Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тарих ответы 33-40.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
24.56 Кб
Скачать

39. Қазақстандағы тың және тыңыйған жерлерді игеру: тәжірибесі проблемасы және салдары.

1954 жылдан бастап тез арада ауыл шаруашылығының тарихта болмаған дамуын қамтамасыз ету үмітімен Қазақстанға тікелей қатысты тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны басталды.Қазақстан басшылығы бұл бастаманы қолдай алмады. Тың жерлер игерілетін аймақтар: Қазақстан, Сібір, Урал, Солтүстік Кавказ, Есіл бөйы. 1954-1955 жылдары 1 млрд. 200 млн. пұт астық алу белгіленді. Қазақстандағы тың жерлерді игеретін аудандар: Көкшетау, Акмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Төрғай, Павлодар облыстары. Тың игеруге басқа республикалардан адамдар көшіріліп әкелініп, оларға көптеген жеңілдектер жасалды: дүние-мүлкімен тегін көшірілді, әр отбасына 500-1000 сом мөлшерінде бір реттік көмек көрсетілді, 10 жылдық мерзімге үй салу үшін 10 мың сом несие берілді, оның 35%-н мемлекет төледі. Бұдан басқа да материалдық, азық-түлік т.б. көмектер берілді. Тың игеруге келгендер ауылшаруашылық салығынан босатылды.Тың игерудің непзп қорытындысы - ол сол уақыттан осы кезге дейін Қазақ-стан халқын нанмен қамтамасыз ету мәселесінің шешілуі. Сонымен бірге Қазақстан сырт елдерге экспортқа астық шығаратын елге айналды. Тың игерудің салдары: Көптеген жылдар бойы тың жерлерді игеру партия көрегендігі, мемлекет жеңісі ретінде дәріптеліп келді. Ал оның көлеңкелі жағы туралы ештеңе айтылмады және айтылуы да мүмкін болмады. Ең алдымен Қазақстанға келген тың көтерушілер арасында арамтамақтар мен қылмыскерлер де болды. 1954-1955 жылдарда Қазақстанға келген 650 мың тың игерушінің 150 мыңы ғана механизаторлар болды. Нәтижесінде, көптеген тәртіп бұзұшылдықтар, қылмыстар болып тұрды. 1) Тың игеруге байланысты жайылымдар мен жем-шөп дайындайтын алқаптардың көлемі тарылды. 2) Мал шаруашылығының дамуы артта қалды. Мал шаруашылығының азаюына байланысты ет, сүт өнімдерінің көлемі де азайды. 3) 1956 жылы Отанға тапсырылған млрд. пұт Қазақстан астығы уақытында жиналмай қар астында қалды, біразы іріп-шіріп кетті.

40. Ғылыми- техникалық прогресс және экономикалық реформалар. 1950-1960 жылдар.

Ғылыми-техникалық прогресс – ғылым мен техниканың бірегей, бір-бірімен сабақтаса, біртіндеп дамуы. Ол 16–18 ғ-лардағы мануфактуралық өндірістен, ғылыми-теориялық және техникалық қызметтер өзара жақындасып, тоғыса түскен кезден бастау алады. Бұған дейін материалдық өндіріс негізінен эмпирикалық тәжірибені, кәсіби құпияны қорландырып, машық-тәсілдерді жинақтау есебінен баяу дамып келді. Бұл шаралар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы қолайсыз бағытта өрістеуін белгілі бір уақытка тежеп, экономикадағы хал-ахуалды жаксарту үшін жаңа алғышарттар калыптастырды. Мұндай қажеттілік 60-жылдардың бас кезінде, КСРО қуатты экономикалық және ғылыми әлеуетке ие болған кезде пісіп-жетілді. Ғылымның дамуының ерекше жетістігі - 1961 жылы 12 сәуірде Ю.А.Гагариннің адамзат тарихында алғаш рет гарышқа сапар шегуі болды. Бұл тарихи оқиға экономиканы ғылыми-техникалық революцияның жетістіктеріне сүйенген ғылыми- өнеркөсіптік өндіріске көшіруді бастаудың кажеттігін көрсетті. Ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағыттарының бірі - өндірісті электрлендіру деп танылды.1965 жылғы шаруашылық реформасы бойынша жасалған қадамдар техникалық жағынан қайта жарақтандыру, еңбек пен өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі мәселелерді шешуге ынталандырды. Кәсіпорын қызметін шамадан тыс бақылау жойылып, шаруашылық дербестігі ұлғая түсті. Пайда, баға, ақшалай сыйлық, несие тәрізді экономикалық тетіктер жұмыс істей бастады. Әрбір қызметкер мен бүтіндей кәсіпорынды материалдық жағынан ынталандыруға баса назар аударылды. Ғылыми- техникалық прогресс кең ауқымды, әмбебап сипатқа ие болды. Ол қоғам өмірінің барлық жақтарын қамтиды, тұрмыс жағдайына да, ұдайы өндіріс фазаларына да ықпал етті. Өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру және басқару жүйесін мүлдем өзгертті.Ғылыми –техникалық прогрестің қарқынды дамуы қоғамдық өндірісті алға бастыруда ғылымның рөлінің өскендігінің айқын көрінісі. Ғылым мен өндіріс қосылып біртұтас процеске айналды. Демек, ғылым өндіргіш күштердің тікелей элементіне айналғандығы жөнінде айтқымыз келеді. Осының негізінде: қалдықты аз қалдыратын немесе тіпті қалдықсыз технология өмірге келді. Мұның экономикалық және экологиялық маңызы өз алдына ереше,

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]