Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бх 1-блок.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
468.05 Кб
Скачать

13..Қалыпты зәрдің химиялық құрамы.Олар түзілетін процесстер атау.

Несеп, зәр – бүйректен сүзіліп өткен қаннан түзілетін зат алмасу процесінің өнімі. Оның химиялық құрамы 150-ден астам күрделі қоспалардан: органикалық зат алмасуының өнімдері (мочевина, несеп қышқылы, креатинин, қымыздық қышқылы), минералды тұздар, әр түрлі улы заттардан тұрады. Қалыпты жағдайда Несептің түсі ақшыл сары, мөлдір болады. Меншікті салм. 1,001 – 1,040 аралығында болады және ол Несептің құрамындағы тығыз заттарға байланысты. Ересек адам организмінде тәулігіне 1000 – 1800 мл Несеп түзіледі. Несептің физикалық-химиялық құрамы сыртқы орта факторларына (ауа температурасы, ылғалдылығы, физ. белсенділік, сұйықтық ішу және тамақтану тәртібі) байланысты болады. Тағамда ақуыз көп болса, Несеп қышқылды, өсімдік тектес тағам көп болса – әлсіз сілтілі болады; Несептегі қышқылдық-сілтілік тепе-теңдіктің бұзылуы әр түрлі несеп тас ауруларына шалдықтырады. Несептің физикалық-химиялық құрамының өзгеруі жалпы организмде, атап айтқанда, кейбір органдар қызметінің бұзылғандығын көрсетеді. Мысалы, Несепте ақуыздың болуы адамның бүйрек қабынуына ( Нефрит), қуық қабынуына (қ. Цистит), қанттың көп болуы – диабет ауруларына шалдыққандығын білдіред

Зәрдің органикалық фракциясының негізгі бөлігін азоттық алмасудың соңғы өнімдерін азотқұрамды заттар құрайды (сур.3). Мочевина, бауырда түзіледі. Ол аминоқышқылдар мен пиримидиндік негіздер құрамдарындағы азоттың тасымалдаушысы. Мочевинаның мөлшері белоктар метаболизмімен тікелей байланысты: 70 г белок ыдырауында ~30 г мочевина түзіледі. Зәр қышқылы пуриндік азоттық негіздердің соңғы өнімі болып табылады. Креатинин, креатиннің спонтанды циклденуі есебінен түзіледі. Ол бұлшықет ұлпасының алмасуының соңғы өнімі болып табылады. Креатининнің тәуліктік бөліну мөлшері жеке сипатта болатындықтан (ол бұлшықет массасына тікелей пропорционалды), креатинин гломерулярлық сүзілудің жылдамдығын анықтауға арналған эндогендік зат ретінде пайдалануға болады. Зәрде аминоқышқылдардың болуы тағам құрамының сипаты мен бауырдың тиімді қызметіне байланысты. Зәрде аминоқышқылдардың туындылары да болады (мысалы, гиппур қышқылы).Арнайы белоктардың құрамына кіретін аминоқышқылдардың туындыларының зәрдің құрамында болуы, мысалы коллагеннің құрамындағыгидроксипролиннің,актин мен миозиннің құрамындағы 3-метилгистидиннің,бұл белоктардың ыдырауының интенсивтілігінің көрсеткіші қызметін атқаруы мүмкін.Зәрдің құрамдық компоненттеріне бауырда түзілетін күкірт және глюкурон қышқылдарымен түзілетін конъюгаттар, глицинмен және басқа да полярлы заттармен қосылыстар түзуі.Зәрде көптеген гормондардың (катехоламиндер, стероидтер, серотонин) метаболиттік трансформациясы өнімдері де болуы мүмкін. Соңғы өнімдердің құрамы бойынша бұл гормондардың ағзадағы биосинтезі туралы көріністі байқауға болады. Белоктық гормон хориогонадотропин (ХГ, M 36 кДа), жүктілік кезінде түзіледі, қанға түседі және зәрден иммунологиялық әдіспен анықталады. Бұл гормонның зәрдің құрамында болуы жүктіліктің белгісі болып табылады.Зәрге сары түсті гемоглобиннің деградациясы кезінде түзілетін өт пигменттерінің туындылары урохромдар береді. Зәр сақталған кезде урохромдардың тотығуы есебінен қараяды.