2. Физика-химиялық сапа көрсеткіштері:
Температурасы. Бастапқы және соңғы температурасы анықталады. Қамырдың бастапқы температурасын қамырды илеп болғаннан соң анықтайды. Қамыр ортасына ойық жасап термометрмен өлшейді. Соңғы температурасын пішіндеуге дейін өлшейді.
Ылғалдылығы. 160° С -та Қыздырылған ВЧ-Чижoв аспабында қамырды 5 мин кептiрiп, 2-3 мин эксикатрда суытады, содан соң өлшейдi.
Ылгалдьң массалық үлесiн (%) формуламен есептейдi.
W = (m1 – m2 )/ m* 100%
Мұндағы: m1 - кептiруге дейiнгi үлгi массасы, г
m2 - кептiруден кейiнгi үлгi массасы, г
m- өнім массасы, г
Қышқылдылығы. Қамырдың бастапқы және соңғы қышқылдылығы анықталады.
Зерттелетiн сынамадан 5 г өлшем алынып, фасфор ыдысына салынады. 50 см3 дистилденген су өлшенеді. Алдын ала дайындалған суды тамшылап фарфор ыдысындағы қамырға тамызылады, қамырды ыдыста жақсылап үйкейді. Қамыр толығымен суда еріп, біркелкі суспензия болғанша езеді. 100-150 см3 конусты колбаға суспензия құйылады. Колбаның iшiнде қамыр түйіршіктері болмауы қажет, суспензияға 3%-тi фенолфталсин ерiтiндiсiнің 3 тамшысы тамызылады, суспензияны ашық қызыл түске боялғанша 0,1 н натрий гидрооксидінің ерітіндісімен титірлейді. Келесі формуламен анықталады.
Х=2·К; град
К -титрлеуге кеткен 0,1 н натрий гидроксиді ерітіндісінің мөлшері, см3
Бақылау сұрақтары:
Таяқша мен соломка қамырын дайындау ерекшеліктері?
Жартылай фабрикаттың сапа көрсеткіштері?
Зертханалық жұмыс №6. (2 сағат)
Тақырыбы: Дайын соломка және таяқша нан өнімдерінің сапасын анықтау
Жұмыстың мақсаты: Дайын соломка және таяқша нан өнімдерінің сапасын анықтау тәсілдерін үйрену
Дайын өнім келесі сапа көрсеткіштер анықталады.
3. Көз мөлшерлік сапа көрсеткіштер:
-иісі;
-дәмі;
-түсі;
-түрі;
- бетінің жағдайы;
4. Физика-химиялық сапа көрсеткіштері:
Ылғалдылығы -алдын ала кептiрiлiп, өлшенген 2 бюксага 5 г екi өлшем алады. 140-145° С температураға дейiн қыздырған кептiргiш шкафқа өлшем бар бюксалардың аузын ашып, салады. Осы кезде температурасы бірден төмен түседi (130° С-тан төмен) 10-15 минут iшiнде оны 1300 С-қа дейiн жоғарылатып, осы температурада оны 40 минут кептiредi (температураның анықтауы 2° С -тан аспау керек), сосын бюксаларды тигелдi қысқашпен алып, қақпақтарын жауып, эксикаторда 20-30 минут суытып өлшейдi. Кептiру үшiн электрлi кептiргiш шкафын СЭШ-3М немесе басқа терморегуляторы бар шкафты қолданады.
Ылғалдың, массалық үлесiн ‚W (%) келесi формуламен есептейдi:
W = (m1 – m2 )/ m* 100%
Мұндағы: m1 - кептiруге дейiнгi үлгi массасы, г
m2 - кептiруден кейiнгi үлгi массасы, г
m- өнім массасы, г
Қышқылдылығы Ылғалдылығы төмен нан тоқаш өнімдердерінің қышқылдылығы келесідей анықталады. Сиымдылығы 250 см3 коникалық құрғақ колбаға 10 г ұнтақталған өнімді саламыз. Алдын-ала дайындалған 18-25оС температурадағы 100 см3 дистилденген судың 30 см3 құйып, біркелкі болғанша араластырады. Қалған су мөлшерін құйып жақсылап араластырады. 15 минут тыныштыққа қояды, елек арқылы төгеді. Ертіндінің 25 см3 мөлшерін сиымдылығы 100-150 екі колбаға бөледі.
Қышқылдылық келесі формуламен анықталады:
Х=4·V·К
Мұндағы:
V-KOH немесе NAOH 0,1 н ерітіндісінің мөлшері;
4-100 г өлшемге келтірілген коэффициент;
К- KOH немесе NAOH 0,1 н ерітіндісінің түзету коэффициенті 0,1моль/дм3
Су сіңімділігі:
Қажетті бөліктерді салмағы белгілі ыдысқа салып, ыдысты қақпақпен жабады.
600С температураға қыздырылған су моншасына 5 минутқа қояды. Өнім салынған ыдысты су моншасы түбіне 1 см қалғанша және толығымен суға батып тұрғанша салып тұрады.
5 минут өткеннен соң ыдыстағы судан алып, 2 минутқа тыныштыққа қойып қояды. Суын сүртіп, қақпағын ашып, салмағын қайтадан өлшейді:
Су сіңірімділігін келесі формуламен анықтауға болады:
Р = М1/ М *100%
Мұндағы: М1- ісінгеннен кейінгі өнім салмағы; г
М- ісінуге дейінгі өнім салмағы; г
Бақылау сұрақтары:
Таяқша және соломка нан өнімдерінде анықталатын көз мөлшерлік сапалық көрсеткіштер?
Таяқша және соломка нан өнімдерінде анықталатын физика-химиялық сапалық көрсеткіштер?
