты Әбілмансұр болатын. Жоңғарлар Түркестанды алып, Уәли султанды өлтірген кезде, 13 жасар бала мүлде панасыз қалады да, Әбілмансұр Ораз дейтін құлының арқасында жан сақтап, бұғанасы бекиді. Ұйпа – тұйпа болып жүргені үшін жұрт оны Сабалақ деп атап кеткен. Болашақ хан Әбілмансұр 1730 жылы ауыл адамдарымен бірге жоңғарларға қарсы шайқасқа қатынасып, өзінің асқан ерлігі, батылдығымен көзге түседі. Сөйтіп, Абылай 30-жылдардың аяғынан бастап, елдің саяси өмірінде тағдырлы соғыс және бейбітшілік проблемаларын шешкен көрнекті тұлғаға айналды. Сол арқылы Абылай бүкіл күш- қарайтын жоғарғы билікті нығайтуға және қазақ хандығын ұзаққа созылған саяси дағдырыстан шығаруға бағыттады. Қазақ руларының Абылай төңірегіне топтасуы оның Жоңғарияға қарсы белсенді де нысаналы қимылдауына көп жағынан көмектесті.Орта жүзде Абылай билігінің нығайюына елдің оңтүстік шекараларын нығайту жөніндегі белсенді қызметі себепші болды. 50-60 жылдардың басында қазақтардың қырғыздармен қатынастары ерекше шиеленісіп кетті. Алатаудың солтүстік жағындағы, Жоңғария құлағыннан кейін қазақтар да, қырғыздар да көз тіккен Ұлы жүздің қазақтары әділетті түрде оны өз мүдделерін қорғаушы деп біле бастады. Сонымен, 60-жылдардың аяғына қарай Абылай султан Қазақстанның көпшілігі бөлігінде жоғарғы билікті нығайтып алды. Орта жүз бен Ұлы жүз оған толық бағынды, Кіші жүздің көптеген билеушілерімен ол әулеттік қыз алысып, қыз берісу арқылы туыстық жағынан байланысты болды. Батыр хан мен Ералы султан оның одақтастары еді, тіпті Нуралы хан онымен санасуға мәжбүр болды. Әбден қартайған Әбілмәмбет ресми түрде жоғарғы билеуші болып қалғанымен, сол кезеңнің өзінде-ақ Абылай ресми хат алысқанда хан деп атала бастайды. Әбілмамбет қайтыс болғаннан кейін ғана Абылай 1771 жылы жалпы қазақ ханы болып жарияланды.

-----------------------------------------38 жоқ-----------------------------------------------

39 1822 және 1824 жылғы Сібір және Орынбор қырғыздары туралы ереже. Кіші жүз бен Орта жүздегі хандық биліктің жойылуы.  1822 жылғы «Сібір қырғыздары туралы жарғы» 1781 жылы Абылай өлгеннен кейін Орта жүзде оның үлкен баласы сұлтан Уәли хан болып жарияланды. Уәли ханның қаталдығы оның қол астындағылардың наразылығын туғызды. 1795 жылы қазақтар патшаға оны тақтан алу жөнінде өтініш жасады. 1815 жылы Орта жүзде Уәлидің позициясын әлсіретуге тырысып, үкімет екінші ханды, Бөкейді тағайындады. 1817 жылы Бөкей хан және 1819 жылы Уәли хан өлгеннен кейін Орта жүзде жаңа хандар бекітілмеді. Патша әкімшілігі хан өкіметін таратып, «Сібір қырғыздары туралы уставқа» сүйене отырып, басқарудың жаңа аппаратын құрды, бұл уставты 1822 жылы Россияның XIX ғасырда белгілі либералдық пиғылдағы қайраткер, өз дәуірінің аса білімді тұлғаларының бірі граф М.М.Сперанский жасады. Бұл жұмысқа болашақ декабрист Солтүстік қоғамның мүшесі Г.С. Батеньков белсене қатысты. Оған М.М. Сперанский жергілікті статистика үшін материалдар әзірлеу мен жинауды тапсырған еді. Орта жүзде жаңа әкімшілік құрылым мен сайлау жүйесі енгізілді. «Уставта» денсаулық сақтау жөнінде кейбір шаралар бегіленді, атап айтқанда қырдағы бекіністер гарнизонына қызмет көрсету үшін ауруханалар салу, көшпелі халық арасында шешекке қарсы егу жұмысын жүргізу белгіленді. Қазақтарға арналған балаларын жалпы негіздерде империяның оқу орындарына жіберуге құқық берілді.

1822 жылы Сібір екі бөлімге: бас басқармасы Иркутскіде болатын Шығыс бөліміне (Сібірге) және орталығы Тобылда, ал 1839 жылдан бастап Омбыда болған Батыс Сібірге бөлінді. Батыс Сібірге: Тобыл, Томск және Омбы облыстары кірді, ал Омбы облысына қазақ даласының Орта жүз қоныстанған жерлері мен Ұлы жүз қоныстанған жерлерінің бір бөлігі кірді. Ол жер «Сібір қырғыздарының облысы» деп аталды да, 1822 жылы оған арналып «Сібір қырғыздары туралы устав» талдап жасалынды.

«Устав» бойынша «Сібір қырғыздарының облысы» сыртқы және ішкі округтерге бөлінді. Сыртқы округтерге Ертістің сыртында көшіп-қонып жүрген қазақтар кірді. Округтер болыстарға, болыстық ауылдарға бөлінді. Болысты бөлудің негізінен жераумақтық (территориялық) емес, рулық принцип алынды. Сондықтан да болыс ру аттарымен мысалы Кенжеғали, Қаржас және т.б деп аталды. Жаңа заңды іске асыру барысында рушылдықтың іргесі сөгіліп, айтақаларлықтай өзгерістерге ұшырады. Қазақтардың белгілі бір әкімшілік шеңберінен екінші бір әкімшіліктің жеріне ауысуы шектеліп, бұрыңғы көшіп қонудың рулық тәртібі бұзылды. Ауыл старшиндері қазақтардан сайланды. Болыстыққа сұлтандар сайланып, бұл қызмет шын мәнісінде атадан балағы мұра болып қалдырып отырды.

Полиция мен сот өкіметі органдарын округтік приказ басқарды, ал оларға үш жылдық мерзіммен сайланатын аға сұлтандар билік жүргізді. Олардың патша әкімшілігі белгілеген орыстан екі кеңесші болды. Сонымен қатар қазақ зиялылырынан сұлтандар мен билердің сайлауы арқылы қойылған екі заседатель отырды.

1822 жылғы «Жарғы» бойынша барлық сот істері үш категорияға бөлінді:

а) қылмысты істер;

б)даулы істер;

в)басқару үстінен берілетін шағымдар жөніндегі істер. Қылмысты істер империясы жалпы заңдары негізінде округтік приказдарда қаралды. Қылмысты істерден өзгеше даулы істерді ауылдар мен болыстарда жергілікті қолданылып жүрген әдет-ғұрыптардың негізінде билер соты талқылады.

40 Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы (XIX ғ. 2-ші жартысы).

Тау – кен өндірісі. XIX ғасырдың екінші жартасында Европа мемлекеттерінде дамыған капиталистік қатынас Россияға әсер етпей қоймады. Осымен байланысты Россияның капиталистік өнеркәсібі мен Қазақстандағы ауыл шаруашылық өндірісі арасындағы қатынас күшейді.

XIX ғасырдың ортасы – қазақ жеріне капиталистік қатынастардың тарала бастауының көріністері айқын байқалды: - Отырықшы мал шаруашылығы мен екіншіліктің дамуы. - Жеке меншік жерді иеленудің кең таралуы.- Жылқы санының азайып, ірі қара малдың көбеюі.

XIX ғасырдың 60 жылдарынан россиялық кәсіпкерлер қаражаттарын қазба байлықтары мол қазақ аймақтарында өндіріс салуға жұмсады. Түсті металдар және тас көмір өндіретін тұңғыш кен орындары Шығыс, Орталық Қазақстанда ашылды. 300-400 жұмысшылары бар ірі өнеркәсіп өрындары - Спасск мыс қорыту заводы (1857 ж.), Успен кеніші, Қарағанды көмір алабы, Екібастұз, Риддер кәсіпшілігі.

1898 жыл – Семей облысының Павлодар уезінде Воскресенск Кен - өнеркәсіп қоғамы құрылды.

Темір жол:1893-1895 жылдары Сібір темір жолы (ұзындығы 3138 км) салынды. Оның 178 шақырымы қазақ жерін басып өтті.1893-1897 жылдар – Рязань – Орал темір жолы салынды. Оның 194 шақырымы қазақ өлкесінің батысы арқылы өтті.1899-1905 жылдар – Орынбор – Ташкент темір жолы (ұз.1656 км) салынды. 1905 ж. қаңтарда іске қосылды.

Патша үкіметінің темір жолдар салудағы кездеген мақсаты:  1. Жалпы россиялық жаңа шаруашылық қатынастар жүйесіне Қазақстанда тартуды тездету. 

2. Өлкенің шикізатын кеңінен пайдалану. 

3. Қазақстан мен Орта Азияны Россия өнеркәсіп орталықтарымен байланыстару.

4.Қазақ халқының ұлт-азаттық күресі күшейген жағдайда Россиядан қарулы күштерді тез жеткізу.  Сауда.XIX ғасырдың II жартысында капиталистік қатынастардың дамуына байланысты Қазақстанда сауда дамый бастады. Шаруашылықтың типіне сәйкес Қазақстанда сауданың негізгі үш түрі: көшпелі аудандарда – тасымалды сауда, шаруашылық типі жартылай отырықшы аудандарда – жәрменке саудасы, отырықшы шаруашылықтары басым аудандарда – тұрақты сауда (магазиндер, қоймалар, дүкендер) болды. Қазақстанда тасымал сауда неғурлым кеңінен тарады. Тасымал саудасы, әсіресе алыс ауылдарда ашықтан-ашық тонау сипатында болды.Россия саудагерлері Қазақстанға сауданың жаңа түрін – жәрмеңкелік сауданы енгізіді. Халқы сирек, ұшы-қиырсыз жері бар, қатынас жолы дамымаған, халқының дені көшпелі өлкенде жәрмеңкелер ірі сауданың қолайлы түрі болды. Қазақстандағы туңғыш жәрменке 1832 жылы Бөкей ордасында хан ордасы жанынан ашылды. Кейіннен (1855 ж.) Семейде екі қалалық жәрмеңкелер ашылды. Ақмола облысы Тайыншакөл, Константиновск, Петровск (Атбасарда) және 50-ден астам ұсақ және орташа жәрмеңкелер жұмыс істеді. 1848 жылы Қарқаралы уезіндегі Қоянды жәрмеңкесі, ал кейіннен Шар (Семей облысы), Қарқара (Жетісу), Әулиеата (Сырдария облысы), Ойыл, Темір (Орал облысы) жәрмеңкелер жұмыс істеді.Сонымен, Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы өлкеде негізінен мал шаруашылығымен айналысқан көшпелі және жартылай көшпелі халықтың патриархалдық-феодалдық қатынастарының ыдырау процесін жеделдетті. Елде өнеркәсіптің жаңа салаларын туындатып, қоғамдық еңбек бөлісіне және жұмысшы табы кадрларының шығуына себебін тигізді. Қазақстанды жалпы россиялық рынокқа тартты.