- •Эндовидеохирургиның тарихы. Алғашқы лапароскопия.
- •Алғашқы лапароскопиялық операция.
- •Қазақстан Республикасының эндовидеохирургиясының тарихы.
- •Қазіргі заманғы эндовидеохирургия, перспективасы.
- •Эндовидеохирургиялық(эвх) операцияны техникалық қамтамасыз ету.
- •Троакарлар және басқа да қолмен жұмыс атқаратын құрал-саймандар.
- •Операцияға көрсеткіш және қарсы көрсеткіш.
- •Науқасты операциялық столда жатқызу тәсілі.
- •9. Жедел аппендициттің лапароскопиялық диагностикасы
- •10. Операцияға дейінгі жансыздандыруға дайындық.
- •11. Жедел панкреатит кезіндегі лапароскопиялық араласулар.
- •12. Жедел панкреатит кезіндегі лапароскопиялық нұсқау.
- •13 Асқазан он екі елі ішектің ойық жарасының тесілуіңдегі лапароскопиялық араласулар.
- •14 Асқазан он екі елі ішектің тесілуіндегі лапароскопиялық диагностика.
- •15 Операциядан кейінгі науқасты қадағалау
- •16 Лапароскопиялық герниопластика
- •17. Іш қуысының сыртқы жарығының эндобейнехирургиялық операциялардың жіктелуі.
- •18. Эндоскопиялық гернеопластикиға көрсеткіштер және қарсы көрсеткіштер.
- •19.Іштің жарақаттары кезіндегі эндовидеолық араласулар
- •20. Іштің анатомиялық топграфиялық ерекшеліктері
- •21. Гиникологиялық науқасты операцияга дайындау
- •22. Урологиялық науқасты операцияға дайындау
- •1. Hasson әдісі бойынша құрсақ қуысына троакарды енгізу.
- •2. Қатты қысымдағы карбоксиперитонеумнің ағзаға әсері.
- •3. Қатты қысымдағы карбоксиперитонеумнің асқынулары.
- •4. Лапароскопиядағы тәжірибелік анестезиология.
- •5. Лапароскопиялық операциядағы жалпы асқынулар.
- •6. Тромботикалық асқыну.
- •7. Жүрек-қантамыр және өкпенің асқынуы.
- •8. Пневмоперитонеум кезіндегі асқыну.
- •9. Термиялық және коагуляциялық асқынулар.
- •10 Инфекциялық асқынулар?
- •2.12 Лапароскопиялық холецистэктомия
- •2.11 Асқынулардың алдын алу шаралары
- •2.13 Эвх комплекс
- •2.14 Пневмоперитонеум . Құсақ қуысын пункция жасау нүктесі, инсуфляция тесті, аорта пальпациясы, пунция жасайтын инені тексеру.
- •2.15 Лапароскопиялық аппендоэктомия. Корсеткіштері Қарсы көрсеткіштері
- •2.16 Лапаротомия және конверсияның себебі
- •2.17 Іш май қалтасын дренирлеу, холецистостомия
- •2.18 Кеуде қуысының зақымдануыңдағы торакоскопиялық хирургия
- •19 Торакоскопияның көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері.
- •20.Гинекологиядағы лапароскопия. Операция түрлері
- •23.Эндоскопия арқылы жергілікті препараттарды енгізу
- •Эндобейнехирургиялық операциялардың техникалық қамтамасыздануы
- •Спонтанды пневмоторакс. Этилогиясы. Клиникасы. Диагностикасы. Емі.
- •Кеуденің топография анатомиялық ерекшеліктері, аймағында зардап шегушінің кеуде жарақатының диагностикасының алгоритмы.
- •Кеуде жарақатындағы бейнеторакоскопиялық емдеу:ішкі кеуде артериясының коагуляциясы, өкпенің зақымы кезіндегі коагуляция.
- •Өкпенің атипиялық резекциясы, ұйыған гемотораксты алу.
- •Хирургиялық анатомия және лапороскопиялық гернеопластиканың техникасы. Асқынуы.
- •Қысылып қалған жарықтың лапороскопиялық операциялары.
- •Іштің жарақаттанулары кезіндегі емдік тәсілдердің таңдалуы.
- •Жараланған және зардап шеккендердің емдік лапороскопиясындағы және диагностикасындағы хирургиялық техника.
- •9Көкет жарақатының тігілуі,коагуляциясы және спленэктомия
- •3.10 Асқазан жарасының тігілуі
- •11.12. Бауырдың зақымдалуы кезіндегі лапароскопиялық операциялар. Көрсеткіштер, қарсы көрсеткіштер, техникалық көрсеткіштер
- •15.Қысылып қалған жарық кезіндегі лапороскопиялық диагностика. Көрсеткіштер. Қысылып қалған жарықтың лапороскопиялық операциялары.
- •16.Трахеобронхоскопия. Санационная бронхоскопия.
- •20. Аппендицит кезінде науқасты операцияға дайындау. Операциядан кейінгі асқынулары.
- •21. Спонтанды пневмоторакс және кеуде қуысының зақымдалуындағы торакоскопиялық хирургия.
- •22. Диагностикалық, емдік және оперативті эзофагогастродуоденоскопия, колоноскопия, лапароскопия, бронхоскопияға көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер.
- •23. Эндоскопиялық, эндовидеохирургиялық әдістердің диагностикалық және емдік мүмкіндіктері.
- •24. Құрсақ және кеуде қуыстарын абцестерін дренирлеу және тері астылық пункция техникасы.
- •25. Іш жарығы. Жіктелуі. Этиологиясы. Диагностикасы.
2.12 Лапароскопиялық холецистэктомия
Операция кішкене тесік, саңылау арқылы атқарылады, хирургтер құрсақ қуысының ішінде қолдарымен жұмыс істемейді, керісінше адамның үстінде манипуляция жасайды. Құрсақ қуысының ішінде тек жұқа аспаптардың ұшы ғана болады, операцияның өзі бейнені мониторға беретін бейнежүйенің бақылауымен өтеді. Хирург құрсақ қуысымен жанаспай, мониторға қарап операцияны атқарады. Кесу жоқ, демек жараның іріңдеуі, жарықтың пайда болуы, ауыру синдромы, денелік қана емес, ең азы моралдық азап әкелетін үлкен тігіс те жоқ.
Лапароскопиялық операцияларда онда барлық мүмкін болар асқынулар минимумға жеткізілген және тұрақты оңды нәтиже бар оңды тұстардың жоғары пайызы орнатылған операциялар – “алтын стандарттар” ұғымы қалыптасқан.
Лапароскопиялық хирургия үшін мұндай “алтын стандарттар” бүгінгі таңда өтке тас байланудан өт қалтасын алып тастау (холецистэктомия), оның ішінде жалпы өт жолында көлемді тастардың болуындағы операция (холедохолитиаз), механикалық сарғаюдағы және т.б. операциялар.
лапароскопиялық холецистэктомия (ЛХЭ) операциялары мен олардың асқынулары бойынша толық талдау жүргізілді. Қорытындылай келсек: осы қысқа кезең ішінде ЛХЭ өт қабыныңқатерсіз ауруларын емдеуде таңдамалы операция болып келеді. ЛХЭ операцияларының табысты орындалуы операционды бөлімшенің толықтай техникалық жабдықтануына, лапароскопиялық операцияларды өткізетін хирургтардың жоғары кәсіби дайындығына, науқастарға операцияға дейінгі толық тексерудің жүргізілуіне, лапароскопиялық операцияларды өткізудің ережелерін бұлжытпай орындалуына және операциядан кейін науқасқа мұқиат көңіл бөлуге негізделген.
Қазіргі таңда өт қалтасына ота екі тәсілмен жасалып жүр. Біріншісі, ертеден келе жатқан ішті ашып, дәстүрлі холецистэктомия отасы болса, екіншісі, дәрігер-оташылар «кіші инвазиялық ота» деп атап жүрген лапароскопиялық холецистэктомия. Яғни, кішкене ғана кесіктен хирургиялық аппаратты іш куысына енгізіп, телемонитор арқылы бақылап отырып, өт қалтасын сылып алып тастау тәсілі. Лапароскопиялық холецистэктомия бұл күндері барлық облыс орталықтарында, тіпті, аудандық ауруханаларда жасалуда және бұл тәсіл науқас үшін өте тиімді: науқас аурудан тез айығып, аяғына бір-екі күнде тұрып, 3-4 күнде үйіне амбулаториялық емге шығарылады, яғни дәстүрлі оталардағыдай 10-12 күн ауруханада жатуы міндетті емес. Әрине, ауруды асқындырмай, өт қалтасында тас бар екені анықталса, уақыт оздырмай ота жасатып, өттастардан құтылған дұрыс. Асқынған ауруды емдеу әрдайым қиынға соғады.
2.11 Асқынулардың алдын алу шаралары
Операциядан кейінгі кезеңде кездесетін асқынуларды сол асқынулар пайда болған ағзалар мен жүйелер бойынша бөледі. Асқынулардың жиі себептері науқастың қосымша дерттері жатады.
Тромбоэмболиялық асқынулардың алдын алу шаралары бейспецификалық және спецификалық болып екіге бөлінеді: Бейспецификалық шараларға: Тромб қаупі бар науқастарды операциядан кейін белсенді түрде жүргізу (ерте түрғызу, тыныс гимнастикасы, «төсекте жүру»). Аяғындағы көктамырлары кеңейген науқастардың аяғын операция алдында созылмалы дәкемен бастырып байлау. Түрақты гемодинамиканы қамтамсыз ету. Су-электролит тепе-теңдігін түзету, қанды сүйылту (гемодилюция). Қанның реологиялық қасиеттерін жақсарту жатады. Тромбоэмболиялық асқынуларды болдырмау мақсатында жүргізілетін Спецификалық шараларға тіклей әсер ететін антикоагулянттарды тағайындау жатады: қанның ұюын бақылай отырып гепарин, лимон қышқылды натрий, гирудин тағайындайды (қанның ұю уақыты, қан кетудің үзақтығы). Кейінірек тікелей емес антикоагулянттарға көшу керек. Олардың қатарына дикумарин, неодикумарин, фенилин, синкумар жатады. Тікелей емес антикоагулянттарды тағайындаған кезде несепті макро- микроскопиялық жолмен, протромбин көрсеткіші мен уақытын бақылап отыру қажет.
Тыныс жолдары жағынан кездесетін асқынулардың алдын алу
науқасты ерте тұрғызу; антибоитикопрофилактика; төсекке дұрыс жатқызу; тыныс гимнастикасы; қақырықты суйылту, қақырық түсіретін дәрілерді қолдану; қатаң науқастарға трахея-бронх тармақтарын тазалау; горчичниктер, банкілер қою; массаж, физиотерапия.
