- •№ 1 Емтихан билеті
- •№ 2 Емтихан билеті
- •№ 3 Емтихан билеті
- •№ 4 Емтихан билеті
- •№ 5 Емтихан билеті
- •2. Когнитивтік ұғымдар.
- •№ 6 Емтихан билеті
- •№ 7 Емтихан билеті
- •1. Тіл біліміндегі әлеуметтік бағыт
- •2. Когнитология және когнитивті лингвистика
- •3. Тілдік және мәдени коммуникация № 8 емтихан билеті
- •№ 9 Емтихан билеті
- •1.Функционалды грамматиканың зерттелуі
- •3. Қазақ тіл біліміндегі аталым теориясының онтологиялық және гносеологиялық мәселелері № 10 емтихан билеті
- •№ 11 Емтихан билеті
- •№ 13 Емтихан билеті
- •№ 14 Емтихан билеті
- •№ 15 Емтихан билеті
- •№ 16 Емтихан билеті
- •№ 17 Емтихан билеті
- •№ 18 Емтихан билеті
- •№ 19 Емтихан билет
- •1. Тіл білімінің теориялық мәселелері
- •2. Неофункционализм принципі, негізгі ұстанымдары
- •№ 20 Емтихан билеті
- •1. Қазақ грамматикасындағы зерттеулердің теориялық-әдіснамалық проблемалары
- •2. Тіл саясаты және тілдік жағдаят
- •3. Тіл және оның өмір сүру формалары № 21 емтихан билеті
- •№ 22 Емтихан билеті
- •1. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі, өзекті мәселелері
- •2. Табиғи және жасанды тілдер, арақатынасы, жасанды тіл жасаудың болашағы
- •3. Интерлингвистика теориясының қалыптасуы, зерттеу нысаны, өзекті мәселелері № 23 емтихан билеті
- •№ 24 Емтихан билеті
- •№ 25 Емтихан билеті
- •1. Когнитивтік ұғымдар. Дискурс. Фрейм
- •2. Ххi ғасырдың басындағы қазақ тіл білімі, өзекті мәселелері
- •3. Мәтін лингвистикасы, өзекті мәселелері
№ 5 Емтихан билеті
1. ХХ-ХХІ ғ.ғ. лингвистикалық мектептердің қалыптасуы. Жас грамматикалық бағыт. Жас грамматикалық бағыт (младограмматизм) XIX ғасырдың 70-жылдарынан бастап қалыптасты. Алғаш Германияда туғанымен, көп ұзамай оған тілектес, пікірлестер әр елден табылып, өте тез өркен жайды. Францияда М.Бреаль, Швейцарияда Ф. де Соссюр, Америкада Уитни, Италияда Г.И. Асколи, Россияда Ф.Ф. Фортунатов бастаған Мәскеу лингвистикалық мектебі мен Бодуэн де Куртенэ бастаған Қазан лингвистикалық мектептері болды. Жас грамматистер мектебі өз зерттеулеріне екі түрлі принципті негіз етті. Оның бірі - тарихи принцип те, екіншісі - психологизм принципі. Осы себептен де жас грамматикалық бағытты кейде психологиялық салыстырмалы-тарихи тіл білімі деп те атайды. Мәскеу лингвистикалық мектебі. Мәскеу лингвистикалық мектебін XIX ғасырдың 70-80 жылдарында Мәскеу университетінің ғалымдары қалыптастырды. Оны басқарған сол кездегі орыс тіл білімінің көрнекті ғалымдарының бірі - академик Филипп Федорович Фортунатов (1848-1914). Ол Германияда, Францияда, Англияда болып, жас грамматикалық бағыттағы көрнекті ғалымдардың лекциясын тыңдаған, өзі де осы бағытты қуаттаған, компаративистиканың Россиядағы көрнекті өкілі болған, Үнді-Еуропа тілдерінің фонетикасын, морфологиясын зерттеп, бұл саладан біраз еңбектер берген. Бұл мектеп құрамында орыс тілі білімінің көрнекті өкілдері академик Алексей Александрович Шахматов (1864-1920), Александр Матвеевич Пешковский (1878-1933) , т.б. болды.
XX ғасырдың бас кезінде Батыс Еуропада жас грамматизм бағытына қарсы бағытта пайда болған лингвистикалық мектептің тағы бір түрі - эстетизм немесе эстетикалық лингвистика. Оны қалыптастырушы - неміс ғалымы, роман тілінің маманы, әрі әдебиетші, Мюнхен университетінің профессоры Карл Фосслер (1872-1949). Эстетизм мектебінің негізгі принциптері К.Фосслердің "Тіл -біліміндегі позитивизм мен идеализм" (1904), «Тіл - шығармашылық және даму» (1906) деген еңбектерінде баяндалған. Мектептің эстетизм деп аталу себебі - оның тілдері тілді эстетикалық тұлға, эстетикалық көрсеткіш дейді де, оны зерттейтін тіл ғылымы - эстетиканың бір саласы, эстетика -оның негізі, қайнар бұлағы. Тіл жөніндегі зерттеу эстетикадан басталып, эстетикамен аяқталады деп санайды.
2. Когнитивтік ұғымдар.
Когниция – адам санасындағы білім арқылы көрініс табатын ақпараттар жүйесі.
«Фондық білім» дегеніміз-тілдік ойлау әрекетіндегі (речемыслительная деятельность) тәжірибенің вербалданған көрінісінің (фрагментінің) коммуникативтік бірліктердің (мәтіндердің) кейбіреулерімен байланысы.
Концепт – ұжымдық білімнің бірлігі, сана (жоғары рухани құндылықтарға жол ашушы) этномәдени ерекшелігі бар тілдік бірлік ретінде таңбаланады.
«Ғаламның тілдік бейнесі» дегеніміз - « ... тірі (табиғи, ұлттық) тілдер арқылы бекіген ішкі және сыртқы дүние туралы бүкіл ақпарат».
Фрейм-санада концепт түзеуші оқиға бірліктерінің бірінен кейін бірінің жүйелі, тәртіпке сай өтілуін қадағалайтын ақпараттар жинағы, концептілік жүйенің құрылымдық элементтерін танытатын қарапайым нобай.
Схема – когнитивтік санада сыртқы сигналдар мен ішкі сезімдер көмегі арқылы жинақталған ақпараттарды бір құрылымда таныту тәсілі.
3. Лингвоэкология, зерттеу нысаны, өзекті мәселелері. Лингвоэкология - тілдік жағдаят пен оның проблемалық мәселесін қарастырады. Тіл жанды организм ретінде өзгереді, дамиды, қолданыс аясы үнемі динамикалық сипатта болатындықтан, коммуникативтік деңгейі де әрдайым өзгеріске ұшырып отырады. Ал мұндай жағдаяттардың себептерін лингвоэкология зерттейді. Сондай‑ақ, лингвоэкология лексикалық қабаттардың толығуын, түрлі әлеуметтік ортаның сөйлеу ерекшеліктерін, жетістіктері мен кемшіліктерін де өзінің назарынан тыс қалдырмайды. Лингвоэкологиялық зерттеудің басты нысаны ‑ тілдік орта болып саналады. Тілдік орта дегеніміз - сол тілде сөйлейтін қоғам мүшелерінің тілдік санасының көрінісі, қолданыстағы тілдің жай‑күйі, тілдің қоғамдағы орны мен дамуы. Тілдік ортадан қоғамның әлеуметтік‑психологиялық, идеологиялық, мәдени, этнопсихологиялық болмысы айқындалады. Адамдардың тіршілік ортасының ерекшеліктері оның қолданыстағы тілінен байқалады. Мұндай ортада ұлттық ұжымның рухани тіршілігі қалыптасады. Тілдік ортасыз адамдар жеке дара өмір сүрмейді. Лингвоэкология лингвомәдени мәселелермен тығыз байланысты. Зерттеуші ғалымдар тілімізде жат сөздердің жағаласып жүруін, жастар тілінің жаргон сөздерге жақындығын және ғылым мен техниканың дамуына қарай, тілдегі «технизация» сондай‑ақ, -филологиялық, қоғамдық білімді технократтық биіктіктен алыстату сияқты лингвистикалық проблемалар қатарына жатқызады.Мысалы, орыс тілінің қазақ тіліне кері әсер еткен тұсы бар. Дегенмен де басқа тілдің басқыншылығынан дендеп кеткен тілдік жағдаят, әсіресе, сөйлеу мәдениетіне нұқсан келтіреді.
