Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бх 1-блок.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
468.05 Кб
Скачать

22.Өттің химиясы.Жұп өт қышқылдарының жане өт пигменттерінң құрылысы.Липидттер алмасуындағы өт қышқылдарының ролі(Қорытылуы, сіңірілуі)

Ересек адамда майлардың қорытылуы 12елі ішекте басталады,ол жеоге өт,ұйқы безінің сөлі жане ішектің сөлі бөлінеді.Осы жерде липолиз үшін барлық жағдай бар.Өттің құрамында өт қышқылдары(холь,дезооксихоль,хенодезоксихоль қышқылдары) болады,олар тауринмен немесе гликолмен пептидті байланыс арқылы коньюгацияланады.Жұп өт қышқылдарының

(гликохоль,таурохоль,тауродезоксихоль жане т.б)амфифильдік қасиеттері бар,сондықтан майлардың эмульгирлленуін тудырады.Майлардың эмульгерленуі фазалардың бөлінуі қабатын арттырады жане ұйқы безінің немесе ішектің липазаларының липидтерді гидролиздеуі үшін қажетті жағдайды тудырады.

Өт қышқылдары липолитикалық ферменттердің активаторлары болып табылады,олар жоғары май қышқылдары мен холестериннің тасмалдануын қамтамасыз етеді де олардың ішектің қабырғасына сіңірлуіне әсер етеді.Липидтердің сіңірілуі-Глицерин ,қысқа көмірсутек тізбегінен тұратын БМҚ,азотты негіздері суда жақсы ериді,сондықтан ішектің кілегей қабатынан диффузия әдісімен жеңіл сіңіріледі.БМҚ көмірсутек тізбектері 10-нан көп болса,МАГ ХС-дер жане өт қышқылдары сулы ортада тұрақты мицелла түзеді,оның диаметірі 0.005 мкм болып табылады.Суда ерімейтін БМҚ ,МАГ,ХС қосылыстар мицелланың ішкі қабатында орналасқан ал екі жақта ерігіштік қасиеттер бар,өт қышқылдарымен ФЛ-тер сыртқы қабатында орналасқан.

23.Липидтер алмасуындағы ішек қабырғасы мен май тканінің ролі

Ішектің шырышты қабатының клеткаларында липидтер қорытылуының сіңірілген өнімдерінен сәйкес липидтер синтезделеді.Бұл процес-ішек қабырғасында липидтердің ресинтезі деп аталады.Бұл процестің биологиялық мәні мынада:Ішек қабырғасында өзінің физико-химиялық қасиеттері жане құрамы бойынша тағам липидтеріне емес,адам ағзасына сәйкес келетін липидтердің түзілуі.Үшацилглицериндеодің ресинтезінің қайнар көздері-глицирин,моноацилглицирин жане май қышқылдары болып табылады.Сонымен қатар үшацилглиццериндеодің ресинтезі үшін ішектің эпителий клеткаларында синтезделетін май қышқылдары да пайдаланылады.Ресинтез глицерофосфаттың түзілуі жане май қышқылдарының белсенді түрі-ацилКоА-ның синтезінен басталады.Ары қарай ацилтрансферазаның қатысуымен глицерофосфат жане май қышқылдарының белсенді түрлерінен фосфатидті қышқыл синтезделеді ,ол үшацилглицериннің синтезі үшін немесе фосфолипидтедің синтезі үшін пайдаланылады.Сонымен қатар ішектің қабырғасында холестерин эфирлерде синтезделеді. Май тканьі- Адам мен жануарлар ағзасының басты қор липидтері-үшацилглтцеридтер болып табылады ,олар май тканінің липоциттердің клеткаларында жинақталады.

Май ткандерінің ролі:Осы жерде липидтер қор ретінде жиналады.Мынандай реакциялар өтеді 1.липогенез 2.липонеогенез 3.липолиз.Соңғы прцесс кезінде БМҚ мен глицерин әрі қарай өзгерістерге ұшырамай қанға түседі.БМҚ улы зат,сондықтан да қанда альбуминге адсорбцияланып,осы күйінде қанда жүреді,клетка мен тканьдер қажет кезінде БМҚ-ын алып қалады.Энергия пайдалану төмендесе жане тағаммен бірге көп мөлшерде көмірсулар мен липидтер организмге түссе май тканьдерінде ТАГ-ның мөлшері көбейеді,себебі липогенездің жылдамдығы жоғарылайды,ал липолиз тежеледі.