Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тіл біл. өз. мәс. емтихан.doc.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
561.66 Кб
Скачать

№ 6 Емтихан билеті

1. Этнолингвистика. Этнолингвистика «этнос», «этнос болмысы», «этнос тілі», «тіл әлемі» деген ұғым түсініктерге ерекше мән береді. Этнолингвистика - халықтың этногенезін тұрмыс салты мен әдет-ғұрпын, мекен-жайын, басқа халықтармен тарихи-мәдени байланысын, күнделікті тұрмысын материалдық және рухани мәдениетін зерттейтін тіл білімінің жаңа саласы.

Проф. Ж.А. Манкеева: «Этнолингвистика- тілді мәдениетке қатысты зерттейтін, сонымен бірге тілдің қызметіндегі және дамуындағы тілдік, этномәдени және этнопсихологиялық факторлардың өзара әсерін қарастыратын тіл білімінің саласы» [1, 55б.] –деп, мәдениет пен этнопсихологиямен байланыстырыла қарастырылатын тіл білімінің саласы ретінде көрсетеді. Ал акад. Ә. Кайдар: «Этнолингвистика – этнос болмысын оның тілі арқылы танып білу мақсатында туындаған лингвистиканың жаңа да дербес бір саласы», - дейді [1, 8б.]. Ғалым Ә. Қайдар этнолингвистиканы тілмен байланыстырады да, «Этностың басы өткен сан ғасырлық даму жолы, оның белгілері біздерге тас мүсіндер мен жартастарға қашалған сына жазулар арқылы, мәдени ескерткіштер мен әртүрлі ғимараттар түрінде жетуі мүмкін. Бірақ бұлардың бәрі этнос өмірінің мың да бір елесі ғана. Оның шын мәнісіндегі даналығы мен дүниетанымы тек тілінде ғана сақталады. Әрбір дәуірде өмірге қажет болған құрал-сайманның, қару-жарақтың, киер киім мен ішер тамақтың, тұрмыстық заттар мен салт-санаға, әдет-ғұрып, наным-сенімге, ойын-күлкі, той- томалаққа байланысты ұғымдардың аты-жөні, сыр-сипаты т.б. тек тіл фактілері ретінде ғана, яғни жеке сөздер мен сөз тіркестері, фразеологизмдер мен мақал- мәтел арқылы ғана бізге жету мүмкін» екендігін айтады [2, 34б.]. Демек, тіл арқылы жеткен көненің көзі, тарихи қатпарлар сырын ашу –этнолингвистика саласына тиселі. Жалпы тіл біліміндегі этнолингвистикаға шолу жасап, жеке сала ретіндегі негіздерін анықтаған - профессор М.М. Копыленко. Ғалым М.М. Копыленконың пайымдауынша, «этнолингвистика» термині ғылым әлемінде ең алғаш шетел ғалымы Б. Уорфтың идеясы негізінде этнография мен социология ғылымдарының аралығынан туындаған болып табылады. Ал, бұл идея Э. Сепирдің тіл фактілерін этнос мәдениеті мен жеке тұлға тұрғысынан қарастыратын теориясымен сәйкес болғандықтан, ғылымда «Сепир - Уорф болжамы» деген атпен де белгілі болып келді [3, 16б.]. Қазақ этнолингвистикасына қатысты мәселелермен акд. Ә.Т. Қайдар бастаған этнолингвистика ғылымының төңірегінде ғылыми мектеп қалыптасқандығын атап кету орынды.

Этнос туралы небір құнды дерек – мағлұматтармен толықтырып, мазмұн, тақырып ауқымын кеңейтіп, мән – мағынасын тереңдете түсетін тілдің негізгі көздері бар. Ғалымдар оларды «этнолингвистикалық арналар» деп атайды.Олар мыналар: баламалар, тұрақты теңеулер, фразеологизмдер, мақал – мәтелдер, жұмбақтар, ауыз әдебиеті үлгілері.

Бұл бағытта Р. Шойбеков, Ә. Ахметов, Ж. Манкеева, Р. Б. Иманалиева, А. Ж. Мұқатаева, С. Сәтенова, А. Жылқыбаева, Қ.Аронов, Б.Уызбаева, Қ. Ғабитханұлы, М. Мұсабаева, М. Атабаевалардың еңбектерінде жан-жақты сөз болады. Этнолингвистика туралы ғалымдардың пікірлерін келтіретін болсақ, «ұлт- тіл-мәдениет» контексіне байланысты ойлардың сабақтастығын байқаймыз. Ғалым Е. Жанпейісов: «Этнолингвистикаға өзінің бітім- болмысы, табиғаты жөнінен жалпы тарихи категория болып табылады. Себебі ол этностың қазіргісін ғана емес, көбінесе өткенін зерттейді. Ал этностың өткені оның этномәдени лексикасынан айқынырақ көрінеді», - дейді.

2. Қазақ тіл білімінің қалыптасу тарихы. Қазақ тіл білімі - түркі тілдері ішіндегі зерттелу деңгейі біршама жоғары, кемелденген, теориялық-методологиялық негіздері сараланған ғылыми сала. Аталмыш саланың өсіп-өркендеуі, биіктерге көтерілуі, жеткен табыстары, әрине, жеке адамдарға, тұлғаларға байланысты. Ана тілі білімінің қазіргі деңгей талабынан көрінуіне Ахмет Байтұрсынұлы көшін бастаған ғалымдар шоқтығы Х.Досмұхамедов, Е.Омаров, Қ.Кемеңгерұлы, М.Малдыбаев, Т.Шонанов, Қ.Жұбанов, Х.Басымов, С.Аманжолов, Н.Т.Сауранбаев, М.Балақаев, І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев сынды бұл күнде көзі жоқ ғалымдарымыздың үлесі зор.

А.Байтұрсынұлының 1912 жылы Орынборда жарық көрген «Оқу құралын» (қазақша əріппен)өзінен буын, дыбыс, нүкте, дауыста дыбыстар, жарты дауысты дыбыс, дəйекші, жіңішкелік белгісі,хəріп əріп) сияқты терминдерді ұшыратуға болады. Ал 1914 - 1915 жылдары жəне одан кейінгіжылдары 1928 жылға дейін бірнеше дүркін басылып тұрған «Тіл - құрал» оқулықтарында (қазақтілінің сарфы) дене қалыптасып, бүгінгі күнге дейін қолданылып жүрген жəне қолданыла беругетиіс зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, қосымша, жалғау, жұрнақ сияқтыжүздеген терминдердің терминге қойылатын талаптарға жауап беретіндігін дəлелдеп жату артық,өйткені олар кезінде арнайы шеттетілгендігіне қарамастан тұрақты қолданылытын дəрежеге жетті.

Ғылым Ө.Айтбайұлы А.Байтұрсынұлының “Оқу құралы” еңбегін саралай келіп, мынадай пікірайтады: «Қазақ тілі білімнің қалыптасуында айрықша роль атқарған бұл еңбектерді саралағанда,жалпы лингвистика ғылымының өрістеуіне даңғыл жол ашқан термин жасау мəселесін тіпті де аттапөте алмаймыз.

Қошке Кемеңгерұлы «Жабропалықтарға арналған оқу құралы» - өзге ұлт өкілдеріне қазақ тіліноқытуға арналған алғашқы оқулықтардың бірі. Отандық əдістеме ғылымында тыңдарман грамматикасыныңнегізін қалаған. Əдістемелік мұрасының бір ерекшелігі – сөздік түзуінде. «Оқу құралында» «əліпбилітілмаш», «мақалалы тілмаш» деген екі түрлі сөздік берген.

С. Аманжолов тіл ғылымының өзекті мəселелеріне ат салысып отырды. Орысалфавитіне көшу ісіне С. Аманжолов белсене қатысты. Жаңа алфавиттің құрамында 41 əріп болды. Бұл алфавитте орыстың əріптері түгел сақталып, қазақтіліне тəн 8 əріп қосылды.С. Аманжоловтың жасаған жобасыбекітілген болатын. 1940 жылы орыс алфавитіне негізделген С.Аманжолов жасаған қазақтың жаңа алфавиті мен орфографиясы басылып шықты.

«Қазақ диалектологиясының негізгі проблемалары»деген докторлық диссертациясын аяқтап, 1948 жылдың басында қорғады. Осы жылы С. Аманжоловқапрофессор деген атақ берілді.Ғалым 1959 жылы «Қазақ тілінің тарихы мен диалектологиясының мəселелері» атты монографиясынжарыққа шығарды.Профессор С.Аманжолов үйірлі мүшелерді басқа зерттеуші ғалымдар тəрізді (С.Жиенбаев,Н.Т.Сауранбаев, Т.Р.Қордабаев) құрмалас сөйлем тұрғысынан емес, жай сөйлем синтаксисі тұрғысынанзерттейді, екіншіден, үйірлі мүше құрылыс жағынан сөйлемге ұқсағанымен, сөйлемге тəн басқа белгілері –предикативтік қасиеті, интонациясы болмағандықтан, сөйлем бола алмайды, тек сөйлем мүшесінің ғанақызметін атқарады деп көрсеткен. Профессор С.Аманжолов құрмалас сөйлемнің «аралас құрмалас» деген түрін қазақ тілі синтаксисінеалғаш рет енгізіп, оның грамматикалық айырықша белгілерін, ішінара бөлінетін түрлерін жəне орынтəртібін теориялық тұрғыдан жан-жақты зерттеді.

Қ.Жұбановтың «Қазақ тілінің емлесін өзгерту жайлы» (1935), «К постановке исслеования историифонетики» (1935), «Из истории порядка слов в казахском предложении» (1936) , «Заметки овспомогательных и сложных глаголах», «Қазақ тілінің грамматикасы (жалпы морфология)» (1936), «Жаңаграмматиканың жаңалықтары жайында» (1937), «Шылаулар, қос сөздер, біріккен сөздер» (1937) тəріздіжарық көрген еңбектері мен жазылып, бірақ көзі тірісінде жарияланбай қалған «О частях речи», «Двойныеслова синонимического типа», «Возникновение фонематического различия глуких и звонких»,«Подражательные слова, как особые формы словоупотребления», «Скотоводческие междометия казахов»,

«Элементы кинетической сигнализации в женской речи казахов», «Структура местоимении в казахскомязыке», «Материалы к научной грамматике казахского языка (1-том, Фонетика)», «Причины выпадениябеглых гласных в казахском языке», «Еще раз о глагол де-» атты зерттеулері қазақ тіл білімінің ғылымитеориялық - методологиялық негізін қалыптастырған аса құнды зерттеулер болғаны сөзсіз.

С.С.Жиенбаевқа тіл секторына басшылық еткен кезеңде қазақша-орысша сөздіктің екі томыжарияланды. С.Жиенбаев қазақ тіл білімінің аталып жүрген кезеңінде кенже қалған салаларының бірі –лексикологияның ғылыми курсын жасаудың көш басында тұрды. Оның жазған докторлықдиссертациясының тақырыбы: «Қазақ лексикасының мəселелері» деп аталған.

Академик Ə.Қайдар “Түркі этимологиясы: өзекті мəселелер мен міндеттер” атты еңбегіндеэтимологиялық реконструкцияны зерттеудің барлық жағдайына арналған универсалды ғылыми-теориялықталдау əдістері мен критерийлердің болмайтындығын ескерте келіп, этимологияның фонетикалық,морфологиялық критерийлерімен қатар, семантикалық критерийлерді де белгілейді. Ғалым 1962 жылы жарыққа шыққан “Қазіргі қазақ тілі” оқулығыавторларының бірі, 1966 жылы басылған “Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі” еңбегінің негізгіавторларының бірі болды. Бұлардан соң “Структура односложных корней и основ в казахском языке” (1986),“Сырға толы түр мен түс” (1986) еңбектері жарияланды. М.Оразовпен бірігіп “Түркітануға кіріспе” (1992)оқулығын жазды.Т.Жанұзақпенбірлесе отырып “Атамекен атауларындағы ақтаңдақтар” атты мақала жазған болатын. Əбекеңнің ономастикасаласы бойынша этнолингвистикалық мазмұнда жазылған еңбектерінің бірі “Қаңлы; тарихи шежіре” депаталады. Зерттеуде ғалым қазақ халқының құрамындағы ең көне тайпалардың бірінің тарихи жолы, құрамы,

атақты адамдары туралы сөз етеді.

3. Аударма және аударматану теориясы, өзекті мәселелері, проблемалары. Аудар­ма теориясының міндеті – шығарманың түпнұсқа мен аудармасының арасындағы ара қатынастардың заңдылықтарындағы ізін табу, аударманың жеке элементтерін барлап байқаудан туған тұ­жырым, қағидаларды ғылыми негізге сүйеніп қорытындылау және аударма практикасына көмек көрсететін, практик аудармашыға себін тигізетін межені белгілеп беру. Сонымен, аударма теориясының негізгі зерттейтін объектісі – түп­нұсқа мен аударманың арасындағы ара қатынас және оны пайымдау мен қорытындылауды керек ететін нақты жайларға көшкен формаларының айырмашылығы.        Аударма теориясының көрнекті маманы Л.С. Бархударов  құрылымдық сипатына қарай аударманы төрт  түрге бөліп көрсетеді: 1) жазбаша-жазбаша аударма немесе жазбаша мәтіннің жазбаша аудармасы; 2) ауызша-ауызша аударма немесе ауызша мәтіннің ауызша аудармасы ; 3) жазбаша-ауызша аударма немесе жазбаша мәтіннің ауызша аудармасы; 4) ауызша-жазбаша аударма немесе ауызша мәтіннің жазбаша аудармасы.  М.О. Әуезов 1955 жылы жазылған «Көркем аударманың кейбір теориялық мәселелері» атты мақаласында аударманың үш түрін атап өтеді. Бірінші – сөзбе-сөздік – әріпқойлыққа негізделген аударма. Екінші – еркін аударма. Соңғысы аударманың өте-мөте қонымды ғылыми дәлелденген түрі – шығарманың мазмұнын да, формасын да толығырақ беретін ғылыми дәл, балама аударма. Қазақ аударматану ғылымында жиі қолда­ны­лып жүрген балама, баламалы аударма, балама­лылық (эквивалент, эквивалентный перевод, эквивалентность) деген терминдердің қазірге дейін ұғымдық анықтамасы нақтылана қойған жоқ. Кей тұстарда сөз болғалы отырған аталымдар теңбе-теңдік (тождественность), дәлме-дәл аударма (адекватный перевод) деген терминдермен теңбе-тең дәрежеде ұғынылады. Баламалық жөнінде орыс ғалымдарының ішінен алғаш пікір айтқан Я.Рецкер болды. Оның айтуы бойынша, «балама» дегеніміз контексте тұрақты, тәуелсіз, теңбе-тең сәйкестік ал, зерттеуші-ғалым А.Алдашеваның түсіндіруі бойынша, екітілді сөздікте берілетін нұсқалар . Балама (эквивалент) – екі немесе бірнеше тілдердің тілдік бірлестіктердің лексикографиялық еңбектерде ұсынылатын, контекске тәуелсіз нұсқасы.

Кейбір лингвист ғалымдар өз ғылыми зерттеулерінде «реалия» терминін емес, «эквивалентсіз лексика» терминін қолдайды. Реалия сөздерге эквивалентсіз лексиканы да жатқызуға болады. Эквивалентсіз лексика: 1) Басқа тілдің лексикалық бірліктері арасында толық немесе жартылай эквиваленттері жоқ лексикалық бірліктер (сөздер және тұрақты тіркестер).

2) Аймақтық құбылыстарды және ұғымдарды білдіретін берілген мәтіннің реалия сөздері, аударма тілінде сәйкестілігі жоқ сөздер. «Реалия» ретінде, қателікпен қолданылатын тағы бір ұғым - «лакуна». Номинативті бірліктердің номинативті-мәдени ерекшелігі тек қана эквивалентсіз лексика ретінде байқалмайды. Сонымен қатар, осы тілде басқа тілдегі сөздердің, ұғымдардың болмауы. Яғни, лакуналар – тілдің семантикалық картасындағы ақ дақтар.