Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих сессия 73-80.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
32.18 Кб
Скачать

73.Қазақстан Республикасындағы демократиялық үрдістің дамуы

Демократиялық үрдіс түсінігін толық ашу үшін, алдымен демократия түсінігін жан жақты талдап алуымыз қажет. Сонымен, «Демократия» дегеніміз:

- Қоғамдық құрылымның идеалы және оған сәйкес әлемнің көзқарасы

- Халық билігі

- демократияның мақсаты мен диеалының жүзеге асуы үшін әлеуметтік саяси қозғалыс

Демократияның мынандай белгілері бар: Жалпы сайлау құқығы; Көпшілік қоғамның келісуі; пайда болған шиеленістерді бейбіт жолмен шешу. Қазіргі таңда Қазақстанда болып жатқан саяси өзгерістер қоғамның демократиялық даму үрдісіне әсер етеді. Демократиялық үрдістің дамуына Қазақстанда тәуелсіздік алғаннан бері құрылған жергілікті билік органдары, мемлекеттік құрылыс, сот органдары, яғни толығымен айтқанда Қазақстан Республикасындағы басқару формасы үлкен рөл атқаруда.Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері президенттік басқару формасындағы республикалық жүйе орнықтырыды. Және де мемлекеттің бірден бір бастау халық болып табылады. Тәуелсіздік жарияланған сәттен бастап Президент тәуелсіз мемлекеттің басшысына айналды. Еліміздің тарихымызда Республикамыздың екі конституциясы болды. Олар 1993, 1995 жылдары жарияланған конституциялар болып табылады. Қазір еліміздің атқарушы органдары 1995 жылғы конституциямен жұмыс жасауда. Қазіргі конституция бойынша Парламент Қос палаталы құрылымын Сенат және Мәжілісті орнықты. Парламент өзінің қызметке кіріскен күннен бастап жаңа заңдар қабылдау жөнінде қыруар жұмыс жасауда. Бірінші сайланғаг парламент (1996-1999) 500-ге жуық заң, соның ішінде 17 конституциялық заң қабылдады. Екінші Парламент (1999-2004) 560- тан астам заң қабылдады. Қазақстан халықаралық БҰҰ мүшесі болып табылады, және де көптеген елдермен бір жақты және көпжақты келісімдер мен шарттар жасасты.Әрбір елде өзінің жүйелі жұмыс жасайтын сот жүйесі бар. Қазақстанның сот жүйесі конституциялық заңға сай бекітілген. ҚР саты Жоғары және Жергілікті сот болып бөлінеді. Әрине, әрбір демократиялық мемлекеттің өз астанасы болады. Және мемлекеттің астанасы демократияның дамуына да өз септігін, үлесін қосатыны сөзсіз. ҚР астанасы 1991-1997 жылдары Алматы, 1997 жылдан қазіргі күнге дейін Астана қаласы болып табылады. Астана Барлық саяси органдардың, Конституциялық кеңестің, прокуратураның, атқарушы органдардың шоғырланған жері, яғни орталығы болып табылады.

74.Қазақтардың дүниежүзілік құрылтайы (1992)

1992 жылы Қазақстардың Бірінші Дүниежүзілік құрылтайы Алматы қаласында өткізілген болатын. Құрылтайға алыс және жақын шет мемлекеттерден, соның ішінде Түркия, Алмания, Франция, Норвегия, Моңғолия, Қытай және басқа 33 елдерден 800-ден астам өкіл қатысты. ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы етіп бірауыздан сайланды. Төрағаның бірінші орынбасары болып Қалдарбек Найманбаев сайланды. 2002 жылы келесі 2-ші құрылтай өткізілген болатын. Осы құрылтай Түркістанда өтіп, алыс- жақын 32 шет елдерден 400-ге жуық делегат келді. Бұл құрылтайда тарихи отанына оралуды аңсап жүрген қандастарымыздың қатарының толығуы жөнінде сөз болды. Және де оралмандардың елге оралу мәселесі қаралып, көші қон квотасының мөлшерін ұлғайту міселесі қаралды. 2003 жылы 5 мың отбасы,2004жылы 10 мың отбасы,2005 жылы 15 мың отбасы елге оралды. Жылына 50-60 мың оралман оралды. 2005 жылы 27-28 қыркүйекте 3-ші Дүниежүзілік қазаөтар құрылтайы Астана қаласында өтті. Құрылтайға 32 шет елден, саның ішінде Ресейден, Қытайдан, Аустриядан, Чехиядан, Норвегиядан, Италиядан, Сингапурден, Мысырдан 300- ден астам өкіл қатысты. Құрылтайда шетелде тұратын қазақ шетжұрты өкілдерін Қазақстанның жоғарғы оқу орындарына оқыту үшін жағдай жасау, сандай ақ тарихи отанына нвестициялар орналастыру мүмкіндіктері секілді мәселелер қарастырылды.