Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-ші денгей 9-16.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
25.66 Кб
Скачать

9. Жедел аппендициттің лапароскопиялық диагностикасы

Лапароскопия құрт тәрізді өсіндіні, құрсақ қуысының басқа ағзаларын және жамбасты көруге мүмкіндік береді. Егер аппендицит анықталатын болса оны бірден алып тастауға болады. Жедел абдоминальды хирургия кезінде лапароскопиялық диагностиканың қолданылу қажеттілігі бұрыннан талқыланып келе жатыр. Өйткені, диагностикалық қателіктердің көптігімен, кешеуілдеген операциямен және қажеті жоқ лапаротомиямен сипатталады. Қазіргі кезде аппендицитті диагностикалайтын лапароскопиядан басқа тиімді зерттеу әдістері жоқ. Диагностикада құрт тәрізді өсіндінің қосалқыларын, қабыну өзгерістерін анықтауда көбінесе әйелдерде қиындық туындайды. Бұндай жағдайда ең тиімді тактика лапароскопиялық аппендоэктомия болып табылады. Лапароскопиялық диагностика нәтижесінде жалпы операциялар санын азайтып қана қоймай, қателіктерді де азайтуға болады. Анықталмаған жедел аппендициттің клиникалық симптомында керек емес операцияларды болдырмауға, материалдық шығындарды болдырмауға болады. Лапароскопиялық аппендоэктомияны құрт тәрізді өсіндінің қабынуларында жасауға болады.

10. Операцияға дейінгі жансыздандыруға дайындық.

Жансыздандыруға дайындық , ең алдымен, анестезия түрін таңдаудан басталады. Науқасты психологиялық тыныштандыру үшін дәрігер болатын асқынулар жайлы түсіндіру керек. Жоспарлы лапароскопияда науқас зерттеуге қатысты барлық анализдерді тапсыруы керек. Дәрігер бұрынғы аурулары, қосымша аурулары, операциялары және ескі жарақаттары туралы барлық ақпараттарды жинайды. Операцияға 12 сағат алдын су мен тағамды тоқтатады. Қажетті жағдайда тазалау клизмасын жүргізу ұсынылады. Науқасты операция алдында душ қабылдатады. Егер пациент жүре алмаса терісін ылғалды салфеткамен сүртеді. Өйткені терісі таза болуы керек. Операция жасалатын жерде түктенулер болса, ол аймақты түктенуден тазартады. Науқасты жансыздандыруға дайындау осындай кезең-кезеңдерімен жүреді.

11. Жедел панкреатит кезіндегі лапароскопиялық араласулар.

Жедел панкреатиттің некротикалық интерстициальды түрінде хирургиясыз консервативті терапия қолданылады. Бірақ кейбір жағдайларда лапараскопиялық араласулар пайдаланылады. Іріңді-некротикалық панкреатитте емдеудің хирургиялық операциядан басқа жолы жоқ. Жедел панкреатиттің біріншілік себептерін басу үшін хирургиялық операция жасалуы керек. Бұндайда лапароскопиялық және лапаротомиялық араласулар жүргізіледі. Операциялық тактиканы таңдау ұйқы безінің жарақаттану түрі мен қабыну дәрежесңне байланысты болады. Егер асқынуы мен панкреонекроз болған жағдайда басқа ағзаларға өту қауіптілігі жоғары. Хирургиялық араласулардың мақсаты: ауырсынуды басу, ұйқы безінің қызметін сақтау, организмді улы заттардан тазарту, асқынудың алдын алу. Көрсеткіштер: қатты ауырсынулар, қршіген ауру, механикалық сарғаю, ұйқы безінде және жолдарында конкременттердің болуы. Лапароскопиялық араласу паталогиялық процессті қалыпты етеді. Зәрдің көбеюі, қанның қозғалысының жақсаруы операциядан кейінгі 2-ші және 3-ші күндері ауырсынудың басылуы лапароскопиялық араласулардың жақсы нәтижесі болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]