- •№ 1 Емтихан билеті
- •№ 2 Емтихан билеті
- •№ 3 Емтихан билеті
- •№ 4 Емтихан билеті
- •№ 5 Емтихан билеті
- •2. Когнитивтік ұғымдар.
- •№ 6 Емтихан билеті
- •№ 7 Емтихан билеті
- •1. Тіл біліміндегі әлеуметтік бағыт
- •2. Когнитология және когнитивті лингвистика
- •3. Тілдік және мәдени коммуникация № 8 емтихан билеті
- •№ 9 Емтихан билеті
- •1.Функционалды грамматиканың зерттелуі
- •3. Қазақ тіл біліміндегі аталым теориясының онтологиялық және гносеологиялық мәселелері № 10 емтихан билеті
- •№ 11 Емтихан билеті
- •№ 13 Емтихан билеті
- •№ 14 Емтихан билеті
- •№ 15 Емтихан билеті
- •№ 16 Емтихан билеті
- •№ 17 Емтихан билеті
- •№ 18 Емтихан билеті
- •№ 19 Емтихан билет
- •1. Тіл білімінің теориялық мәселелері
- •2. Неофункционализм принципі, негізгі ұстанымдары
- •№ 20 Емтихан билеті
- •1. Қазақ грамматикасындағы зерттеулердің теориялық-әдіснамалық проблемалары
- •2. Тіл саясаты және тілдік жағдаят
- •3. Тіл және оның өмір сүру формалары № 21 емтихан билеті
- •№ 22 Емтихан билеті
- •1. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі, өзекті мәселелері
- •2. Табиғи және жасанды тілдер, арақатынасы, жасанды тіл жасаудың болашағы
- •3. Интерлингвистика теориясының қалыптасуы, зерттеу нысаны, өзекті мәселелері № 23 емтихан билеті
- •№ 24 Емтихан билеті
- •№ 25 Емтихан билеті
- •1. Когнитивтік ұғымдар. Дискурс. Фрейм
- •2. Ххi ғасырдың басындағы қазақ тіл білімі, өзекті мәселелері
- •3. Мәтін лингвистикасы, өзекті мәселелері
№ 9 Емтихан билеті
1.Функционалды грамматиканың зерттелуі
2. ХХ-ХХІ ғасырлар тоғысындағы жаңа бағыттар
3. Қазақ тіл біліміндегі аталым теориясының онтологиялық және гносеологиялық мәселелері № 10 емтихан билеті
1. Қазақ тілтаным ғылымының қалыптасу кезеңдері. Қоғам мен ғылымның қазіргі уақыт сұранысына сәйкес дамуы лингвистика ғылымына өзіндік ықпал етіп, тіл білімінде жаңа ғылыми бағыттар мен көптеген тоғыспалы ғылыми пәндерді дүниеге әкелуде. Тіл білімінің когнитология ғылымымен тоғысуы когнитивтік лингвистика ғылымын дүниеге келуіне себеп болды. Когнитивтік лингвистика саласындағы негізгі бағыт тіл мен адам санасын, тіл мен таным жүйесін біртұтас жүйе тұрғысынан қарастыру болып табылады. Когнитивтік лингвистика дегеніміз – танымдық құрылымдардың лингвистикалық сәйкестіктері мен мүмкіндіктерін анықтау, белгілі бір тілдік жағдайды қойылатын мақсатқа, әсер етуші себеп-салдарға орай әр түрлі тілдік құралдар арқылы сипаттау, олардың әркелкі деңгейде қабылдану өзгешелігін зерделеу. Когнитивтік лингвистика – тілді жалпы танымдық механизм ретінде қарастыратын бағыт [1]. Мұнда тілді философиялық, логикалық және танымдық қағидалармен өзара біртұтастықта қарастырады. Е.С.Кубрякованың анықтамасы бойынша, когнитивтік (лат. когнито білім, түсінік) тіл білімі дегеніміз: «Лингвистическое направление, в центре внимания которого находится язык как общий когнитивный механизм, как когнитивный инструмент – система знаков, играющих роль в репрезентации (кодировании) трансформировании информации» [2, 53]. Демек, когнитивтік тіл білімі табиғи тілдің игерілу, қолданылу механизмін түсіндіруді және ақпараттық білім алудың негізі болып табылатын тілдік модельді жасауды мақсат етеді.
Ғылым үздіксіз дамып толығып отыратын күрделі үдеріс болғандықтан, қазақ тіл білімінің әлі де түпкілікті зерттеуді қажет ететін салалары мен мәселелері баршылық. Сол салалардың бірі – когнитивтік лингвистика мәселелері. Когнитивті лингвистика ғылымына қатысты айтылатын «когнитология», «когнитив» терминдерін қазақ тілінде «таным» термині арқылы беріліп жүр. Танымды танымдық ғылым немесе тілдің танымдық сипатын зерттеуші антропоцентристік бағыттағы тіл біліімінің үлкен бір саласы деп атауға болады. Когнитивтік лингвистика – тілдің танымдық табиғи болмысын зерттейтін ғылым және бұл – бүгінгі күні ғылыми айналымда жүрген танымдық тіл білімінің термині. Таным дегеніміз адамның ішкі мүмкіндіктерін сыртқы әсер етуші күштермен байланыстыратын, оның қоршаған әлеммен тұтасқан болмысын сипаттауға мүмкіндік беретін және аралық қатынасты табиғи заңдылық ретінде немесе заттар мен құбылыстардың өзара әсер етуінің салдары деп дәйектейтін маңызды ұғымдардың бірі болып табылады. Танымның негізгі мақсаты – ғаламдағы құбылыстардың ішкі және сыртқы табиғатын адам санасы мен таным білігі жеткенше жетік меңгеру, соны суреттеу және оның қорытындысы ретінде адам баласы іс-әрекеттерінде, көрген, білген, түйсінген, таныған дүниесін өмірде өз қажетіне жарату. Ал когнитивтік лингвистиканың теориялық ұстанымдары осы танымдық элементтердің адам санасында жүзеге асу, қызмет ету өзгешеліктерін зерттеуге айтарлықтай үлес қосты.
Когнитивтік терминдер сөздігінде когнитивтік лингвистикаға мынадай анықтама беріледі: «Когнитивная лингвистика – это «лингвистическое направление, в центревнимания которого находится язык как общий когнитивный механизм, каккогнитивный инструмент-система знаков, играющих роль в репрезинтаций(кодировании) и трансформировании информации». Яғни, аталмыш ғылым саласы – әлемді, қоршаған ортаны тіл арқылы танудың басты құралы. Жай ғана таным арқылы объективті дүниені тану танымның төменгі сатысын құраса, оны (қоршаған ортаны) тіл арқылы тану танымның жоғарғы сатысын құрайды. Осыдан әлемнің, белгілі бір ұлттың тілдік бейнесі келіп шығады. Мысалы, бесік жай таным бойынша ағаштан жасалған, баланы тербетуге арналған құрал болса, оны тіл арқылы тану сол бесік негізінде санада сіңірілген қазақ халқының танымы, білімі, тәжірибесі болып табылады («тал бесік», «жер бесік», «ел болам десең бесігіңді түзе» т.с.с.).
Соңғы уақытта шыққан қазақ тіл білімі мен жалпы тіл біліміне қатысты терминдердің басын біріктірген үлкен еңбектердің бірі профессор Ғ.Қалиевтің: «Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігінде» адам танымын, танымдық механизмдерін, тіл мен танымның бірлестігін зерттейтін когнитивтік лингвистика ғылымына мынадай анықтама беріледі: «Когнитивтік тіл білімі орыс. – когнитивная лингвистика (лат. cognitіo білім, түсінік) – табиғи тілді сана әрекетінің көрінісі, ойдың тікелей шындығы ретінде зерттейтін тіл білімінің саласы. Когнитивтік тіл білімі табиғи тілдің игерілу, қолданылу механизімін түсіндіруді және соған лайық оның моделін жасауды мақсат етеді. Ол үшін ниет, ес, еске сақтау, түсінік, жоспарлау, басқару сияқты сөйлеуге қатысты тілдік, психологиялық, физиологиялық т.б. ақпараттардың басын біріктіретін когнитивтік категориялар пайдаланылады. Когнитивтік тіл білімі тілдің көмегімен ақпараттың берілу, сақталу тэсілдері мен құрылымы жайында түсінікті кеңейтеді және машиналық аударма, ақпараттық-ізденіс, есептеу жүйесімен т.б. байланысты бірқатар қолданбалы міндеттерді шешуге мүмкіндік береді» – деген анықтама береді.
Алғаш «когнитивтік лингвистика» деген термин 80-ші жылдары М.Бирвиштің еңбегінде сөз болған. Дегенмен, тілдік құбылысты когнитивтік тұрғыдан зерттеу 60-70-жылдары амеркандық Хомский, Лакофф, Коок т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылады.Сонымен қатар когнитивтік тіл білімінің жаңа бағыт ретінде зерттелуінде В.Гумбольдт, Э.Кассирер, Л.Витгенштейн, Дж. Миллер, Ф.де Соссюр, Бодуэн де Куртенэ, Э.Сепир, Б.Уорф т.б. ғалымдардың ықпалы күшті болды.Орыс тіл білімінде когнитивтік лингвистиканың өзекті мәселелері Ю.А.Сорокин, Е.С.Яковлева, Е.С.Кубрякова, В.Н.Телия, А. Вежбицкая, А.П.Бабушкин, С.А.Аскольдов, А.Н.Баранов, Д.О.Добровольский, И.Д.Арутюнова, Н.Н.Болдырев, Э.Д.Попова, И.А.Стернин, Ю.Н.Караулов, В.А.Маслова сияқты зерттеушілердің еңбектерінен көpiнic табады. Аталған ғалымдардың зерттеу еңбектерінде когнитология ғылымының нысаны, бағыт-бағдары, зерттелуі негізгі ұғымдары сөз етіледі.
«Когнитивтік лингвистика» қазақ тіл білімінде ХХ ғасырдың 90-жылдары мен ХХІ ғасырдың алғашқы жылдары ғана зерттеле бастаған ғылым саласы. Когнитивті лингвистика – антропоцентристік парадигма шеңберінде қалыптасқан тіл білімінің жаңа саласы. Қазақ лингвистикасында антропоцентристік бағыттың алғашқы нышандары қазақ тіл білімінің негізін қалаушы ғалымдар А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов , С.Аманжолов, І.Кеңесбаев Ғ.Мұсабаев,М.Балақаев, Н.Сауранбаев, Ә.Қайдар, Р.Сыздық, Ш.Сарыбаев, Н.Оралбаева,Ғ.Қалиев, Н.Уәли т.б. еңбектерінде қарастырылып, тіл мен ойлау арасындағы сабақтастық мәселесі сөз болды. Бұл кезеңде жалпы тілтану ұғымы алғаш қолданысқа ене бастаған кезең, дегенмен, қазақ тіл біліміндегі танымдық бағыттың қалыптасып, алғаш танымдық тұжырымдар жасалған. Бүгінгі күні бұл лингвистикалық бағыттың өзіндік ұғым-бірліктері,ұстанымдары,ғылыми-теориялық негіздері дамып отыр. Антропоцентризм – грекше «anthropos» – «адам», ал «сentrum» латын сөзі – «орталық» дегенді білдіреді. Яғни, адам болмысын табиғат әлеміндегі өзге де болмыстарға қарсы қоя отырып қарастыру, өмірдегі болып жатқан құбылыстарды адам факторымен байланыстыратын ғылыми бағыт, тілді адам болмысымен өзара бірлікте қарастыруды мақсат етеді. Тілді антропоцентризм тұрғысынан қарастыру адамның ақыл-ойы, санасы, дүниетанымы, көріп білген өмір тәжірибесі, т.б. әрекеттерін тіл арқылы жеткізу болмақ. Антропоцентристік парадигма өз шеңберінде лингвомәдениеттану, когнитивтік лингвистика, лингвопсихология сияқты жаңа бағыттарға жол ашады. Антропоцентристік бағыттағы зерттеулер төмендегідей когнитивтік құрылымдарға ерекше мән береді: қабылдау, ойлау, тіл, есте сақтау, әрекет ету т.б.
Когнитивтік лингвистиканың зерттеу мен оқыту барысында әлем елдері алдыңғы қатарға шығып, озық нәтижелерге қол жеткізуде. Ал қазақ тіл біліміндегі танымдық бағыт бүгінгі күннің сұранысын өтеуден туындаған және алдыңғы қатарлы елдермен теңесуге деген талпыныстан туындаған қажеттілік [5]. Тіл біліміндегі когнитивтік лингвистика – ғылымының өзіндік қалыптасу тарихы, ғылыми мақсаты мен белгілі бір зерттеу нысаны бар ғылым саласы.Бүгінгі күні бұл саланың бағыты біршама қалыптасып өз арнасын айқындап алды. Тілдің жүйелі-құрылымдық сипаты қазақ тіл білімінде де мейлінше жан-жақты зерттелді. Қазақ тіл біліміндегі когнитивтік бағыттың қалыптасуында Э.Д.Сүлейменова, Н.Ж.Шаймерденова, Г.Г.Гиздатов, Ж.Манкеева, Қ.Жаманбаева, Г.Смағұлова, Б.Хасанов, Б.Қасым, А.Ислам, Э.Оразалиева еңбектерінің маңызы зор.
Сонымен қатар, қазақ тіл біліміндегі когнитивтік лингвистиканың қалыптасуын Э.Оразалиеваның бес парадигмаға жіктеп қарастыруы көптеген ғалымдар мойындаған концепциялардың бірінен саналады. Ғалымның қазақ тілтаным ғылымының даму кезеңдерін:
І кезең: «тілтану»парадигмасының қалыптасуы – ХХ ғасырдың 20-45 жж,негізгі өкілдері: А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов және т.б.
ІІ кезең: тілдік бірліктердің танымдық парадигмасы – ХХ ғасырдың 45-70 жж, негізгі өкілдері: Н.Сауранбаев, Ғ.Мұсабаев; М.Балақаев, І Кеңесбаев.
ІІІ кезең: тілтанымдық қағидалардың жалпы теориялық парадигмасы – ХХ ғасырдың 65-85 жж, негізгі өкілдері: К.Аханов, Т.Қордабаев, Ә.Хасенов т.б.
ІҮ кезең: тілтанымдық этюдтар парадигмасы – ХХ ғасырдың 70 жылдары мен аяқ шені, негізгі өкілдері: Ә.Қайдар, Р.Сыздық, Ш.Сарыбаев, Ә.Болғанбаев, Е.Жанпейісов, Т.Жанұзақ, С.Исаев, Ө.Айтбаев, М.Серғалиев, Ж.Манкеева т.б.
Ү кезең: қазіргі когнитивтік парадигмалар – ХХ ғасырдың аяғы мен бүгінгі күндер деп бөледі [6].
Сондай-ақ қазақ тіл білімінде когнитивтік лингвистика ұстанымдарын бүгінгі күні жан-жақты зерттеп жүрген ғалымдардың бірі – Э.Д.Сүлейменова. «Когнитивтік лингвистикада тіл адамзат ақыл-ойының ажырамас бөлшегі ретінде білім қабылдау, түсіну, ойлау секілді ұғымдармен қатар тұратын құрылым тұрғысынан қарастырылады» – деп айқындайды [7].
Қазақ тілін когнитивтік зерттеуге арнаған алғашқы жұмыстардың бірі ретінде Қ.Ә.Жаманбаеваның «Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана» атты монографиясын атауға болады. Бұл жұмыста тілдік сана құрылымы, гештальт теориясы, тілдік сана және мәтін құрылымы, тілдік модельдер, мұң концептісі т.б. когнитивтік мәселелер қарстырылған [8]. Профессор Ж.Манкеева да М.Бирвиш, Хомский, Лакофф, Коок, Г.В.Колшанский, Ю.Д.Апресян және тағы басқалардың есімдерімен байланысты когнитивтік лингвистиканың пайда болуы мен дамуына тоқталып, аталмыш ғылымның маңыздылығын айрықша атап өтеді [9].
Когнитивтік бағытта Г.Гиздатовтың «Сөйлеу қызметіндегі когитивтік модельдер: типологиясы мен динамикасы» атты докторлық диссертациясы қазақ тіліндегі алғашқы зерттеу болып табылады. Докторлық диссертацияда адам санасындағы білімнің көріну деңгейі, берілу тәсілдері, құрылымы мен динамикасы қарастырылған.
Когнитивтік тіл білімі табиғи тілдің игерілу, қолданылу механизімін түсіндіруді және соған лайық оның моделін жасауды мақсат етеді. Ол үшін ниет, ес, еске сақтау, түсінік, жоспарлау, басқару сияқты сөйлеуге қатысты тілдік, психологиялық, физиологиялық, т.б. ақпараттардың басын біріктіретін когнитивтік категориялар пайдаланылады. Когнитивтік тіл білімі тілдің көмегімен ақпараттың берілу, сақталу тәсілдері мен құрылымы жайында түсінікті кеңейтеді және машиналық аударма, ақпараттық-ізденіс, есептеу жүйесімен т.б. байланысты бірқатар қолданбалы міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. Когнитивтік лингвистика ғылымы тек лингвистика мен когнитология ғылымының байланысынан ғана емес, логика, философия, психология, физиология секілді күрделі ғылым салаларымен де тығыз байланысты. Ғалымдардың пікірінше, әлемдік тіл білімінде әлем бейнесін когнитивтік тәсілдердің көмегімен зерттеудің мүмкіндігі мол екендігі айтылады.
Қорыта келгенде, когнитивтік лингвистика – жеке ғылым саласы. Тіл динамикалық құбылыс болғанннан кейін, ол заман ағымына сай түрленіп, толығып отыратыны сөзсіз. Когнитивтік лингвистиканың пайда болуы адам санасы негізінде қордаланған білімнің танымдық сипатының тіл арқылы көрініс табуының нәтижесі деп білуге болады. Бұл жаңа ғылыми парадигма тұтас ұлтты тануға, адамзат танымының тамырластығын білуге, осы арқылы белгілі бір ұлттың немес әлемнің бейнесін жасауға жәрдемдесетіні сөзсіз.
2. Тіл біліміндегі психологиялық бағыт. Натуралистерге қарсы күрес үстінде дүниеге келген бағыт психологиялық ағым деп аталады. Тіл біліміндегі психологизм 19 ғасырдың орта кездерінен бастап қалыптаса бастады. 19 ғасырдың екінші жатысындағы көрнекті тіл ғалымдарының көбі осы бағытты жақтады. Тіл психологиясының нысаны – адамдардың сөйлеу әрекетінде болатын психикалық процестер. Тіл психологиясын қалыптастырушылардың ең бастылары қатарына Берлин университетінің прфессоры Гейман Штейнтальды (1823-1899) жатқызуға болады. Кейініректе Штейнтальдың көзқарасын Харьков университетінің прфессоры Александр Потебня (1835-1891), неміс ғалымдары Вильгельм Макс Вундт (1832-1920), Герман Пауль (1846-1921), тағы басқалар қолдады. Тілдік құбылыстарды психологиялық тұрғыдан сөз ету – 19 ғасырдағы лингвистердің көпшілігінде болды және бұл бағыт тілдік философия ретінде әр түрлі көзқарастағы ғалымдардың, мектептердің басын біріктірді.
Психологиялық бағыттағылар өз ішінен индивидуалистік психологизм, әлеуметтік психологизм деп аталатын екі бағытқа жіктеледі. Психологиялық көзқарас. Натуралистерге қарсы күрес үстінде дүниеге келген бағыт-психологиялық ағым деп аталады. Тіл біліміндегі психологизм XIX ғасырдың орта кездерінен бастап қалыптаса бастады. XIX ғасырдың екінші жартысындағы көрнекті тіл ғылымдарының көбі осы бағытты жақтады. Тіл психологиясының объектісі - адамдардың сөйлеу әрекетінде болатын психикалық үрдістер. Тіл психологиясын қалыптастырушылардың ең бастылары қатарына Берлин университетінің профессоры Гейман Штейнтальды /1823-1899/ жатқызуға болады. Кейініректе Штейнтальдың көзқарасын Харьков университетінің профессоры Александр Потебня /1835-1891/, неміс ғалымдары Вильгельм Макс Вундт /1832-1920/, Герман, Пауль, тағы басқалар қолдады. Тілдік құбылыстарды психологиялық тұрғыдан сөз ету - XIX ғасырдағы лингвистердің көпшілігінде болды және бұл бағыт тілдік философия ретінде әр түрлі көзқарастағы ғалымдардың, мектептердің басын біріктірді.
Лингвистикалық психологизм өз ішінде қайшылықтары, алалықтары жоқ, біртұтас көзқарас емес. Бұлардың басын біріктіретін, ортақ концепция бар: Ол - тіл мәселелерін шешуде психологиялық қағидаларды басшылыққа алу. Тіл психологиялық бақылаудың объектісі тіл біліміндегі логикалық көзқарастарды сынау, тілдік категориялар мен логикалық категориялар арасында қайшылықтар көп, сондықтан тіл мәселелерін зерттеуде логика заңына сүйенуге болмайды деу. Психологиялық бағыттағылар өз ішінен индивидуалистік психологизм, әлеуметтік психологизм деп аталатын екі бағытқа жіктеледі.
Индивидуалистік психологизмның ең көрнекті өкілі Герман Пауль. Бұлар тіл біліміндегі натуралистік және логикалық бағыттарға қарсы күресе отырып, тілдік құбылыстардың барлығын жеке адамдардың сөйлеу және психикалық ерекшеліктеріне, олардың ой-санасындағы өзгеріс-құбылыстарына тәуелді етеді. Жалпы халық тілі, біртұтас ұлт тілі деген - жалған сөз. Тіл жеке индивидумдікі. Сондықтан тіл білімінің міндеті - индивидумның тілін зерттеу. Индивидумның тілін, психикалық құбылысын зерттеу арқылы тұтас халықтың, ұлттың рухани өмірінің заңдылығын ашуға болады деп қарайды.
Индивидуалистік психологизм тілдің қоғамдық мәнін жоққа шығарады. Тіл білімін қоғамдық ғылымдар тобынан бөліп алып, оның дербестігін жояды, оны психологияға тәуелді, соның бір саласы деп санайды.
Ал әлеуметтік психологизм өкілдері индивидуалистердің "ақиқат бар нәрсе - индивидумдар тілі ғана" дейтін қағидаларына қарсы, олар тіл әлеуметтік, оны туғызушы да, қолданушы да жалпы халық, қоғам дегенді айтады.
Әлеуметтік психологизм теориясын негіздеуші, оның ең көрнекті өкілі Г.Штейнталь. Оның тіл мәселелерін психологияның заң-ережелеріне негіздеп шешетін концепциялары грамматика, логика, психология және бұлардың принциптері мен өзара қарым-қатынастары" (1855), "Психология мен тіл біліміне кіріспе" (1881), “Тілдің шығуы" (1851) деп аталатын т.б. еңбектерінде баяндалған.
Барлық психологистер сияқты бұлар да тілді психологиялық бақылаудың объектісі деп санайды. Индивидуалдық психология халықтық психологияға негіз болады. Халықтық психология - халық рухы жөніндегі ілім. Халық рухы - адамдардың рухани әрекетінің қайнар көзі. Халық рухы, ең алдымен, тілінен, одан кейін әдет-ғұрпынан, дәстүрінен, жалпы әрекетінен көрінеді. Осылардың бәрі, соның ішінде тіл де, халық рухының жемісі, халықтық психологияның көрінісі.
Психологизм өкілдері сөйлеу психологиясы, оның сөйлеу әрекетімен байланысы, сөйлеу әрекетінің іске асу жолдары деген мәселелерге ерекше мән береді. Психологизм көп жағдайда лингвистикалық талдау орнына психологиялық талдауды қолданады, сөйтіп, тіл білімін өзінің негізгі функциясынан айырады. Психологизм - тілдік категориялардың барлығы да тек тілдік материалдар арқылы көрінетін, соны жамылған психологиялық категориялар деп санайды.
Тіл біліміндегі психологиялық бағыт үстіміздегі ғасырдың 50-ыншы жылдарынан бастап психологиялық лингвистика /психолингвистика/ деген атпен тіл білімінің дербес саласы ретінде қалыптасты. Ол - психология мен тіл білімінің аралығында, екеуінің түйісуінен туған жаңа бағыт. Бұл бағыт алғаш Америка тіл білімінде қалыптасты да, көп ұзамай басқа елдерге тарады.
Қазірде психолингвистика - сөйлеу әрекеттерінің заңдылықтарын зерттейтін ғылым деп саналады. Мұны сөйлеу әрекеттерінің теориясы туралы ғалым деп те атайды. Кейбір зерттеулерде психолингвистиканың негізі - ақпарат теориясы дегенді де айтады. Олай дейтіні психолингвистика сөйлеу әрекетінде болатын хабар беру, хабарды қабыддау үрдістерінің қалай іске асатындығын зерттейді. Бұл - оның негізгі объектісі. Психолингвистика - өз объектісін, міндеті мен мақсатын жан-жақты және дәл айқындай қоймаған жас ғылым.
3. Тілдік жағдаяттың негізгі белгілері: сандық, сапалық, бағалық. Тілдік жағдаят (орыс языковая ситуация) — бір тілдің немесе бір аумақтық-әлеуметтік ортада қызмет ететін тілдік формалардың (жергілікті, әлеуметтік диалектілер, койне, жаргон, тілдің функционалды стильдік түрлері) белгілі географиялық аймақ, болмаса саяси-әкімшілік құрылым шегінде өмір сүру формасынын жиынтығы.
Тілдік жағдаят — әлеуметтік тіл білімінің зерттейтін мәселесі. Тілдік жағдаяттың бірнеше типологиялық түрі бар. Олар сандық, сапалық және бағалық белгілері арқылы анықталады. Тілдік жағдаяттың сандық белгілеріне: Тілдік жағдаятқа қатысты тілдердің саны, олардың әрқайсысында сөйлеушілердің саны, қоғамдық қатынаста әр тілдің қолданылу аясының мөлшері, қолдануда басым тілдердің саны т. б. жатады. Тілдік жағдаят бір компонент (бір ғана тілден тұратын) болуы мүмкін, бірақ сирек кездесетін құбылыс.
Мысалы, Исландияда тек бір тілде сөйлейтіндіктен, ондағы Тілдік жағдаят бір тілге ғана байланысты. Тілдік жағдаяттың көп компонентті болуы жиі кездеседі. Ондай жағдайда тілдердің демографиялық, карым-катынастык куаты тек немесе эр түрлі дәрежеде болуы мүмкін.
Мысалы, Бельгиядағы Тілдік жағдаятта француз және нидерланд тілдері тең дәрежеде қызмет етеді. Ал, Батыс Африка елдеріндегі Тілдік жағдаят әр түрлі сипатта: демографиялық қуаты жағынан жергілікті тілдер басым да, қарым-қатынастық қуаты жағынан Еуропа тілдері басым.Тілдік жағдаяттың сапалық белгілеріне: Тілдік жағдаятқа қатысты тілдердің біртектес немесе әртектес болатыны; тілдердің функционалдық сипаты тең немесе ген емес екендігі; мемлекет аумағында басымдық ететін жергілікті тіл ме, әлде кірме тіл ме екендігі жатады.Мысалы, Мали Республикасында француз тілі, Ганада ағылшын тілі басымдық етеді.Тілдік жағдаяттың бағалық белгілері қарым-қатынастық қызметі, көркемдігі, мәдени қадірі жағынан тілді басқа ұлт, халық өкілдерінің немесе онын байырғы иелерінің бағалауына байланысты. Бұдан тілдің сырттай және іштей бағалануы келіп шығады. Тілді (тілдерді) іштей бағалау нәтижесінде белгілі тілдік ортада өзінің ана тіліне оң көзқарас қалыптасады. Қалыптасқан Тілдік жағдаятқа байланысты бұрынғы Кенестер Одағындағы ұлттық республикаларда билингвизм қалыптасты. Орыс тілі ұлтаралық қатынас құралы болумен бірге қоғамдық қарым-қатынаста да басым қолданылды. Осыдан барып ол елдердегі тілдің қызметінде тепе-теңдік сақталмай, Тілдік жағдаят қалыптасты.
