Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тіл біл. өз. мәс. емтихан.doc.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
561.66 Кб
Скачать

№ 18 Емтихан билеті

1. Лингвомәдениеттану, зерттеу нысаны, өзекті мәселелері. Лингвомәдениеттану латынның Lingua- тіл, Gultura –мәдениет, Logos – ілім деген терминдердің жинақталуынан туындап, лингвистика мен мәдениеттану пәндерінің тоғысуында пайда болып, халық мәдениетінің тілдегі әсерін, ерекшелігін, жаңаша көзқараспен салыстыра зерттейтін сала. Лингвомәдениеттану тіл мен мәдениеттану мәселелерінің ұштасуынан қалыптасқан, тіл арқылы көрініс беретін мәдени құндылықтарды, олардың қолданылу жүйесін зерттейтін, өзіндік мақсат-мүддесімен, әдіс-тәсілдерімен ерекшеленетін тіл білімінің үлкен саласы. Ол ұлттық тіл мен ұлттық мәдениеттің бір-біріне ықпалы, адам дүниені қалай көреді, мәдениеттегі тілдік бейненің рөлі, ғасырдан-ғасырға жетіп, ұлт тілінде сақталған халық қазынасы фразеологизмдердің, нақыл сөздер, мақал-мәтелдердің рөлі қандай, олардың адам баласына қажеттілігі неде деген сияқты мәселелерді қарастырады. Ол екі пәннің тоғысуынан пайда болғандықтан халықтың мәдени қазынасын, олардың қолданылу жүйесін зерттейтін тіл білімінің саласы ретінде зерделенеді. Оны зерттеуді көп қажет ететін жас ғылым саласына жатқызамыз. Осы саланы зерттеп жүрген В.В.Воробьев лингвомәдениеттану пәніне: «Мәдениет тек тілдің қызмет етуіндегі өзара байланысы мен өзара әрекеттесуін зерттейтін, бұл үдерісті жүйелі әдістер көмегімен және қазіргі құндылықтар мен мәдени анықтамаларға бағытталған тілдік және тілдік емес мазмұн бірлігін де біртұтас бірліктер құрылымы ретінде бейнелейтін жинақтаушы түрдегі кешенді пән», - деп анықтама береді. Лингвомәдениеттану тек дәстүрлі мәдениетті емес, қазіргі мәдениетті де қамтиды. Мәдениеттану идеялары қазақстандық ғалымдар Н.У.Уәлиев, Г.Н.Смағұлова, А.М.Алдашева, А.Д.Сейсенова, А.И.Ислам т.б. тілші-ғалымдар еңбектерінде жарық көрді. В.Маслованың: «Лингвомәдениеттану – лингвистика мен мәдениеттану түйісуінен пайда болған тілде бейнеленген және бекіген халық мәдениетінің көріністерін зерттейтін ғылым» деуі мәдениетті тілмен байланыстыра зерттеудің маңыздылығын аша түседі. Лингвомәдениеттану – тіл мен мәдениеттің өзара байланысының тілдегі бейнесін сипаттайды. Ол бұл үдерісті «тілдік және мәдени мазмұнды тұтастай құрылым, біртұтас тұлға ретінде кешенді тәсілдер жәрдемімен және де қазіргі заманның негізгі ағымдары мен мәдени ұстанымдарына сәйкес зерттейтін жинақталған біртұтас ғылым болып табылады», - деген тұжырым жасаймыз.

2. Дискурс және мәтін, өзекті мәселелері. Мәтін – сөз арқылы жеткізілетін, сөйлеудің шығармашылық нәтижесі. Мәтін арқылы барлық тілдік бірліктер іске қосылатындықтан, ол ерекше күрделі тілдік таңбаға жатады. ХХ ғасырдан бастап мәтін сөйлеу бірлігі және ерекше сөйлеу шығармашылығы ретінде зерттеле бастауы мәтін лингвистикасы пәнін дүниеге келтірді. Мәтін ұғымымен бірге оны танып-білудің жолдары, амал-тәсілдері пайда болды. Мәтін лингвистикасының өзіндік ерекшеліктері арқылы қалыптасқан екі бағыт бар:

-мәтіндік құрылыстың дұрыс құрылуы арқылы коммуникацияның дұрыс жетуін көздейтін және талдайтын бағыт бойынша мәтінді айтылымның коммуникативті бағдарлы компоненттері, морфологиялық тұлғалар, шылау сөздер мен есімдіктер, модаль сөздер, етіс түрлері мен акцент, яғни ерекше логикалық екпін түсетін бірліктердің қолданысы құрайды,

-мәтін арқылы жететін астарлы мәнді, зерттеуші ашып беруге тиісті импликациялық, жасырын жоларалық ойды түсіндіру тілдік бірліктер арқылы жеткізілуге тиісті күңгірттенген ойдың, хабардың дұрыс, дәл, өзгеріссіз жетуін қадағалайтын екінші бағыт нақты бір мәтіннің терең мағыналық қырларын ашуға бағытталады.

Дискурс дегеніміз – экстарлингвистикалық факторларға негізделе отырып жасалатын,

белгілі бір жүйеге түскен, оқиғасы, қатысушылары бар, қатысушының баға беруі қажет

етілетін тұтас мәтін. Осы тұрғыдан келгенде, ғылыми мазмұнда жазылған

материалдарды ғылыми дискурс деп тануға болады.  Мәтін мен дискурстың тепе-тең ұғым

емес екендігі ақиқат. «Тіл мәтінде орналасып, дискурста жанданады, туындайды» деген

пікірге сүйенсек, мәтін мен дискурс қатынасы дискурстың динамикалық, ал мәтіннің

«тұрақты, қозғалыссыз) сипаттары арқылы танылады деп түсінеміз. Мәселен, қандай да бір автордың көркем шығармасы біз қолға алып оқығанға дейін «тыныш күйінде» тұрып, мәтін ретінде танылса, оқырман қолына тиіп, коммуникациядағы тілдік құрылым – мәтіннің динамикалық күйіндегі сипатын дискурс деп тануымызға болады. Бұл жерде де тікелей болмаса да, автор мен оқырмен (адресат пен адресант) арасында «хабар алысу» жүреді.

3. Тіл ғылымындағы жіктелу және интеграция үдерістері. Тілдердің генеологиялық (туыстық) жіктелуі деген дүние жүзі тілдерін өзара бір-бірімен туыстығына қарай салыстырмалы-тарихи тұрғыдан топтастыру. Соған байланысты алынған тілдердің топтары тілтану ғылымында тіл жанұялары деп аталады, олар өзінің ішінен жақын туыстығына қарай бірнеше топтарға бөлінеді. Тіл жанұялары алыстан бірігетін макрожанұяларға (топтар тармақтарына) топтастырылады. Тілдерді фонетикалық грамматикалық құрылысына қарай бірнеше типке бөлуге болады.

Фонетикалық типология

1. Тілдер дыбыс құрылысты және буын құрылысты болып бөлінеді. Дыбыс құрылысты тілдерді сөздер дыбыстардан құралса, буын құрылысты тілдерде буындардан құралады. Буындар одан әрі бөлшектенбейді, ол тек инициаль (буынның басы) және финальға (буынның соңы) бөлшектенеді. Мысалы, еуропалық тілдер дыбыс құрылысты, Қытай тілі буын құрылысты. Дыбыс құрылысты тілдерде дыбыстар болады да, әріптермен жазады, буын құрылысты тілдерде дыбыстар болмайды, олар иероглифтермен жазады.

2. Монотониялық және политониялық тілдер. Монотониялы тауыс тоны сөз мағынасын ажыратпайды. Политониялы тілдерде сөздің мағынасын ажырататын дауыс тоны. Яғни сөздің айтылу әуені оның мағынасын көрсетеді. Политониялы тілдерге мысалы, Қытай, Вьетнам тілдері жатады. Онда сөздің мағынасын айтылу әуені анықтайды. Монотониялы тілдерде сөздің мағынасын оның құрамындағы дыбыстар анықтайды. Мысалы ағылшынғ орыс, қазақ, араб тілдері.

Синтаксистік типология. Синтаксистік типология бойынша дүние жүзі тілдері үш топқа бөлінеді.

  1. 1. Номинативті тілдер – бұндай тілдерде бастауыш негізгі (атау, исходный) септігінде тұрады да баяндауышпен жақ бойынша қиысады, баяндауыш немесе көмекші етістік соған сәйкес жіктеледі.

  2. 2. Эргативті тілдерде етістіктің салт немесе сабақты болуына қарай, белгілі бір септіктерді керек етуіне қарай бастауыштың (субъектінің) тұлғасы өзгеріп отырады, ал толықтауыш осы өзгерістерге керісінше басқа тұлғаларға орайласады. Яғни олардың тұрақты тұлғасы болмайды, бұл тұлға етістіктің қажетсінуіне байланысты.

  3. 3. Посессив (пассив) тілдерде етістіктер актив және пассив болып күрт қарсы қойылады да. Бастауыштың тұлғасы осыған байланысты болып келеді.

  4. Қазіргі номинативті тілдердегі етіс каегориясы осы өзгерістердің модификацияға ұшыраған бір тармағы болуы керек: етістер өзгергенде бастауыштар мен толықтауыштар (объектілер мен субъект) да өзгеріп кетеді.

Морфологиялық типология

Типологиялық классификациялардың ішінде ең жете зерттелгені морфологиялық типология. Онда әлемдегі тілдерді тұлғалық түрлену жүйесі бойынша топтастырады.

1. Түбір тілдерде сөз түрлендіруші аффикстер болмайды, сөздер орын тәртібі арқылы байланыса береді (қытай тілі).

2. Агглютинативті тілдерде жұрнақтар мен жалғаулар кең таралған және олар түбірдің үстіне бірінен соң бірі үстемеленіп жалғана береді де сөз ұзара түседі. Әлгі қосымшалар бір мағыналы болады, ал түбір өз тәуелсіздігін сақтайды, өзгермейді (қазақ тілі). (көше-көшелер-көшелерге-көшелерімізге).

3. Флективті тілдерде қосымшалар түбірдің көрінісіне өзгерістер енгізеді және ол қосымшаларда көп мағына болады, сондықтан сөздің көлемі ұзармайды, түбір өз ішінен өзгереді (орыс тілі). (улица-улицы-улицам-улиц)

Интеграция - өзіндік тілдік ерекшеліктері бар қауымдардың бір – бірімен жақындасуларының, араласып бірігулерінің нәтижесі.