Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тугел Эндовидеохирургия экзамен жауаптары.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
116.53 Кб
Скачать
  1. Хирургиялық анатомия және лапороскопиялық гернеопластиканың техникасы. Асқынуы.

Лапароскопиялық герниопластиканың техникасы операцияда таңдаған әдістерге байланысты. 1988 жылы N. W Law шап каналының трансперитонеалды тампонадасы әдісін ұсынды. Одан басқа 1989-1990 жылдары I. Lichtenstein мен L. Рорре шап сақинасына құрсақ қуысы жағынан лапароскоп арқылы іштей тігіс салу әдісін қолданыды.

Лапароскопиялық герниопластиканың асқынулары хирургтың тәжірибесі мен оның таңдаған әдістеріне байланысты. ЛГ кезіндегі негізгі асқынуларды 2-ге бөледі: операция кезіндегі және операциядан кейінгі.

Операция кезіндегі асқынуларға:

2. Іштің алдыңғы қабырғасының қантамырларының немесе ұрық бауының зақымданулары.

3. Шәует жолдарының зақымданулары

4. Теріастылық газдық эмфизема

Операциядан кейінгі асқынулар:

1. Жарықтың дұрыс емес фиксациялануында оның сырғып кетуі.

2. n. Ilioinguinalis немесе n. Genitofemoralis зақымданулары кезінде болатын ауырсыну синдромы

3. Ұрық бауының немесе аталық без шемені.

4. Іш қуысына троакар енгізген тесіктердің қабынуы.

  1. Қысылып қалған жарықтың лапороскопиялық операциялары.

Қысылған жарықтар деп — кенеттен жарық қабының ішіндегі мүшенің, жарық қақпасында қысылып, ишемия мен тіндердің некрозына алып келуін айтамыз. Қысылу асқыну ретінде 8-20% жарығы бар науқастарда пайда болады. Қысылуға ең жиі шап жарығы, сирегірек сан, одан да сирек кіндік, іштің ақ сызығының жарығы, операциядан кейінгі, Спигелиев сызығының жарығы бейім.

Егер операция уақытында жасалмайтын болса, жарық қабындағы ішек қабырғасы өліеттеніп, тесіліп, кейіннен жедел жайылмалы перитониттің клиникалық көрінісінің дамуына алып келеді немесе қысылған жерді бос құрсақ қуысынан шектейтін өсінді пайда болса, жарық қабының флегмонасы дамиды.

ҚЫСЫЛҒАН ЖАРЫҚ ҚАҚПАСЫН ЖӘНЕ ЖАРЫҚ ҚАБЫН БОСАТУ ӘДІСІ қолданылады

Операция келесі этаптардан тұрады:

 Топографо-анатомиялық есеп бойынша, жарық шыққан жердің тінін қабаттап тілу Жарық қақпасын кесу

 Жарық қабын шығару

 Қапты ашу және оның құрамына ревизия жүргізу

 Жарық қыбының мойын бөлігі аймағында тігіп байлаған соң оны кесіп алып тастау Жарық қақпасын пластикалық жабу

  1. Іштің жарақаттанулары кезіндегі емдік тәсілдердің таңдалуы.

Іштің жарақаты- үлкен көлемді ауыр зақымдалу тобына жатады, көп жағдайда науқас өміріне үлкен қауіп тудырады. Ол ашық немесе жабық түрде болуы мүмкін. Ашықтары көбінесе кесілген жараларда кездеседі, дегенменде басқа да жағдайлардан болуы мүмкін (өткір затқа құлау, атылған жаралар). Жабық жарақаттың себебі: жиі жоғарыдан құлау, көлік апаттары, өнеркәсіптегі кездейсоқ жағдайлар т.б. Ашық және жабық жарақаттың зақымдалу ауырлығы ішті өзгертіп жібереді, бірақ үлкен проблеманы жабық жарақаттар тудырады. Ашық жарақаттар жедел отаны қажет етеді. Сыртқы беткі зақымдалу, ішкі қуысқа енбеген жағдайда, біріншілік хирургиялық өңдеу, жараны жуу, өмірге қабілетсіз тіндерді кесіп тастау, және тігіс салу жүргізіледі. Ішкі қуысқа кірген зақымдалу кезінде отаға көрсеткіш белгілі бір ағзаның зақымдалуына байланысты болады. Құрсақ қабырғасының соғылуы, сонымен қатар бұлшық еттердің жыртылуы кезінде консервативті түрде емдеуге болады. Төсектік режим , суық және физиотерапия тағайындалады. Үлкен гематома кезінде зақымдалған гематомаға пункция жасау, ашу немесе дренаждау жүргізіледі. Паренхиматозды және ішкі ағзалардың ажырауы, сонымен қатар құрсақ ішілік қан кету жедел отаға көрсеткіш болып табылады. Жалпы наркозбен орталық лапаротомия жүргізіледі. Кеңдеу кесілген жерден хирург мұқият құрсақ қуысы ағзаларын көреді, зақымдалуды анықтайды. Іштің жарақаты кезіндегі отадан кейінгі периодта анальгетиктер мен антибиотикотерапия тағайындалады. Ота кезінде қажет болған жағдайда қан құю немесе қан ауыстыру жүргізіледі.