Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тугел Эндовидеохирургия экзамен жауаптары.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
116.53 Кб
Скачать
  • Эндоскопиялық папиллосфинктератомияны алғаш рет Германияда Л.Демлинг және М.Классен шығарған.Операцияның болуы және оның жоғары тиімділігі көпшіліктің назарын аударды және бірнеше жылдан соң көптеген тәжірибелердің арқасында көптеген операциялар клиникада эндоскопиялық операциялармен жасала бастады. ЭПСТ операциясы диатермиялық папилломаны пышақпен кесіп алып тастау,ағмдағы жоғарғы жиіліктің қайнар көзі және басқа құралдармен чреспапиллярный операция жасау туралы.Папиллома әр түрлі қол жетімді фирмалармен және әр түрлі жобалаулары бар,ерекшеленетін жері (жанынан,механикалық) шығатн металл электрод жолдар оның ұзындығ 15-30 мм,катетер еркін соңында болуы ,электродтың формасы.ЭПСТ көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері-ЭПСТ өз бетінше жасалатын операция,стеноздық тарылу болады т.б.

  • 20. Аппендицит кезінде науқасты операцияға дайындау. Операциядан кейінгі асқынулары.

  • Операцияға дайындау:

  • 1) ота жасалынатын аймақтың гигиенасы (іштің алдынғы аймағымен түктерден тазарту)

  • 2) асқазанды астан босату( соңғы 2-3 сағат ішінде ас өабылдаған жағдайда асқазанды жуу)

  • 3) қуықты зәрден босату

  • 4) премедикация (1% промедол — 1 мл; 0,1 % атропин — 1 мл; 1 % димедрол — 2 мл).

  • Перитониттің клиникалық белгідері анықталса операцияға дайындық өз ішіне дезинтоксикациялық терапияны қамтиды. Жедел аппендицитке күдік туған жағдайда клизма жасауға және ішке мұйық қоюға болмайды.

  • Операциядан кейінгі асқынулар:

  • Аппендэктомияның асқынулары жергілікті, құрсақ ішілік және жұйелік болып бөлінеді.

  • Жергілікті асқынуларға – гематома, іріңдеу, қабынулық инфильтраттар және жыланкөздер жатады. Гематомалар операциядан кейінгі алғашқы күндері байқалады.Тігіс орнында ауырсынудың болуы байқалады. Жараның іріңдеуі – ең көп кездесетін асқыну болып табылады. Аппендициттің түріне тауелді 1-6% жағдайда байқалады.

  • Құрсақ ішілік асқынулар өмірге қауіпті және ауыр категорияға жатқызылып өз ішіне абцесстер (көкетастылық, ішекаралық), шектелген және жайылған перитониттер, пелифлебиттер, ішек өтімсіздігі, құрсақ ішілік қансырау және ішек жыланкөздерін алып жатады.

  • Жүйелік асқынуларға – тромбоэмболия, пневмония, жедел миокард инфаркті және зір шығару жүйесінің бұзылыстары байқалады.

  • 21. Спонтанды пневмоторакс және кеуде қуысының зақымдалуындағы торакоскопиялық хирургия.

Спонтанды пневмоторакс кезінде торакоскопиялық хирургияда плевра қуысындағы ауаны эвакуациялау және рецидивтің алдын алу ең басты мақсат болып табылады. Пневмоторакс кезінде бақылауға, ауаны катетер арқылы аспирациялауға және алып тастауға болады.Оптимальді ем тәсілі плевральді қуысты дренаждау болып табылады.

Видеоторакоскопия кезінде болады:

  • Плевральді жабысуларды кесу

  • Лазер арқылы метастазды ликвидациялау

  • Бөліктік плеврэктомия

  • Сегментэктомия

  • Электрокоагуляция

  • Өкпе тініне тігіс салу

  • Пульмонэктомия

Торакоскопия кеуде қуысының жарақаттарының масштабымен характерін анықтауға көмектеседі. Жалпы жансыздандыру арқылы іске асырылады. Екіжақты интубациялық түтікті қолдану және жақсы вентиляцияны қамтамасыз ете отырып істеледі.

Пациенттісаужағыменорналастырады.Троакарды енгізу үшін қолтық асты сызығының 5 және 6 қабырғааралығы таңдап алынады. Торакоскопты енгізгеннен соң кеуде қабырғасына порт, манипуляторлар және инструменттер енгізу үшін қосымша 2-3 тілік жасалынады. Торакоскопия кеуде қуысының жарақаттары кезінде өте жақсы тәсіл болып табылады.

22. Диагностикалық, емдік және оперативті эзофагогастродуоденоскопия, колоноскопия, лапароскопия, бронхоскопияға көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер.

Эзофагогастродуоденоскопия — өңеш, асқазан және он екі елі ішекті диагностикалық мақсатта тексеру әдісі болып табылады.

Көрсеткіштер:

а) іштің қайталанбалы ауырсынулары; б) дисфагия; в) жара ауруына күдік, гастрит, дуоденит және басқада ас қорыту органдарының жоғарғы бөлімдерінің ақаулары; г) он екі елі ішектің жара ауруы; д) емнің рациональді тактикасын таңдау үшін ісік ауруларын бақылау.

Қарсы көрсеткіштер:

а) жіті респираторлы аурулар, трахеобронхит, грипп, ангина;  б) жіті инфекциялық аурулар (қызылша, скарлатина, вирусты гепатит т.б);  в) орталық нерв жүйесінің органикалық бұзылыстары;  г) геморрагиялық диатездің барлық түрінде.

Колоноскопия.

Диагностикалық көрсеткіш: бариймен рентген жасаған кезде патологияның анықталуы, микроцитарлы анемия кезінде жасырын немесе жіті асқазан ішектік қансырауды анықтау, операциядан кейінгі ісікті түзілістердің бар жоғын анықтау мақсатында, ішектің қабыну дәрежесін анықтау.

Қарсы көрсеткіштер: шок, жіті миокард инфаркті, перитонит, ішек перфорациясы, дивертикулит, анамнезінде көп өткізілген операциялар, үлкен жарық.

Лапароскопия

Көрсеткіштер: жіті аппендицитке күдік; мезэнтериальді тромбозға күдік; ішек некрозы, іштің травмалары; жіті ішек өтімсіздігі; холецистит; перитонит; жіті панкреатит.

Қарсы көрсеткіштер: жіті миокард инфаркті, тыныс алумен қан айналымның декомпенсациясы, коллапс, нәжістік жыланкөздер, алдынғы құрсақ қуысының көптеген операциядан кейінгі тыртықтары.

Бронхоскопия

Көрсеткіштер: кеңірдекпен бронхтардың ісігіне күдік; бөгде заттың болуы; қан түкіру, өкпенің көптеген абсцестері, өкпе кисталары, рецидивтеуші пневмония; астмаға күдік.

Қарсы көрсеткіштер: кеңірдек және жұтқыншақтың 2 не 3 дәрежелі стенозы; 3 дәрежелі тыныс жеткіліксіздігі; бронх астмасының жіті кезеңі; аорта аневризмасы; миокард және ми инфаркті; қан ұюының бұзылысы; анестезия препараттарын көтере алмаушылық; психикалық аурулар.