Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бх 1-блок.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
468.05 Кб
Скачать

49 Ретинол а витамині

А витамині-химиялық табиғаты бойынша циклды қанықпаған 1 атомды спирт болып таб. Оның2 түрі бар А1және А2.А1 витамині-иондық сақинадан және изопреннің 2 қалдығынан құралған. Шошқаның бауырында,сүтте,жұмыртқаның сары уызында,қаймақта көп болады. Өсімдік өнімдерінде-сәбіз таматтарда,қызылшада т.б болады.Авмтаминінің барлық түрлері белокты,липидті,көмірсулы алмсуға әсер етеді,фосфорлы-кальцийлі алмасуды реттейді.Ағзада А витаминінің жетіспеушілігі кезінде А гиповитаминозыныі ең ерте белгісі-қаранғылық адаптация мен алакөлеңкеде көрудің зақымдалуы –гемеролапия дамиды. Бұдан басқа шырышты қабаттардың құрғауы,ксеофтальмия(көз конъюктивасының құрғауы)жіне кератомиляция кездеседі.

50 Д витамині Кальцеферол

Двитамині-антирахиттік витаминдер. Химиялық табиғаты бойынша олар стериндер тобына жататын циклды қанықпаған 1 атомды екішілік спирттер болып табылады. Бұл заттар жіңішке ішекте өт қышқылдарының көмегімен сіңірлерді және хиломикрондардың құрамында лимфада,сонан соң қанға түсіп,бауырға жеткізіледі. Тәуліктік қажеттілігі балалар үшін 12-25мг ересектер үшін 10есе аз болады.Д витамині көбінесе еттік тағамдарда яғни жануар тектес тағамдарда:бауыр,сарымай,май сүт т.с.с.Балық бауырында өте көп кездеседі. Баларда бұл витамин жетіспегенде рахит ауруы болады. Бұл аурудың белгілері-сүйек тканінің кальцификациясы зақымдалуы.

51 К және е витаминдері

К витамині-нафтохинон. Химиялық табиғаты бойынша изопреноидты тізбегі бар 2-метил-1,4 нафтохинонның туындылары. Ересек адам үшін тәуліктік қажеттілігі:15-30мг балалар үшін:2-15мг. Нафтохинондар көп мқлшерде өсімдіктектес тағамдарда:капуста,жемістарде,шпинат т.б. жіңішке ішек бактирияларымен синтезделеді. Өт қышқылының қатысуымен сіңіріледі. Нафтохинон қанның ұю процессін реттейді,ол протромбин,проконвертин,синтезін ынталандыру арқылы жүзеге асады. Нафтохинондар-убихинон сияқты,тканьдік тыныс алу мен тотығу фосфорильденуді ынталандырады. Бұлшық еттердің жирылу белсенділігін арттырады АТФ-азаны белсендіреді. К витамині жетспеген жағдайда геморрагиялар.гемкоагуляциялар процессінің зақымдалуы байқалады.

Е-витаминіТокоферолдар-көбею витамині. олар токолдық бүйірлі изопреноидты тізбегі бар ароматтық спирттің метильденген туындыларынан құралған. Е витаминінің тәуліктік қажеттілігі 20-50мг. Токоферолдың қайнар көзі:өсімдік майлары-мақта,жүгері,күнбағыс т.б Өт қышқылы көмегімен сіңіріледі. Оның антиоксиданттық қасиеті бар және бос-радикалды реакциялар екпінін реттейді. Жетіспегенде,эритроциттер мембраналарының зақымдалуы салдарынан гемолиз болуы м.н және гемолитикалық анемия симптомдары байқалады .

52.Глюкозаның аэробты жағдайда ыдырауы,реакциялар жүйелігі,физиологиялық маңызы,энергетикалық құндылығы.

Аэробты гликолиз-дегеніміз глюкозаның оттегінің қатысуымен жүретін айтамыз.Бұл процес екі сатыдан жүреді.

1-ші Сатысы цитоплазмада жүреді.

2-ші сатысы митохондрияда жүреді.Клеткада оттегі жеткілікті,сол себепті цитоплазмада түзілген пирожүзім қышқылы мембрана арқылы митохондрияға тасмалданады.Нәтижесінде пиуватдегидрогеназды комплекстің арқасында активті сірке қышқылы түзіледі.Тотығудан декарбоксилдену реакциясы жүреді.