- •73.Қазақстан Республикасындағы демократиялық үрдістің дамуы
- •74.Қазақтардың дүниежүзілік құрылтайы (1992)
- •75.Президент н.Ә. Назарбаев «Ұлттық валютаны енгізу туралы» жарлығы (1993)
- •77. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық ырықтандыру саясаты: мүмкіндіктері мен нақтылығы
- •79.Қазіргі Қазақстандағы демографиялық және көші қон саясаты. Көп ұлтты Қазақстан.
- •80. «Қазақстан – 2030» бағдарламасы қр ұзақ мерзімге арналған мақсатты бағыттарының тарихи маңызы
75.Президент н.Ә. Назарбаев «Ұлттық валютаны енгізу туралы» жарлығы (1993)
Кез келген ақша сол елдің өткені ен бүгінгінің және болашағын айқындауға көмектеседі. Ақша – тауарлар мен өызмет көрсету өлшемі және жалпыға бірдей балама рөл атқаратын, кез келген тауарлар мен көрсетілген қызметке айырбасталатын ерекше тауар түрі. Теңге – Қазақстан республикасының мемлекеттік нышаны. Әнұран, ту және елтаңба сияқты ұлттық валюта да мемелкеттік нышандардың қатарына жатады. Мемлекет басындағылардың сол кезде шығарған жарлығы:Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралыҚР Конституциясының 78-бабына және ҚР Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 29 қазандағы қаулысына сәйкес қаулы етемін:ҚР-ның аумағында 1993 жылғы 15 қарашада сағат 08:00-ден бастап ҚР-ның ұлттық валютасы – теңге айналысқа енгізілсін.1993 жылғы 18 қарашада сағат 08:00-ден бастап теңге ҚР-ғы бірден-бір заңды төлем құралына айналды. Теңге 100 мыңнан тұрады. ҚР-да қолдағы ақша банкноттар мен монеталар түрінде айналыста болады.Теңгені ҚР-ның аумағында меншік нысандарына карамастан барлық жеке заңды тұлғалар төлемдердің барлық түрінде , сондай-ақ ешқандай шектеусіз салымдар мен шоттар қосу үшін банктер қабылдауға міндетті.Осы Жралық қол қойылған сәтінен бастап күшіне енеді.Мемлекет басшысының ақша реформасын нақты жүзеге асыру басталар қарсаңында телевидение мен радиода оның мақсатын және қажеттілігін түсіндіре отырып, сөйлеуі Қазақстандықтарды біршама тыныштандырды. Айырбастау 1993 жылы 15 қарашада сағат сегізде басталды және 20 қарашада сағат жиырмада теңгені орнықтырып аяқталды. Айырбастау коэффициенті бір теңгеге 500 рубль болды.1993 жылдың қарашасында теңгенің айналысқа шығарылуы біздің жас тәуелсіз республикамыздың жылнамасындағы ең маңызды оқиғалардың бірі болып табылады. Ол еліміздің тәуелсіздігін нығайту жолындағы түбегейлі әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүргізу үшін қажетті тарихи қадам болды. Ал осы жылы қарашаның 22-сінде зейнетақы мен еңбекақы теңгемен беріле бастады. Елімізде валюта айырбастау пункттері ашылып жатты. Кейін Алматы қаласында Ұлттық банктің Банкнот фабрикасы, Өскеменде Монета сарайы ашылды. Уақыт талабына сай теңгенің дизайны өзгерді. Бүгінде купюраларымыздың қорғаныштық қасиеті дамыған елдер валютасымен бәсекелесе алады. 76.Гүлденген қоғамды құру үшін ҚР ішкі қорлары мен сыртқы мүмкіндіктері
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан бері елдің қоғамдағы жағдайы, әлеуметтік және экономикалық ресурстары, сыртқы және ішкі саясаты көптеген өзгерістерге толды. Жаңадан құрылған қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялар қоғамдық-саяси өмірді демократияландыру, саяси әр алуандық, халықтың әртүрлі әлеуметтік топтарының мүдделері мен құқықтарын қорғау, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуға қол жеткізу мақсатында кеңінен қызмет жасады. Қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер әлеуметтік әділдік, демократиялық құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам, ұлтаралық және азаматтық келісім орнатуға жәрдемдесіп, Қазақстанның тұрақты дамуына, өзекті қоғамдық мәселелердің шешілуіне үлесін қосып келеді. Саяси партиялардың көпшілігі Республика президентінің алған бағытын, оның жүргізіп отырған саясатын жақтайтындар болып саналады.Қазақстанның тәуелсіздікке қол жетуімен қазақ халқының рухани өмірінде жаңа мәдени процестер кеңінен өріс алды. Халыққа білім беру, ғылым мен мәдениет өз дамуының даңғыл жолына шықты. Олар бұрынғы Кеңес Одағы кезеңіндегі партиялық идеология мен саяси қағидалардың қыспағынан құтылды. Және де білімнің, ғылымның дамуы, мәдениеттің жоғары деңгейі гүлденген қоғамды құруға өз үлесін қосты.Қазақстанның Білім жэне ғылым министрлігінің мәліметтері бойынша 2000/2001 оқу жылында елде жалпы білімберетінмектептердің саны 8007 болған. Олардың 3545-і (44,2%) қазақ, 2356-сы (29,4%) орыс, 13-і үйгыр, 81-і өзбек, 3 тэжік, 1 украин мектебі. Соңғы жылдары республикада қазақ тілінде оқитын оқушылардың саны едәуір артып, 2003 жылы олар барлық мектеп оқушыларының 54,4%-ін қамтыған. Республика мектептерінде техникалық-ақпараттық жэне телекоммуникациялық технологияларын енгізуде де оң қадамдар өріс алды. 2001 жылы орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың бірінші кезеңі негізінен аяқталды, нәтижесінде 58 оқушыға бір ком- пьютерден келген. “Интернет-мектепте” бағдарламасы аясында 1414 оқу орны, оның ішінде 868 ауыл мектебі ақпарат желісіне қосылған. Жалпы білім беретін мектептерді «интернеттендіру» жөніндегі жүмыстар белсенді түрде жалғастырылып келеді. Бүгінде интернет жүйесіне ауыл мектептерін қосқанда, мектептердің 95 % қосылды.Еліміздің мәдениеті мен рухани өрлеуіне Президент Н.Ә.Назарбаевтың 2000 жылды — Мәдениетті қолдау жылы деп жариялауының үлкен маңызы болды. Бүл жылы мэдениет мекемелерін дамытуға, олардың материалдық базасын нығайтуға бағытталған едәуір жүмыстар атқарылды. 727 мэдениет мекемелері жаңадан ашылды. Олардың қатарында Астанада, Петропавлда, Оралда, Өскеменде жэне Түркістан қаласында ашылған театрлар бар. Мәдениетті қолдау жылының шарықтау шегі Түркістан қаласының 1500 жылдық тойын тойлаумен сабақтас келді. Бүл үлкен тойды дайындау жэне өткізу барысында Күлтөбе, Отырар, Қожа Ахмет Яссауидің кесенесі, Әзірет Сүлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы т.б. нысандар қайтадан жаңғыртылды. 2002 жылы Тараз қаласының 2000 жылдығы ЮНЕСКО деңгейінде атап өтілді
