- •№ 1 Емтихан билеті
- •№ 2 Емтихан билеті
- •№ 3 Емтихан билеті
- •№ 4 Емтихан билеті
- •№ 5 Емтихан билеті
- •2. Когнитивтік ұғымдар.
- •№ 6 Емтихан билеті
- •№ 7 Емтихан билеті
- •1. Тіл біліміндегі әлеуметтік бағыт
- •2. Когнитология және когнитивті лингвистика
- •3. Тілдік және мәдени коммуникация № 8 емтихан билеті
- •№ 9 Емтихан билеті
- •1.Функционалды грамматиканың зерттелуі
- •3. Қазақ тіл біліміндегі аталым теориясының онтологиялық және гносеологиялық мәселелері № 10 емтихан билеті
- •№ 11 Емтихан билеті
- •№ 13 Емтихан билеті
- •№ 14 Емтихан билеті
- •№ 15 Емтихан билеті
- •№ 16 Емтихан билеті
- •№ 17 Емтихан билеті
- •№ 18 Емтихан билеті
- •№ 19 Емтихан билет
- •1. Тіл білімінің теориялық мәселелері
- •2. Неофункционализм принципі, негізгі ұстанымдары
- •№ 20 Емтихан билеті
- •1. Қазақ грамматикасындағы зерттеулердің теориялық-әдіснамалық проблемалары
- •2. Тіл саясаты және тілдік жағдаят
- •3. Тіл және оның өмір сүру формалары № 21 емтихан билеті
- •№ 22 Емтихан билеті
- •1. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі, өзекті мәселелері
- •2. Табиғи және жасанды тілдер, арақатынасы, жасанды тіл жасаудың болашағы
- •3. Интерлингвистика теориясының қалыптасуы, зерттеу нысаны, өзекті мәселелері № 23 емтихан билеті
- •№ 24 Емтихан билеті
- •№ 25 Емтихан билеті
- •1. Когнитивтік ұғымдар. Дискурс. Фрейм
- •2. Ххi ғасырдың басындағы қазақ тіл білімі, өзекті мәселелері
- •3. Мәтін лингвистикасы, өзекті мәселелері
№ 24 Емтихан билеті
1. ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері, зерттелуі. ХІХ ғасырдың екінші жартысы түркі тілін зерттеудің «алтын ғасыры» деген атауға ие болып тарихта қалды.
Қазақ тілі туралы алғашқы зерттеу – неміс ғалымы Г.Ю. Клапроттың 1823 жылы жариялаған «Қазақ тілі жайында» деген француз тіліндегі мақаласы . Шығыстанушы ғалым бұл мақаланы Парижде «Азия журналында» жариялаған. Мақаланың алғашқы бөлімінде қазақ тілі жайлы жалпы шолу жасалса, екінші бөлімінде французша-қазақша сөздік беріліп, сол арқылы қазақ тілінің фонетикалық, грамматикалық, лексикалық ерекшеліктері, оның монғол тілінен айырмашылығы, түркі тілдерімен туыстығы салыстырылады. Мысалы, Р. Дүйсенбаевтың, қазақ тілі туралы газет бетіне тұңғыш мақала жазған Бөкен Адықовтың, Дінмұхамет Сұлтанғазиннің «Біздің қазақ туралы 5-6 ауыз» деген мақалалары негізінен, «қазақ тілінің түркі тілдерінің ішінен алатын орны, қазақ тіліне басқа тілдерден сөз қабылдау принциптері, алфавит, орфография, пунктуация, т.б. болды».
Алфавитке, грамматикаға қатысты жазба жұмыстары мен екі тілді сөздіктер ХІХ ғасырдың екінші жартысында пайда болды. Қазақтарға арналған бірінші әліппе 1892 жылы Қазанда басылды, сосын 1879 жылы Орынборда Ы. Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» мен 1896 және 1899 жылдары «Махтубап» кітабы басылып шықты.
Патша үкіметінің тапсырмасымен орыс ғалымдарының келе бастауының нәтижесінде көптеген еңбектер орысшаға аударылып, жарық көре бастады. Орыс оқымыстылары қазақтарға орысша үйретіп, олармен араласа бастады. ХІХ ғасырдың екінші жартысында орыс түркологиясы әлемдік шығыстану ғылымының алдыңғы сапынан көрінді. Барлық түркі тілдері сол кезеңде отандық ғалымдардың ғылыми-зерттеу нысанына айналды. Түркі тілін, соның ішінде қазақ тілін зерттеуде атақты орыс ғалымдары – Н.И. Ильминский, М.А. Терентьев, П.М. Мелиоранский, В.В. Катаринский, Н.Созонтов, Г.В. Архангельский, В.В. Радлов, Н.Н. Пантусов, В.В. Григорьев, В.В. Бартольд, С.Е. Малов. Н. Лаптев, Е.А. Алекторов, қазақ халқының ағартушы-ғалымдары А. Диваев, М.Н. Бектемиров, Қ. Кемеңгеров, А. Байтұрсынұлы, Тоқаш Бокин, Е. Букин, Н.С. Жетпісбаев, Ж. Көшербаев, М.А. Машанов т.б. зор үлес қосады. Аталған ғалымдар қазақ тіл білімінің салаларын зерттеумен айналысты.
Сондай еңбектің бірі – П.М. Мелиоранскийдің «Краткая грамматика казах-киргизского языка» деп аталатын еңбегі. Ғалымның бұл еңбегінде қазақ тілінің грамматикасын теориялық тұрғыдан сипаттап беруі көптеген ғалымдардың назарын аудартты.
Осыған дейін Николай Иванович Ильминскиийдің «Материалы к изучению киргизского наречия» деп аталатын практикалық мақсатта жазылған еңбегі жарық көрді. Ел арасындағы сауатты адамдардан қазақтың тілі мен әдебиетіне, этнографиясына қатысты материалдар жинайды. Атап айтқанда, 1859 жылы Маңғышлақта, 1860 жылы Бөкей хандығында болып көптеген лингвистикалық деректер жинаған. Ертегіші Марабайдан «Ер Тарғын» ертегісін жазып алып, 1861 жылы жарыққа шығарады.
Ал оның қазақ тілі грамматикасы мен фонетикасы туралы жазған «Материалы к изучению киргизского (казахского) наречия» еңбегі үш бөлімнен: фонетика (часть звуковая), грамматика, сөздіктен тұрады. Барлық фонетика-грамматикалық бөлім бар-жоғы 30 беттен (110-140 бб.) аспайды. 140-159 беттер және еңбектің 152 беті сөздікке арналған. Грамматика бөлімінде тек татар тілінен ерекшеленетін формаларды ғана қарастырған.
Н.И. Ильминскийдің түркітану ғылымына қалдырған «баға жетпес байлығы» – Рабғузидің «Бабыр-наме» мен «Қысас-әл-анбияны» жарыққа шығаруы. Мұнан кейін ғалымның В.И. Вербицкиймен және Алтай діни миссионерлерімен (М. Невский) бірлесіп, 1869 жылы Қазанда құрастырған «Алтай тілінің грамматикасы» атты еңбегі басқа түркі тілдерінің грамматикасын жазуға себепші болды. «Сонымен қатар оның қазақ тілі үшін де орны ерекше. Өйткені бұл «Грамматиканың» негізгі объектілері болған телеут, алтай, шор, тува тілдерінің фактілері кітаптың өн бойында қазақ тілі материалдарымен салыстырылып отырылады».
Қазақ тілі грамматикасын зерттеудегі еңбектердің ішінде ғалымдардың назарын аударған – П.М. Мелиоранскийдің «Краткая грамматика казак-киргизского языка» деп аталатын еңбегі. Грамматика Петербург университетінің шығыс тілдері факультетінде басылып шықты. Автор еңбегін қазақ тілін үйренем деушілерге ғана арнап жаздым деп практикалық мақсатты көздегенін айтса да, сол кездегі қазақ тілін жүйеге келтірген басқа еңбектердің алды болып табылады. Оның еңбегі «этимология», «синтаксис» деген екі тараудан тұрады. Қазақ халқының танымына терең бойлай алмағандықтан, Санк-Петербург университетінің студенті Б.Т. Саматовтан қазақ тілінің ерекшеліктерін сұрап отырған. Грамматика бөлімін профессор Н.Ф. Катанов қарап шыққан. Зерттеуші‑ғалым: «По единогласному свидетельству всех исследователей киргизского языка он принадлежит к числу самых богатых тюркских наречий...» деп қазақ тілінің байлығын мойындаған.
П.М. Мелиоранский «Краткая грамматика казак-киргизского языка» атты еңбегінде В.В. Радловтың, Н.И. Ильминскийдің, Я.Я. Лютштың, М.А. Терентьевтің], араб тілінде жазылған кітаби қазақ тілі үлгілерін және Сібір мен Түркістан басылымдарынан алынған материалдарды пайдаланғанын жазады.
Төртінші грамматикалық еңбектің авторы Василий Владимирович Катаринский (1846-1902) – Орта Азиядағы көрнекті түркітанушылардың бірі, Н.И. Ильминскийдің шәкірті. Ол оқу-ағарту істеріне қатысты: «Краткий киргизско-русский словарь» (Оренбург, 1895, 1898), «Русско-киргизский словарь» (Оренбург, 1899-1900), «Киргизско-русский словарь» (Оренбург, 1897), А.Н. Кононовпен бірлесіп жасаған «Практические уроки русского языка для киргизов» (Оренбург, 1895), «Грамматика киргизского языка» (Оренбург, 1897) және «Первоначальный учебник русского языка для киргизов» (Казань, 1909) т.б. еңбектерімен танымал болады. Сондай-ақ, «Сборник киргизских пословиц», «Материалы по этнографии киргиз» (Оренбург, 1899) жинақтарын құрастырады.
«Грамматика киргизского языка»еңбегінде фонетика, этимология (морфология), синтаксис салалары туралы мәліметтер кеңірек берілген. Еңбек өте қомақты, 200 бетке жуық. Фонетика және синтаксис бөлімінен тұрады.Бірақ қазақ тіл білімін толықтай ашып көрсеткен, болмаса қамтыған еңбек деп айтуға келмейді, ғылыми тұжырымдарға бара алмаған. Сөйлеу тілі ерекшеліктерін басты нысанға алған.
Бесінші грамматикалық еңбек – Н. Созонтовтың «Записки по грамматике киргизского языка»деп аталатын еңбегі. 1912 жылы Ташкентте басылып шыққан. Фонетика, этимология, синтаксис тарауларынан тұратын 67 беттік жазба. Автор кіріспесінде жазбаның орыстарға арнап жазылғанын, Н.Н. Пантусовтың транскрипциясы мен мәтінін қарап шыққанын жазады да, Діни миссионерлік қоғамның жазбаларын пайдаланғандығын айтады. Автор жазбада қазақ тілінің сөз таптары мен жалғауларының арасында айырмашылықтар жоқ деп, род категориясының болмауын басқаша түсінеді. 9 cептіктің түрі бар деп демеуліктермен шатастырады. Бірақ ойды жүйелеуде синтаксис саласының Еуропа тілдеріне қарағанда маңызы жоғары екендігін дұрыс бағымдайды.
Алтыншы зерттеу жұмысы Г.В.Архангельскийдің құрастыруымен жарық көрген “Грамматика казахского языка”атты еңбегі. Бұл еңбек қазақ тілінің оқытушысы Қ.Кемеңгерұлының 1924-25 жылдары Түркістанда шығыстану курсында оқыған дәрістерінен алынған.
Ғалым Э.Н. Наджиптің мақаласында қазақ тілін зерттеуші ғалымдар туралы айтылып, олардың еңбектеріне тоқталады. Ол өз еңбегінде қазақ тілін зерттеу ХІХ ғасырдың екінші жартысынан басталғандығын және осы кезеңде қазақ әдеби тілі де қалыптаса бастап, оның негізін қалаушы қазақ халқының ағартушы-ақыны, ойшылы Абай Құнанбаев екендігін атап өтеді.
І. Кеңесбаев «Основные вехи изучения языка казахского народа» атты мақаласында қазақ тілінің төңкеріске дейінгі және төңкерістен кейінгі жалпы мәселелерін сөз етеді. Ол өз еңбегінде төңкеріске дейін шамамен 250 еңбектің, оның ішінде қазақ тілінде 60, орыс тілінде 190 екі тілді сөздіктер, мақалалар, оқу құралдары шыққанын айтады. Қазақ тілін зерттеудің ғылыми өзектілігін атап көрсетеді. Төңкеріске дейінгі қазақ тілін зерттеудің үш кезеңіне тоқталады:
Классификациялық жүйелеу тұрғысынан қазақ тілінің фонетика-морфологиялық ерекшеліктері анықталып, түркі тілінің бір тармағы ретінде орны белгіленді;
Қазақ тілінің фонетика-грамматикалық нормалары қысқаша түрде жазылып, екі тілді жеке сөздіктер құрастырылды;
Бай ауыз әдебиеті үлгілері туралы шамалы болса да мақалалар жарық көрді.
Академик-ғалым Р.Г. Сыздықова қазақ тілінің лексикографиясына арнайы тоқталып, осы кезеңдегі шыққан сөздіктердің кемшіліктері мен жетістіктерін тереңдей зерттеді. Ғалым қазақ тілін зерттеген түркітанушылардың біраз еңбектеріне тоқталып, І. Кеңесбаевтың пікірлеріне қосыла келе:қазақ тіл білімінің іргетасы қаланды;тұңғыш рет қазақ тілі туралы лингвистикалық ілім пайда болды;грамматика мен фонетика курсы құрылды;алғаш рет көп мөлшерде ана тіліндегі лингвистикалық терминдер енгізілді;қазақ жазуы, орфографиясы мен пунктуациясы мәселелері күн тәртібіне қойылып, шешімінтапты деген тұжырымға келеді. Басқа мақалаларындақазақ тілін зерттеген орыс ғалымдары мен қазақ лексикасындағы терминдердің қалыптасуы және грамматика мәселесі жөнінде сөз етеді.
С. Аманжолов «Вопросы диалектологии и истории казахского языка» атты кітабында қазақ тілінің осы кезеңдегі зерттелу тарихына тоқталып өтеді. Ғалымның зерттеу нысаны диалектілер болғандықтан, басқа ғалымдардың еңбектерінде осы мәселе төңірегінде сөз етіледі. Арасында В.В. Радловтың, Н.И. Ильминскийдің, В.В. Катаринскийдің, М.А. Терентьевтің, П.М. Мелиоранскийдің еңбектеріне баға беріп, еңбектеріндегі диалектілерді талдайды. Дәлелдері орынды, ойларын нақты мысалдармен береді. Бұлардан басқа Х.К. Жұбановтың «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» атты еңбегі, Ш. Ш. Сарыбаевтың «Қазақ тіл білімі әдебиетінің библиографиялық көрсеткіші» атты т.б. ғалымдар еңбегінен құнды-құнды материалдармен танысуға болады.Қорыта келгенде, ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ тілін зерттеу орыс тілінде жүргізілді. Осы кезеңге дейін қазақ тілі грамматикасы жеке пән ретінде қарастырылмай, шығыс тілдерімен араласып қарастырылса, ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап Петербург, Қазан, Ресей Ғылым академиясы, Азиялық шетел министрлігі департаменті жанындағы шығыс тілдері бөлімі тарапынан назар аударылып, қазақ тілі жайлы түсінік, тілдік құрылымы, өзге тілдермен салыстыра зерттеу жүргізілді. Қазақ тіл білімін орыс тіл білімінің жүйесіне салып, орыстандыру саясатын ұстанды. Ғалымдар қазақ тіл білімін қанша зерттеп, өз болжамдарын айтқанымен, сол тілдің төл өкілі болмаған соң, қазақ ұлтының танымына терең бойлай алмады. Нәтижесінде қазіргі таңға дейін қолданып келе жатқан кириллица әліпбиін таңу арқылы өз миссияларын орындап, қазақ халқын талай жылдар бойы өз тамырынан алшақтатты.
2. Математикалық лингвистика, зерттеу нысаны, өзекті мәселелері. Математикалық лингвистика (орысша математическая лингвистика) — тіл білімінің математикалық тәсілдермен тілді зерттейтін саласы. Ол 20 ғасыр 50 жылдары табиғи және кейбір жасанды тілдердің кұрылысын сипаттауға және тіл біліміне тән негізгі ұғымдарды анықтауға арналған формалды аппарат жасау мақсатында туған. Математикалық лингвистика әдістері мен математикалық аппараттың көмегімен тілдің әр түрлі заңдылықтарын ашуға болады. Белгілі бір заңдылықтарға бағынатын сөз бөлшектерінің кезектескен тізбектерін ("дұрыс мәтіндер") математика тұрғысында зерттеу Ф. де Соссюрден басталады. Математикалық лингвистика синтаксистік құрылымды сипаттау тәсілдерінің теориясы және формалды грамматика теориясы деген салаларға бөлінеді. Формалды грамматиканың кеңірек қолданылып жүргені түрі — "Туынды грамматика" немесе Н. Хомский грамматикасы. Қазақстанда бұл сала бойынша Ұлттық Ғылым Академиясы Тіл білімі институтында ЭЕМ көмегімен қазақ мәтіндерінен сөз, сөз тұлға, сөз тіркесінің әр түрлі жиілік сөздіктері түзіліп, лексика, фонетика, синтаксис салаларындағы сандық зандылықтар анықталуда.Бектаев зерттеу барысында математикаға да, тіл біліміне де үйлес ұғымдарды анықтады. Осындай кең тараған ұғымның бірі – алгоритм туралы мәселе. Ғылымда алгоритм ұғымы электронды есептеу машиналарынан бірнеше ғасыр бұрын пайда болып, өмірде кеңінен қолданылып келе жатқандығы мәлім. Ғалымдар алгоритм электронды есептеу машиналарына ғана қатысты емес, гуманитарлық ғылымдар үшін де қажетті математикалық категория деп есептейді. Ғалымның: «Тіл білімінің қолданбалы бағыты оның теориясын дамытып, тереңдете түсуде ерекше маңызды. Бұл теориялар ең алдымен дискретті математиканың бастауында пайда болып, есептеуіш мәшинелерді қолдануда, компьютерлік бағдарлама жазуда кең қолданыс тапты. Оның жекелеген ерекшеліктері табиғи тіл деректерін өңдеуде де нәтижелі болуда», – деген пікірі алгоритмдік жүйенің лингвистикалық түсініктемесін береді.
Бектаев тілді математикалық амалдар арқылы зерттеу барысында лингвостатистика ғылымының теориялық және практикалық мәселелеріне тереңдеп бара білді. Тілшінің лингвостатистиканың теориялық мәселелеріне байланысты пікірін қазақ сөзінің саны мен сапасын анықтауға, сақтауға арналған ғылыми тұжырым деп түсінуге болады.Математикалық тәсілдерді қолданып тілдік қолданыста санамалау, қайталау арқылы сөздердің актив және пассив қызметін, тіркесу ерекшелігін т.б. анықтауға болады.Ғалымның пікірінше, «Статистикалық лингвистика, негізінен, математикалық статистика әдістемесіне сүйенеді. Зерттеу барысында ондай әдістемені қолдану қатынас құралы ретіндегі «тілді» белгілі бір жүйе деп қарастырудан туындайды. Шынында да, «тіл» дегеніміз ақиқат болмыста өмір сүретін көп өлшемді және белгілі бір ішкі заңдылықтардың негізінде топталған (реттелген) табиғи құбылыс деуге болады. Ал тілдік жүйе математикалық статистика заңдылықтарына бағыну үшін ондағы бірліктер тобы қайталанып отыратын және кездейсоқтық сипатта болатын тілдік элементтерден тұруы қажет.
3.Фнукционалды грамматика, бағыттары. Функция терминінің қызметі лингвистиканыңқай саласына, қандай тілдің сипатын тануға қолдануға байланысты анықталып отырады. Мысалы, тіл ғылымындатілдің қоғамдық қызметі; тілдің коммуникативті қызметі;тілдің байланыс орнатушы қызметі; тілдің эмотивті қызметі; тілдің аппелятивті қызметі, тілдің кумулятивтік қызметі, тілдің стилистикалық қызметі, тілдің прагматикалық қызметі, тілдің эстетикалық қызметі деген қолданыстар жиі ұшырасады.
Тілдіңфункциясы ішкі жəне сыртқыдеп бөлінеді. 1) Ойлау кезіндетүзелетін тілдің грамматикалық функциясы, ойданбағытталған грамматикалық түзілім. Бұл сыртқы көрудеген ішкі қабылдаудан тұрады. 2) Айтушының немесетыңдаушының тілдің грамматикалық құрылымдық жүйесінпайдалану əлеуеті. Бұл жерде айтушы мен қабылдаушының жан-жақты қабылдау, сезіну, пайдалану сияқтықабілеті мен ерекшеліктері толық есепке алыныпотырылады. Жалпы функционалды грамматикада функцияның атқаратын 2 қызметі бар. 1. Біріншісі əлеуеттіфункция деп аталады. 2. Екіншісі нəтижелі функция депаталады. 1. Əлеуетті функция дегеніміз тіл жүйесіндегі əртүрлі деңгейде тілдік бірліктер қызметі- нің айтушыныңайтар ойына қарай таңдап алы- натын таңбалары болыптабылады. 2.Нəтижелі функция дегеніміз айтушыныңəлеуетті функциясына қатысқан тілдік бірліктердің толықорындалуы болып саналады
Жалпы функция туралы айтқанда ғылымдабелгілі тілдің ең маңызды функциясы таңбалық функция(обазначения) туралы айта кету керек. Адамдардыңбірлескен еңбек жағдайындағы бір-бірімен қарым-қатынасжасағанда ойлау ұғымы қалыптасты. Сондықтан адамдарбір- бірімен ойларын бөлісу үшін материалдық форманыңжасалуқажеттілігі туындады. Сондықтан сигналдыфункция (коммуникативті) тілдегі екінші маңызды функцияболып саналады. Тілдің үшінші маңызды функциясысөздердің мағынаға, түсінікке құрылған формалары болыптабылады.
Функционалды грамматиканыңқалыптасуы жайында Бодуэн де Куртенэ айтқан «Тілдік ойтуралы» нақты айтқанда, ттілдік ойлау туралы идеялары асақұнды болып саналады. Ф.Брюноның «Ой жəнге тіл»,О.Есперсеннің «Грамматика философиясы» аттыеңбектерінде түсінік пен синтаксистік категорияларытуралы да айтылған. Қай тілді сипаттауда болмасын, оныңжұмсалымдық жағы үнемі назарда ұсталып келгендігі анық.Мəселен, орыс тіл білімінде тілді жұмсалымдық жағынан қарастырған зерттеулер қатарына Ф.И.Буслаев, К.С.Аскаков, Н.П.Некрсаов, И.А.Бодуэн де Куртенэ т.б. еңбектерін атауға болады. Орыс сөздерінің грамматикалық тұлғасынжұмалымдық тұрғыда қарастыруда В.Вингорадовтың еңбегіерекше. Функционалды грамматика – грамматикалық құрылыстағытіл бірліктерінің функцияларын (қызметін) жəне олардың
заңдылықтарын объект етіп зерттейтін грамматика түрі. Функционалды грамматика əр тілдің əртүрлі деңгейлеріне қатысты, лексикамен, контекспен өзара байланысты, бірақ бəрі де семантикалық қызметінің ортақтығы нəтижесінде біріктіріліп, тіл құралдарының біртұтас жүйесінде қарастырылады. Функционалды грамматиканыңнегізгі мақсаты − болмысты пайымдау барасында адамсанасында қалыптасқан ойдың мəнін берудегі грамматикалық бірліктердің тілдің басқа деңгейлер бірліктерімен тығыз қарым қатынастағы қызметінің заңдылықтарын зерделеп сипаттау. Тілдің барлықдеңгейлері бірліктерінің бір-бірімен өзара қарым-қатынасыжалпы тілдік ұғымдық категориялар негізінде болады. Функционалды грамматиканың бастауларын əріден іздеген дұрыс. Мəселен, орыс тіл білімінде тілді функционалдық жағынан қарастырған зерттеулерді Ф.И.Буслаев, К.С.Аксаков, Н.П.Некрасов, А.А.Потебня, И.А.Бодуэн де Куртенэ, А.А.Шахматов жəне А.М.Пешковскийлердің еңбектерінен кездестіруге болады. Орыс сөздерініңграмматикалық тұлғасын функционалдық тұрғыдақарастырудаВ.В.Виноградовтың еңбегі ерекше. Ал жалпыалғанда функционалды грамматиканың теориялық тірегіЛ.В.Щерба, И.И.Мещанинов, С.Д.Кацнельсон еңбектерінің негізінде қаланды деуге болады. Қазіргі функционалды грамматиканың мақсаты тілдің табиғатын ашу, жеке-дара тұйықталған шеңбер аясында ғана қарастырылмайтындығын анықтап, əр түрлі тілдік құралдыр өзара əрекеттесе отырып белгілі ұғымның мəнін, мазмұнын ашу, сөз сөйлеу кезіндегі ситуация мен контекстік жағдаяттарымен байланыста анықталатын, сондай-ақ олардың басқа да ұғымдық категориялардың аясында көрінетін мағыналық-мазмұндық сипатын ашу болып табылады. Олай болса, функционалды грамматика тілдік
құбылыстың табиғатын толық əрі терең түсінуге жол ашады. Жалпы тілдік жүйедегі əр алуан тілдік бірліктердің өзара əрекеттесуі, парадигмалық жəне синтагмалық
қатынасы белгілі ұғымдарға жəне категорияларғажинақталып, олардың табиғатын толық тануға мүмкіндік ашады. Функционалды грамматиканың негізгі объектісіграмматиканың ішінде «мазмұннан – формаға, ұғымнан – үлгіге» сияқты тілдік бірліктерді зерттейтін бағыт болып табылады. Жалпы тіл білімінде функционалды грамматиканың негізгі нысаны функционалды-семантикалық өріс теориясы болып табылады. А.В.Бондарко функционалды грамматиканыфункционалды-семантикалық өрістер теориясына негіздеп
қарастырды. А.В.Бондарко «функционалды-семантикалықкатегория теориясы, функционалды-семантикалық өріс,категориялық жағдаят» деп аталатын «триада» принципінқолдану арқылы функционалды грамматиканың негізгіұғымдары мен категорияларын анықтап берді.
