Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
434.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
121.86 Кб
Скачать
  1. Қазіргі заманғы эндовидеохирургия, перспективасы.

І-4. Хирургиядағы эндовидеохирургиялық оперативтік әдіс – заманауи медицинаның тиімді жетістіктерінің бірі болып таыблады.

Бірақ аталған әдістің диагностикалық және емдік мүмкіндіктері әлі толық зерттелмеген. Қазіргі кезде эндовидеохирургия қарқынды түрде дамуда.

Эндовидеохирургия диагностика мен құрсақ қуысының ауруларын емдеуде, лапаротомиялық әдісті қолданбай-ақ, хирургиялық араласуға көптеген мүмкіндіктер береді.

Қазіргі кезде эндовидеохирургияның басқа әдістерден артықшылықтары дәлелденген, соған орай эндовидеохирургиялық операцияны жүргізудің заманауи әдістері мен көрсеикіштері белгіленген.

Қазіргі кезде эндовидехирургияның мынадай бағыттары бар:

Қуысты мүшелерге жасалатын эндоскопиялық манипуляциялар (өңеш, асқазан, ішектер, қуық, т.б.)

Лапароскопиялық операциялар – құрсақ қуысы мүшелеріне жасалатын манипуляциялар (бауыр, өт жолдары, асқазан, көкбауыр, жатыр жіне оның қосалқыларна, т.б.)

Торакоскопиялық операциялар – кеуде қуысы мүшелеріне жасалатын манипуляциялар.

Артроскопиялық операциялар – буындарға, буынқуысындағы байламдарға жасалатын манипуляциялар.

Соңғы жылдары эндовидеохирургияның жаңа бағыты – эндоскопиялық нейрохирургия дамуда.

  1. Эндовидеохирургиялық(эвх) операцияны техникалық қамтамасыз ету.

Эндовидеохирургияның техникалық құрал-аспаптарына мыналар жатады: бейнеқұрылғы, арба, бейнежүйе (жарық сезгіш, электрлік диафрагманың жылдамдығын өндіруші, пайдалы дабылдардың шуылдарға деңгейінің қатынасы, ақ түстің бірлігі), монитор, бейнезапись, оптика, жарық бергіш, инсуффлятор мен лапаролифтингтер, электрокоагулятор, эвакуация және сүйықтық бергіш.

  1. Троакарлар және басқа да қолмен жұмыс атқаратын құрал-саймандар.

ине Верес, троакар, торакопты, қысқыш, кесетін құрал, герниостэрлер, стерилизатция

  1. Операцияға көрсеткіш және қарсы көрсеткіш.

Операцияға көрсеткішер екіге бөлінеді: абсолюттік және салыстырмалы. Абсолюттік көрсеткіштерге науқас өміріне қауіпті және тек хирургиялық жолмен емделетін операциялар жатады.

Абсолюттік көрсеткіштер бойынша жасалатын шұғыл операциялар өмірлік маңызды операциялар деп аталады.

түншығу (механикалық асфиксия),

қан кету,

жедел іш қуысының жедел дерттері,

іріңді инфекция

Жоспарлы хирургияда да көрсеткіштер абсолюттік болуы мүмкін және олар жедел түрде 1-2 апта ішінде жасалуы тиіс (кез-келген қатерлі ісіктер, асқазан-ішек жолдарының жоғарғы бөліктерінің тарылуы, механикалық сарғаю).

Салыстырмалы көрсеткіштерге дерттердің екі тобы жатады: Операциядан бас тарту науқастың өміріне қауіп төндірмейтін, бірақ тек хирургиялық жолмен ғана емделетін дерттер жатады (аяқ қан тамырларының кеңеюі (варикоз дерті), қысылмаған жарықтар, қатерсіз ісіктер және т.б.). Консервативтік жолмен де, хирургиялық жолмен де емеделетін ауыр дерттер (жүректің ишемиялық ауруы, аяқтың қан тамырларының тарылуы, асқазан мен үлтабардың жара ауруы және т.б.) Салыстырмалы көрсеткіш бойынша операциялар жоспарлы түрде, қолайлы жағдайда жасалады.

Операцияға қарсы көрсеткіштер:

Қарама-қайшы көрсеткіштер де: абсолюттік және салыстырмалы болып екіге бөлінеді. Операцияға абсолюттік қарама-қайшы көрсетікштерге шок (жалғасқан қан кету кезіндегі геморрагиялық шоктан басқасы), миокард инфарктісінің жедел сатысы және мидағы қан айналысының бұзылуы жатады. Науқастың өміріне қауіп төнген кезде, қажетті мамандар көмегімен науқастың жағдайын түрақтандырған соң, аталған қарама-қайшы көрсеткіштер болса да операцияны жасай беретінін атап көрсеткен жөн.

Операцияға салыстырмалы қарама-қайшы көрсеткіштерге науқастың кез-келген өмірлік маңызды ағазаларының қосымша дерті мен жоспарлы операция кезіндегі іріңді инфекция жатады. Әйтседе, олардың науқастың операцияны көтеруіне әсері әртүрлі. Мына аталған жүйелерге баса назар аудару қажет: жүрек-қантамыр жүйесіне (жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертензия, жүрек ырғағының бүзылуы, тромбоздар және т.б.); тыныс алу жүйесі (өкпе демікпесі, өкпе эмфиземасы, тыныс жетіспеушілігі); бүйрекке (созылмалы бүйрек шамасыздығы, гломерулонефрит); бауырға (жедел гепатит, цирроз, бауыр шамасыздығы); қан жүйесіне (қан аздылық, лейкоздар, қан үю жүйесіндегі өзгерістер); семіздікке; қант диабетіне. Операцияға қарама-қайшы көрсеткіштер хирургиялық әдісті қолдануға болмайды деген сөз емес. Қазіргі кездегі хирургияның, анестезиология мен реаниматологияның даму деңгейі көптеген қосымша дерттері бар науқастарға өмірлік көрсеткіштер болса хирургиялық әдісті қолдана беруге мүмкіндік береді.