Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тугел Эндовидеохирургия экзамен жауаптары.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
116.53 Кб
Скачать
  1. Спонтанды пневмоторакс. Этилогиясы. Клиникасы. Диагностикасы. Емі.

Спонтанды пневмоторакс-бұл кеуде қуысының және өкпенің механикалық немесе әртүрлі жарақатына байланыссыз, кеуденің париетальді және висцеральді жапырақшаларының арасына ауаның жиналуымен жүретін патологиялық жағдай.

Шығу тегіне қарай: 1.біріншілік-өкпе ауруларының клиникалық көрінісінсіз (а1-антитрипсиннің жетіспеушілігі кезіндегі шектелген буллезді эмфиземада, Марфан синдромы). Жиі бойы ұзын, 20-40 жас шамасындағы ер адамдарда кездеседі. Темекі тарту 22 есе қауіп төндіреді. 2.екіншілік-өкпе ауруларының фонында туындайды.

Спонтанды пневмотораксқа тән симптомдар:-кеуде клеткасыының сәйкес жағына п.б. өткір ауыру сезімі, мойын, қолға берілетін, терең дем алғанда, жөтелгенде және қозғалғанда күшейе түсетін; -кенеттен ентігу; -тері түсінің өзеруі (бозару, цианоз); -тахикардия; -суық жабысқақ тер; -АҚ төмендеуі; -мәжбүр қалыпта (жартылай отыру, зақымдалған жағына иілуі, немесе ауырған жағына жатуы).

Негізгі және қосымша диагностикалық шаралар тізімі: 1.жалпы жағңдайы мен өмірге қажетті мүшелердің қызметін бағалау: есін, тынысын (жиі, беткей), қан айналымын. 2.визуальді бағалау: конституциясын бағалау (астеникалық), мәжбүр қалып (отыру немесе жартылай отыру), тері түсінің бозаруы, суық, пульсті тексеру, жүректің жиырылу жиілігін, артериальды қысымды анықтау (тахикардия, артериальды гипотензия). 3.кеуде клеткасын қарау: қабырға арасының кеңеюі, тыныс алғанда зақымданған жақтың қалып отыруы, мойын венасының ісінуі мен пульсациясы, тері асты эмфиземасы.4.пальпация және перкуссия: зақымданған жақта дауыс дірілінің қалып отыруы немес жоқ болуы, тимпаникалық дыбыс (плевра қуысында сұйықтық жиналғанда төменгі бөліктері тұйықталады), жүрек түрткісінің және жүректің тұйықталған шекарасының сау жаққа ығысуы. 5.аускультация: зақымданған жақта дыбыстың төмендеуі.

Емдеу тактикасы. Жедел жәрдем: 1.есінен танғанда, қан айналымы немесе тыныс тоқтағанда жүрек-өкпе реанимациясы, бірақ тек алдын-ала плевральді декомпрессиясынан кейін. 2.гипоксияны коррекциялау-оксигенотерапия. 3.көкірек аралық эмфизема жылдам өршіген жағдайда, мойындырық ойығындағы платизма мен теріні көлденең тілік жасау керек (2 см шамасында), ретростернальді кеңістікке абайлап сұқ сауқсақты кіргізіп, дренаж қойып теріге бекіту керек. 4.ауырсыну синдромын басу-наркотикалық емес анальгетиктер (кеторолак 30 мг (1мл) тамыр ішіне баяу және бұлшықетке). 5.күштемелі пневмоторакста плевральді пункция жасайды. 6.бронхоспазм дамыған жағдайда-сальбутамол 2,5 мг небулайзер арқылы 5-10мин ішінде жіберу керек. Негізгі дәрі-дәрмектер:морфин 1% 1мл амп; ингаляцияға оттегі; сальбутамол 3 мг.

  1. Кеуденің топография анатомиялық ерекшеліктері, аймағында зардап шегушінің кеуде жарақатының диагностикасының алгоритмы.

Кеуденің топография анатомиялық ерекшелігі - алдыңғы жағынан-төстің артқы бетімен, қапталынан- медиастиналды плеврамен, артынан-кеуде омыртқаларының денесімен және қабырға бастарымен шектелген кеуде қуысының бөлігін айтады. Төменде ол диафрагмамен шектелген, ал жоғарыда мойын аймағына жалғасады. Өкпенің түбірлерінің артынан өткізілген фронталды жазықтық арқылы кеуде қуысын алдыңғы және артқы аралыққа бөледі.

Алдыңғы кеуде аралық ағзалары:

 Кеуде ішілік фасция астында болбыр шел қабаты, одан тереңірек белгілі реттілікпен, кеуде аралық ағзалары:

 Айырша без;

 Жоғарғы қуыс вена (иықбас сабауы сол және оң жақты)

 Жүрек

 Жүрек қабы

 Аорта

 Өкпе артериясы

 Өкпе венасы

 Көкет нерві

 Кеңірдек

 Бронхтар

Артқы кеуде аралықта орналасқан мүшелерге:

 Төмендейтін аортаның кеуде бөлігі, одан басталатын артқы қабырға аралық артериялар;

 Өңеш және онымен қатар жүрген кезбе нервтер;

 Кеуденің лимфатикалық өзегі;

 Сыңарсыз және жартылай сыңарлы веналар, оларға құятын қабырға аралық веналар;

 Симпатикалық бағанның кеуде бөлігі;

 Үлкен және кіші құрсақтық нервтер;

 Лимфа түйіндері жатады.

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:

1. Жарақатты көріп тексеру жəне жарақат каналының траекториясын анықтау.

2. Эмфиземаны анықтау үшін зақымданған аймақты пальпация арқылы үдей түсу динамикасын тексеру.

3. Пневмотораксты немесе гемотораксты анықтау үшін кеудеге перкуссия жасау.

4. Зақымданған жақтағы өкпе функциясын анықтау үшін аускультация жасау.

5. АҚ өлшеу жəне ЖСЖ санау.

6. ТЖ санау.

7. Есі дұрыстығын анықтау.

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:

1. Қарау арқылы зақымданған аймақтың жəне жармалық ойық үстінде ретростернальдық гематома) қанталағанын анықтау.

2. Пальпациялап тексергенде сынған жердің ауыратыны жəне сынықтардың тепкішек тəрізденіп ығысқаны анықталады.

3. Жүрек жарақаты бар-жоғын анықтау үшін ЭКГ зерттеу жүргізу керек.