- •№ 1 Емтихан билеті
- •№ 2 Емтихан билеті
- •№ 3 Емтихан билеті
- •№ 4 Емтихан билеті
- •№ 5 Емтихан билеті
- •2. Когнитивтік ұғымдар.
- •№ 6 Емтихан билеті
- •№ 7 Емтихан билеті
- •1. Тіл біліміндегі әлеуметтік бағыт
- •2. Когнитология және когнитивті лингвистика
- •3. Тілдік және мәдени коммуникация № 8 емтихан билеті
- •№ 9 Емтихан билеті
- •1.Функционалды грамматиканың зерттелуі
- •3. Қазақ тіл біліміндегі аталым теориясының онтологиялық және гносеологиялық мәселелері № 10 емтихан билеті
- •№ 11 Емтихан билеті
- •№ 13 Емтихан билеті
- •№ 14 Емтихан билеті
- •№ 15 Емтихан билеті
- •№ 16 Емтихан билеті
- •№ 17 Емтихан билеті
- •№ 18 Емтихан билеті
- •№ 19 Емтихан билет
- •1. Тіл білімінің теориялық мәселелері
- •2. Неофункционализм принципі, негізгі ұстанымдары
- •№ 20 Емтихан билеті
- •1. Қазақ грамматикасындағы зерттеулердің теориялық-әдіснамалық проблемалары
- •2. Тіл саясаты және тілдік жағдаят
- •3. Тіл және оның өмір сүру формалары № 21 емтихан билеті
- •№ 22 Емтихан билеті
- •1. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі, өзекті мәселелері
- •2. Табиғи және жасанды тілдер, арақатынасы, жасанды тіл жасаудың болашағы
- •3. Интерлингвистика теориясының қалыптасуы, зерттеу нысаны, өзекті мәселелері № 23 емтихан билеті
- •№ 24 Емтихан билеті
- •№ 25 Емтихан билеті
- •1. Когнитивтік ұғымдар. Дискурс. Фрейм
- •2. Ххi ғасырдың басындағы қазақ тіл білімі, өзекті мәселелері
- •3. Мәтін лингвистикасы, өзекті мәселелері
№ 22 Емтихан билеті
1. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі, өзекті мәселелері
2. Табиғи және жасанды тілдер, арақатынасы, жасанды тіл жасаудың болашағы
3. Интерлингвистика теориясының қалыптасуы, зерттеу нысаны, өзекті мәселелері № 23 емтихан билеті
1. Мәтін және мәтінтану, өзекті мәселелері, зерттелуі Мәтінтану проблемасы мәтін тарихы мен мәтінтану деген екі ұғымның айырмашылықтарын танып–біліп алудан басталады. Бұл екі ұғымды тең дәрежеде қабылдауға болмайды. Осы ғалымдардың еңбектері арқылы қазақ тіл білімінде мәтінтанудың негізгі ұғымдары мен терминдік жүйесі қалыптасты. Қазіргі кезде көркем шығарманың мәтінтану тұрғысынан зерттелуі де өзекті болып отыр. Көркем шығарманың мәтінтанымдық жағынан зерттелуі филологияның басты салаларының бірінен саналады.
Мәтінтанушы белгілі бір мәтіннің жарыққа шыққанға дейінгі тарихын зерттеп қана қоймайды, әрбір автографтағы өзгерістердің пайда болу себебін ашады, өзгерістер мен жапсырмалардың, қоспалардың мәтінге енген кезі мен көмескі сөздердің, тіркестердің шыққан тегін анықтағанда, ұлт тілінің әр дәуірдегі ерекшелігімен сабақтастықта, саяси-әлеуметтік, мәдени өзгерістерімен ұштастыра келіп, қолжазбаны көшірушінің ұстанған мақсатын жадында тұта отырып, қарастыруға міндетті. 2009 жылы жарыққа шыққан академик Р.Сыздықтың «Қазақ тіліндегі ескіліктер мен жаңалықтар» (Алматы:Арыс,2009) еңбегі де осы салаға тыңнан қосылған еңбекке жатады, мәтінтануға қатысты қазақ тіл біліміндегі бірнеше проблеманы көрсетеді: 1) текстологиялық зерттеулердің жолға қойылмауы; 2) мәтінге қалай болса, солай қарау: а) тарихи мәтіндерді, ә) кейінгі жаңа жазба мәтіндерді да жариялану барысында кемшіліктердің жіберілуі, б) мәтіндер қазына іспетті, көне мен ескіліктердің топтастырылған орын екені, в) ескілер мен көнеліктердің мән-мағынасын ашуда да мәтіндердің көмегі көптігін ескерусіз қалып отыруы [12, 11 б.].
Қолда бар кез келген ескерткіш-мұраның екі түрлі жарияланымы, нұсқасы: 1.лингвистикалық басылым (Орхон жазбалары, «Хан жарғылықтары», «Қадырғали Жалаири т.б.» және 2.әдебиленген («қазіргіленген») басылым (Қ.Халиди «Тауарих Хамса» т.б.) болады. Мұраны «лингвистикалық қалыпта» (яғни таңбасын нақты беріп) жариялаудың да көптеген даулы мәселелері бар. Қазақ филологиясындағы мұра атаулы о баста жазба күйге (қолжазба, кітап түрінде) араб қарпімен, оның ішінде қадим жазулы нұсқалар түрінде түскендіктен, оны қайта оқудың, қазігі әріпке түсіріп таңбалаудың толық әдістемесі жасалмаған. Сол себепті де тілші ғалымдар кез келген мәтінді қайта жарияларда өз принциптерін, жазу қалыбын қайталап түсіндіруге мәжбүр болады. Мәселен,А.Байтұрсынұлының «Тіл тағылымы» (Алматы, 1993) атты еңбегі араға 70 жыл салып қайта жарық көрген тұста академик Р.Сыздық оған мынадай түсінік жазды: «Ауыспалы шақтық есімшенің жұрнағы көбінесе тұн, түн(баратұн, келетүн) түрінде жазылғанмен, түпнұсқадағы орфограмма сақталмай, қазіргі нормасымен тын, тін болып жазылды. А.Байтұрсынов грамматикасында жіктік жалғаудың ІІ жағының тұлғасы қазіргідей –сың емес, -сын түрінде берілген (сен барасын, сен не сұрап тұрсын дегендерде), бұл өзгешелік сақталды». ^ Жаңа замандық мәтінтанулық зерттеулерде қолжазбалар екіге бөлінеді:
а) автордың өз қолымен жазған; ә) тізімдер немесе тізбелер, яғни автордың өзі емес, басқалардың қолымен жазған қолжазбасы. Көне және ортағасырлық ескерткіштер үшін бұл өлшем өзгереді, онда қолжазбақолмен жазылған мәтін немесе мәтін үзіндісі де, тізім немесе тізбе деп қайтадан көшірілген шығарма аталады. Бір қолжазба бірнеше тізімнен яки тізбеден тұруы мүмкін. Қолжазба да, тізім де автограф болуы әбден ықтимал, яғни қолжазбаны да, тізімді де автор өз қолымен жазуы мүмкін.
Автографтың таза жазба («беловик») және жөнделіп бітпеген шимай жазба түрі («черновик») болады. Сондай-ақ автор тексеріп, жөндеген, корректура жасаған қолжазбалар мен шығарманың жөнделген баспа түрі бар. Қазақ көне мәтіндерінің авторлар өз қолымен жазған мәтіндік қолжазбалары жоқ. Сондықтан шимай жазба немесе таза жазба ұғымдарын да ХҮ-ХҮІІІ ғғ. ақын-жыраулар шығармашылығына қатысты қолдана қою қиын.
Мәтінтануда жиі қолданылатын терминнің бірі конъектура – мәтінге дереккөзсіз, жорамалмен жасалған түзетулер дегенді білдіреді. Конъектуралық жағдайда мәтіннің дұрыс оқылуын қалпына келтіру әрқилы қисынды оймен байланыстырылады. Қисынды дұрысталу мен мәтінді о бастағы қалпына келтіру және оның қалпына келтірілгені туралы түсініктер одан кейінгі басылымдарда қатар берілуі тиіс. Мысалы, Махамбет өлеңдерінде конъектуралық түзетулер кездеседі. Конъектура екі түрлі болады: 1.қарапайым конъектураға әр жылғы басылымдардағы түсініктер, түрлі үзіктер мен абзацтарды жатқызуға болады.
Айталық, қом сулар тіркесімі мен құм, сулар бірыңғай мүшелерінің қолданысының қайсысы дұрыс, қайсысы қате екенін конъектураға байланысты алып көрелік. Қом мен құм қолданысының Махамбет өлеңдерінің мәнмәтінінде қайсысы орынды екені түсіндіру конъектуралық заңдылық бойынша зерттеушінің қисынына қарай жүзеге асады. Ол үшін тұтас өлең мен осы тіркес кездесетін мәнмәтін қарастырылады. Қом мен құмды жазудан кеткен қателік ретінде алмастыруға болар еді. Бірақ 1939 жылғы және 1948 жылғы басылымдар латын және кирилл әліпбиімен жазылғандықтан, олардың қателік ретінде алмасуы мүмкін емес, ешқандай фонетикалық заңдылықтар негізінде алмастыруға да келмейді. Қазақ тіліндегі аймақтық ерекшеліктердің батыс тобында қом сөзінің кездесетіні жайлы факті бойынша ғана қомды қалдыруға болар еді. Бірақ жалаң ғана бұл факт аздық қылады. Сондықтан келесі кезекте мәнмәтін алынады. Бірақ мәнмәтінде құм да дұрыс болып көрінетінін жоққа шығаруға болмайды. Алғашқы басылымдармен салыстырып қарар болсақ, 1939 жылғы және 1948 жылғы басылымдардағы мәтіндерде құм мен сулар сөздерінің ортасына «,» (үтір) қойылып, аралары бірыңғай мүшелер сияқты ажыратылғанын көруге болады. Ал 1925 жылғы басылым араб қаріпті қазақ жауымен терілген және тыныс белгілерінің түрі де аз, сирек қойылған, тіпті ол кезде тыныс белгілерін қоюдың нормаланбағаны әдеби тіл тарихынан белгілі жайт, сондықтан бұл басылымда үтір белгісі жоқ, ал мәнмәтінге екі сөз де үйлеседі.
Қом су сөзі Қазақстанның батыс аймағында, әсіресе Маңғыстауда жерінде кездеседі және осы сөз «тоқталған, бір жерге жиналған су» дегенді білдіреді. Ал тұтас өлеңнің мазмұнына қарағанда, Қоғалы көлдерден кейін, қом сулардың тұрғаны дұрыс болып көрінеді. Себебі ел көшкенде су жағалап немесе су шығатын, суы мол жерді мекендейтіні белгілі. Сондықтан ақылға қонымды варианты ретінде: Қоғалы көлдер, қом сулар Кімдерге қоныс болмаған?! - деп айтқан жөн.Егер Махамбет мәтіндеріне қатысты алар болсақ, ондай ақын өлеңдерінің мәтінін өз түсінігі бойынша жақсартып, логикалық қалыпқа салу арқылы өзіндік түзетулер істеген Б.Аманшин конъектураларын күрделі «өңделген мәтіндік конъектураға» жатқызған дұрыс. Себебі Б.Аманшин Махамбет өлеңдерін өз тәртібімен түзіп шыққан. Ол енгізген өзгертулерді былайша жіктеуге болады: а) өлеңдердің орын тәртібін түгелімен өзгертіп, тарихи оқиғаларлардың хронологиялық ретімен, ізімен түзген; ә) кейбір өлеңдерді жойып жіберіп, мәтіннің тұтастығын бұзып, оларды басқа өлеңдердің құрамына енгізген; б) өлең жолдарын өз логикалық қалыбымен өзгерткен; в) жекелеген сөздерді мәнмәтінге осы сай келеді деген өз ойының жетегімен өзгерткен (мысалы, жиылған әскер білінді - жиылған әскер бүлінді); г) өлеңдерге өз тарапынан, өз түсінігіне қарай тақырып берген; д) өз еркіне салып, тыныс белгілерін қойған, т.б.Келесі кезекте Махамбет өлең мәтіндерінің Б.Аманшин және Қ.Жұмалиев дайындаған басылымдарын мәтінтанулық ұғым ретінде айтылатын мәтін редакциясына жатқызу мәселесі тұрады. Оны білу үшін мәтінді редакциялау немесе мәтін редакциясы дегеніміз не екенін білу керек. Мәтін редакциясы деп мақсатты түрде мәтінді қайта қарастыруды, өңдеуді айтады. Мәтінді редакциялаудан өткізудегі мақсаттар әртүрлі болады. Редакциялау әлеуметтік себептерге және уақытқа, редакция жасалған орынға, редакция жасаушының интеллектісіне байланысты болғандықтан, редакцияланған жазба мәтіндерге атау беріледі. Мысалы, Махамбет өлеңдерінің Халел басылымы, Қ.Жұмалиев басылымы, Б.Аманшин басылымы деп атауға болады. Сол сияқты ұлы Абай қолжазбасы баспаға тұңғыш тапсырған адамның атымен Мүрсейіт қолжзбасы деп аталатыны белгілі. Олардың мақсаты өлең мәтіндерін қайткенде де жарыққа шығару, мұраны жоғалып кетуден сақтау болғандықтан, тұтасымен алғанда, мәтіннің негізгі мазмұнына, көркемдік бояуына айтарлықтай өзгерістерді дарыта алмаған. Сондықтан Махамбет мәтіндерініңредакциясыдемократиялықредакцияғажатады.
Ал әржылғыбасылымдардысалыстыракеле, оларды: а) саясикөзқарастардыңәсерісолғынбасылымдар(1925);ә)саясиәсербасыммәтіндер(1935, 1948);б) редакциялықөзгерістереңкөпенгізілгенмәтіндер(1974, 1979) депжіктепкөрсетугеболады.
Махамбет мәтіндеріндегі өзгертулердің кейбірін саясатқа лайықталған өзгертулер дегенімізбен, оның жанры, оқырман таңдауына лайықталып өзгертілуі, тұтасымен түбірлі өзгертілуі болмаған. Негізінен, Махамбет өлең мәтіндерінің цензураға лайықталған басылымдарына кеңестік дәуір мәтіндері жатады. Бұл мәтіндердегі мұсылманшылыққа, орыс армиясына, орыс патшасына қатысты айтылған жекелеген сөздер мақсатты түрде өзгертілген. Мәтіндердің құрылымы ең көп өзгертілген уақыты кеңестік кезеңге тап келеді және аса көп өзгертілгені Б.Аманшин нұсқасы саналады, осы нұсқалар ақын мәтіндерін қайтадан өңдеген әрі түпнұсқадан мейлінше ауытқыған мәтіндерге жатады.
Сонда Махамбет өлеңдерінің негізгі, түпнұсқалық я болмаса канондық мәтіні қандай? Классикалық филологиядағы канондық мәтін дегеніміз – мәтін дереккөзін зерттеудің белгілі бір кезеңіндегі шығарманың барлық басылымдарына негіз болатын, соңғы редакцияланған түпнұсқалық, авторлық мәтін. Абай тілін зерттеушілер үшін Мүрсейіт қолжазбасы канондық мәтін болса, махамбеттанушылар үшін 1925 жылғы басылым канондық мәтін болып саналуы тиіс. Мәтін түрлерінің канондық мәтіннен өзге көшірме деп аталатын түрі бар. Мәтінтанулық ұғымдардың ішінде көшірме статусы жағынан мәтіннен төмен болғанмен, түпқолжазбадан толығымен айнытпай көшіріліп, қайталап жазылатындықтан, тілшілер үшін маңызды болып табылады. Көшірмеде көшірме жасаған адамның тарапынан кеткен механикалық қателер, мақсатты түрде емес, еркінен тыс жіберіп алған қателер, әдейі емес, байқаусызда орын алған қателіктер болады. Бірақ оның бәрі де мұндай қолжазбаларды көшірме деп айтуға кедергі бола алмайды. Кейде көшіруші тарапынан мәтінде бар иллюстрациялар көшірілмей қалып қойып жатса, кейде, керісінше, көшіруші өз тарапынан иллюстрациялар енгізуі мүмкін. Міне, бұл мәтін мен мәтінтануға байланысты зерттеу кезінде лингвистикалық сараптама жасауда зерттеушінің ескерусіз қалдырмайтын нәрселері. Мәтін мақсатты түрде өзгертілмесе, оның жаңа редакциясы туралы қандай да болмасын пікір айту ерте. Тіпті жартысы жоғалған мәтіннің жартысын сол күйінде жариялауға болады, мұндайда ол тек кінаратты мәтін ғана болып шығады және ол қазіргі кінаратты мәтіндерден өзгеше түсіндіріледі, бірақ әлдекім өз тарапынан мәтінді өзінше аяқтағысы келсе, немесе мән-мағынасына айтарлықтай өзгеріс кіргізсе, сонда ғана мәтіннің жаңа редакциясы туралы пікір білдіру дұрыс. Осылайша мәтіннің тілдік сипатын тірілту арқылы: а) кейінгі көшірілген мәтіндерде жөн-жосықсыз пайда болған өзгерістерді анықтауға; ә) сыртқы факторларды, қоғамдық-саяси ықпалдарды анықтауға; б) жалған шығармалардың пайда болуының жолын кесуге; в) әр дәуір, белгілі бір кезеңнің нақты ерекшеліктері өзге де қолжазбалардың тілдік құрамын талдауға, сапасын анықтауға, тарихи ерекшеліктерін тануға мүмкіндік туады.
2. Мәдениетаралық коммуникация теориясы, мәселелері. Мәдениаралық коммуникация - мәдениаралық өзара ықпалдасу негізінде субъектілер (жеке тұлғалар, әлеуметтік топтар, қауымдастықтар, мәдениеттер, өркениеттер) арасындағы байланыстар негізінде пайда болған құндылықтармен және құндылықты ұстанымдармен өзара алмасу процесі. Кейде мәдениаралық коммуникация жайлы сөз еткенде "мәдениеттер диалоги" және "өркениеттер диалогы" ұғымдарын қолданады. 1990- шы жылдарда мәдениаралық коммуникация мәселелері индивидуалистік, ұжымдық және коммунитарлық мәдени бағдарлар аясында қарастырыла бастады. Мәдениаралық коммуникация барысында әртүрлі мәдениет өкілдері осы мәдениетке тән ерекшеліктерді ескере отырып, әлеуметтік қарым-қатынастарда түсініспеушілік пен ыңғайсыздық жағдайларын төмендетуге көп септігін тигізеді. Кейбір әлеуметтанушылар ұжымдық және индивидуалистік құндылықтардан ең жақсыларын біріктіруге үміттене отырып, жеке тұлғаның шексіз еркіндігі мәдениеттің әлеуметтік бұйымын бүлдірмеуі үшін қоғам игілігіне индивиду алдылық құқық пен ұжымдық құқықты тепе-теңдестіруге тиісті коммунитаризм тұжырымдамасын жасауға тырысады. Осылайша, мәдениеттер өзара ықпалдасуы мен диалогы идеяларынан туындаған мәдениаралық коммуникация мәселесі уақыт өте келе тұлғааралық мәдени коммуникация деңгейіне өтті. Мәдениаралық коммуникация мәселесі жаһанданудың өзара әріптестік пен өзара түсіністік аспектісінде бүгінгі таңда аса өзекті болып отыр. Ықпалдастық процестер әлемді өзара байланысты, біртұтас етуде. Мәдениаралық коммуникация дағдыларын халықаралық менеджмент және маркетинг саласында, БАҚ қызметінде, трансұлттық корпорациялар және трансұлттық саясат, сондай-ақ мәдениаралық коммуникация зерттеулеріне түрткі болған - мәдениет саласында қолдануға болады. Мәдениеттер диалогы, өркениеттер диалогы негізінде жатқан мәдениаралық коммуникация идеяларын халықаралық ұйымдар (мысалы, [[Сурет:ЮНЕСКО]]), саяси көшбасшылар, мемлекет басшылары, үкіметтік емес ұйымдар көп қолданады.
3. Әлеуметтік лингвистиканың зерттеу бағыттары, басқа ғылымдармен байланысы. ӘЛЕУМЕТТІК ЛИНГВИСТИКА ТІЛДІ, дұрыс қолданушылармен емес, өз сөйлеулерінде қоғамда, тілдік ортада қалыптасқан тілдік норманы бұзатын, қателесетін, бірнеше тілдік стильдерді немесе бірнеше тілдің элементтерін араластыратын нақтылы адамдарды нысана етеді. Тілді қолданудағы осындай барлық ерекшеліктерді білу, оларды талдап түсіндіру, болу себептерін анықтау тілді дамыту жұмыстары үшін маңызды мәселе болып табылады. Зерттеу нысаны тілдің қоғамдағы қызмет етуі болып табылатынын әлеуметтік лингвистика тілдің ішкі құрылымын жалпы мәлімет ретінде қабылдағанымен оны арнайы қарастырмайды. Дүниеде бір тіл емес, екі тіл немесе одан да көп тілдер қолданылатын қоғамдар (мемлекет, ел, аймақ т.б.) бар. Міне, осындай екі, үш одан да көп тіл қызмет ететін қоғамдағы әлеуметтік лингвистиканың нысанасы қандай? Мұндай жағдайда әлеуметтік лингвистика бірнеше тілдердің өзара қарым-қатынаста қызмет ету тетігін зерттейді. Олар әлеуметтік өмірдің қандай салаларында қолданылады? Қандай тіл «басымдылық» танытады, яғни қай тіл негізгі қатынастағы мемлекеттік немесе ресми тіл болып табылады? Оның мәнісі неде? Отбасылық не тұрмыстық тілдерге «қанағаттанушылық» қажеттігі қандай? Адамдар бір тілден екінші тілге неге көшеді, ана тілін ауыстыру себебі неде? Қандай жағдайда және қандай формада қостілділік, көптілділік түрлері дамыған? Міне, қарап отырсақ, осындай мәселелермен дәстүрлі лингвистика да, әлеуметтану да емес, тек әлеуметтік лингвистика айналысады. Әлеуметтік лингвистика деген атынан көрініп тұрғандай бұл ғылыми пән бірнеше ғылымдардың (тіл білімі, әлеуметтану, психология, тарих, этнография, демография, экономика, саясаттану т.б.) тоғысқан жерінен пайда болған. Әлеуметтік лингвистиканың осындай пәнаралық сипатын көптеген ғалымдар мойындайды, бірақ бұл мойындаушылық оның қай ғылымға көбірек жақын екендігіне жауап бола алмайды. Осыдан бұл ғылымды зерттеумен кім айналысады деген сұрақ туады. Мұндай сұраққа қазіргі әлеуметтік лингвиститка - бұл тіл білімінің бір саласы деп нақты жауап береді, Өйткені, оның қай ғылымға жататындығы, өзіндік мәртебесі туралы даудың күні өтті. Ол - әлеуметтік лингвистиканың пайда болу, қалыптасу кезеңіндегі мәселе. Бүгін, XXI ғасыр басында әлеуметтік лингвистика өзінің нысанасын, мақсаты мен міндеттерін ғана анықтап қойған жоқ, сонымен қатар тіл білімі ғылымына тән нақтылы нәтижелерін де беріп үлгірді. Әлеуметтік лингвистиканың ғылым ретінде негізін Праиж стуктизімі және Женева мектебінің өкілдері (А. Сеше, Ш. Балли, А. Мартине, С.Д. Кацевский, Р.Р. Едаль т.б.), кеңестік диалектографистері ( Г. Розенкронц, Т. Фрингс, Р. Горссе т.б.), кеңестік әлеуметтік бағытты ұстанушылар ( Е.Д. Поливанов, Р.Д. Шор, В.М. Жирмунский т.б.) қалады. Қазақстандағы әлеуметтік лингвистика бұрынғы КСРО-дағы әлеуметтік лингвистикалық бағыттың негізінде қалыптасты. Еліміздің тәуелсіздік алғанынан бергі жылдарда республикадағы тілдік жағдаят, тіл саясаты, оның өзіндік бағыттары арнайы зерттелді. Еліміздің өзіндік тілдік құрылысы және онымен байланысты мәселелер ғылыми шешімін таба бастады. Бұл бағытта Б. Хасанұлы, М.М. Копыленко, А.Е. Карлинский, М.К. Исаев, Э.Д. Сүлейменова, З.К. Ахметжанова, С.Т. Саина, Н.Ж. Шаймерденова т.б. аға буын ғалымдармен қатар, К.М Байбосынова, А.М. Құмарова, А. Абасилов, Г.С. Суюнова, С.А. Асанбаева, Д.Ж. Қасымова, Г.Д. Алдабергенова, Г.М. Әлімжанова, т.б. жас ғалымдардың еңбектерін атауға болады. Қазақстандағы тілдік құрылыс пен тілдік ахуалды зерттеуші ғалымдардың еңбектерінде әлеуметтік лингвистиканың жоғарыда аталған ең өзекті деген проблемалары жан-жақты талданады. Қолда бар материалдарды сараптай отырып, солардың бірқатарына қысқаша шолулар жасап өтейік. Б.Хасанұлы 1976 жылы жарық көрген «Языки народов Казахстана и их взаимодействие» атты еңбегінде Қазақстандағы тілдік жағдаятқа кең түрде мінездеме береді. Қазақстан халықтары тілдерінің өзара қарым-қатынасын, олардың тұтынушыларын, тіл меңгеру деңгейлерін, өмір салаларында қолданылуын, қоғамдық қызметтерін нақтылы статистикалық мәліметтермен талдап көрсетеді. Бұл еңбектерде қазақтардың орыс тілін қолданудағы фонетикалық, лексикалық және морфологиялық қателіктері зерттелді. Интерференциялық құбылыстарды әлеуметтік лингвистикалық тұрғыдан зерттеу әдістері мынадай бағытта қарастырылды: 1) қазақ және орыс тілдерін зерттеу кезеңіндегі интерференциялық құбылыстардың қысқаша салыстырмалы талдау; 2) потенциалды интерференцияның аумағын айқындау; 3) информанттарды экспедициялық бақылау; 4) нақты интерференцияны лингвистикалық тұрғыдан сипаттау, талдау; 5) тест және сауалнама сұрақтары арқылы интерференциялық құбылыстарды зерттеу, талдаулар жүргізу; 6) интерференциялық құбылысқа әлеуметтік лингвистикалық талдаулар жасау [2]. Б. Хасанұлының 1987 жылы «Казахскорусское двуязычие (социолингвистический аспект)», 1989 жылы «Нациолнальные языки: пойски и перспективы» атты еңбектері жарық көрді. Осы еңбектерде қазақ-орыс қостілтілдігінің пайда болу жолдары, қазақтардың екі тілді меңгеру ерекшелігі нақты сөз болады. Сондай-ақ Қазақстандағы этностардың тіл меңгеру деңгейлері мен тәжірибелері нақты статистикалық зерттеулерге сүйене отырып талданды. Мұнда біртілділік, қостілділік, үштілділік, төрттілділік ұғымдарына анықтамалар беріліп, олардың әлеуметтік лингвистикалық сипаттамалары көрсетілді. Қазақстандық тәжірибеде қостілді, үштілді және төрттілді этнос өкілдерін нақты мысалдармен дәлелдеп берді. 1990 жылдары қазақстандық әлеуметтік лингвистиканың біршама кең түрде қарастырған проблемасы – қостілділік, көптілділік және диглоссия мәселелерін жан-жақты талдаған тағы да басқа зертеу еңбектері жарық көре бастады. Олардың қатарына төмендегі еңбектерді жатқызуға болады. 1990 жылы жарық көрген А.Е. Карлинскийдің «Основы теории взаимодействие языков» деген еңбегінде тілдердің бір-біріне әсер ету мәселесі, қостілділік, оның пайда болуы және қоғамдағы орны, табиғи және жасанды билингвизм, тілдік ұжым, интерференция, оның типтері, интеркаляция типологиясы т.б. мәселелер қамтылған. Қазақстандағы тіл саясаты мәселесіне қатысты 1990 жылы «Языковая политика в Казахстане и пути ее реализации» атты жинақ жарық көрсе, 1991 жылы қостілділік мәселесін талдаған М.М. Копыленко мен З.К. Ахметжанованың «Психолингвистический аспект двуязычия. Проблемы национально-русского двуязычие» деген зерттеуларі қостілділік теориясына қосылған қомақты еңбек болды. 1992 жылы Б. Хасанұлы «Ана тілі – ата мұра» атты еңбегінде алғаш рет ана тілі категориясын әлеуметтік лингвистикалық тұрғыдан жан-жақты талдап көрсетті. Мұнда автор ана тілінің лингвистикалық, әлеуметтік лингвистикалық психологиялық, педагогикалық, тарихи-этникалық смпаттамаларын, сондай-ақ ана тілі және заң, ана тілі және экономика, ана тілін білу мен меңгерудің айырым белгілері, қостілділіктің әлеуметтік лингвистикалық мәні, еліміздің әлеуметтік-коммуникативтік жүйесі, оны құрайтын тілдер, олардың қызметтік жүктемелері, типологиясы, мемлекеттік тіл мәселелері, қазақ тілін білудің қажеттілік талаптары дүниежүзілік тіл дамыту тәжірибесі тұрғысынан зерттелу қажеттігі, мемлекеттік тілді дамыту тетіктері т.б. көптеген әлеуметтік лингвистикалық проблемалар арнайы зерттелді. Б. Хасанұлы осы еңбегінде ана тіліне мынадай анықтама береді: «Ана тілі дегеніміз күллі тіл атаулыдан ішкі құрылыс ерекшелігімен дараланатын, белгілі бір халықпен нақты кеңістікте тарихи бірге жасап, оның төл мәдениетін ұрпақтан-ұрпаққа үздіксіз ұластырушы, сол халық адамдарына (жас, жыныс, сенім, кәсіп, әлеуметтік жағдай айырмасына қарамай) түгелдей және жан-жақты қызмет ететін ұлтішілік қатынас құралы [3, 25]. Автор сондай-ақ қостілділіктің табиғатына талдау жасай келіп: «Қостілділік – белгілі бір территория көлеміндегі ұлтаралық (этносаралық) қарым-қатынасқа түсетін белгілі бір этникалық қауымдастық өкілдеріне, бүкіл қоғамның (социумның) әр түрлі жағдайда екі тілді (әдетте, ана тілі мен екінші бір тілді) алма кезек немесе қатар қолдануы», - деген анықтама береді [3, 132]. Соның негізінде елімізде кеңінен тарап отырған қазақ-орыс қостілділігін былайша сипаттайды: «Қазақорыс қостілділігі дегеніміз – қазақтардың көпұлтты қоғамда ана тілімен қабат орыс тілін ұлтішілік және ұлтаралық қатынаста қатар не алма кезек қолдануы, екі тілдің әрқайсысын әр түрлі жағдайда керегінше пайдалану» [3, 133]. Б. Хасанұлы осы еңбегінде бүгінгі таңда күн тәртібінде тұрған өзекті мәселе – қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесіне сай қызмет етуі мен дамуын, қоғамдық өмір салаларында қолданылу жағдайларын сөз ете келе, мемлекеттік тілді дамытудың мынадай принциптерін атап көрсетеді:
Бірінші принцип –мемлекеттік тілді жоспарлы түрде, барлық жағдайды туғыза отырып, кезең-кезеңімен барлық мекеме, ұйым, кәсіпорындардың қызмет бабындағы қарымқатынас құралына айналдыру. Екінші принцип – мемлекеттік тілді жоспарлы түрде, барлық жағдайды туғыза отырып, кезеңімен барлық мекемелерде, ұйымдар мен кәсіпорындарда іс қағаздарын жүргізуге пайдалану. Үшінші принцип – мемлекеттік тілді қаржыландыру мәселесін түбегейлі шешу. Төртінші принцип – мемлекеттік тілді оқыту ісін кадрмен, оқу құралдарымен толық қамтамасыз ету. Бесінші принцип – мемлекеттік тілді бір ғана қазақ тілінде емес, орыс және басқа тілдерде де насихаттаудың іс-шаралар жүйесін қалыптастыру. Алтыншы принцип – Тіл заңының іске асуы мен мемлекеттік тілді өмірге енгізу жөнінде жоғары орындар мен көпшілік қауым алдында жыл сайын есеп беріп отыруды дағдыға айналдыру [ 3, 219-220]. 1996 жылы Э.Д. Сүлейменованың «Казахский и русский языки: основы контрастив- ной лингвистики» атты еңбегі, 1999 жылы А.Е. Карлинскийдің «Международные отношения: теория – практика – поиск» деген зерттеуі, 2001 жылы «Двуязычие и межэтническая коммуникация. Актуальные проблемы межкультурной коммуникации и перевода» атты еңбектері жарық көрді. Э.Д. Сүлейменова мен Н.Ж. Шаймерденованың 2002 жылы шыққан «Словарь социолингвистических терминов» атты сөздігінде әлеуметтік лингвистиканың теориялық мәселелеріне, зерттеу бағыттарына, әдіс-тәсілдеріне т.б. қатысты 400-дей терминге түсінік берілген [4 ]. Бұл біздіңше, қазақстандық әлеуметтік лингвистика тарихындағы соны және құнды еңбек болып табылады. Б. Хасанұлының 2006 жылы жарық көрген «Тілдік қатынас негіздері» еңбегі Қазақстандағы қазақ, орыс және ағылшын тілдері серіктестігінен тұратын үштілділік мәселесін, халықаралық қатынастар тілінің пайда болу себептерін, тілдік қатынастың теориялық мәселелерін, адам қарым-қатынасында тілдің қолданылуын, тілдің әлеуметтік мәнін, саралануын, атқаратын қызметін т.б. кең көлемдегі мәселелерді қамтыған оқу құралы ретінде танылды.
