Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тіл біл. өз. мәс. емтихан.doc.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
561.66 Кб
Скачать

№ 2 Емтихан билеті

  1. Тіл білімі тарихындағы ғылыми парадигмалардың ауысуы. Лингвистика ғылымының даму тарихында бүгінгі күні дәстүрлі үш түрлі ғылыми парадигма анықталып отыр. Олар: салыстырмалы- тарихи, жүйелі-құрылымдық және антропоцентірлік.Бүгінгі таңда жалпы тіл білімінде, сондай-ақ жекелеген тіл біліміндегі көптеген зерттеулерде антропоцентристік парадигма басымдылыққа ие болып барады. Мұның негізгі себебі лингвистикадағы антропоцентристік принцип алдымен тілді тұтынушы ұлтты бірінші кезекке қояды. Антропоцентристік парадигма өз шеңберіңде этнолингвистика, лингвомәдениеттану, когнитивтік лингвистика, лингвопсихология тәрізді жаңа бағыттарга жол ашады. Антропоцентристік бағыттағы зерттеулер ең алдымен қабылдау (восприятие), ойлау (мышление), тіл (язык), есте сақтау (память), әрекет ету (действие) тәрізді адамның когнитивтік құрылымына ерекше мән беріп, ден қоя бастады. "Қабылдау", "ойлау", "тіл", "есте ұстау", "әрекет ету", "білім" тәрізді когнитивтік құрылымдар ғылым салаларында бұрын да зерттеу нысанасы болған. Бірақ олар жалпы есім деңгейінен шығып, жалқы есім деңгейінде бір мақсат, бір міндет аясынды бір-бірімен тығыз байланыста қарала қойған жоқ.Тілді зерттеудің когнитивтік парадигмасы тіл мен ойлаудың арасына теңдік қоймайды. Керісінше тілдің ойды ұйымдастырушылық қызметін атап көрсетеді. Осы байланыстың негізінде тілдің таңбалық жүйесі арқылы терең құрылымдарда грамматикалық байланыстар, категориялар және модельдер түрінде тұтас тілдік құрылым түзеді. Тілдің болмысын анықтаудың когнитивтік парадигмасында тілдің мазмұндық жағы грамматикалық құрылыммен тікелей байланыстырылады. Осы тұрғыдан түсіндірілетін ғаламның тілдік бейнесі-мифтік танымнан поэтикалық ойға дейін жетілген ой мазмұнын, тілдік модельдердің сандық және сапалық қатынастарын бойына сіңіретін даму үстіндегі жүйе болып табылады.XXI ғасырдағы тіл білімі құрылымдық, жүйелік парадигмамен сабақтастық, жалғастықпен және тілді тек қарым-қатынас пен ойды білдірудің құралы деп емес, ұлттық рухани-мәдени коды ретінде қарастыратын антропоцентристік бағытпен сипатталады. Оның ірге тасы В.Гумбольдт, И.Гердер, Г.Штейнталь, А.Потебня сияқты ғалымдардың теориялық еңбектерімен қаланғаны белгілі. Олардың еңбектеріне сәйкес, адам өзінің парасаттық, рухани, әлеуметтік талаптарын қанағаттандыратын ұғымдар (концепт) әлемін жасау үшін ақпараттарды тілдік арна арқылы алады. Тіл мен ойлау, тіл мен таным бірлігінің өзіндік ерекше қасиеттерін тіл білімінің дәстүрлі, «таза», тілдік жеке ғылым саласы шеңберінде зерттеу мүмкін емес. Оған қажет ғылыми парадигма-когнитивті лингвистика, онымен сабақтас этнолингвистика, псхолингвистика, социолингвистикамен т.б. байланысуы қажет. Осы байланыс адам санасы қалай құрылған, адам дүниені қалай таниды, қабылданған мәліметтер қалай танымға айналады, ментальдық кеңістіктер қалай жасалады деген сүрақтарға жауапты тілдің терең құрылымдарын зерттеу арқылы анықталады да бұл мэселелер этнолингвистикалық аспектіде - В.Гумбольдт, Ф.Баос, Э.Сепир, Б.Уроф, А.Потебня, Н.Толстой, Ә.Қайдаров, Е.Жанпейісов т.б.; псхолингвистика тұрғыда-К.Юнг, А.Н.Леонтьев, А.Шахнарович т.б.; лингво мәдениет танымдық сипатта - Э.Тейлор, Э.Маркарян, Ю.Лотман, Ю.С.Степанов, Н.Д.Арутюнова, Е.М.Верещагин, В.Г.Костомаров т.б. ғылымдардың, ғылыми зерттеу еңбектерінде философиялық, психологиялық, этностық, лингвистикалық теорияларының жүйесі дүниені тұтас танудың теориясы шеңберінде тіл қызметінің когнитивтік негіздерін айқындайды.

  2. Тілтаным теориясының әлеуметтік, мәдени және психологиялық негіздері. Әлеуметтік танымның қажеттілігі тілдің шығу тегін зерттеу, оның табиғатын сұрыптау, өзге тілді меңгеру, базис пен қондырма мәселелерін анықтау, яғни адамның бар болмыс-табиғатын түсіну-түсіндіру процестерінің шешілу мүмкіндігімен сараланады. «...таласы көп сөздер әлеумет мәселелері турасындағы пікірлерде болады. Тұрмыс мәселесі – тоқсан түйіннің тоғысып шиеленісетін жері. Оны дұрыс шешуге көпті көрген көсем болуға керек. Адамның, халықтың, я бір таптың мінезін, құлқын, салт-санасын, жан жүйесін, ой жүйесін, тарихын, мұң-мұқтажын жақсы білетін дана болу, ғалым болу керек. Тұрмыс мәселелері деп қандай мәселелер айтылады? Тұрмыс мәселесі деп айтатын, айтылатын шын адамшылық мәселесі, өмір мақсатының мәселесі, яғни өмір бақытты болу мәселесі, ошақ басының, жұрт қамының, мемлекет жайлылығының, дүние тыныштығының мәселесі» [20; 221-б.] деп қазақ тіл білімінің көрнекті өкілі А.Байтұрсынұлы ұсынған мәселелер жіктемесіне назар аударсақ, адам атаулының қоғамдағы, күнделікті тіршіліктегі жүзеге асырар қызмет-қасиеттері оның әлеуметтік танымын айқындауға, когнитивтік бірліктерді қоғамдық ұғымдармен сабақтастыруға мүмкіндік береді. Қоғам мен адам арақатынасы, ең алдымен, тілдік құралдар арқылы көрініс табатындықтан, жеке тұлғалардың қатысымдық әрекеті, топпен араласу қабілеті, қоғамда атқарар қызметі, соған орай анықталар әлеуметтік жағдайы – барлығы дерлік тіл арқылы, тілдік қатынас негізінде дәйектелетін экстратанымдық факторларды құрайды.

“Халықтың әдеби тілінің қалыптасып, дамуы сол халықтың әлеуметтік тарихымен тығыз байланысты...Әдетте қоғамның азаматтық тарихының тіл дамуына әсері едәуір кідіріспен, кешеуілдеп жүреді. Әлеуметтік-саяси, идеологиялық өзгерістер болған күннің ертеңіне тіл өзгеріп шыға келмейді. XІX ғасырдың ІІ жартысынан бермен қарай қазақ халқының әлеуметтік-саяси өмірінде не бір өзгерістер, жаңалықтар болып өтті, бірақ тіл өзінің негізгі сипатын түбегейлі өзгерткен жоқ, рас, сөздік қазына молықты, грамматикалық нормалар тұрақтала түсті, функционалдық стильдердің жеке белгілері айқындала түсті т.т. ..,”-деп атап көрсетеді тілші Р.Сыздықова

Тіл адам қоғамында өмір сүріп, оның “қажетін”жүзеге асыратын құрал болғандықтан, тіл білімінің әлеуметтік лингвистика деп аталатын саласының атқарар қызметі де, ғылыми маңызы да ерекше. XІX-XX ғғ. бастап, лингвистикалық бағыттар мен мектептердің бірі ретінде негізі қаланған бұл саланың бүгінде өз нысаны, мақсат-міндеті, заңдылықтары қалыптасып орныққан. Әлеуметтік лингвистика тілдің қоғамдық сипатын, стильдік саралануын, әлеуметтік ерекшелігін, қоғамдағы қостілділік, көптілділік мәселелерін, тілдік жағдай, тілдік саясат ұғымдарын және т.б. айқындауға мүмкіндік береді, анығырақ айтқанда, тілші Э.Д.Сүлейменова “Әлеуметтік лингвистика - тілдің қоғамдық қызметтерін, әлеуметтік шартталған белгілері мен заңдылықтарын кешенді түрде зерттейтін қазіргі тіл ғылымының маңызды бағыттарының бірі.

Олай болса, қазақ тіл біліміндегі тілтанымның әлеуметтік негіздерін қоғам, қоғамдық сана мен ой-өріс, қоғамдық таным, әлеуметтік тыйым, әлеуметтік картина, заман, тұрмыс мәселелері, тәжірибе сынды ұғымдар құрайды, себебі ғалым Ә.Хасенов атап өткендей, «Қоғамсыз тіл болмайды, тілі жоқ қоғам – адамзаттың ешбір қауымы болмайды. Демек, қоғам үшін тіл керек; тілдің өмір сүруі үшін оның қоғамы болу керек. Бұл – ақиқат та тарихи шындық», яғни қоғамдық құрылыстың құрамды бөліктері тілтанымның универсалды әлеуметтік негіздерін анықтау үшін, ал тіл мен танымның ұғымдық бірліктері қоғамның даму сипатын айғақтау үшін аса қажет.

Тілтаным теориясының психологиялық негіздері. «Тілдің қоғамдық құбылыс ретіндегі және тілдің психологиялық сипаты арасындағы сәйкестік немесе тілде көрініс табатын жүйе мен қабілет арасындағы байланыс олардың динамикалы әрі біріне-бірі ауысып өте беретін өзгешелігіне қатысты болады» ,- деп А.А.Леонтьев атап көрсеткендей, тілде байқалатын әлеуметтік және психологиялық сәйкестіктер қазіргі қазақ тіл білімінде де тіл мен ойлаудың арақатынасын, олардың бір-біріне әсерін, адамның сөйлеу әрекеті арқылы айғақталатын болмысын, ерекшелігін танымдық негізде лингвистикалық тұрғыдан дәйектеуге мүмкіндік беріп отыр. «Психология адамның жанын қарайтын ғылым делініп келеді...» ,- деп Қ.Жұбанов атап көрсеткендей, тіл адамдардың өзара қарым-қатынас жасау нормаларын жүзеге асырумен қатар, олардың өзге жаратылыс иелерінен табиғи айырмашылығын айқындайтын, ойлау қабілетінің даму деңгейін сипаттайтын өзгеше аксиология болып табылады, сондықтан оның адам «жанын» айғақтайтын қасиеті де универсалды құбылыс деп танылады. “Логика сөйлемі”, “психология коммуникациясы”, «психологиялық қиялдау» секілді тіркестерді қолдану негізінде Қ.Жұбанов та “ойды сөзбен білдіру” амалдарын жеке-жеке түсіндіріп көрсетуді мақсат етті. Сөйтіп, тек қазақ тіл білімінде ғана емес, бүкіл әлемдік лингвистикада алғашқылар қатарында “сөйлеуші тас емес, тірі адам, сезімі бар, жүрегі бар адам” деген өзекті де мәнді қорытынды негізінде адамзатқа тән психологиялық ерекшеліктерді, олардың тілдік қатынас арқылы байқалу сипатын, өзін және қоршаған ортаны тану кезінде атқарар маңызды қызметін саралап берді. С.Аманжолов та “...тіл мәселесі ойлаусыз ешбір шешілмек емес” дей келе, кез келген тілдің құрылымдық элементін, олардың бір-бірімен қарым-қатынасын адамның ойлау әрекетімен бірлікте қарастыру қажеттігін ескертті. Осындай сабақтасқан байланыстың нәтижесінде лингвистиканың бір саласы психолингвистика дүниеге келді. ХХ ғасырдың 50-60 ж.ж. бастау алған аталмыш сала психология ғылымының маңызды концепцияларына сүйене қалыптасты, яғни, К.Аханов көрсеткендей, «...психикалық құбылыстарды, атап айтқанда, түйсік пен қабылдау, елес пен ой, сезім мен тілек, бейімділік пен қабілет, ерік сапалары мен мінез белгілерін зерттейтін» психология лингвистикамен байланыса келе, олардың «сөйлеу процесімен» ұштасу ерекшелігін айқындауға мүмкіндік берді.

  1. Когнитивті лингвистиканың басқа ғылымдармен байланысы. Когнитивтік психология. Когнитивтік социология. Когнитивтік антропология. Когнитивтік лингвистика. Бұл ғылымдардың қазіргі қоғамда алатын орны, оны зерттеудің қажеттігі, оның өзектілігі. Когнитивтік психологияның нысанын білімнің құрылымы мен түсінік аппараты немесе адамның ойлау әрекеті құрайды. «Когнитивтлк психология» деген терминді 1967 жылы У.Найсер ұсынды. Психологияның танымдық бағыты субъектілердің қабылдау, ойлау, тану, пайымдау, түсіну әрекеттерін жан-жақты талдау негізінде адамның iшкі, көзге көрінбейтін әpi нақты механизмдер мен процестер арқылы емес, сана, жады қызметтерінің көмегімен бақыланатын мәселелерді шешуге бағытталды. Когнитивизм бойынша алғашқы кезде сынға катты алынған ойлау, шешім, қабылдау сияқты қасиеттер ділдік үдерістерге жатқызылады. Танымдық, яғни когнитивтік үдерістер табиғатын зерттейтін когнитивті психология алғашқы кезден бастап-ақ жасанды интеллект саласындағы зерттеулер тарапынан қатты әсер алды. Алайда осыған негізделген теориялар адамның танымдық үдерістері аталмыш үдерістердің механизмдерін түсіндіріп жеткізуге жеткіліксіз болды да, мұның өзi философтар, психологтар, лиигвистер, нейрофизиологтер, жасанды интеллект саласындағы мамандарды біріктірген когнитивті ғылым ретінде жүзеге асатын пәнаралык әдістің кажет екенін мойындатуға әкелді. Когнтивтік психология мен когнтивтік лингвистиканың қарастыратын ортақ мәселелері: жады (есте сақтау), ішкі сөздік қор, сөйлеу әрекетін туғызу мен қабылдау. Когнитивтік социология. Когнитивтік социология социолингвистика мен когнитивтік лингвистика ғылымдарының қалыптасып дамуына ықпал жасады. Бүгінгі таңда әлеуметтік лингвистика тілдің әлеуметтік табиғаты мен қоғамдық қызметін, әлеуметтік фактордың тілге әсер ету тетігін қоғам өміріндегі тілдің атқаратын қызметін зерттейтін ғылым. Социолингвистика тілдің негізгі қызметі коммуникативтік, яғни тілді адамзаттың қарым-қатынас құралы деп есептейді.

Когнитивтік антропология. Антропология - адамның биологиялық табиғатын зерттейтін ғылым. Ғасырлар тоғысында адам ғылыми зерттеулердің ЕҢ ӨЗЕКТІ мәселесіне айналды. Қазipri, тіл білімінде негізгі принциптердің бірі антропоцентризм болып табылады, яғни антропоцентризм принципі ғылыми ізденістерге жетекші бола бастады. Жаңа заман лингвистикасында НЕГІЗГІ НАЗАР ТЕК ТІЛГЕ ЕМЕС, оны жаратушы, қолданушы және дамытушы адамға аударылады. «Антропоцентризм» терминінің адам білімінің әртүрлі саласыида БЕЛСЕНДІ Қолданылуы көптеген проблеманы туындатты. Негізінен, «антропоцентризм» термині онтологиялық және гносеологиялық тұрғыдан түсіндіріледі. Антропоцентризм - когнитивтік лингвистиканың негізгі тiperі

Этнолингвистика мен когнитивтік лингвистикамен байланысы.

Этнолингвистика – этнос болмысын оның тілі арқылы танып-білу мақсатынан

туындаған тіл білімінің жаңа да дербес саласы. Тілдік фактілердің табиғатын

жан-жақты ашуды мақсат еткен қазіргі ғылыми парадигманың бағыты – тілді

тұтынушы адам мәселесі. Осы орайда академик Ә.Т.Қайдар ұлттық

дүниетанымдағы дүниенің тілдік бейнесін ашу үшін табиғат – адам – қоғам макрожүйелерін басшылыққа алудың көкейкестілігін, әрі солардан туындайтын

макроконцептілер көмегімен дүние бейнесі толымды болады деген ой астарын

танытады. Қазақ тіл білімінде алғаш рет «этностық таным» мәселесін көтере отырып,Ә.Қайдар халық пен тіл ұғымдарының ортақ мүддесін «этностың шығу

тегін, қауым ретінде қалыптасу үдерісін ғана емес, сонымен қатар оның тілінде

қалыптасқан деректер арқылы болмысын (яғни рухани, мәдени өмірін, салт-

дәстүр, тіршілік-тірлік көздерін, ұлттық дүниетаным мен менталитетін т.б.) паш

ете білумен сабақтастырады..

Лингвомәдениеттанымның когнитивтік лингвистикамен байланысы.

Когнитивтік лингвистика адамның менталитетімен, білімімен байланысты

болса, лингвистикалық мәдениеттану мәдениет пен тілдің арақатынасына көңіл

бөледі. Лингвомәдениеттану тіл мен мәдениеттің өзара байланысын зерттейді.

Оның негізі мақсаты – халықтың ойлау ерекшелігі мен оның мәдениетін тіл

арқылы ашу. Тіл мен мәдениеттің ажырамас бөлігі, әрі ол лингвомәдениеттануда рухани болмыс ретінде танылады, яғни, тілде ұлттың дүниетанымы, әдет – ғұрпы, дәстүрлері, ұлттық мәдениеттің ерекшеліктері – рухани өмірі көрініс табады.

Когнитивтік лингвистика адамның менталитетімен, білімімен байланысты болса, лингвистикалық мәдениеттану мәдениет пен тілдің ара қатынасына көңіл бөледі.