Эмоционалды әсер
«Эмоция-жағдайға байланысты адамның өмірлік мақсатына ішкі және сыртқы көрініс арқылы әсер ететін психикалық процесс». Стресс күшейген сайын адамның көңіл-күйі нашарлай бастайды. Жай бір мағыналы бағыну стресспен эмоцияның арасында жоқ. Стресстік оқиғалар әр түрлі эмоция тудырады, бірақ кейбірі басқаға қарағанда күштірек эмоция тудыруы мүмкін. Вулфоук, Ричардсон эмоцияның дамуын келесі бағыттарда көрсеткен.Қозу, ашу, ыза стрессті әдетте жай қозудан бастап өзін-өзі ұстай алмайтын кезкелген кедергігі ашуланады сонымен қатар ашу мен жындану біреуді бағындыра алмағанда тууы мүмкін.
Стрессжәне оны жеңу тәсілдері
Стрессті кез келген организмнің сыртқы ортадағы қандай да бір жағымсыздыққа негізгі реакциясы ретінде анықтауға болады. «Стресс» термині біздің күнделікті тіл оралымымыздағы үйреншікті сөзге айналып кетті. Бұл қысқа да ауқымды сөзге күрделі жағдайларда немесе жоғары қауіпте пайда болатын өз мінез-құлқымыздағы өзгерістер мен сезімдердің және толғаныстардың тұтастай гаммасы туралы елестетуімізді жинақтаймыз.Организміміздің күйзеліс туындаған кезеңдегі жұмысын қоршауға алынған бекініспен салыстыруға болады. Оны қорғауға барлық күш-жігер жұмсалған, алайда мұның да шегі бар. Әлде жау жеңіледі және қоршау алып тасталады, әлде бекініс құлайды, өйткені ешкім мәңгі бақи қорғана алмайды. Дәл осы жағдайда күйзеліс кеселдері пайда болады.Бұл ең алдымен жүрек-қан тамыр және тыныс алу жүйесінің дерттері (жүректің ишемиялық кеселі, инфаркттар, гипертония, демікпе). Кеселдің келесі санатын көбіне - көп дұрыс тамақтанбаумен байланыстырады. Бұл әрқашан дұрыс болып келе бермейді. Әңгіме әр түрлі өмір салтын ұстанатын адамдар жапа шегетін қарын мен ұлтабар, гастриттер жөнінде болып отыр. Стресс ауруларының үшінші санатына эндокриндік ауытқулар мен зат алмасу үдерісінің бұзылыстары жатқызылады.
Күйзелісті жеңудің әр қилы стратегиялары бар. Олардың бірі – эмоцияларды білдіру ептілігі. Екіншісі – жағдайды қайта бағалау, оқиғаның басқа суретін құрастыру және жағымсыз жағдайдың өзінен өзіңіз үшін көптеген пайдалы нәрсені таба білу машығы. Үшінші жол – қайта бағалауға келмейтін жағдайды өзгертуге мүмкіндік беретін мақсатты бағытталған әрекеттер. Жағдай ықтималды қауіпті, күрделі немесе жаңа ретінде қабылдануын доғарғанда, стресс тиылады. Мұнда білуге тиіс жайт, негативтік (теріс) жай-күй тек біздің теріс ойларымызбен ұсталып тұрылады. Нақ солар барлық бәленің көзі болып табылады. Өз ойларыңызбен жұмыс істеуді үйреніп, сіз өз эмоционалдық жай-күйіңізді реттеуді үйренесіз.
Бірінші ереже - өз бойыңыздан теріс ойды қумау, керісінше оған оның басқа ойлар сияқты өмір сүруге өз құқығының бар екеніне түсіністікпен қарау.
Екінші ереже – бұл ойға сыпайы түрде айналып өтуді ұсыныңыз, өйткені әр кезде өзіңізге қызықтырақ, маңыздырақ және пайдалырақ басқа ойлар мен тірліктер бар. Бұл кезде бірден бұл жаңа ойларды, тірліктерді ойлап іске кірісіңіз.
Өмірдегі теріс жағдайда жақсы және пайдалы нәрсені таба білуге үйрену әрқайсымызға маңызды. Себебі өмір қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресінен құралған.
«Сенімділік күш береді» тренинг-сабақ
Кіріспе сөз: Жан – жағымызға мұқият қарасақ, айналамызда күйбең тіршілік жүріп жатыр. Адамдар еңбек етуде, жұмысқа бара жатады, жұмыстан қайтып жатады. Демалады, қонаққа барады, алға қойған мақсаттарына жетіп, басқа бір мақсаттар қойып жатады. Кейбіреулер болса қайғы - мұңды бастарынан өткеріп жатады. Ал, кейбіреулер не үшін өмір сүріп жүргендерін, қиындықтардан қалай құтылу керектігін білмей өмірден түңіліп жатады.
Бұл – өмірдің қалтарыстары мен қиындықтары көп осынау өмірде адамдар бір – біріне және өздеріне мейіріммен қарап, ізгі ниетпен жақсылық жасай білу керек. Сол қиындықтарды жеңу жолдарын іздеп, алға қойған мақсаттарына жете білулері әркімнің өзіне байланысты екен. Олай болса, бүгінгі тренингіміз осы өзіміз таңдаған өмірімізде мәнді де, мағыналы өмір сүру әрқайсысымыздың өз қолымызда. Бүгін, тренинг барысында өзіміз сүріп жатқан өмірді танимыз, өзімізді танимыз деп ойлаймын Тақырыбы: «Сенімділік күш береді»
Мақсаты: Ересектердің мінез-құлық, эмоциялық ерік сфера дағдысын психологиялық тұрғыда қалыптастыру, өз-өзіне сенімділіктерін жоғарылату, стресске қарсы тұра білуге тәрбиелеу;
Сабақ түрі: тренинг-сабақ
Көрнекіліктер: ереже, ақ парақ, «Стресс тесті», жаттығуларға қажетті құрал- жабдықтар
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Сабақтың тақырыбы мен ережелерімен таныстыру.
Құрметті тренингке қатысушылар «Сенімділік күш береді» атты тренинг сабақ өтеді. Сабағымызды бастамас бұрын, алдымен тренинг ережелерімен танысып алайық.
Ереже: Белсенді қатысу, тыныштық сақтау, бірін-бірі тыңдау, ойын ашық айту, бір-бірін сынамау,ынтымақтылық;
ІІ. Амандасу. «Бумбу-юмба тайпасы» жаттығуы арқылы
Біз сіздермен Бумба-юмба тайпасына қоршауға түсіп қалдық. Ол тайпаның дәстүрі, салты бойынша былай амандасуымыз керек.
Алақанымызды 1 рет соққанда сіздер қасыңыздағы отырған адаммен мұрындарыңызды түйстіресіздер. Белгі беріліп алақанды 2 рет соққанда бір-біріне арқаларынды түйістіру қажет.
Рефлексссия: Сіздер қандай сезімдесіздер? Қандай әсер алдыңыздар?
ІІІ. Жаттығу «Ақ парақтың екі бөлігі»
Алдарыңыздағы қағазды екі бөлікке бөліп, оң жақ бұрышына + белгісін, сол жақ бұрышына «–« белгісін белгілеңіздер. Енді + белгісі бар бөлікке өздеріңіздің жағымды, жылы, сенімді ойларыңызды жазыңыздар. Ал – белгісіне бар бөлікке сенімсіз, жағымсыз ойларыңызды жазыңыздар. Осы екі жақта жазылған ойды, зейін қойып оқып шығамыз.
- Енді осы теріс жағдайлардан арылғымыз келе ме? Не үшін? Не себепті?
- Онда – жақтағы жағымсыз ойды умаждап, қоқыс шелекке тастаймыз.
ІҮ. Жаттығу «Сілкіп таста»
Мен сендерге жағымсыз, сенімсіз сезімдерден арылып, өзіңізді қалыпқа келтірудің жолын көрсетемін. Кейде біз көп күшімізді алатын ауырлықтарды көтереміз. Мысалы, Ойымызға! Тағы да жолым болмай қалды.
Айналамызға орын қалдырып, еркін тұрып, алақаныңызды сілкіңіздер, білегіңізді сілкіңіздер. Осы сәтте өздеріңді жағымсыз жағдайлардан арылғандай сезініңдер. Аяқтарыңды саннан тобықққа дейін сілкіңіздер, бастарыңызды сілкіңіздер. Қандай да бір дауыс шығарсаңдар да болады, беттеріңізді сілкіңіздер. Сезініңіздер, сіздің бойыңыздан ауыр жағымсыз, жүк түсті. Сен біртіңдеп сергек, көңілді болудасын, көңіл күйін жақсарды. Енді сеніммен мына сөздерді қайталаңдар: мен ақылдымын, менің жаным тыныш, мен қиындықтан қорықпаймын, мен жаспын, әдемімін, менің қолымнан, көптеген жақсылық келеді, маған сенімділік күш береді, мен бәріне де дайынмын.
Рефлекссия: Көңіл күйіңіз қандай?
Ү. Жаттығу. «Поезд»
Қатысушыларды ортаға шығарып, ең алдымен 1,2-ге саналып шығуымыз керек. 1 номердегілер қолдарын бір рет соғып, аяқтарымен еденді 2 рет тарсылдатады, ал, 2-ші номердегілер 2 рет қолдарын соғып, 1 рет аяқтарын еденге тарсылдатады. Қозғалыс, қимылдар осылай қайталана береді, поездың жүру дыбысы естіледі
ҮІ. «Стресс тесті»
Пікірлерді оқып, өз келісіміңіздің деңгейін төмендегі шкалалар бойынша белгілеуіңіз қажет.
Ешқашан-1 балл, Кейде-2 балл, Жиі-3 балл, Әрқашан-4 балл.
1. Мені болар-болмас мәселелер кейде ашуландырады.
2. Біреуді күтуіме тура келсе, менің жүйкем жұқарады
3. Ыңғайсыз жағдайға тап болғанда, мен қызарамын
4. Мен өкпелесем онда біреді ренжітуім мүмкін
5. Сынды көтере алмаймын, көтеріліп кетемін
6. Егер мені көлкіте итерсе, мен дәл солай қайтарамын немесе дөрекі сөйлеймін.
7. Барлық бос уақытымда бір нәрсемен шұғылданамын.
8. Кездесуге әрқашанда алдын-ала келемін.
9. Тыңдай білмеймін, килігіп кетемін.
10. Тәбетімнің жоқтығынан қиналамын.
11. Еш себепсіз жиі қамығамын
12. Таңертен өзімді нашар сезінемін
13. Өзімді шаршаңқы сезінемін, нашар ұйықтаймын, ойымды басқаға аудара алмаймын
14. Ұзақ ұйқыдан кейін де өзімі қалыпты сезінбеймін.
15. Меңінше, жүрегімде бір кінарат бар
16. Менің арқам және мойыным ауырады
17. Үстелде отырғанда үстелді саусағымен ұрып, аяғымды қимылдатамын
18. Өзгелер мені мойындағанын және мақтағанын қалаймын
19. Мен көпшілігінен жақсымын деп ойлаймын.
20. Мен диета сақтаймын.
Тестің нәтижесін өңдеу, бағалау;
ҮІІ.Жаттығу. «Бір-біріңе»
Қатысушылар аудиторияда еркін жүріп, менің тапсырмаларымды орындаулары қажет. Мен «Бір-біріңе» дегенде сіздер жұп табуларыңыз керек. Жұптасқаннан кейін: «бір-бірлерінің қолдарыңды қысыңдар, аяқтарыңызды- аяққа, басты-басқа, қолды-қолға, мұрынды-мұрынға, құлақты-құлаққа, арқаны- арқаға, ішті-ішке т.б. Залда тағыда еркін жүріп, жаңа жұп табуларың керек. Ойын жаңа жұппен жалғастырылады.
Рефлекссия: Көңіл-күйлеріңмен бөлісіңіздер.
ҮІІІ. Тыныс алу жаттығулары.
Хормен: АОУДЭХа
Демді ішке алып ішінен 10-ға дейін санап, демді шығару.
ХІ.Жаттығу. «Менің таңбам»
15ғ ІІ жартысында Еуропалықтар қоғамдағы өз орындарын білдіру үшін арнайы эмблемалар пайдаланған. Атақты адамдар өз таңбаларын мақтан тұтқан. Бұл таңбалардың адамның жеке ерекшелігін, отбасы жетістіктерін, мінезін білуге болған. Қазір өз-өзімізге таңба жасаймыз. Ол үшін таңба бейнесі бар парақтар аласыңдар. Ол бес бөлікке бөлінген.
Таңба формасы өз еріктеріңмен, сөз, сурет, символ арқылы көрсетесіңдер.
Таңба мына критерийлерге жауап беруі тиіс:
Мен жақсы істей аламын |
Өзімді жақсы сезінетін орта |
Ең үлкен жетістігім |
Мен сенетін үш адам |
Өзім туралы естігім келетін үш сөз |
|
Енді, өзің туралы естігің келетін сөзді дауыстап, сенімді айтыңдар.
ХІІ. Қоштасу. Жаттығу «Майшам» Біздің жаттығуларымыз аяқталуға жақын. Ал қазір мен майшамды жағамын. Барлығымыз бір-бірімізбен бірігіп жұмыс жасағанымыз үшін бір жылы сөз айтып май шамды беріп отырамыз.
Қоштасуға майшамды алған себебім, жарық деген әрқашанда жақсы нәрсе, сондықтан да алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілек білдіремін.
Жоспар
I бөлім. Стресс туралы түсінік...............................................
II бөлім. Стресті жеңу жолдары............................................
III бөлім.Тренинг сабақ..........................................................
Ivбөлім. Қорытынды...............................................................
