Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бх 1-блок.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
468.05 Кб
Скачать

1. Белоктардың жалпы қасиеттері, жіктелуі, жануар организміндегі маңызы.

Адам ағзасы шамамен 5млн белокпен құралған. Белоктардың физ-қ, хим-қ, биол-қ қасиеттері белгілі. Биологиялық қасиеті клеткада жане бүкіл ағзада өтетін метаболикалық жане физико-хим-қ процестердің құрылымдық ұйымдастығы, бағыттылығы жане кезектілігі қамтамасыз етіледі.

Физико-химиялық қасиеті -ионизациялау, гидратация,ерігіштік, жане тұнбаға түсу алынған.

Ионизациялау - жалпы белок молекуласы бірде оң, бірде бірде теріс зарядталып отырады. рН-тың белгілі мөлшерінде оң жане теріс зарядталған топтар саны бірдей. бұл жағдай изоэлектрлік д.а. Қазіргі кезде клиникалық зертханаларда қан сары су белоктарын қағаз бетінде электрофорез арқылы бөліп алу әдісі пайдаланылады.

Гидротация, ерігіштік-клеткаларда кейбір белоктар еріген түрінде цитозольде, кейбіреуі клеткалық мембрананың, микротүтігінің,фибрилланың, рибосоманың, жане т.б. құрамына кіреді. белоктардың ерігіштігі суда басқа да еріген заттардың болуына байланысты. мыс, глобулиндер дистилденген суда ерімейді, бірақ бейтарап тұздың біраз мөлшерін қосқанда ериді. Тұздар концентрациясы көбейгенде тұнбаға түсіп, ерігіштігі төмендейді.

Ерітіндіден тұнбаға түсіру-кейде белгілі бір жағдайларда ренатурация яғни белок молекуласының бастапқы конформациясының қайта қалпына келуі орын алады. ренатурация процесі таза ферменттерді жане т.б. белоктарды төмен температуралы лиофилизация әдісімен бөліп алу үшін. жіктелуі-барлық белоктар жай жане күрделі болып бөлінеді. жай белоктар (протеин) гидролиз кезінде аминқышқылдарға дейін ыдырайды яғни олар суббірлігін тек аминқышқылдар құратын құрамды болып келеді. күрделі белоктар-протеидтер 2компонетті белоктар, олар жай белоктан апопротеиннен жане белокты емес, аминқышқылды емес, басқаша айтқанда простетикалық топтан тұрады. күрделі белоктардың простетикалық тобы әртүрлі-липид, көмірсу, нуклеин, пигмент, фосфор қышқылы тб. Жай белоктар-протамин, гистон,глютемин,проламин,альбумин,глобулин,протеиноид.

Күрделі белоктар-фосфопротеидтер, хромопротеидтер, нуклеопротеидтер, липопротеидтер.

2.Алмастырылмайтын амин қышқылдары, өкілдері,хим-қ табиғаты, түзілуі.

Адам ағзасындағы 20аминқылқылдар-ң 12-сі алмастырылатын, 8-і алмастырылмайтын белоктар.

Алмастырылмайтын аминдер- лейцин

изолейцин

валин ,

метионин

лизин

трионин

фенилаланин

триптофон

8- аминдердің формуласы.

Алмастырылмайтын аминқышқылдары, өкілдері хим-қ табиғаты, құнды жане құн

сыз белоктар.

Адам организмінде күнделікті кездесетін аминқышқылдар-20. Оның 12-сі алмастырылатын, 8-і алмастырылмайтын белоктар. Егер белок құрамында 1немесе бірнеше аминқышқылы жеткіліксіз болған жағдайда бұл белок құнсыз белок д.а.

Егер белок құрамында 20аминқышқылы түгел болса, құнды белок д.а.

Өкілдері-изолейцин, лейцин, валин, метионин, лизин, треонин, фенилаланин, триптофон

3.Белок молекулаларының құрылыстары, оларды қамтамасыз ететін байланыстардың түрлері,белоктардың денатурациясы. Биологиялық сұйықтықта белок тұрақтылығын қамтамсыз ететін фактор. Белок тұнбаға түсуі.

Бірінші реттік структурасы-полипептидтік тізбекте бір-бірімен пептидті байл.арқылы қосылған аминқышқылдардың саны жане кезектілігі. барлық белоктар бәр-бәрәмен полипептидтік тізбектегі аминқ-ң саны мен құрамымен ғана емес, тізбектегі аминқ-ң орналасу ретінің өзгешелігімен ерекшеленеді. Белок молекуласының бірінші реттік құрылымы конформациялық код. полипептидтік тізбектің аминқыш-ң құрамының, бір ғана аминқышқ-ң орнының өзгеруі- конформациялық кодтың өзгеруіне алып барады.

2-ші реттік құрылымы-биожүйенің ең негізгі компоненті, полипептидті тізбек атқарады.

Ал глобулярлы белоктарда пролиннің жане оксипролиннің қатысуымен түсіндірілетін α-спиральдың сынық жерлері спиральдың әртүрлі бөлімдер-ң өзінің радикалдарымен жақындасуына мүмкіндік береді

.Бір-біріне жақын орналасқан радикал топтары өзара әрекеттесіп тұз түзуші дисульфидтік Вандер-Вальстық әрекеттесулерге түсіп, кеңістікте орналасқан полипептидтік тізбектің беріктігін әрі қарай арттыра түседі, әрі белок молекуласы кеңістікте белгілі бір қалыпқа келеді. Белоктың бұл құрылысы жалпы 3-ші реттік құрылым деп аталады.

Белоктардың бұл құрылысы яғни кеңістікте бір қалыпқа келуі, ерекше құрылыс болып, белоктардың өзіне ғана тән биологиялық қасиетін қамтамасыз етеді(фермент,гормон) Белоктардың 3-ші реттік құрылымын құруға мүмкіндік беретін байланыстардың түрі- иондық, дипольдиполдық,сутектік, гидрофобтық әрекеттесулер, дисульфидтік.

4-ші реттік құрылымы молекулалық салмақтары 50 000астам көптеген белоктар олигомерлі белоктар қатарына жатып, 2 не одан да көп полипептидтік тізбектен, яғни протомерлерден тұрады. Олигомерлік белоктардың полипептидтік тізбектерінің кеңістікте орналасуын, олардың 4ші реттік құрылымы д.а. Белоктардың құрылысының соншалықты күрделілігі олардың биосинтезі кезінде қателіктің мүмкіндігінше аз болуына, генетикалық материалды үнемді қолдануға, белок суббірліктерінің өз бетінше жиналуын реттеуді жеңілдетуге мүмкіндік береді.

4.Белоктардың функциясы, белок молекуласының формасы. Функциясы мен қасиетін анықтау кезінде белок құрылыстарының рөлі.

Ішек таяқшасы 3мың түрлі белокты молекулалардан, ал адам ағзасы шамамен 5млн белок молекулаларынан тұрады.Ағзада болатын ондаған мың белок молекулаларының әрқайсысының ерекше құрылымы жане белсенді орталығы бар, ол көптеген молекулалардың ішінде бір ғана молекуланы танып, сонымен ғана өзара қарым-қатынаста болу қабілетін қамтамасыз етеді. соның барлығы белок молекуласының қызметі:

-биокаталитикалық

-тасымалдаушы

-қорғаныш

-жиырылу

-құрылымдық

-реттеуші

-трофикалық

Қызметтерді қамтамасыз ететін ерекше, өзіне тән биол-қ қасиеттердің пайда болуына әкеледі.

Белоктар-бір-бірімен молекулаларының формасы арқылы 2ге бөлуге болады:глобулярлы, фибриллярлы.

Белоктар түрлі қызметтер атқарады. Құрылымдық-жануар, өсімдік, вирустардың құрылымдарын қамтамасыз етеді. Катализаторлық қызметі-реакцияларды жылдамдатуға катысады. Қоректік заттар-организмде биол-қ активті заттар түзеді. Тасымалдау қызметі-белок, липид,витаминдерді қан ағымымен тасымалдайды. Қорғаныштық қызметі-иммунологиялық жүйені қорғанысты қызмет атқарады. Механикалық қызметі-жүрек бұлшықетінің жиырылуын, тыныс алу,бұлшықет жиырылып-созылуын қамтамасыз етеді. Реттегіш қызметі-метаболизм реттеуінде үлкен рөл атқарады. Электротрансформациялау- электрлік жане осмостық энергияны хим-қ АТФ энергиясына айналдыра алады.

5.Күрделі белоктар:гликопротеидтер құрылысы негізгі өкілдері, қасиеттері, табиғаттат таралуы. нағыз гликопротеидтер жане протеогликандар.

Гликопротеидтер ГП-тәтті деген сөзден шыққан олардың құрамында көмірсулар бар. Простетикалық тобы әр түрлікөмірсулардан жане олардың туындыларынан түзілген. Қышқылдармен әрекеттесіп, тұнбаға түседі, жоғары тұтқырлығы бар. Тканьдердің жіктелуіне әсерін тигізеді, иммунологиялық реакцияда маңызды, кілегей қабат, шырышты қабаттардың қорғаныс қызмет атқарады. Олар құрамындағы көмірсу мен белок мөлшеріне қарай нағыз гликопротеидтер жане протеогликандар деп бөлінеді. Нағыз глико-ке белоктың мөлшері 80-90 жетсе, протеогликандарда көмірсу мөлшері басым болады 80-98 . Нағыз гликопротеидтер мен протеогликандар бір-бірімен тек белок пен көмірсудың мөлшерімен ғана емес, сонымен қатар простетикалық топ түзетін көмірсулар сапасымен де ерекшеленеді.

Нағызгликопротеидтер простетик-қ топ құрамында түрлі моносахаридтар жане олардың амин туындылары, нейрамин, сиал қышқылдары әр түрлі мөлшерде болады, белгілі бір жүйелік байқалмайды, яғни жүйесіз көмірсулардан тұрады. Нағыз гликопротеидтер-ң өкілдеріне иммуноглобулиндер, муциндер, сиалопротеиндер,

гормондар, гонадотропты, тереотропты фолликула стимулдеуші гормон, лютеотропты, қанның тобын анықтайтын белоктар, протромбин, холинэстераза, транспортип, церулоплазмин, гантоглобин т.б.

Протеогликандар аздаған белоктан (2-10 ) қалғаны простетикалық топтан тұрады, простетикалық тобы қышқыл мукополисахаридтер немесе гликозамингликандар д.а. Олардың құрылысы жүйелі түрде болады: қайталанып отыратын дисахарид-н тұрады. Дисахаридтік фрагменттің құрамына урон қышқ және ацетилгексозаминдер кіреді. ГАГ-ң алты түрі болады:гиалурон қышқылы, хондроитинсульфаттар А,В,С кератан сульфаттар жане гепарин. Олардың бір-бірнен айырмашылығы урон қышқылдар-ң, гексозаминдер-ң табиғатында, сульфаттану дәрежесінде, мономерлерді бір-бірімен байланыстыратын хим-қ байланыстың түрінде жане молекул-қ массасы мен қасиеттерінде.